Пән: Сауат ашу
Ұзақ мерзімді жоспар: Бөлімі: Тағам және сусын Тақырыбы: Ұлттық тағам.Әліпби |
Мұғалім аты-жөні: Дюсенагалиева Гуляйша Муратовна
Мичурин ЖОББМБК Күні: Сыныбы: 1Ә |
|
Сабақтың тақырыбы: | Ұлттық тағамдар. Әліпби. | |
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер,анықтамалықтар, суретті кітаптар,энциклопедия) ақпараттарды табу
1.3.7.1 мұғалім көмегімен сөз,сөйлем,мәтінді тексеру және қателерін түзету |
|
Сабақтың мақсаттары | а) Барлық оқушылар: әліпби ретімен құрылған сөздіктерден ақпаратты табады,мұғалім көмегімен сөздерді тексеріп қателерін түзейді
в) Көптеген оқушылар: әліпби ретімен құрылған анықтамалықтардан ақпаратты табады,сөйлемдерді жазып өз бетімен қатесін түзейді с) Кейбір оқушылар: әліпби ретімен құрылған дереккөздерінен тиісті ақпараттарды тауып өз бетімен түсіндіреді |
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар әліпби ретімен берілген сөздіктер мен анықтамалықтар-мен жұмыстанады
-Әліпби дегеніміз не? -Әліпбиде қанша әріп бар? -Әріптер қалай орналасады? |
|
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық жауапкершілік (дерек көздерін саралау кезінде)
Ынтымақтастық (топтық жұмыс саралау кезінде) |
|
Пәнаралық байланыс | Математика ( әріптерді рет-ретімен орналастыру кезінде )
Дуниетану- (ширату кезінде) |
|
Бастапқы білім | ||
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5-минут |
Ширату «Әліпби» — Ертеде бір хандық болыпты. Онда көптеген әріптер бір-бірімен тәтті өмір сүріпті. Бұл хандықта А әртпімен Я әрпіне дейінгі тәртіппен жүретін әріптер тұрады. Оларды бүкіл ел біледі,ал сендер ол хандықтың білгілерің келе ме? —Берілген суреттердің алғашқы әрпінен сөз құраймыз? — Қандай сөз шықты ? -Әліпби дегеніміз не? -Қанша әріп бар? Сабақ мақсатымен таныстыру Бүгінгі сабағымызда өткен әріптерімізді ретімен айтып, сөз, сөйлем, мәтінді құрастырып, қатемізді түзетеміз |
|
Сабақтың ортасы
25-минут 5-минут |
Айтылым: «Аудио-визуалды сигнал» әдісі
Бейнефильм көрсету «Әліппе» Әуенмен бірге әліпби дыбыстарын барлығымыз айтамыз. -Балалар сендерге әліпбиді әуендетіп айту ұнады ма? Топтық жұмыс «Ойлан да тап» ойыны. Қорытынды бойынша саралау. Ұлттық тағамдар бойынша топқа бөлінеді І-топ «Бауырсақ»тобы Әліпбиден 14-ші, 28-ші, 11-ші нөмерленген әріптерді тауып, сол әріптен басталатын сөздерді тауып, сөйлем жазады. ІІ-топ «Ірімшік» тобы Әліпбиден 2-ші,10-шы,8-ші нөмерленген әріптерді тауып, сол әріптен басталатын сөзден, сөйлем жазады. ІІІ-топ «Қымыз» тобы Әліпбиден 18-ші,1-ші,18-ші нөмерленген әріптерді тауып, сол әріптен басталатын сөзден, сөйлем жазады. ҚБ –мұғалімнің ауызша мадақтауы «Керемет!», «Жарайсың!» «Өте жақсы!» Оқулықпен жұмыс. «Ретте» ойыны (37бет) Топшама арқылы жеке жұмыс, жұп арқылы бағалайды Критерий: Әліпби ретімен сөздерді орналыстырады 2-жаттығу Кісі аттарына тиісті әріпті тауып, жаз. Кісі аттарын әліпби ретімен орналастыр …әуле, …рлан, …йғаным, …нар, …әди, …хмет ҚБ—«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұп арқылы, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды Сергіту сәті Бір,екі,үш Жинап алдық күш Төрт, бес, алты Біз жазамыз мықты Дәптерімізді ашайық Көрсетілген үлгіге, Әдемі етіп жазайық Т Топтық жұмыс «Кішкентай ғалым» Топқа ою-өрнектер арқылы бөлу Сөздіктермен жұмыс Тапсырма бойынша саралау А-тобы Әліпби ретімен құрылған сөздіктен о, қ, д әріпін тауып, сол әріптен басталатын сөздер табады В-тобы Әліпби ретімен құрылған анықтамадан ғ, б, д әрпінен басталатын сөздердің анықтамасын табады С-тобы Әліпби ретімен құрылған сөздіктен Һ,, ғ, м әріпін тауып, анықтамадан сөздердің анықтамасын табады ҚБ: «Оқу құралдары» әдісі бойынша өзара бағаланады Дәптермен жұмыс 2–жаттығу (жеке жұмыс) Қ, е, т, б, к әріптерін пайдаланып, дәптерге ұлттық тағамдар атауын жаз ҚБ: «Жасыл қалам» әдісі өзін-өзі бағалауы Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма Бағалау критерийі әліпби ретімен құрылған сөздіктерден ақпаратты табады Тапсырма: әрпінен басталған сөздерді әліпби ретімен жаз
Дескриптор:
|
Таныстырылым
Бейнефильм көрсету. Балапан бағдарла-масынан Torghai-TV Топшамалар, түрлі- түсті маркерлер Сауат ашу №2 Атамұра 2016 Bilimdiler.ks №1 жұмыс дәптері ҚБ-жинағынан |
Сабақтың соңы
5-минут |
Қорытынды:
-Әліпби дегеніміз не? -Әліпбиде қанша әріп бар? -Әріптер қалай орналасады? Рефлексия: Табыс сатысы |
|
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма-лар қоюды жос-парлап отырсыз? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қысқа мерзімді жоспар