ОРЫНТАЕВА ЖУЛДУЗ ДАИРБЕКОВНА

«Бала денсаулығын нығайтуда балабақша мен отбасының

бірізділігін қамтамасыз ету жолдары»

Мақсаты: Балалар денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған іс – шараларды жүзеге асыру.Салауатты өмір салты туралы біліммен дағдыны қалыптастыру. Алған білімдерін күнделікті пайдалана білуге үйрету.

Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата – ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала бақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөлінеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін , денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл – ойы айқын, өз – өзіне сенімді, жан – жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс дене құрлысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн.

Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады.

Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану:

  • Тыныс алу жаттығулары
  • Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары
  • Сымбатты түзету жаттығулары
  • Созылу(стретчинг) жаттығулары
  • Йога жаттығулары
  • Көзге арналған жаттығулар

Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн. Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды.

Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды, жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен -дем шығару кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады. Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіруі ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз : баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын- алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Барлық топтарда оқу іс – әрекеттерінде және одан тыс кезде тәрбиешілеріміз балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады. Ауа, су, күн шуағын қабылдау ықшам киім, ертеңгілік жаттығу, ауладағы дене шынықтыру, серуендер шаралары бәрі де баланың шынығып шымыр болуына ықпалын тигізеді.

Балабақшамыздың медбикесі Асель Қажыбайқызы балалардың денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын – алу шараларын өткізеді.

Педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын қолдану:

Денсаулықтарын сақтау және ынталандыру

Стретчинг (созылу)

Тамақтан соң 30 минуттан кейін желдетілген топта немесе спорт пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин

Сымбаттары бұзылған және жалпақтабандылықтын алдын-алуға ұсынылады. Бұлшық еттерге жүктеменің үлесі тең болуы керек.

Ырғақты – қозғалыс

Тамақтан соң 30 минуттан кейін желдетілген топта немесе спорт пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин.

Жүктеменің көлемі және өлшемі баланың жас ерекшелігіне қарай болу. Көркем құндылыққа назар аудару

Динамикалық үзіліс

Сабақта балалардың шаршауларына қарай, 2-5 мин.

Шаршаудың алдын-алу үшін барлық балаларға ұсынылады. Сабақтың ерекшелігіне қарай көзге. Тыныс алуға және басқада жаттығуларды қосуға болады.

Қимылды және спорттық ойындар

Серуенде, топта сабақтың бөлігі ретінде, барлық топтарды күнде

Ойындар баланың жас шамалық ерекшелігіне және маусымдыққа, уақытына сәйкес іріктелінеді. МДМ-де спорттық ойындарының элементтері ғана қолданылады.

Релаксация

Барлық топта кез-келген ыңғайлы бөлмеде. Педагог технологияның қарқындығын мақсатпен балалардың жағдайына байланысты анықтайды.

Табиғат үнінін, классикалық баяу әуенді (Чайковский, Рахманинов) қолдануға болады.

Саусақ жаттығулары

Күнде барлық топтарда жеке-дара немесе жарты топпен

Күнде кез-келген ыңғайлы уақытта Барлық балаларға, әсіресе сөз мүкістігі бар балаларға ұсынылады

Көзге арналған

Көзге түскен жүктеменің қарқынына қарай күнде 3-5 мин

Педагогтың көрсетуі, көрнекілікті қолдану ұсынылады.

Тыныс алу жаттығулары

Дене тәрбие және сауықтыру жұмыстарының әртүрлі формасында

Процедураның алдында балаларға мұрын гигиенасы жөніндегі міндеттер нұсқауын беру, бөлмені желдетіп алуОбеспечить проветривание

Сергітетін жаттығулар

Күнде түскі ұйқыдан, 5-10 мин.

Өткізу түрі әртүрлі: керуетте жатып, молынан жуыну, қабырғалы жолмен жүру, ауасы әртүрлі деңгейдегі бөлмеде жеңіл жүгіру

Дене тәрибе сабағы

Спорт немесе музыка залында аптасына екі рет

Сәбилер тобында – топ бөлмесінде, 10-15 мин. Ортаңғы -15-20, Ересек 20-25, Дайындық тобында -25-30 минут

МДМ-нің жұмыс істейтін бағдарламасына сәйкес желдетілген бөлмеде өткізіледі.

Мәселелі ойындар (тренингтар)

Күннің екінші жартысында немесе кез-келген бос уақытта педагогтың алдына қойған міндеттіне қарай ұйымдастырылады.

Сабақ педагогтың баланың ойын әрекетіне оған білтіртпей қосылуы арқылы өтеді

Тіл қатынас ойындары

Ересек тобынан бастап аптасына 1-2 рет, 30 минуттан өткізіледі.

Сабақ белгілі тірек-ызба бойынша және бірнеше бөлімдерден құрылады. Олар әңгімелесу, сызба-нұсқалар, әртүрлі деңгейдегі ойындар, сурет салу, жапсыру, т.б.

Нүктелі массаж

Ересек тобынан бастап кез-келген ыңғайлы уақытта және күзгі және көктемгі індеттердің алдында өткізіледі.

Тұмау ауруымен жиі ауыратын балалармен қатаң түрде арнайы әдістер арқылы өткізіледі. Көрнекілік құрал қолданылады.

Арттера-пия

Ортаңғы топтан бастап сеанс бойынша 10-12 сабақ, 30-35 минут өткізіледі.

Сабақ жарты топ бойынша 10-13 адаммен өткізіледі. Диогностикалық құрал және сабақтың хаттамасы болуы керек.

Әуен әсері

Айына 1-2 рет сабақтан тыс уақыта сауықтыру-шынықтыру жұмысы ретінде өткізіледі

Басқа технологияларға көмекші ретінде: шиленісті шешуге, эмоцияның жоғары кездерінде қолданылады

Ертегі терапиясы

Айына 1-2 рет

Дамыту және психологиялық жұмыстар үшін қолданылады. Ертегіне ересек немесе топтасып айтуға болады.

Түстердің әсері

Алға қойылған міндеттерге қарай айына 1-2 рет

МДМ-нің безендірілген түстеріне ерекше назар бөлу керек. Б

«Сәбиді балабақшаға дайындау»

Ата-ана баласын балабақшаға бермес бұрын біраз ойланады. Егер үйде сәбиге қарайтындай мүмкіндік болса, бермей-ақ қоямын ба деп те ойлайды. Дегенмен балабақшадағы тәрбиенің рөлі басқадай боларын да түсінеді. Олар сәбилерін арнаулы педагогикалық білімі бар мамандар тәрбиелейтінін бір ойласа, бірде «балабақшада бала көп жылайды, жиі ауырады» деген сөздер көңілін алаңдатады. Сондықтан осы мәселе төңірегінде де ойланып қойғанымыз жөн.

Расында балабақшаға апарған алғашқы күндерде-ақ бала жылайды, өйткені өзіне жақын адамдардың жанында болмауы жанына батып, 2-3 күн өткен соң ауырып қалу жағдайлары кездеседі. Бұл жерде тәрбиешілердің кіналау дұрыс емес. Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сенсек, ғалымдар сәбидің ажаң орынға үйренуі үйелмендегі ата-ананың баласын жаңа жағдайға қалай дайындауына байланысты екенін айтуда. Мәселен, бағбан ағаш егерден бұрын, бұған орын дайындайды, содан соң барып отырғызып, отырғызған кезде тамырына зиян келмеуіне көңіл бөліп, топырақпен түбін тиянақтап көмеді. Сонда да жаңа отырғызған жеріне үйренгенше ағаш «ауырады». Сол сияқты сәбидің басқа ортаға үйрену кезеңі – оның өмірінде кездесетін алғашқы күрделі кезеңнің бірі. Таныс емес адамдардың ортасында қалу өте ауыр болуы себепті, бала жылап, мазасызданып, тіпті қашып кеткісі келеді. Немесе жанында күнде шешесі қалуын қалап, тәрбиешілердің көмегіне қарсылық білдіреді. Кейбір ата-ана баланы бұл қылығына таң қалып, сүйкімді жуас баламыз неліктен өзгереді деп ойлайды.

Бұл кезде сәбидің ұйқысы бұзылып, тамаққа тәбеті болмайды. Үйге қайтқан соң да шешесінен айырылмай ұйықтап жатқанда жиі-жиі оянып тынышсызданады. Алғашқы 3-4 күн осылай өтеді. Кейбір сәбидің нәзік жаны мұндай өзгерісті көтермейді, ыстығы көтеріліп, тіпті денесінде қызыл бөрткендер пайда болады. Ас қорытуы төмендеп, ауырып қалады. Осындай кезде ата-анамен бірге тәрбиешілерде алаңдайды. Мұндай жағдайда сәбиге қалай көмектесу керек? Оған баланы қоршаған ересек адамның көмегі өте қажет. Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері әрқашанда көмекке әзір. Тәрбиешілер, медбикелер, баланы ата-анасымен балабақшадағы күн режимін, санитарлық-гигеналық ережелердің сақталуын, баланың тамағының құрамы туралы түрлі кеңестер береді. Ата-ана мекеме қызметкерлері кеңесіне көңіл қоюы тиіс.

Баланың бұл кезін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Балабақшаға апарардан 1-2 ай бұрын дайындық жұмысын бастауға болады. Бұл кезде сәбидің күн режиміне балабақшадағы тәртіпті енгізуге болады. Осы уақытта күн режимінің орындалуын қадағаланса, бақшаға келген күннен бастап сәби өз тобымен бірге белгілі уақытта стол басына отырып, ұйықтайтын кезде топтағы басқа балалар сияқты ұйықтайды.

Сәбидің жақсы тамақтануы мен дұрыс ұйықтауына көңіл бөлу қажетті тәрбиенің негізі болмақ. Топпен бірге отырғанда балалар өздері тамақтанады. Үйде сәбидің қалай тамақтанғанын қадағалап отырса, педагогтер әрбір жаңа қабылданған балаға көңіл бөле алмайды. Өйткені, олар үйлерінде біреу емізік арқылы тамақтанса, біреуі ата-анасының алдына отырып, қолынан тамақтанатын болған. Сол сияқты ұйықтау кезінде де көп көңіл бөлінеді. Біреуіне жымия қарап, біреуін қолымен сипап, біреуінің көрпесін түзеп көмектеседі. Ал жаңа қабылданған сәби дұрыс ұйықтай алмаса, барлық топ алаңдайды. Сондықтан үйде балаға бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бақша режиміне асықпай үйрету керек.

Сонымен бірге өзі киініп, өзі шешініп, өзі тамақтанатындай дағдыға үйретсе, бала бақшада өзін еркін ұстайды да, үлкендердің көмегін күтпейді. Бұл сәбидің сезіміне жақсы әсерін тигізеді. Ойыншықтармен өзі ойнай алуы да көңілін өсіріп, жаңа ортаның кейбір жағдайларына көңілін алаңдатпайды. Бәрін де өзі істеуге талпынса, топтағы балалармен де, үлкендермен де қарым-қатынасы тез орнына түседі. Тиісті дайындықтан өткен сәби топқа қосылғаннан кейін ешбір қиындықсыз-ақ жаңа ортаға тез үйренеді.

Бақшаға келген кезде сәбиді тәрбиешімен таныстырып, қалай ұйықтайтынын, нені ұнататынын, үйде қалай еркелейтінін айтып қойған дұрыс. Тәрбиеші ол ескертпелерді өз жадында сақтайды. Мұның өзі балаға да пайдасы болмақ. Кенет шешесі есіне түсіп жыласа, тәрбиеші оған қандай ойыншық ұсынуы керек екенін біледі. Жаңа орынға үйрену кезінде тәрбиешінің көмегіне сүйенген сәби жаңа ортаны өзіне жат сезінбейді.

Сәбиді балабақшаға ешбір дайындықсыз бірден орналастыру баланың көңіл-күйіне, ұйқысына, тамаққа тәбетіне кері әсерін тигізеді, сол себептен де алғашқы күндері жиі ауыратын болады. Егер ата-ана өз баласының бойына жақсы дағдыларды сіңіруде жалықпай еңбектенсе, сәбиін балабақшаға еш қиындықсыз, алаңдамай-ақ орналастыруына болады.

Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі

қарым-қатынасы

Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ , яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды , назар салатын басты мәселенің бірі.

Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет .

Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.

Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке –бірлікті , түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.

Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінің алғашқы күнінен басталады. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. Яғни , елдің ер-азамат тәрбиелеу, ең алдымен , отбасына жүктеліп отыр.

Отбасы –адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Ол бала үшін бір үлкен әлем,осы әлемде бала алғаш өмірмен қарым –қатынас жасап, өмірді сүюді, қиындыққа көнуді, қуануды, қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып өседі.Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі –отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттілін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттілігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешнеді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады. Сондықтан кез келген педагогикалық тәрбие отбасымен қарым-қатынас жасамай іске аспайды. Сондықтан балабақшадағы оқу-тәрбие ісінде басты мақсаты ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады. Бұл барлық педагогтерге түсінікті жайт, дегенмен әлі күнге дейін балабақша мен ата-аналармен жұмыс жүргізу кәзіргі күннің өзекті мәселерінің бірі болып тұр деп ойлаймын. Сол себебтен балабақша ұжымы , тәжірибелі педагогтердің жұмысының арқасында бүлдіршіндерге ең жақын адамдардың бізбен бірге бірлесе отырып тәрбие ісіне араласуына ат салысып жұмыс жүргізуіміз керек. Біз бірге болуымыз керек екенін ұғындыру біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін естен шығармауымыз керек.

Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

  • ынтымақтастық қарым-қатнас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсініктік пен көмекке бағытталады.
  • ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым –қатынас
  • жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас
  • бәсекелестік , барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
  • түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас;

Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жәбереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым –қатынас болмайды. Ал ,кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.

Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын , мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімдікке ұмтылу , ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке , баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық –пайдалы еңбекке баулудыіске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта, яғни балабақша болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін , оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына , салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.

Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, таңдаған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі -өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл –кеңес беріп, ата-кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.

Бүгінгі күн заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан көптеген жылдар бойы осы бағытта қажырлы еңбектер жүргізіліп келеді. Біздің балабақшада осы бағытта ата-аналармен талмай еңбек етіп өз алдына мынадай мақсат міндеттерді қойып отыр. «Үздіксіз білім беру мен сауықтандыру, тәрбиелеу жұмысында кеңістік құру сабақтастығын жүзеге асыру» яғни, ата-ана бала тәрбиелеу ісіне белсене ат салысу үшін белгілі бір жүйе құра отырып жұмыс жүргізу. Осы міндеттерді іске асыру барысында «Тәрбиеші-ата-ана» мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырады. Балабақша ұжымы осы мәселерді талдап, талқылай отырып ата-аналармен жұмыс жүргізуді мынадай бөлімдерге бөліп қарадық. «Оқи отырып, тоқи отырайық» , «Өз ойыңды басқамен бөліс» , «Біз біргеміз» .

«Оқи отырып, тоқи отырайық» бөлімінде балабақша педагогтары ата-аналармен бірлесе отырып оқу-тәрбие процесінде жұмыс атқарады.Бұл бөлімде ата-аналарға түрлі жарыстар жарнама жасау, семинар кеңестер беру арқылы жұмыс іске асырылады. Сонымен бірге, педагог-тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыруға талпынады. Әр педагог –тәрбиеші жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.

Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы

Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
– Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
– Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
– Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
– Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
– Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
– Баланың сөздік қорын молайту;
– Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
– Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой – өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым – қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл – ой дамуымен біртұтас жүреді.
Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан – теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынының сана – сезімін оятып, ақыл – есін дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай – ақ мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл – ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең – әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер – білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай – ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ.
Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген – білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата – аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан – да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады.
Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс – әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс – әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.
Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал – мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады.

Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жүйелі жүргізуді талап етеді. Қазіргі уақытта баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу ана тілі арқылы өз дәрежесінде жүзеге асатыны белгілі. Баланы ана тілінде анық, жүйелі, өзгелерге түсінікті, мәнерлі үн ырғағымен келістіре сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс жеткізуге мектепке дейінгі кезеңде үйрету керек.
Тәрбиеші әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді.
Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
– Бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау;
– Артикуляциялық аппаратты дайындау кезеңі
– Сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету.
Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:
1. Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату.
2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.
3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады.
4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату.
5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу.
6. Жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.
Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап дер шағында қолға алса нәтижесі де ойдағыдай болады.
Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс – әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл – ойын, танымын кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі.
Оқу жылының басында өз тобымда тілдері з, р, с, ш дыбыстарын айта алмайтын балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын – жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйреттім. Мысалы: «З» дыбысын бекіту мақсатында А. Райымқұлованың «ауыл маңында» өлеңін айтқызуға болады.
Ауыл маңы саз, саз – саз,
Жайылады қаз, қаз – қаз.

Тоймай қалса қаз, қаз – қаз,
Шашқан дәнің аз, аз – аз.
Дыбыстарды меңгерту барысында ассоциация әдісін қолданамын. Мысалы: «Қ» дыбысын бекіту мақсатында Қ – қарға, қолғап, қасқыр, қой, қарындаш
Ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан ертегілер, мақал – мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаш бала тілін дамытуда шешуші орын алады. Тобымдағы балаларға ертегілерді ең алдымен ауызша айтып беремін. Сонан соң айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рольдерге бөліп ойнатамын. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық» «Алдар көсе мен тоңғақ бай» «Күз түсті» ертегілері.
Түрлі ойын – жаттығулардың бала тіліне тигізер ықпалы мол. Мысалы: «Күз түсті» ертегісін алып ойын – жаттығу ретінде өткізіп жүрмін.
«Балалар тоғайға жеміс – жидек теруге барады. Барлығының қолдарында себет бар. Олар тоғайға келе жатса, бір сиыр жатыр екен. Сиыр балаларды көріп «мө – мө – мө» деп амандасады. Содан кейін «балалар, қайда барасыңдар?» дейді.
– Балалар: – Орманға жидек теруге бара жатырмыз
Деп жауап береді.
Орманға келіп ағаштың бұтағында тоқылдақтың отырғанын байқайды. Тоқылдақ балаларды көріп «тық – тық» деп амандасады. Сонан кейін торғайлар «шиқ – шиқ» деп дыбыстайды. Қарға болса «қар – қар» дейді. Көкек те қалыспай «көкек – көкек» деп қалыспайды.
Осы тәріздес ормандағы құстар, аңдар балалармен кездеседі. «Күз түсті» ертегісінің мазмұны бойынша жүргізілетін ойын – жаттығудың мақсаты ертегі мазмұны бойынша балаларды қызықтырып, дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Ертегілерден басқа көркем әдеби шығармаларды балаларға оқып беріп, олардан әңгіменің мазмұнын сұраймын. Мысалы: «Екі дос пен қайыршы қария» әңгімесін оқып беріп, әңгіменің мазмұнын сұрау арқылы Венн диаграмма әдісін қолданып, балаларға Алдан мен Сауранның мінезін салыстырамын.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал – мәтелдер арқылы да беріледі.
Қазақты мақал – мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Сондықтан, мен «Менің Қазақстаным» «Отбасы» «Менің ауылым» тақырыптарын өткенде:
• Туған жер – алтын бесік
• Өз үйім – өлең төсегім
• Отан – оттан да ыстық
Батырлық, ерлік туралы:
• Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді
• Ер – елдің көркі, өсімдік жердің көркі
Білім туралы:

• Қына тасқа, білім басқа бітеді
• Көп сөйлеген білімді емес, көп білген білімді – деген мақал – мәтелдерді
пайдаланамын.
Бала тілінің дамуына жұмбақтар үлкен роль атқарады. Әр оқу іс – әрекетінің тақырыбына сәйкес жұмбақ айтудан бастаймын.
• Кешкісін маздап жанады, таң атса сөніп қалады (Жұлдыз)
• Қырманнан көрдім, ырыздығы елдің (Дән)
• Басында аппақ шәлі, етегі елдің сәні (Тау)
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімді жанр – жаңылтпаш. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
• Көк кесе, көп кесе, Көп кесені әкелді кеше
Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.
Қазіргі заман талабына сай оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт – бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетіміз.

Балабақша – тәрбие бастауы

Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ендеше жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады емес пе? Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырып, жандандыратыны сөзсіз. Біз қанша дамып басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәтте назардан тыс қалмауы тиіс. Бала жас тал болса, ал ересектер оған бағбан болуы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан іс. Сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші тәрбиешінің міндеті. Бүлдіршіндердің сезімдері өте нәзік, әсершіл келеді. Оларға айтқан, көрсеткен нәрселердің бәрі – шындық, сұлу, әсем, жарасымды болуы керек.Тәрбие – қалып тәрізді, егер қалып қисық, олпы-солпы болса, сол қалыпқа салынған зат та оңды болмайды. Бала тәрбиесі де дәл сол сияқты. Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап рухани құндылықтар, мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік сияқты қасиеттерді қалыптастыру – тәрбиешінің міндеті. Сонда ғана бала бой көтеріп, бәйтерекке айналады.

Қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» дейді. Расында да балабақша табалдырығынан аттаған балаға тәрбие беру үшін тәрбиеші маманның өзі тәрбиелі, білімді, өнерлі болғаны жөн.

Ұлы Мағжанша айтар болсақ, балаға тәрбиені беруде адам ең бірінші өз тәжірибесіне сүйенеді. Адамның өз тәжірибесі – оның жүріп өткен жолы, көрген-білгені. Бірақ әр адамның жолы тура жол, бала тәрбиесінде қатып қалған осы жолмен жүру керек деуге де болмайды. Ол жолдың тек дұрысын ғана таңдап алу керек. Балаға міндетті түрде өзіңді қайталату мақсат емес, өзіңнен асырып түсіру мақсат. Бала кейде сенің ойлағаныңнан да артық затты немесе қиялына ерік берсе ешкімнің ойы түгіл түсіне де кіре бермейтін идеяларды дүниеге әкелетіні рас. Сондықтан педагогтың өз тәжірибесіне сүйенуі аздық етеді.

Екінші жағынан, ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу. Халқымыздың баға жетпес құнды қасиеттерін жастайынан санасына сіңіріп өскен бала өскенде ұлтжанды, халқының намысын қорғайтын азамат болмасына кім кепіл?

Балабақша… Осы сөзді қайталап айтып көріңізші. Құлаққа қандай жағымды, анық, қарапайым естілетін сөз. Жасы үшке толар толмастан тілі былдырлап, томпаңдап келген баланы бауырына қысып, еркелету, ойнату қандай қызық. Әрбір сәбидің жүзін көргенде бақыттың базарында жүргендей күй кешесің.

Балабақшада балалар бірі тілалғыш, бірі айтқанды істемейтін, бірі көңілшек, бірі ашық жайдарлы болады. Яғни, аралас орта құралады. Міне, осылардың әртүрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адамгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, бір-бірін құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты жан-жақты тәрбие беру тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Баланың ойын кезіндегі белсенділігі, өзара қатынастар жасауы оның дамуына ықпал етеді. Сөзімді «Тәрбие –тал бесіктен басталады» деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылағым келеді. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Демек, баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Бала тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты. Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған, дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімімізді аямайық!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше