Павлодар облысы. Железинка ауданы.
Жаңа жұлдыз ауылы. ЖББОМ «БӨБЕК» шағын орталығының
Тәрбиешісі ИЛЕСБЕКОВА САНДУҒАШ ТАҒАБАЙҚЫЗЫ
«Аққала»
Мақсаты: Балаларға қағазды умаждап, сурет салу техникасымен таныстыру. Қағазды жақсылап алақан арасына салып, умаждап, оны бояуға малып, қағаз бетіне бастырып, бейне салуға үйрету. Саусақ қимылдарын жетілдіру.
Керекті құралдар: көк түсті бояу, умаждалған қағаз, көк қағаз.
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан — жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз
Балалық шақ үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Хош келдіңіз бәріңіз!
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешесіңдер ме?
Балалар: Иә, шешеміз!
Жұмбақ:
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны (Аққала)
Балалар: Аққала!
Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсыңдар, балалар! Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген? (проектордан слайд суреттер көрсетіледі)
Балалар: Аққала бейнеленген.
Тәрбиеші: Аққала қандай геометриялық пішіндерден құралған екен?
Балалар: Дөңгелектерден!
Тәрбиеші: Дұрыс! Аққаланың түсі қандай екен?
Балалар: Ақ!
Тәрбиеші: Дұрыс! Ал, аққаланы неден жасаймыз? Жылдың қай мезгілінде жасаймыз?
Балалар: Қыста қардан жасап ойнаймыз!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Ал енді мен қосымша сендерге аққала туралы қысқаша ақпарат берейін.Аққаланың негізгі киімдері – әдемі шарфтар мен шелек, сыпырғы. Сонымен қатар аққала дегенде көз алдымызға сәбіз, картоп, көмір елестейді. Мұның әрбірінің өзіндік сыры бар. Сәбіз мен картопты келер жылы молшылық пен шұрайлылық болсын деген ниептен қоятын болса, басқа төңкерілген шелек үйде береке болсын дегенді білдіреді. Көптеген халықтар аққалларды «періштелер» деп таниды екен балалар.
Бүгін біз сурет сабағында аққаланың суретін саламыз. Бірақ күндегідей қарындаштармен емес, жаңа тәсілмен саламыз. Ол үшін мен сендерге қағаз беремін, бәріміз бірге осы қағаздарды алақанымызға салып умаждайық. Мен сендерге аққала салынған беттерді таратып беремін, ал сендер осы умаждалған қағаздарды бояуға малып, аққаланы бояйсыңдар.
(Балалар тапсырманы орындауға кіріседі)Тәрбиеші: Балалар, шаршадыңдар ма? Олай болса сергіту жаттығуын жасайық!
Сергіту сәті:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.
(Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын орындайды)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді орындарыңа отырыңдар, салып жатқан суреттерімізді аяқтап болсақ теледидардан Әли мен Аядан хабарлама келіпті. Кәне, тыңдайықшы. (Аққала жайлы видио ролик)
-Балалар бояған суреттерін кепкенше аулаға барып бір ойынымызды ойнап келейік. (Дала көрінісі)
Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастырайық» (Қыс туралы әуен қосылады)
Тәрбиеші: Тамаша, балалар! Ойын сендерге ұнадыма? Енді орнымызға отырып, салған суреттерімізді көрейік. Кімнің суреті ең әдемі болды екен?
(Балалар суреттерін көрсетеді, тәрбиеші жұмыстарын бір – біріне көрсетіп, балаларды мадақтайды)
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін ненің суретін салдық?
Балалар: Аққаланың!
Тәрбиеші: Аққаланы біз жылдың қай мезгілінде жасаймыз? Аққаланың түсі қандай болады екен? Денесі қандай геометриялық пішіндерден құралған? Аққаланы біз неден жасаймыз? Біз бүгін аққаланы қалай боядық? Сендерге ұнады ма?
(Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап береді)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!
Тақырыбы: «Құстарды жақсы көреміз!»
Мақсаты:Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу. Өлеңдердің мағынасын түсіну,сөздік қорынбайыту.Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа дегенмейірімін ояту,адамгершілікке баулу.Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жүру барысы: Балалар-ау балалар,
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып!
Құстар келді жар салып!
«Үйрек биі»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай болады?
-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Ия, балалар көктем мезгілінде ауа-райы жылынып, қар еріп, жан-жануарлар өріске шығады, құстар оралады. Қар астынан шыққан гүл бәйшешектер жерге көрік беріп тұрады. Міне, көктем мезгілінде өсындай ерекшелік болады екен.
Балалар, қазір Сәуір айы болғандықтан, біз сәуір айында құстар мерекесін тойлаймыз. Осы айда «Құстар» ұшып келеді екен.
-Балаалар, сендер құстарды көрдіңдер ме?
-Қандай құстарды білесіңдер?
-Құстар неше топқа бөлінеді?
-Дала құстарын атаңдаршы?
-Үй құстарына қанай құстар жатады?
-Жарайсыңдар, балалар!
Жұмбақ жасыру. «Тал басында тамаша үй» ол не?.(Ұя)
-Ия балалар біз құстардың келуіне арнап ағаш басына ұя жасайды екенбіз.
-Қане, балалар құстарға арнаған тақпақтарыңды айтып беріндерші?
Бірінші
Құстар, құстар келеді,
Даланы жырға бөледі,
Көктем келді деп бізге
Жылы хабар әкелді.
Екінші
Құстар біздің досымыз,
Бау-бақшаны қорғайды.
Ұя жасап қарсы алсақ,
Құстар бізді қолдайды.
Үшінші
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жем-су беріп қыс бойы,
Балапанын бағамыз.
Төртінші
Торғай, торғай торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың,
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Бесінші
Ала қанат сауысқан
Құртты көрсе жабысқан
Бір томардан томарға
Секең-секең ауысқан.
Алтыншы
Ой балалар, балалар
Құстарда да ана бар
Құстарда да бала бар,
Құс ұясын бұзбайық,
Обалына қалмайық.
Ән: «Көктем келді».
Жүргізуші: -Жарайсыңдар, балалар!
Әуен ойнап топқа тауық келеді. Қолында себеті бар.
Тауық: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен жолда келе жатырып жұмыртқамды жарып алдым. Енді менің көңіл күйім болмай тұр. Сендер менің көңілімді көтеруге көмектесіңдерші, балалар!
-Жарылып қалған жұмыртқамның ішінде сендерге арналған тапсырма бар еді, соны орындаңдар.
Бірінші тапсырма: Қазір құстардың дыбысы естіледі. Сендер соның дыбысын айырып беріңдер, жане дыбысын бірге қайталаңдар!
Тауық: Ой балалар, менің көңілім аздап көтеріліп қалды. Енді тағы бір тапсырмам бар соны орындасаңдар тіпті жақсы болар еді.
Екінші тапсырма: Балалар сендерде өз аналарыңның балапандарысындар ғой. Менде өз балапанымды есіме алып сендермен бірге серуенге шығып бой жазайық.
Әуен ойнап балапан киімін киген балалар тауықтың артынан еріп серуенге шығады. Секіреді, су ішеді. Ойнайды. Осы кезде күн күркіреп қатты дыбыс естіліп жаңбыр жауады. Балапандар тауықтың қанатының астына паналайды.
Ойын: «Тауық пен балапандар»
Би: «Балапандар»
Тауық: -Ой жарайсыңдар, балалар! мен енді қайтайын, жұмыртқамды жарып алмай ұяма апарайын. Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Балалар, құстар туралы қандай тиым сөздерді білесіңдер?
-Құсты таспен атуға болмайды.
-Құстың ұясын бұзуға болмайды.
-Жұмыртқаны жаруға болмайды.
Жүргізуші: Балалар, қане бәріміз құстарға арнап ән айтайық.
Ән: «Құстар әні»
Жүргізуші:
Қамқоршы боп жүреміз,
Табиғатқа құстарға,
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз
Құрметті қонақтар, сүйкімді балапандар құстар мерекесіне арналған
«Құстарды жақсы көреміз!» атты шарамызды «Құстар» бимен аяқтаймыз.
Би: «Құстар биі»
Тақырыбы: Тәуелсіздік
мақсаты:
— Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
— Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
- Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт — бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы — ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.
көрнекіліктері: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, буклеттер, желтоқсан құрбандарының портреттері.
барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!
Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.
Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар — намысын, ата — баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Иә, 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы»тарихта мәңгі қалмақ.
1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.
Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап — жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне,
қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
(1минут үнсіздік жариялаймыз.)
Ортада оқушылардың Тәуелсіздік жайлы өлең жолдары
Аружан. Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні — бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні — бұл.
Мирас Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні бұл.
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні — бұл.
Қарақат. Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні — бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні — бұл.
Қанат. Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні — бұл.
Бір — бірімен жарасып
Бауырласқан күні — бұл.
Айару. Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл — күні!
Нұрдаулет. Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы, келе берер!
Ақниет. Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек берейік. Олай болса,
«Тәуелсіздік жарығы»атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық.
(Тынығып жатқан немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін.
Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!
Мұғалім сөзі: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,
Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын!
Арнұр. Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
1986 жыл, 16 — желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан — ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Аяулым. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
Еркежан. 1991 жылы желтоқсанның 1 — де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым — ол.
Мансұр. 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н. Ә. Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
Сауле. 1992 жылы 4 – маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім — елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім — әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен — тек —
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман — қыраны.
Жалауы бұл — халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада — аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай — талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім — Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным — жанұраным,
Айтар әнім — сөйлер сөзім.
Туған жерім — сағынарым —
Мың қайталап айтам мұны.
Қорытындылау: Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың алғыс. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін.
Тақырыбы: Ертегілер елінде. «Қасқыр, ешкі жеті лақ»
Білім беру саласы «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»
Мақсаты: Балаларға ертегі туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлеріне құрметпен қарауға, ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыру. Ертегіні сахналауға үйрету.Бір-бірімен дос болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру көрсету сахналау
Көрнекі құралдар: Ертегі суреттері сахна киімдері үйшік
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру) |
Шаттық шеңбері:
Достар бірге жүреміз, Бірге ойнап күлеміз. Бірге балық аулаймыз, Міне біздер қандаймыз! Орман тоғай шыңға біз, Саяхатқа шығамыз. Бөлінбейді іргеміз, Әрқашан дос біргеміз! |
Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қимылмен қайталайды. |
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру | Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Қане бәріміз қонақтармен амандасайық!
Сұрақ-жауап -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде күн қандай болады? -Біздерге не ұшып келеді? -Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасындар ма? -Қандай ертегі білесіңдер? Жарайсыңдар балалар! Ғажайып сәт: Есік қағылып топқа Ешкі келеді. Балалармен амандасады. Ешкі: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен ертегілер елінен сендерге қонаққа келдім. Тәрбиеші: Қош келдің Ешкі. Біздің балаларымызбен бірге бол. (Ешкі балалардың қасына отырады.) -Балалар сендер қуырмаш ойынын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Олай болса, Ешкімен бірге ойын ойнайық Ойын: «Қуырмаш» Қуыр қуыр қуырмаш Балапанға бидай шаш Анаң келсе есік аш Қасқыр келсе мықтап бас Тәрбиеші: -балалар бізге қонаққа кім келді? -Ешкінің төлін не деп айтамыз? Олай болса біз қазір «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысамыз! Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде бір ешкі мен жеті лақ болыпты. Олар орманда үй салып лақтарымен бірге сол үйде тұрыпты. Ешкі күнде тоғайға барып лақтарына азық жинап келетін болған. Ол тоғайға барарда лақтарына: Ешкі: балаларым, шырақтарым мен тоғайға барып азық алып келемін, есікті ешкімге ашпандар қасқыр келсе сендерді жеп кетеді деп ескертетін болған. Ешкі тоғайға кеткеде орманда жүрген бір қасқыр үйді көріп сол үйге кедеді екен. Қасқыр: ой мына ормандағы үйде лақтар тұрады екен. Бүгін менің жолым болды. Қарыным тоятын болды деп қуанады. Қасқыр: тук-тук, балаларым шырақтарым, аналарың келді. Сендерге азық әкелді. Есікті ашыңдар деп айтады. Лақтар қуанып есікті ашып жібереді. Сол кезде қасқыр лақтарды көріп қуанады. Мен сендерді жеймін. Менің қарыным аш дейді екен. Лақтар: Қасқыр қасқыр сен бізді жеме біз саған ән айтып берейік. Әніміз ұнасаса бізді жеуіңе болады дейді. Сөйтіп лақтар қасқырға ән айтып береді. Ән: «Төлдер» Қасқыр: сендердің әндерін маған ұнады. Сендер менің көңілімді көтердіңдер. Енді сендерді жемеймін, сендермен дос боламын. Оы кезде тоғайдан азық жинап ешкі келеді. Ешкі: Ой, балаларым мен сендерге есікті ешкімге ашпаңдар деп айттым. Ал сендер қасқырға есік ашып, оңың қасында отырсыңдар, егер қасқыр сендерді жеп кетсе мен жылап қалар едім деп айтады. Сол кезде қасқыр былай дейді. Қасқыр: Жоқ Ешкі мен лақтарды жемеймін. Олар мағани ән айтып көңілімді көтерді енді мен сендермен дос боғым келеді дейді. Оны естіген Ешкі: олай болса, бәріміз дос болып бір-бірімізбен тату болайқ, бәріміз бірге ән айтып би билейік дейді екен. Осылайша олар дос болыпты. Ән: «Аяқпенен топ-топ-топ!» осылай ертегіміз аяқталады. Тәрбиеші: балалар ертегі сендерге ұнады ма? Сұрақ-жауап: -Ертегіде кімдер бар? -Қасқыр кіммен достасты? -Олар қалай достасты? -Ешкінің төлі қалай аталады? -Қасқыр қайда жүреді? |
Балалар қонақтармен амандасады.
Балалар өз ойларымен бөліседі -ия -бауырсақ, шалқан, маша мен аю т.б Балалар Ешкімен амандасады. -Ия Балалар ойынды қимылмен орындайды. -Ешкі -Лақ Балалар ертегіні тыңдайды. Балалалр әнді орындайды Балалар өлеңді бірге айтады. -Қасқыр, лақ, ешкі -лақтармен -ән айтты -лақ -орманда |
Рефлексиялық
түзету |
Ертегіні сахналау арқылы оқу қызметін қорытындылау. | Балалар рөлдерге бөлініп ойнайды.
Өз ойындарына ризашылық білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегі туралы түсініктерді біледі
Меңгереді: ертегі желісі арқылы бір-бірімен дос болуға деген түсініктерді меңгереді
Түсінеді: ертегіні сахналау арқылы ойнай алады.
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру. Өзі жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету; үйдегі қауіпсіздік режелерінің негіздерімен таныстыру.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Қызығушылығын ояту және ынталандыру кезеңі «Еркелету» Жылулық шеңбері
Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады. Балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп, бір-біріне жылы сөздер сыйлайды.
Жылулық шеңберін жасайды
Ұйымдастырушылық кезеңі 1. «Менің отбасым» тақырыбына әңгімелесу
Балалар, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы – ол бақыт,
Отбасы – ол ата-ана,
Отбасы – туыстарымыз,
Отбасы – ол шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.
Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б.
Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.v
«Менің жанұям» саусақ жаттығу (балалар саусақтарын бүге отырып орындайды)v
Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым- әкем, балаң үйрек — апам, ортан терек- ағам, шылдыр шүмек –мен, титтей бөбек сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз!
Ойын Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреттері көрсетілген.v
Қауіпсіздік ережесіv
Педагог қабырғадағы «Қарлығаштың ұясына» қолын салып, одан кітапша алып шығады. Онда жазылған үйде сақтауға қажетті қауіпсіздік ережелермен таныстырады.
• Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін.
• Газдан абай бол! Ол тез тұтанып, жарылуы мүмкін.
Сергіту сәті Балалар жауап беруге тырысады.v
Балалар бірге қайталайды.
Мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар бірге қайталайды.
Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам атайды.
Рефлексивті қорытындылау кезеңі Қорытындыла
—
Зайтуна Есмаганбетова