Жаңа сабақтар

Байдуллаева Перизат

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы № 105 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Перизат

Сабақ тақырыбы: Саматтың ойыны. С дыбысы мен əрпі.

ТАҚЫРЫБЫ: Саматтың ойыны. С дыбысы мен əрпі. Мектеп/МҰ:№105 мектеп-лицейі
Күні:24.12.2019 Педагогтің аты-жөні:

Байдуллаева Перизат

СЫНЫП-ТОП:0 «б» Қатысқандар саны:21 Қатыспағандар саны:0
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары 0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.3.1. Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау

0.1.4.1. Сұраққа жауап бере отырып, диалогке қатысу 0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нəтиже Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет желісі бойынша сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

С дыбысы – дауыссыз дыбыс, с дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі с дыбысының орнын ажыратады.

С əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап беріп, суертті мазмұндайды.

С дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы с дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.

Жазу жолына с əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суреттерден педагогтің сұрақтарына сəйкес жауаптарын анықтайды..

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

С дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

Сөйлем сызбасының салады.

Тілдік мақсат Тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап бере отырып, əңгіме құрастырады. Сөйлем сызбасын салып, сөздердің санын анықтайды. Сөздерді буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Əжесінің кебісі, ванна, мəсі,

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Əжесінің кебісімен Самат неге солай ойнайды? Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың? Күн атауларының қайсысында С дыбысы естіледі?

Самат келесі жылы мектепке баратын болса, ол неше жаста? Қай сан атауында С əрпі бар?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім Сөйлем құрастыр. Заттардың атын ата. Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді?
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог балалардың оқу қызметіне ынтасын тарту мақсатында шаттық шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын қимылмен айтқызады.

Қайырлы таң, балалар! Арайлап таң атты. Алтын сəуле таратты, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң, достарым!

(Ұ,Ө) Педагог балаларға күннің суретін көрсетеді.

– Күн бізге не шашып тұр?

– Күн бізге сəулесін шашып тұр.

Балалар «күн сəулесінен жылу тарайды» деген сияқты өз ойларын ортаға салады.

Педагог балаларға күн батқан соң аспандай пайда болатын ай туралы əңгімелейді.

Күннің суреті.
ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма.

– Суреттен не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Сурет бойынша балалар «Менің отбасымның бір күні» тақырыбында əңгіме құрайды.

Отбасындағы кішкентай баланың аты Самат. Ол əжесіне еркелейді. Əжесінің мəсісін қайық жасап ойнады. Əжесі мəсісін іздеді. Саматтан сұрады. Самат көрмегенін айтты. Əжесі өзінің мəсісі суда қайық болып қалқып

Əліппе-дəптер

Кебіс пен мəсінің суреттері.

71

жүргенін көрді.

Педагог балаларға кебіс, мəсі сөздерінің мағынасын түсіндіреді. «Саматтың осы қылығы дұрыс па?» деген сұрақ қойып, балалардың пікірлерін тыңдайды.

2-тапсырма.

– Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың? (Балалар апта күндерін бояйды).

Балалар апта күндерін атауларымен атап, санап шығады.

– Біз балабақшаға келетін күндерімізді атаңдаршы?

– Аптасына неше күн балабақшаға келеміз?

Педагогтің сұрақтарына балалар жауап береді.

– Дүйсенбі, сейсенбі, сəрсенбі, бейсенбі, сенбі жексенбі.

Апта күндерінде тек жұма сөзінде с дыбысы естілмейтінін табады.

– Самат келесі жылы мектепке баратын болса, ол неше жаста?

Педагогпен бірге балалар мектепке баланың неше жастан келетіні туралы əңгімелейді.

С- дыбысы дауыссыз дыбыс, Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады жəне Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады.

(Ұ) Сергіту сəті.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Жасап алсақ жаттығу,

72

Сағаттардың тіліндей,

Жүрегіміз соғады.

Сырт сырт етіп сағаттай.

3-тапсырма

С əрпімен таныс болайық.

Педагог М. Əлімбаевтің өлеңін оқып береді. Балалар өлеңді не туралы екенін мазмұндайды.

Суреттегі айдың, орақтың суретіне қарап С əрпінің бейнесіне ұқсайтынын айтады.

Балалар С əрпіне ұқсайтын тағы басқа бейнелерді табады.

4-тапсырма

Сынған сағатты жөндейміз.

Суреттегі сағаттың қандай сандары жетіспейтінін анықтайды. 1, 2, 3, 6 цифрларынан басқа сандарды атайды. 8 санының неден тізілгенін айтады.

Қандай сандарда С əрпі естілетінін анықтайды.

Сегіз, бес сандарын атайды.

С əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.

Ай мен орақтың суреті.

С əрпі жазылған плакат.

Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

28-30 мин.

Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылауы бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Өз білімдерін смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.