Саин Нұрбақыт Жасұланқызы

№31 «Балдәурен» бөбекжайы МКҚК

Баяндама

Тақырыбы: «Мектепалды даярлық топ балаларының сөйлеу тілін дамыту жолдары»

Мектепалды даярлық балаларының сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

  • балалардың сөздік қорларын дамыту;
  • жаңа сөздерді меңгерту;

  • үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы сабақ формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңаәдіс тәсілдерін жетілдіру.

Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге,салт – дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. «2050 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.

Мектепалды даярлық балаларын тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектепалды даярлық кезеңіндегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Сұлтанмахмүт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айытпаған.Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынменөседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі,қимыл-қозғалыс,дидактикалық,құрылыс,кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын, қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналғанойындар:

Төрт құбылыс

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» – десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

көктем – жаңбыр

жаз – күн шықты

аспан – бұлт

жер – шөп

Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.

Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.

Дидактикалық ойынның түрі : заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады. Дидактикалық ойын барысында есту,көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне,түсіне ,көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Ойын: «Сөз ойла»,Мақсаты: өткен сабақта сөздерді қайталау, бекіту.Шарты: текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру.
Ойын : «Сөйлейтін моншақтар» Мақсаты. Берілген тақыры бойынша қасиеттеріне қарай ажырата білу. Шарты: Суреттерден моншақ жасау ( жіпке тереді)
«Ойнайық та, ойлайық, ойлайық та сөйлейік » Ойынның барысы: шеңбердегі суреттерді таңдау арқылы сөйлем құрастырып, байланыстырып сөйлеу.
Дидактикалық ойын: «жыл мезгілдері» Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Ойын шарты: тақырыпқа сай түрлі-түсті суреттерді қиып жапсыру.
Дидактикалық ойын: «Әңгімелеп бер»Тақырыпқа байланысты байланыстырып сөйлеуді дамыту.Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту

Саусақ ойыны– бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы,«Моншақ».

Қызыл-сары көк моншақ.

Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Қорытынды:

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Тақырыбы:«Абай-дара,Абай-дана» мәнерлеп оқу сайысы

Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар!

Ақыл-ой ақындықтың киесі-Абай!

Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай!

Адалдық, ар ұяттың данышпаны

«Өлең-сөздің патшасы» иесі Абай!, демекші бүгінгі өткізгелі отырған «Абай-дана,Абай-дара» атты мәнерлеп оқу сайысымызға Қош келдіңіздер!

Абай-қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, абай жолымен жүріп,ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп айтқым келеді.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып кейінге қалдырған кім?

–жүргізуші: олай болса, мәнерлеп оқу сайысының қатысушыларын қошеметпен ортаға шақырайық!

  1. №40 ЖОББМ оқушысы
  • №40 ЖОББМ оқушысы

  • №40 ЖОББМ оқушысы

  • №40 ЖОББМ оқушысы

  • №31 «Балдәурен» бөбекжайы,Болашақ тобының тәрбиеленушісі

  • Азиханова Мафтуна

    1. Ажкеева Ақжан
  • Қуанышқалей Айару

  • 8.Жылқыбай Бекзат

    1-жүргізуші

    Білімді де ақылды бүлдіршіндерімізбен танысып болсақ,бөбекжай бүлдіршіндерінің өнерлеріне кезек берейік.

    Тақпақ

    Балдырған тобының орындауында

    Би-Мен қазақпын

    -жүргізуші:

    Балалар біз бүгін ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқып,жырларымен танысатын боламыз.Абай Құнанбаев кім? Абай Құнанбаев Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Көптеген өлең жырлардың авторы,аудармашы

    Балалар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 2020жылы 175 жыл толғалы отыр.Осыған байланысты қазақ халқы көптеген іс-шаралар өткізіп келеді.Бұл шараларға тек қазақ елі емес,сонымен қатар әлем елдері де өз үлестерін қосқан болатын.Осы орайда бізде сіздермен ұлы ақынның 175 жылдығына орай мәнерлеп оқу сайысын өткізгелі отырмыз.

    Сендер бүгінгі мәнерлеп оқу сайысына дайынсындарма?

    Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты

    Үлгі тұтып бәйтеректей алыпты,

    Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ қайдасың,

    Өлеңдер оқып өзіңді бір танытшы-дей отырып, сайысымызды бастайық

    (сайыскерлеріміз өздерінің жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп,жатқа айтады.)

    №40 ЖОББМ оқушылары

    -жүргізуші

    Әннің де естісі бар, есері бар

    Тыңдаушының құлағын кесері бар

    Ақылдының сөзіндей ойлы,күйлі,

    Тыңдағанда көңілдің әсері бар- деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті әнге береміз.

    Ән. «Тәуелсіздіктің ұраны»

    Орындайтын: Болашақ ересек топ бүлдіршіндері

    -жүргізуші

    Сайысымызыды одан әрі жалғастырамыз

    Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

    Жоқ барды, ертегіні термек үшін,

    Көкірегі сезімді,тілі орамды,

    Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп Абай атамыз жырлағандай, өзі салған өрнекті өлең үлгісі жыл мезгілдері туралы өлең шумақтарын Болашақ ересек топ бүлдіршіндерінің орындауында қабыл алыңыздар.Олай болса сол өлеңдерін оқуға бүлдіршіндерімізді шақырамыз. №31 «Балдәурен» бөбекжайы,Болашақ тобының тәрбиеленушісі

    Азиханова Мафтуна

    Ажкеева Ақжан

    Қуанышқалей Айару

    Жылқыбай Бекзат ортаға шақырамыз.

    Балдырған ортаңғы топ бүлдіршіндерінің орындауында

    Желтоқсан әнің қабыл алыңыздар

    Би.Домбыра

    -жүргізуші:

    Асыл сөзді іздесең,

    Абай оқы ,ерінбе!

    Адамдықты көздесең

    Жаттап тоқы көңілге,-деп С.Торайғыров жырлағандай, сайысымызды аяқтаймыз.

    Әділ-қазылар шешім шығарып болғанша балалар біз сіздермен ойын ойнасақ.Келген қоңақтарымыз ойын ойнағысы келеме екен?

    Ендеше Тақия тастамақ ойының ойнайық.

    Ендігі сөз кезегін бөбекжайымыздың директоры Г.А.Мажитоваға берейік.

    №40 ЖОББМ мектепалды даярлық тобының жетекшісіне сөз кезегін береміз.

    Абай барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұятты,ұлттық намысы. Абай шыққан биік, Абай байлаған тұңғиық қазақ халқының шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін оқушылар болмауға тиіс. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Ауезов «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана іштем» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дмін ғана таттық ғой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан,ізденуден жалықпайық. Сайысымызды қорытындылай келе, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтаймын. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.

    Абай дана,

    Ғұламасы ғасырдың

    Жырларында жабырқау жоқ,жасым мұң,

    Өлең болып бізге жетті өнегең,

    Сәулесі боп

    Өлең деген асылдың

    Жырларында тұнып тұрған ұлылық,

    Жабырқасам жаңға құяр жылылық.

    Абай деген-жұмбақ әлем, биік шың,

    Болғаным жоқ әлі өзіңді ұғынып.

    «Абай дана,Абай дара…» атты мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз.

    Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

    Білім беру саласы: «Коммуникация»

    Бөлімі:Тіл дамыту

    Тақырыбы:Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері

    Мақсаты:қазақ халқының салттары мен дәстүрлері жайлы білімдерін кеңейту;

    ұлттық ойындарды ойнауға қызығушылықтарын арттыру;жаңа сөздермен сөздік қорларын байыту;отбасы мүшелерін атау;үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
    Көрнекі құралдар: слайд,ұлттық бұйымдар (сандық ,бесік, алаша, торсық,

    тостақ т.б.) табаққа салынған шашу, қуыршақ.

    Сөздік жұмыс: ұрпақ , ата -баба.

    Билингвальды компонент; салт -дәстүр -традиции и обряды, ұрпақ -поколение , ата -баба -предки , бесік -колыбель , бесік жыры -колыбельная песн

    Оқу қызмет

    кезеңдері

    Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
    Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбер:

    Кел,балалар,күлейік

    Күлкіменен түлейік.

    Күлкі көңіл ашады,

    Күліп өмір сүрейк.

    -Балалар, біз қазір «Өзіңді таны» деген ойынды ойнаймыз.
    -Балалар, бұл фотосуретте кім?

    -Кім өзің таныды?
    -Суретте сендер қайдасыңдар? Суретте кім бар? Бір сөзбен қалай айтамыз?

    -Балалар, қандай мерекелерді білесіңдер?
    -Бүгін біз тағы бір мерекелермен танысамыз,ол бірақ қазақ халқының салт-дәстүрлер мерекесі.

    Шаттық шеңберге тұрады,жылы тілектерді қайталап айтады.

    Балалардың жауаптары.

    -Менің отбасымда төрт адам бар. Әкем, шешем, ағам және мен.
    -Менің отбасымда үш адам бар. Әкем, шешем, мен.

    -Жаңа жыл, 8 наурыз.

    Ұйымдастырушы

    лық-ізденушілік

    Тәрбиеші балалардың назарын слайдқа аударады.
    «Бесікке салу», «Тұсау кесу»
    – Бұл қандай салт – дәстүр?

    – «Бесікке салу» дәстүрін өткізу үшін қандай заттар керек?

    -Тұсау кесу салтына нелер керек?
    -Отбасының үлкен қуанышының бірі – сәби. Сәби аяғын алғаш рет басқанда тұсау кесу рәсімі өткізіледі. Тұсау кесу рәсімін – бала тез жүріп кетсін деп өткізеді.
    Топқа әже, бала кіреді.

    -Осы отаудың қуанышына кішкентай баламыздың тойына келіпсіңдер.
    -Мына кішкентай ұрпағы өмірге қадам басқалы отыр.

    -Ауыл әжесі, өзіңізден тұсау кесер батаны сұраймыз.
    Әже бата береді:

    Жас ұрпақ, ғұмырлы болсын,
    Қуанышты, көңілді болсын,
    Ақылды, зерделі болсын,
    Абыройлы, беделді болсын,
    Халқының азаматы болсын.
    Елінің қамқоры болсын,
    Мәртебесі биік болсын,
    Не тілесе, тілегі қабыл болсын!
    Осы тілекке жететіндей
    Әр бір қадамы сәтті болсын!
    -Баланың тұсауын кесер тойына әдейі тілек етіп, мына жіптерді дайындадым.
    Ақ жіп қостым – адалдыққа апарсын деп
    Жасыл жіп қостым – ғұмырлы, көсегесі көгерген азамат болсын деп
    Қызыл жіп қостым -қызылға оранған молшылықты болсын деп.
    Ақ жол дайындап ,музыка әуені қосылады.
    -Ендеше,кішкентай бөбектің тұсауын кесіп беруді өтінеміз.
    Тұсау кесетін әже:
    Аяғыңның орасын қашықтап ұста, сонда өмірден кібіртіктемей өтсін, осалдау байлайын ырысты бол!

    Ал, кәнеки, қайшы әкеліңдер – дейді әже.
    Балапаным, құдай жақсылықтан ажыратпасын,
    Жақсы ісінмен бақытқа жет! – деп тұсау кеседі.
    Осы кезде музыка әуені қосылады:
    Қаз – қаз балам, қаз балам.
    Қадам бассаң мәз болам.
    Қүрмеуіңді шешкейсің
    Тұсауыңды кесейін.

    – Тойда, балалар, әр түрлі ойын ойнайды.
    Ойын: «Тақия тастамақ»
    Жеңімпаз бала сәбиге тілек білдіреді.
    Сөздік жұмыс: ұрпақ , ата -баба.

    Билингвальды компонент; салт -дәстүр -традиции и обряды-traditions and rituals,бесік –колыбель-cradle,бесік жыры -колыбельная песня-lullaby.

    Слайдты тамашалайды.

    Балалар өз жауаптарын айтады.

    Бесік, май шам, пышақ, жастық, көрпе.

    Қайшы, ала жіптер.

    Балалар әжемен амандасады.

    Балалар қосылып айтады:

    Қаз – қаз балам, қаз балам.
    Қадам бассаң мәз болам.

    Балалар шеңберге отырып ойын ойнайды.

    Балалар қайталайды.

    Рефлексивтік-түзетушілік – Бүгін қандай дәстұрмен таныстық?
    – Тұсау кесу дәстүрін не үшін өткізеді?
    – Қандай түсті жіптермен қолдандық?
    – Тұсауын кім кесті?
    -Өркендерің өсің, қарақтарым. Менің балам да сендердің орталарыңда дені сау болып өсіп, ел тілегін өтей алатындай дәрежеге жетсін.Әже шашу шашады.Қоштасып шығып кетеді.
    – Тұсау кесу.

    – Бала тез жүріп кетсін деп.

    – Қызыл, жасыл, ақ.

    – Әже.

    «Тәуелсіздік және Елбасы»( Мәнерлеп оқу сайысы)

    Мақсаты:Балалардың тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін кеңейту; Отан Ананы, Елді, Жерді құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға тәрбиелеу.Балалардың комуникативті тіл құзыреттілігін арттыру, тілге деген құрмет көрсету мен бірге балалардың бойында патритоттық сезім қалыптастыру.
    Жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
    Қазақстан Республикасы халықтарының тәуелсіздік күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз! Құрметті балалар, әріптестер және қоңақтар!
    Бүгінгі біздің «Тәуелсіздік және Елбасы» аты манерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!»

    Жүргізуші:Ең алдымен бүгінгі сайысымызға қатысушыларды сіздірдің қошеметтеріңізбен ортаға шақырсақ.Ендеше қарсы алыңыздар

    1.№40 ЖОББМ оқушылары Сырым Ақнұр

    2.Исманәлі Нұрислам

    3.Рафхатқызы Аружан

    4.Құралбай Кәусар

    5.Марат Нұрислам

    6.Жұмағали Нұрислам

    7.Болашақ тобының тәрбиеленушісі-Саин Ақару

    8.Мирбулат Ақжан

    9. Қабдолла Исламбек

    10. Еламанова Алина

    11. Балдырған 2 кіші топ тәрбиеленушілері Зайнулла Айнара

    12. Азиханова Мафтуна

    Қатысушылармен таныстық,енді сайысымызға төрелік ететін әділ – қазылар алқасымен таныстырайын:

    1.№31 Балдәурен бөбекжайының директоры Мажитова Гүлсім Абиловна

    2.№31 Балдәурен бөбекжайының тәрбиешісі Калиева Гүлмира Сәрсенбайқызы

    Құлақтан кіріп бойды алар,
    Әсем әнмен тәтті күй
    Көңілге түрлі ой салар,
    Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз жырлағандай
    Сайысымыздың алғашқы шымылдығын ҚР мемлекеттік әнұранымен ашсақ. Әнұран

    Рахмет,құрметті балалар Бүгінгі Сайыстың алғашқы пердесін №40 ЖОББмектебінең келіп отырған қатысушыларымыз

    1.Сырым Ақнұр

    2.Исманәлі Нұрислам

    3.Болашақ ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Саин Ақару

    4.Мирбулов Ақжанды

    Ортаға шақырамыз

    Рахмет құрметті қатысушылар.Орындарынызға жайғаса қойыныздар

    Ән. Құрметі қоңақтар қатысушылар Болашақ ортаңғы тобының орындауындағы хор Егемен Қазақстан әнің қабыл алыңыздар.

    Құрметті қатысушылар сіздермен бірге ойын ойнасақ қалай қарайсындар.Қазақ халқының ұлтық ойындар өте көп солайма.Сол ұлттық ойындардың бірі Күш сынасу. Қане қатысушы қоңақтарымыздың арасында біздің жігіттерімізге тең келер балдар барма екен ортаға шығып күшімізді сынап көрейік.

    Жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі кезектегі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

    5.Рафхатқызы Аружан

    6.Құралбай Кәусар

    7. Қабдолла Исламбек

    8.Еламанова Алина
    Би Болашақ тобының сұлу қыздары дайындаған биге кезек берсек Кесе биі қабыл алыңыздар

    Жүргізуші-Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

    Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

    Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

    Туған күнің құтты болсын, алыбым!

    Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және Елбасы» атты мәнерлеп оқу сайысымызды одан әрі жалғастырамыз

    9.Марат Нұрислам

    10.Жұмағали Асемай

    11.Зайнулла Айнара

    12. Азиханова Мафтуна

    Рахмет Құрметті қоңақтар енді бір әсем ән тыңдап сергіп алайық Мирбулов Ақжанның орындауындағы Алатау әнің қабыл алыңыздар

    Жүргізуші:Құрметті қатысушылар бүгінгі біздің мәнерлеп оқу сайысымыз өз мәресіне жетті Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп – қорытынды сөзді әділ-қазыларға береміз.

    Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
    Қайта тудым, өмірге қайта келдім!
    Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
    Айта бергім келеді, айта бергім!
    Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын!
    Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы.
    Бақыт көрсін елімнің әр ұланы,
    Енді ағайын, көгінде қалықтасын
    Қазағымның қастерлі әнұраны – дей отырып құрметті ұстаздар,оқушылар және қоңақтар Бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе Болашақ тобының ұландары дайындаған Қазақстан биін қабыл алыңыздар келесі кездескенше! Сау – саламат, бай – қуатты болайық! Тәуелсіздік тұғырымыз мықты болсын. Алдағы мереке құтты болсын. Осындай тілекпен бүгінгі менерлеп оқу сайысымызды аяқтаймыз.

    Күтілетін нәтиже:

    жасай алады: қазақ халқының салт -дәстүрлерін сахналайды.

    түсінеді: салт -дәстүрлердің маңызын;ата -бабаларымыздан қалған салт -дәстүрді құрметтеуді;

    қолдана алады: этнопедагогиканың баланы тәрбиелеудегі рөлін.

    Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:Саин Н.Ж

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше