Жаңа сабақтар

Батыс Еуропа елдері

Батыс Қазақстан облысы, Орал политехникалық
колледжінің тарих-география пәнінің оқытушысы ШАХАЕВ ТАНАТ ЕСЕНГЕЛДИЕВИЧ

Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропа елдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: білім алушыларды Батыс Еуропа елдерінің мемлекеттік құрылымы, халқы және шаруашылығымен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
Дамытушылық: білім алушылардың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын және тез ойлауға, өз пікірін айтуға және сыни –тұрғысынан ойлауға дағдылындару.
Тәрбиелік: білім алушыларды топпен жұмыс жасауға бір — бірінің пікірін тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Шығармашылық сабақ

Сабақтың технологиясы: «Сыни –тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы,жаңа мазмұндағы әдіс тәсілдерді пайдалану

Әдіс-тәсілдер: интербелсенді әдіс,топпен жұмыc.

Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің картасы, Евразия картасы, слайд, интербелсенді тақта, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қоғамтану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылығын ояту:

«Білімдерін жан — жақты тексеру»

2.1. «Конверттегі 10 сұрақ» әдісі (сұрақтарға жауап беру).

2.2. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасының тақырыбы: Дүниежүзілік халықаралық экономикалық қатынастар. «Фишбоун» әдісі (Постер құрастыру)

ІІІ. Негізгі бөлім.

3.1. Мағынаны тану.

3.2. Жаңа тақырып. «Алдын –ала беріген атаулар» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіну. Топпен жұмыс.

ІV. Бекіту

V. Сабақты қорытындылау. Ой толғаныс.

Кері — байланыс әдісі «Табыс сатысы» әдісі арқылы қорытындылау.
VІ. Бағалау.

5.1. Білім алушылар өздерін бағалайды.

5.2. Үй тапсырмасын беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, топқа бөлу, оқытушы мен студенттер арасында ынтымақтастық қарым қатынасы орнайды.
ІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

Білімдерін «Конверттегі 10 сұрақ» әдісі арқылы тексеру.

Сұрақтар:
1.Жоғары дамыған «Үлкен жетілік» елдерді ата? (АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада)
2.Әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым? (Біріккен Ұлттар Ұйымы – атауды бұрынғы 1919 жылы құрылған «Ұлттар Лигасының» орнына АҚШ президенті Франклин Рузвельт енгізді).
3.Дүниежүзілік нәсілдерді ата?(еуропеид (еуропалық), монголоид (моңғол тектес), негроид (экваторлық)).
4.Дүниежүзі елдерінің діни құрамы (христиан, ислам, буддизм).
5. Дүниежүзілік көлік географиясының салалары? (әуе, су жолы, құрлық көлігі, құбыр және автомобиль).

  1. Химия өнеркәсібі қашан және қай мемлекетте пайда болды?(Германия)
  2. Халықтың ұдайы өсуіне әсер ететін факторларды ата.(Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы.
  3. Мемлекет дегеніміз не? (белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін ,саяси билік ұйымы).
  4. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары?(Өсімдік және мал шаруашылығы)

10.Отын — энергетикалық кешеннің негізгі шикізаты? (Мұнай, Газ, Көмір,Уран)

2.2. Үй тапсырмасын сұрау. «Фишбоун» әдісі.

Әр топ берілген интеграцияға толық ақпарат беру қажет. Постердің таза, берілген тақырыпқа сай орындалуына және оны қорғау сапасына баға қойылады. Постер құрастыруға 2 мин, қорғауға әр топқа 2 мин уақыт беріледі. 1 топ – Сыртқы сауда; 2 топ Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі ;

3 топ – Халықаралық туризм;

Оқытушы сөзі. Үй тапсырмасын қорытындыладық . Үй тапсырмасы бойынша біраз мағұлмат алдық. Қорытындыладық. Білдік. Үйрендік. Әлі де үйренеміз.

ІІІ. Негізгі бөлім. Қызығушылықтарын ояту
3.1. Жаңа тақырыпты жұмбақтап ашу. Оқытушы сөзі.
1. Бұл ел өз елін «гексагон»(алтыбұрыш) деп атайды бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады.Бұл елде ірімшікті сүймейін адам жоқ шығар.(Франция)
2. Бұл елде өздерінің ұлттық әдет –дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса,ежелгі университеттерінің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт), аяғына темір таспалы дөрекі башмак киеді. (Ұлыбритания)
3. Бұл елде кез келген затты жөндеудің қымбаттылығы соншалық, сол заттын жанасын сатып алған тиімді. Сағызды ойлап тапқан ел. Суды еш қайнатусыз және сүзгіштен өткізбей ішуіңізге болады. Ауыз суының сапасы, қазіргі уақытта әлем бойынша жоғарғы көрсеткішке ие. (Германия)

3.2. «Жаңа тақырып: Батыс Еуропа елдері

«Алдын ала берілген атаулар» әдісі

Жаңа тақырып бойынша, бірнеше атау жазып, білім алушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы сұраймын. Әр топтан бір не бірнеше студенттен шығып, бүгінгі сабаққа дейін не білетіндігін және сабақтан кейін өз баяндап береді.

  1. Еуропа, Өнеркәсіп, Аргобизнес, Анатомия
  • Мемлекеттік құрылым, Еуропалық Одақ, Еңбек ресурс, Генетика
  • Көлік жүйесі, Химияландырылған, Өндірістік емес сала, Фотосинтез.

ІV. Бекіту. Ой толғаныс

1.Батыс Еуропада монархиялық мемлекеттердің көп сақталып қалуы ?

  1. Еуропада қандай тілдік топтар бар?

3.Еуропа не себепті халықаралық туризмнің басты ауданы болып саналады?

V. Сабақты қорытындылау.

«Табыс сатысы» әдісі. (топшамалар үлестіру)

  1. Мен ________________ білемін.
  2. Мен ________________түсінемін.
  3. Мен ________________жасай аламын.

VІ. Бағалау.

Білім алушыларға бағалау парағы беріледі, сабаққа қатысқаны бойынша өздерін бағалайды. «Таңдау» әдісі бойынша

  1. Мен сабақ қызықты _____ қызықсыз болды деп ойлаймын______.
  2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____үйренгенім аз болды_____.
  3. Мен басқаларды мұқият тыңдадым ______ зейінсіз тыңдадым______.
  4. Мен пікір айтыстарға жиі ______ қатыстым (сирек қатыстым)_____.
  5. Мен сабақтары өз жетістіктеріме ризамын ____ риза емеспін___.

(+,-)

Үй тапсырмасы: Батыс Еуропа елдері. §16,17,18

  1. Шетелдік Еуропа елдеріне презентация,сөзжұмбақ құрастыру.

Әдебиеттер:
1. География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. 10-сынып 2014 ж.

  1. География. Дүниежүзіне аймақтық шолу. 11-сынып 2015 ж.

3.Максаковский В.П. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы Мектеп, 2004 ж.

  1. Интернет ресурс «Google» , «Yandex»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.