Смайыл Қаршыға Оспанқызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы №193 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Смайыл Қаршыға Оспанқызы
Сабақ тақырыбы: «Менің отбасым және достарым» Д дыбысы мен әрпі.
Сауат ашу
| Күні:11.11.19 ж
Сынып: 1 |
Мұғалім:Қ.Смайыл
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
| Сабақтың тақырыбы | «Менің отбасым және достарым»
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі. |
||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,
дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну |
||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
| Бағалау критерийлері | Д дыбысы мен әрпін ажырата алады, сөзге дыбыстық талдау жасай алады, дауысты не дауыссыз екенін ажыратады. Сөздерде кездесу ретін анықтайды. Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады | ||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
| Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі,математика сабағы | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Слайд, жазбалар,тыңдалым | ||
| Тілдік құзыреттілік | Д дыбысы мен әрпі. | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Қызығушылын ояту |
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр таңымыз. Тыныштықты сақтаймыз Атсын күліп таңымыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Ерте-ерте-ертеде екі дос болыпты. Біреуі – дыбыс, екіншісі – әріп. Ешкім оларды айыра алмапты, қайсысы дыбыс, қайсысы әріп екенін? – Ал сендер білесіндер ме? -Дыбыс дегеніміз не? -Енді дыбыстар екі түрлі болады екен. Қандай? (дауысты, дауыссыз). -Дауысты дыбыс екенін қалай білуге болады? -Балалар, біз қандай дыбыстарды өттік? |
Шаттық шебері | |
| Сабақтың ортасы
Сұрақ –жауап әдісі Жеке жұмыс жүргізу дәптерімен жұмыс |
Жаңа сабақ
Д дыбысы мен әрпі Суретпен жұмыс. Топпен жұмыс 1-топ «Сөз тап,тез тап» ойын сөз табу суреттегі заттардың атын оқып табады ( дәрі,дәрігер,дүкен,дән,дөңгелек) 2-топ сол сөзді тақтаға жазу 1-топтың тапқан сөздерін жазады 3-топ сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау тақтадағы сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды Қандай дыбыстан басталып тұр? Д дыбысынан Оқулықпен жұмыс Д дыбысы доп Ол сөз қай дыбыстан басталады? №1 Тыңдалым. Достары көп Мараттың, Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да. -Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме? -Бұны балалардан сұрап көрелік. №2 жазылым Д д әрпін жазамыз жұмыс дәптеріне үлгі бойынша Д дыбысына қатысты сөздерді жазып алады ( дәрі,дәрігер,дүкен,дән,дөңгелек) |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс | |
| Сергіту сәті | Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ | |
| №2 Оқылым.
Дала аула Дана Дулат Далада аулада Данада Дулатта |
Оқулық, дәптерлер. | ||
| Сабақтың соңы | Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау. |
Бас бармақтар | |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы мен байланыс (тәрбие) |
|
| Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
