Жаңа сабақтар

Нұрханова Жанат Бидәкеқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы № 105 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Нұрханова Жанат Бидәкеқызы

Сабақ тақырыбы: Құрама есептер шығару. Аналар мерекесі.

Тақырыбы:Құрама есептер шығару / Аналар мерекесі Мектеп:№105
Күні:14.05.19ж Мұғалімнің аты-жөні:Нұрханова Ж
Сынып:3 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 3. 5.1.8 санды өрнектер немесе жеке амалдар түрінде құрама есептердің шешуін моделдеуді;

3.5.1.6 есептеу кезінде жауабын алдын ала болжау, нәтижесін құрама есептің шартына сәйкес түсіндіру

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
санды өрнектер немесе жеке амалдар түрінде құрама есептердің шешуін моделдеу
Көптеген оқушылар:
Құрама есептерді үлгілеу және шығару
Кейбір оқушылар:
Құрама есептерді құрастыру және шығару
Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:

Құрама есептердің екі немесе үш амалмен орындалатынын түсіндіру

Пәндік лексика және терминология:

Есеп, шарты, сұрағы, талдау, есепті шығару жоспары, жауабы, өрнек.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Негіздеңіздер.

… амалын орындап, нені білуге болады?

Амалдарды орындаудың ретін түсіндір (алдымен нені білдіңіздер, сосын нені …).

Жазылым:
Есептің шартын, шығарылуын, жауабын, өрнегін жазу.
Тірек білім, білік, дағдылар Есептерді талдай білу және шығара білу.
Жоспар
Жоспарланғануақыт Жоспарланған іс-әрекет Қоры
0-3 мин Ынталандыру

Балалар, мен сендерге бір өлең оқып берейін сендер кім туралы екенін табыңдар

Күнім, жаным дегенді,

Құлыншағым дегенді.

Ботақаным дегенді,

Айналайын дегенді,

Ойлап тапқан кім?

Әрине аналар. Аналар мерекесі кай мезгілде болады?

Бүгінгі сабағымыз ардақты аналарымызға арналған тапсырмаларды орындаймыз.

4-6 мин Өзектендіру.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды.

Оқушылар қима қағаздардағы өрнектердің мәнін табады. Өрнектердің мәндерін өсу ретімен қойып, қандай мақал жазылғанын анықтайды. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

алақанының аясы ана
саясы шынардың ақ
Оқулық, қима қағаздар
7-11 мин Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушылар сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге анықтайды.

Оқулық
12-29 мин Өзіндік жұмыс

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 2-тапсырманы өз беттерімен орындауды ұсынады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындық туындады?

– Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастырыңыз.

(Қосымша тапсырманы орындау).

– Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Бұл тапсырманы жұппен орындауға болады. Оқушылар өздері берілгендері бойынша бірнеше амалмен шығатын өрнектер құрастырады.

Оқулық, дәптер
30-36 мин Өткенмен жұмыс

Оқулықтағы 4-тапсырмадағы теңдеулерді әр қатарға біреуден бөліп беріп орындатуға болады.

5-тапсырмафункционалдық сауаттылыққа берілген. орындайды. Өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен есептейді. Топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.

Оқулықтағы 6-тапсырманы өз беттерімен орындайды.

Оқулықтағы 7-тапсырманы зерттеушілік қасиетті талап етеді.Оқушылар әр қатардың жазылу заңдылығын анықтайды. Оқушыларға мұндай тапсырмалар таныс.

Оқулық, дәптер
37-40 мин Рефлексия.

Сабақ аяқталған соң балалар ағашқа жапырақтар, гүлдер, жемістерді жабыстырады:

Жемістер – сабақ пайдалы, жемісті болды;

Гүл – сабақ жақсы өтті;

Жасыл жапырақ – сабаққа көңілі толмады;

Сары жапырақ – сабақ ұнамады, зеріктірерлік болды.

Сабақта балалар жұмысын қалыптастырушы бағалау жүргізеді.

Балалардың қабілетіне қарай үй тапсырмасы беріледі.

Ағаштың суреті, жапырақтар, гүлдер,жемістер:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.