Қызылорда облысының білім басқармасы «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» КМҚК
Физика және информатика пәні мұғалімі
Дайракулова Гульмира Таубаевна
- Сабақ тақырыбы: Microsoft Excel бағдарламасында диаграмма құру.
- Сабақ тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік.
- Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі. Ампер заңы. Ток элементі. Био – Савар – Лаплас заңы.
- Сабақтың тақырыбы: Жарық дисперсиясы.
- Сабақ тақырыбы: Термодинамикалық параметрлер. Температура және оны өлшеу тәсілдері.
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Информатика
Тақырыбы: Microsoft Excel бағдарламасында диаграмма құру
Өткізген: информатика пәнінің оқытушысы Г.Дайрақұлова
Шиелі кенті, 2019 жыл
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
……………А.Күлтаева
Оқу тобы :
Күні :
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel бағдарламасында диаграмма құру
Сабақтың мақсаты:
бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері туралы білімалушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету
дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту
тәрбиелік: құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулып, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, география, экономика, математика
Сабақтың көрнекiлiгi: МS Exсel терезесі, слайд, интерактивті тақта, Дербес компьютер, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
• Білімалушылармен амандасу;
• Білімалушыларды түгендеу;
• Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
• Топқа бөлу;
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.
Үй тапсырмасын тексеру
Білімалушыларға MS Excel бағдарламасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар.
Семантикалық карта
Жолдар | Бағандар | Ұяшық | Ұяшық аумағы | Формула ұяшыққа қалай енгізіледі |
= | ||||
Латын әріптерімен | ||||
Сандармен | ||||
В13:С19 | ||||
Жол мен бағанның қиылысуы |
Сәйкестендіру тесті
Жұмыс парағы | Excel-де ашылған әр файл электрондық кестенің атауы |
Жұмыс кітабы | Excel-де құрылған файл … болып табылады |
Жол мен баған | Әр парақ неден құралады |
Баған | Көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі |
Кесте | Ақпараттық жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі |
Ұяшық | Бағандар мен жолдар қиылысы |
3. Жаңа сабақ түсіндіру
- Диаграмма түсінігі
- Диаграмма типтері
- Диаграмманың негізгі элементтері
- Графикалық обьектілерді кірістіру
- Компьютерде жасап көрсету
Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді.
Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
1. Диаграмманы құру үшін: Қою менюдегі Диаграмма командасын таңдау
2. Стандарт аспаптар тақтасындағы Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның
бірінші қадамы экранға шығады: Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.
Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.
Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т. б. әрекеттер орындауға болады.
Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.
Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.
Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.
Диаграмма құру барысында Кері (Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.
Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі бар:
- Горизонталь немесе категориялар осі
- Вертикаль немесе мәндер осі
Диаграмманың негізгі элементтері:
Тақырып диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.
Дөңгелек диаграмма
Графикалық обьектілерді кірістіру:
- Жаңа файл ашамыз.
- Меңзерді А1 ұяшығына орналастырамыз, себебі суретті бос А бағанына кірістіреміз.
- Ол үшін Вставка – Столбцы командасын орындап, бүкіл кестені бір бағанға оңға жылжытамыз.
- Вставка – Рисунок – Картинки командасын орындаймыз.
- Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңдаймыз.
-
Суреттер бар терезе ашылады, ұнаған суретімізге маусты шертеміз.
- Вставить батырмасын шертеміз, жақтаудағы сурет кестеге кірістіріледі.
- Егер сурет көлемі ұнамаса, оны өзіміз қалауымызша үлкейтіп немесе кішірейтуімізге болады.
Ү. Жаңа сабақты бекіту:
1. «Сұрақ саған, жауап маған»
1. Excel-де диаграммаларды неше жолмен құруға болады. Атап айтыңдар.
2. Аңыз не үшін қажет?
3. Диаграмма осьтері.
4. Тақырып не үшін қолданылады?
5. Диаграмма типтерін атаңдар.
6. Диаграмма элементтері.
- Тәжірибелік жұмыс орындау
№1 Тәжірибе. Диаграмма шеберін пайдаланып, гистограмма құрастыр.
Информатика пәні бойынша І семестрдің қорытындысы
Әр салада диаграмманың қолданылуы:
Диаграмманы құру үшін:
Диаграмма шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаймыз:
1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
2. Вставка мәзіріндегі – Диаграмма құрал-саймандар тақтасын таңдаймыз.
- Жаңа сабақты бекіту
Тәжірибелік жұмыс
ЭЕТ кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін қайталау.
Деңгейлік тапсырмалар
№1 Тәжірибе . Студенттердің бойына байланысты диаграмма құру.
№2 Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, конустық диаграмма құрастыр.
І жарты жылдықтағы сабақ қорытындысы.
Пән аттары | Казан | Қараша | Желтоқсан |
Орыс тілі | 17 % | 80 % | 80 % |
Шет тілі | 12,65 % | 17,2 % | 17,5 % |
География | 13 % | 17,2 % | 80 % |
№3Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, цилиндрлік диаграмма құрастыр.
Оқушылардың сапалық құрамы.
Тобы | Оқу озаттары | Оқу екпінділері |
№26 топ | 8 | 21 |
№27 топ | 8 | 20 |
№28 топ | 7 | 23 |
№29 топ | 6 | 20 |
№30 топ | 6 | 22 |
№18 топ | 7 | 23 |
№19 топ | 5 | 25 |
№20 топ | 7 | 25 |
№21 топ | 6 | 25 |
№22 топ | 5 | 24 |
№23 топ | 3 | 24 |
№4 Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді енгізіп, дөңгелек диаграмма құрыңыз.
Тауар атауы | Бағасы |
Капуста | 100 |
Пияз | 90 |
Апельсин | 450 |
Банан | 70 |
Лимон | 200 |
Алма | 250 |
Ысталған балық | 400 |
Шұжық | 300 |
Майонез | 130 |
№5 Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді енгізіп, гистограмма құрыңыз.
Тауар | Саны | Бағасы | Жалпы сомасы | % — пен көрсетілген
пайданың үлесі |
Тәтті тоқаш | 130 | 10 | 1300 | 13% |
Самса | 130 | 10 | 1300 | 13,00% |
Шырын | 140 | 10 | 1400 | 14,00% |
Тақтайша | 50 | 50 | 2500 | 25,00% |
Еден жуғыш | 15 | 100 | 1500 | 15,00% |
Орындық | 10 | 200 | 2000 | 20,00% |
Сергіту сәті «Футбол» ойыны:
Ойынның сұрақтары:
1. Графикалық обьектілерді кірістіру жолдарын көрсетіңдер.
2. Сақиналық диаграмманы құрып көрсетіңдер.
3. Дөңгелек диаграмманы құрып көрсетіңдер.
4. Гистограмманы құрып көрсетіңдер.
5. Конустық диаграмманы құрып көрсетіңдер.
6. Көлемдік гистограмманы құрып көрсетіңдер.
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада футбол қақпасы және 6 доп беріледі. Доптардың астында диаграмма титеріне қарай құру шарты берілген. Білімалушы қалаған добын таңдайды және диаграмма типінің құрылуын іс жүзінде көрсетеді.)
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
«Графика» сөзжұмбағы:
Сөзжұмбақ сұрақтары:
- Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
- Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
- Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
- Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
- Диаграмма осі. (вертикаль)
- Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
- Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)
ҮІІ. Бағалау: Білімалушылардың білімін бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:. EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Информатика
Тақырыбы: Microsoft word мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік.
Өткізген: информатика пәнінің оқытушысы Г.Дайрақұлова
Шиелі кенті, 2019 жыл
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
……………А.Күлтаева
Оқу тобы :
Күні :
Сабақтың тақырыбы: Microsoft word мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Microsoft Word тексттік редакторының қызметін пайдалана білу, тексті форматтау және редакторлеу дағдыларын меңгеру, құжатты көркемдеу әдістерін үйрену, тақырыптық құжаттарды өз еркімен жасауға дағдылану, білімалушыларды операторлық мамандыққа баулу, даярлау.
Дамытушылық: Студенттерге MS Word-тың элементтерімен дұрыс жұмыс істей алу
дағдыларын дамыту. Компьютерлік технологияны меңгерту.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істеуге, адамгершілікке және патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жеке жұмыстар, сұрақ — жауап
Сабақтың барысы:
1Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:Студенттердің жұмыс орнын дайындау, назарын сабаққа аудару, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру,қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
ІІ. Үй тапсырмасы. M S Word бағдарламасын оқып келу.
Өткен сабақтарға шолу. Сұрақ қою арқылы еске түсіру.
Үй тапсырмасын «Ой шақыру» әдісі бойынша тексеріп, өткен сабақты және техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп аламын.
1 — сұрақ. Мәтіндік файлдың кеңейтілімі (. txt)
2 — сұрақ. Қарапайым графикалық редактор (Paint)
3 — сұрақ. Кесте дегеніміз не? (Кесте — жолдар мен бағандардан реттеліп берген ақпарат)
4 — сұрақ. M S Word кеңейтілімі (. Doc)
5 — сұрақ. Мәтіннің түрлерін ата (Қарапайым, бағдарламалық,кестелік).
Сөзжұмбақ
- Тінтуірдің ағылшын тілінде аталуы?
- Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін керек?
- Ағылшын тілінде сөз не деп аталады?
- Үй ағылшын тілінде қалай аталады?
- Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?
- Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) — Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.
Жалпы мағлұматтар
Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Word. Егер сіздің компьютеріңізде Microsoft Office соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда Word-ты былайша табуға болады:
Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office.
Microsoft Word бағдарламасының терезесі (6.1-сурет) мынадай негізгі элементтерден тұрады:
· Тақырып жолағы – онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады.
· Мәзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады:· «Стандартты» құралдар үстелі – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды. · «Пішімдеу» құралдар үстелі – мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын (туралауды) белгілеуге арналған.
· Сызғыш – құжаттың өрістерін және өрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Тік сызғыш үстіңгі және төменгі өрістерді белгілейді. Шегініске мысал:
· Тапсырмалар аймағы – пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді.
· Айналдыру жолақтары – құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.
· Күй жолағы – құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлім нөмірін, беттер санын және т.б. көрсетеді.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
- Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
- WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
- Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.
Жаңа құжатты даярлау
Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документі) деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады.Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді.
Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады.Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:
- мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);
- кестелер (таблицалар);
- төртбұрышты жақтаулар (керегелер);
- графикалық бейнелер;
- кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және т.б.
Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады.Word редакторын алғаш қы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері.
Бос құжатты даярлау
Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ. «Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:
- Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады.
- Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек.
- Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады.
Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды.
1- тапсырма. Астана қаласы туралы мәтінді теріп, оны пішімдеңіз.
АСТАНА
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 697 257 адам тұрады (1 қаңтар 2011). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. Астанада Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл ауданы бар.
АСТАНА 1830 Ж. ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ҚАЗАҚ-ОРЫСТАР ӘСКЕРЛЕРІ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН БЕКІНІСТЕН БАСТАУ АЛАДЫ.
- 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
- 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
- 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
- 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
- 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
- 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Шекара және бояуы.Мәтінді бояу және жақтауға алу үшін мәтінде ерекшелеп алып, Разметка страницы=>беттің жиектері (Разметка страницы=>Границы страниц) батырмасына басамыз. Жиектер бетін таңдап, жиектің типін жән түсін таңдаймыз (3.11-сурет).
4.11-сурет. Мәтінге жиек қою
2- тапсырма. Шақыру билетін төменде берілгендей етіп пішімдеңіз.
ШАҚЫРУ
Құрметті әріптестер!!!
Сіздерді жаңа жылдық мереке кешіне шақырамыз.
Cіздерді 2012 жылдың 27 желтоқсанында, сағат 1800 – де «Жұлдыз» мейрамханасында күтеміз.
Құрметтен, кафедра ұжымы
Арнайы символдары қою. Пернетақтада жоқ арнаулы символды мәтінге қою үшін Қою=>Символдар (Вставка=>Символ) батырмасына басамыз (4.12-сурет).
4.12-сурет. Символдар қою
Символ сұқбат терезесі пайда болады. Символдар бетіндегі ашылған Шрифт тізімінен керек символдар шрифтін таңдаймыз (4.13-сурет).
4.13-сурет. Арнайы символдар терезесі
3- тапсырма. Мәтінге арнайы белгілерді қойыңыз.
Жұлдызнама
Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)
Торпақ (21 сәуір – 20 мамыр)
Егіздер (21 мамыр – 21 маусым)
Шаян (22 маусым –22 шілде)
Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек)
Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан)
Сарышаян (24 қазан – 22 қараша)
Мерген (23 қараша – 21желтоқсан)
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Суқұйғыш (21 қаңтар – 20 ақпан)
Балық (21 ақпан – 20 наурыз)
Сөзжұмбақ сұрақтары:
- Ақпаратты өңдеу, сақтау, жіберу (информатика)
- Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады (мәзір жолағы)
- Компьютердің маңызды элементтерінің бірі (монитор)
- «ПУСК» сөзінің аудармасы (Іске қосу)
- Дүние жүзі бойынша таратылған желі (Интернет)
- WORD терезесінің төменгі бөлігі қалай аталады (қалып күй жолағы)
- Терезе түрлерінің бірі (сұхбат терезе)
- «Абзац» сөзінің аудармасы (еже)
- Сызбалық өндегіш қалай аталады (PAINT)
- WORD терезесінің негізгі элементтерінің бірі (тақырып жолағы)
— Microsoft Word бағдарламасы дегеніміз не? (- бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге,қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы)
— Microsoft Word бағдарламасының негізгі қызметін атаңдар? (- бұл мәтіндерді енгізуге түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор)
— Microsoft Word құжаттарының кеңейтілімі қандай болады? (.doc)
— Word құжатын сақтау кезіндегі әрекетер ретін көрсетіңдер? (файл сақтау)
ҮІ. Бағалау: Білімалушылардың білімін бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: Microsoft word мәтіндік редакторы
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Физика
Тақырыбы: Магнит өрісі. Ампер заңы. Ток элементі.
Био-Савар-Лаплас заңы.
Өткізген: физика пәнінің оқытушысы Г.Дайрақұлова
Шиелі кенті, 2019 жыл
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
……………А.Күлтаева
Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі. Ампер заңы. Ток элементі.
Био – Савар – Лаплас заңы.
Сабақтың мақсатының
білімділік міндеті : Білімалушылардың санасына магнит өрісі, ток элементі
туралы ұғымды қалыптастыру. Ампер күші, Био – Савар –Лаплас заңын ұғындыру.
Сабақтың дамытушылығы : Білімалушылардың ой- өрісін, ақыл – ойын, білімге
қызығуын, жан-жақты біліктілігін дамыту, өндірісте жұмыс істеуге бағыт беру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты : Білімалушыларды заман талабына сай жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс –тәсілі : Ізденушілік, сұрақ –жауап, ой белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі : булеттер , суреттер, сөзжұмбақ, карточкалар
Пәнаралық байланыс: Математика, электротехника, информатика,химия
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ :
I.Ұйымдастыру кезеңі :
1.Топ оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау :
1.Түйіндер дегеніміз не ?
Жауабы : жалпы жағдайда тізбекте кем дегенде үш өткізгіш тоғысатын нүктелерді табуға болады. Мұндай нүктелер түйіндер деп аталады.
2.Кирхгофтың бірінші ережесі
Жауабы : Түйінге кіріп жатқан ток күштердің қосындысы түйіннен шығып жатқан ток күштерінің қосындысына тең:
Σ Ιі = Σ Ι і
кіріс шығыс
3.Кирхгофтың екініші ережесі :
Жауабы : кез келген тұйықталған контурдағы ЭҚК –тердің қосындысына тең болады :
Σ εі = ΣUі
4.Тізбек бөлігіндегі тоқтың толық жұмысының формуласы
Жауабы : А=U/t ; A=U2 t/R ; A=IRt
5.Жұмыстың өлшем бірлігі :
Жауабы : Джоулъ
- Қуат дегеніміз ?
Жауабы Қуат деп жұмысты атқару шапшаңдығын сираттайтын шама аталады.
7.Қуаттың формуласы :
Жауабы : P=A/t; P=UI; P=U/R; P=IR
- ПӘК дегеніміз ?
ПӘК деп сыртқы күш жұмысының қандай бөлігін ток көзі пайдалы жұмысқа айналдырғанын көрсететін η щаманы айтады.
- Джоулъ — Ленц заңының математикалық өрнегі :
Q = Aж = I2 Rt
10.Джоулъ -Ленц заңының физикалық анықтамасы
Жауабы : Өткізгіштегі токтың бөліп щығаратын жылу мөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күщінің квадратына және оның өту уақытына тура пропорционал
Сызбаны толтыр;
ІІІ.Жаңа сабақ. Магнит өрісі. Ампер заңы. Ток элементі. Био – Савер – Лаплас заңы.
Қозғалмай тұрған электр зарядтарын айнала қоршаған кеңістікте электр өрісі пайда болатыны сияқты , тоқтың айналасында магнит өрісі пайда болады.
Магнит өрісі дегеніміз материяның ерекше бір түрі -электрлі зарядталып, қозғалысқа түскен бөлшектердің өзара әсері сол өріс арқылы жүзеге асырылады.
Магниттің қасиеті бойынша бір –біріне ұқсамайтын солтүстік (N) және оңтүстік ( S)
деп аталатын екі полюсі бар.
Магнит өрісінің негізі қасиеттері :
- Магнит өрісін электр тогы (қозғалысқа түскен зарядтар ) тудырады.
- Магнит өрісі токқа (қозғалысқа түскен зарядтарға ) тигізетін әсерден барып байқалады
Магнит өрісін жүйелі түрде зерттеу 1820 ж. Эрстедтің тәжірибелерінен басталады. Тогы бар түзу өткізгіштің жанына орналасқан магнит тілі белгілі бір қалыпта орналасады екен.
А.М.Ампер бойынан ток өткен өткізгіштердің өзара әрекетін зерттеді. Өткізгіштер бойымен бір бағытта ток өткенде олардың тартылатынын, ал қарама-қарсы бағытта тебілетінін байқады.
Кейін тогы бар өткізгіштің жанында тек қана магниттің тілі емес, сонымен қатар бойынан ток өтетін рамка да бұрылатынын анықтады. Тәжірибелер көрсеткендей, тогы бар өткізгіштердің маңайындағы кеңістіктің сол өткізгіштердің бойында ток жоқ кездегі кеңістіктен айырмашылығы бар болып шықты. Өткізгіштердің бойында ток болса, онда олардың маңайындағы кеңістікте басқа токтарға әрекет ететін күш пайда болады. Бұл күштің пайда болуы тогы бар өткізгіштердің маңайында материяның ерекше түрі күштің өрістің бар екенін дәлелдейді. Беріген жағдайда, ол өріс –магниттік. Сонымен қатар үлкен өлшемді денелердің айналасында гравитациялық, ал зарядталған денелердің маңайында электр өрісінің болатыны белгілі.
Күштің немесе динамикалық өрістің әрбір нүктесі өріс кернеулігі деп аталатын ерекше шамамен сипатталады. Магнит өрісінде бұл шаманы магнит индукция векторы деп атайды.
Гравитациялық өріс кернеулігі деп (тартылыс өрісі) берілген нүктедегі бірлік массалы денеге өрістің қандай күшпен әрекет ететінін көрсететін физикалық шаманы атайды, ол
E=Fгр /m 0
формуласымен анықталады. Осылайша электр өрісінің кернеулігін электр өрісі тарапынан берілген нүктедегі бірлік оң зарядқа әрекет ететін күш ретінде анықтайды, яғни
Е =Fэл / q 0
Магнит өрісі индукция векторының физикалық мағынасымен кейін танысамыз.
Эрстедтің тәжірибелерінен мыналар шығады :
- Магнит өрісін ток немесе бақылаушыға қатысты қозғалыста болатын заряд тудырады және ол тек токқа немесе қозғалыстағы зарядқа әрекет етеді.
- Магнит өрісі тогы бар өткізгішке тек күшпен ғана әрекет етпейді, ол сонымен қатар магнит өрісінің күш сызықтарына қатысты оның бағытын да өзгертуге тырысады.
Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы, магнит өрісі құйынды, тұйық өріс .
Магнит өрісінің күш сызықтары –деп өрістің кез келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің (магнит индукция векторының ) бағытымен сәйкес келетін көрнекі сызықтарды айтады.
Темір үгінділері көмегімен тогы бар катушка туғызған магнит өрісінің күш сызықтарының орналасуын көруге болады. Сонымен өткізгіш арқылы ток жіберсе, онда оның төңірегіндегі кеңістіктің қасиеттері өзгереді, яғни қайсыбір өріс пайда болады. Бұл қасиеттердің өзгерісін осы кеңістіктің магнит тіліне әрекеті бойынша Э р с т е т ашқан. Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін қосалқы ережелерді мнемоникалық әдістер (грек. mnemonika — есте сақтау өнері) пайдаланылады:
- Бұранда ережесі.
- Сол қол ережесі.
Бұранда ережесі (оң бұранда ережесі) магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтауға қолданылса, сол қол ережесі, магнит өрісі тарапынан өткізгішке әрекет ететін күш бағытын (Ампер күші) анықтауға қолданылады. Бұранда ережесі бойынша, егер бұранданың штопорын ток бағытымен бағыттаса, онда оның сабының бағыты магнит өрісі күш сызықтарының бағытын береді.
Сол қол ережесіне сәйкес, сол қолдың алақанына магнит өрісінің күш сызықтары енетіндей етіп және төрт саусақты ток бағытымен бағыттасақ,онда 90° бұрышпен тұрған бас бармақ Ампер (немесе Лоренц) күшінің бағытын көрсетеді.
- Тұйықталған магнит өрісі күш сызықтарын бейнелеп көрсетуді ыңғайлы ету үшін тағы бір белгілеулер енгізіледі.
Мына суретте бізге қарай ұшып келе жатқан садақ оғына қарасақ (·)нүктені көрген болар едік, ал бізден әрі ұшып бара жатқан садақ оғына қарасақ нұсқаманы (х) көрер едік.
Мына суретке көз салсақ, түзу тогы бар өткізгіштің өрісін нұсқама мен нүктелер жиынтығын түрінде беруге болады. Тогы бар өткізгішті орағытқан магнит өрісінің күш сызықтары өткізгіштің үстімен бізге қарай, ал өткізгіштің астымен бізден әрі қарай бағытталатынын көреміз.
Магнит тілі магнит өрісінде өзінің солтүстік ұшымен магнит өрісі күш сызықтарының бағытымен орналасады Жоғарыдағы екі суретте сонымен қатар магнит өрісінің күш сызықтары магниттің солтүстік поюсінен шығып оңтүстік полюсіне кіреді деп келісілген.
Мына суретте тұрақты магниттің және катушканың магнит өрісі күш сызықтарының бағыттары көрсетілген.
Магнит күш сызықтарының түрліше конфигурацларын зерттеу француз ғалымы Амперге тұрақты жолақ магниттердегі магнит өрісін оның ішіндегі дөңгелек микротоктар тудырады деген гипотезаны ұсынуға мүмкіндік берді
Гипотезаның дұрыстығы дәлелденді. Ядроны айнала қозғалып жүрген электрондар микротоктардың рөлін атқарады.
Ампер заңы
Белгілі француз физигі А.М.Ампер токтардың өзара әрекетін зетрттей отырып, магнит өрісінің токқа белгілі бір күшпен әрекет ететінін көрсететін бірнеше тәжірибелер қойды.
Бойынан ток өтетін өткізгіш таға тәрізді магнит магнит полюстерінің апсына орнатылған. Ампер ток күшін, өткізгіштің белсенді Δl ұзындығын магнит өрісі бағыты мен тогы бар өткізгіш арасындағы α бұрышын және магнит өрісінің шамасын өзгерте отырып тәжірибелерді қайталағанда ол
Теңдігімен анықталатынын тапты.
α= 90 0 (sin 90 0 = 1) кезінде Ампер күшінің ең үлкен мәнге ие болатынын көріп отырмыз, яғни өткізгіш магнит өрісіне перпендикуляр
F mах =BIΔl
Магнит өрісінің индукция векторының формуласы :
В = F mах/ Iδl
Халықаралық бірліктер жүйесінде магнит өрісінің индукция векторы Тесламен ( Тл) өлшенеді.
Бұл өлшем бірлік югослав физигі, электромеханик Н.Тесланың құрметіне берілген.
Магнит өрісінің индукциясына ұқсас электростатикалық өрісті сипаттау үшін векторлық шама – электр өрісінің кернеулігі енгізілген болатын:
E = F ̸ q
Формуласын салыстыра отырып, магнит өрісі үшін q o нүктелік оң зарядтың рөлін I∆˥ көбейтіндісінің атқаратынын көреміз. Бұл көбейтіндіні ток элементі деп аталады.
ІV.Жаңа сабақты бекіту
Венн диаграммасы
Магнит өрісі, электр өрісі арасындағы ұқсастықтығы мен айырмашылығы
Э | Л | Е | К | Т | Р | |||||||||
М | А | К | С | В | Е | Л | Л | |||||||
А | М | П | Е | Р | ||||||||||
К | У | Л | О | Н | ||||||||||
М | А | Г | Н | И | Т | |||||||||
Б | Ұ | Р | Ғ | Ы | ||||||||||
Т | О | К | ||||||||||||
Н | Ь | Ю | Т | О | Н |
1.Электр өрісі қандай зарядтың маңайында пайда болады ?
2.Амперді «Электр Ньютоны деп » кім атаған ?
- Ток күшінің өлшем бірлігі
4.Зарядтың өлшем бірлігі
- Ток туғызатын өріс
6.Магнит индкуция векторының бағыттарын анықтайтын ереже ?
- Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы
Күштің өлшем бірлігі
Тест сұрақтары :
1. Гравитациялық өріс керенулігі деп —
а) берілген нүктедегі бірлік, массалы денеге өрістің қандай күшпен әрекет ететінін көрсететін физикалық шаманы айтады.
ә) берілген нүктедегі бірлік массалы физикалық шама.
б) денеге күшпен әрекет ететін физикалық шама.
2. Магнит өрісінің күш сызықтары деп –
а) күштің бағытымен сәйкес келетін күш сызықтары
ә) өткізгішке әсер ететін күш сызықтары
б) өрістің кез- келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін көрнекі сызықтары
3. Магнит өрісінің индукция векторының өлшем бірлігі
а) Тесла (Тл)
ә) Ампер (А)
б) Вебер (Вб)
Сабақты қорытындылау
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма : §10.1 Магнит өрісі , §10.2 Ампер заңы, §10.3 Ток элементі .
Физика 10 сынып.
№1Қазақстандық рефераттар порталынан . Магнит өрісі . Ампер заңы, Ток элементі тақырыптарына реферат жазу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Физика -10 сынып,
2.Физика Шың 2011 жыл
3.Электрондық оқулық. Физика -10 сынып
4.Интернет желісі
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Физика
Тақырыбы: Жарық дисперсиясы
Өткізген: физика пәнінің оқытушысы Г.Дайрақұлова
Шиелі кенті, 2019 жыл
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
……………А.Күлтаева
Оқу тобы :
Күні :
Сабақтың тақырыбы: Жарық дисперсиясы
Сабақтың мақсатының
білімділік міндеті : Дисперсия құбылысын тұжырымдап және табиғаттағы
дисперсия құбылысын түсіндіру, оқушылардың
қызығушылығын және ойлау қабілетін, білім – білік
дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылығы : Оқушылардың ой-өрісін, ақыл –ойын, білімге
қызығуын жан –жақты біліктілігін дамыту, өндірісте
жұмыс жасауға бағыт беру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты : Оқушыларды адалдыққа, шапшаңдыққа өз бетімен
еңбектенуге, ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы
бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі : Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс –тәсілі : Ізденушілік, сұрақ –жауап, ой белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі : Үлестірмелі карточкалар, тапсырмалар, кесте,
плакат, сызбалар , Дисперсия физикалық шаманы
сипаттау, бағалау парағы, «Дисперсия ағашы »
Пәнаралық байланыс: Математика, электротехника, информатика,химия
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ :
I.Ұйымдастыру кезеңі :
1.1 Оқушылармен сәлемдесу.
1.2 Топ оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау :
- Дифракциялық тор дегенміз не ? (Жауабы : Дифракциялық тор дегеніміз – жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулардың жиынтығы )
- Дифракциялық тор түрлерін атаңыз ( Ретелген дифракциялық тор реттелмеген дифракциялық тор болып бөлінеді)
- Дифракциялық торды не үшін пайдаланамыз ? ( Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындығын өте дұрыс өлшеуге болады )
- Дифракциялық тордың периоды ? ( d = a+ в)
- Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындығын анықтау формуласы
(d sinφ = κλ )
III. Жаңа тақырыппен таныстыру: Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен
мақсаттарын хабарлау
Жарық дисперсиясы құбылысын ағылшын ғалымы И.Ньютон ашқан. Ньютонға дейін бұл салада ешқандай белгілі нәрсе болмады Түс заттың өзіне тән қасиет деп есептелді. Ал әр уақытта түрлі бақылау жүргізгенде жарықтану шарты өзгерген жағдайда дененің түсі де өзгеретінін анықтауға болады. Жарық пен қараңғыны араластырғанда әр түрлі түстер пайда болады. Алмаз түстерінің ойнауы, шыны призмадан өткен түстің түрленуі де белгілі болатын.
1666 жылы Ньютон өз тәжірибесінде параллель ақ жарық шоғы үш қырлы шыны призманың бүйір қырына түсірген. Ауа — шыны және шыны – ауа шекараларда жарық екі рет сынып, жарық шоғы бастапқы таралу бағыттан ауытқиды. Призмадан өтіп ауытқыған жарық күлгіннен қызылға дейінгі әр түсті шоқтарға жіктеледі. Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болған әр –түрлі түстерден тұратын жолақтарды Ньютон спектр (spektrum – көру ) деп аталады.
Бұл экспериметтің ерекшелігі Ньютонды таң қалдырды. Жарық призмадан неге боялып шығады? Дөңгелек саңылаудан түскен шоқ призмада сынып шыққаннан кейін неге жолақ түріне енеді ? Шоқтың ұзындығын оның енімен салыстырып, оның ұзындығының енінен 5 есе артық екенін тапты. Мұны түсіндіру өте қиын болды.
Бірақ Ньютон күн спектрінің әр түсін басқалардан жеке бөліп алып, оны екінші призмадан сынуға мәжбүр етеді. Бұл жағдайда ол әр түрлі түстердің әрқалай сынатынын байқады. Эксперимент жарықтың призмадан сынғанда ұзынша болатынын түсіндірді. Бұл эксперимент ақ түстің күрделі түс екенін көрсетті. Ол негізгі жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір және күлгін.
Ньютонның ашқан құбылысы жарықтың дисперсиясы деген атқа ие болды. (лат.dispersio – шашырау)
Дисперсия құбылысының ашылуы кемпірқосақ құбылысын түсіндіруге көмектесті. Жарықтың су тамшыларында немесе атмосферадағы мұз қабыршақтарында сынуы күн сәулесінің суда немесе мұзда жіктелу дисперсиясының нәтижесі болады.
Бір заттың әр түрлі толқын ұзындығына сәйкес сыну көрсеткіші бар. Жарықтың жылдамдығы вакуумде 300000 км / сек. Мысалы суда Vқ = 228 000 км /с, ал Vқ = 227000 км /с.Күкірт көміртекте Vқ = 185000 км/с, ал Vқ = 177000 км/с. Вакуумде жарық дисперсиясы болмайды, өйткені онда барлық жарық толқындары бірдей жылдамдықпен таралады.
Түстер қоспасы | Қосындысы |
Қызыл | Қоңыр |
Қызыл сары | |
Сары | Жасыл Сарғыш |
Жасыл | |
Көгілдір | |
Көк | Күлгін Қара |
Күлгін |
…………. | Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа – тұс келген Ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев атамыздың -120 жылдық мерей тойы тойлануда |
Есептер
№1046. Спектрдің көрінетін бөлігіндегі шекті қызыл ( λ = 0,76мкм) және шекті күлгін (λ =0,4 мкм) сәулелерге тербелістің қандай жиіліктері сәйкес келеді?
№1046
Берілгені : λқ = 0,76мкм
λк =0,4 мкм
т/к : υ1- ? υ2 — ?
υ1 = c/λ1 = 3 ·10 8 /0, 76 · 10 -6 м = 39,5 · 10 14 Гц=395·1012ТГц
υ2 = c/λ2 = 3 ·10 8 /0, 4 · 10 -6 м = 7,5 · 10 14 Гц=750 · 1012ТГц
№1047
1м кескіндегі жиілігі 600 ТГц монохраматтық сәуле шығарудың қанша толқын ұзындығы салынады ?
Берілгені : υ= 600 ТГц = 600 ·1012Гц
ℓ = 1м
табу керек: N -?
N = ℓ/ λ; λ = c/ υ; N = ℓ/ с/ υ = ℓ/с = 1· 600·1012Гц/3· 10 8
=200·10 4= 2·106 ;
Егер жасыл әріптерге қызыл шыны арқылы қараса, олар қандай болады ?
IV. Жаңа сабақты бекіту
О |
П |
Т |
И |
К |
А |
- Жарық құбылыстарын зерттейтін ғылым
- Жарық туралы теория
- Дисперсия құбылысын ашқан физик ғалым
- Жарықтың сыну көрсеткішінің тербеліс жиілігіне тәуелділігі
- Жарықтың жіктелуі
- Сәуле шығару
V. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары
Дисперсия — физикалық шаманы сипаттау
Сұрақтар | Жауаптары |
1.Дисперсия құбылысын ашқан ғалым | Ньютон |
2. Ақ түс қандай түс | Ақ түс күрделі түс |
3. Дисперсия құбылысын алу үшін пайдаланатын геометриялық дене | Призма |
4. Дисперсия дегеніміз не ? | 1. Дисперсия — күрделі ақ түсті
спектрге ажырату құбылысы. 2. Дисперсия сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі. |
5. Дисперсия түрлері | 1. Көп жағдайда ортаның сыну көрсеткіші толқын ұзындығына кері пропорционал болатынын көрсетті Мұндай дисперсия қалыпты дисперсия деп аталады.
n=cT/ λ, n ~1/λ 2.Егер ортаның сыну көрсеткіші толқын ұзындығына тура пропорционал болса, ондай дисперсия аномальді дисперсия деп аталады. n~λ |
VI. Сабақты қорытындылау
Дисперсия » ағашы
« Даму мониторингі» бойынша білімалушылар білімін бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма : 4.6. Жарық дисперсиясы. 11 сынып Физика.Математика – жаратылыстану бағыты.
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Физика
Тақырыбы: Термодинамикалық параметрлер.
Температура және оны өлшеу тәсілдері.
Өткізген: физика пәнінің оқытушысы Г.Дайрақұлова
Шиелі кенті, 2019 жыл
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
……………А.Күлтаева
Оқу тобы :
Күні :
Сабақтың тақырыбы: Термодинамикалық параметрлер.
Температура және оны өлшеу тәсілдері.
Сабақтың мақсатының
білімділік міндеті : Термодинамикалық шамаларды физикалық мағынасын
ажырату туралы білім – білік дағдысын қалыптастыру
Сабақтың дамытушылығы : Білімалушылардың іскерлігін, логикалық ойлауын,
ерік – жігерін, қорытынды жасай білу қабілетін дамыту
Сабақтың тәрбиелік мақсаты : Білілушыларды адалдыққа, шапшаңдыққа өз бетімен
еңбектенуге, ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы
бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі : Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс –тәсілі : Ізденушілік, сұрақ –жауап, ой белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі :
Пәнаралық байланыс: Математика, электротехника, информатика,химия
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ :
I.Ұйымдастыру кезеңі :
1.1Білімалушылармен сәлемдесу
1.2 Білімалушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау :
- Заттың салыстырмалы молекулалалық массасы ?
Жауабы : Заттың салыстырмалы молекулалық массасы М r деп зат молекуласы (немесе атомы ) массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады.
2.Зат мөлшері дегеніміз ?
Жауабы : Зат мөлшері дегеніміз берілген денедегі молекулалар саны 12 г көміртегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама
- Мольдік масса .
Жауабы : Мольдік масса дегеніміз — бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасы
III. Жаңа тақырыппен таныстыру: Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен
мақсаттарын хабарлау
Проблемалық сұрақ . Ыдыстағы су. Судың қандай шамада өлшеуге болады?
Анықтама : Термодинамикалық параметр деп – макродененің күйін
сипаттайтын физикалық шаманы атайды, оған қысым, көлем, температура жатады.
Термодинамикалық процесс дегеніміз-қандай да бір термопараметрлердің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.
Барлық макроденелер микроденелерден (атомдармен молекулалардан тұрады)
Микроденелердің де өз сипаттамалары (микропараметрлері) бар. Оларға молекуланың (атомның ) көлемі, молекуланың (атомның) массасы, молекуланың (атомның) жылдамдығы, молекулалардың (атомдардың) концентрациясы жатады. Макроденелерде өтіп жатқан процестердің осы макроденені түзетін микроденелердің параметрлерінің өзгерісінен туатыны анық.
Физикалық шаманың белгілі информация беретінін, яғни оның физикалық мағынасы болады. Мысалы : макродененің массасы- денеде заттың қандай мөлшері бар екенін, көлем-дененің кеңістікте қандай орын алатынын білдіреді, газ қысымы-газдың бірлік ауданға қандай күшпен әрекет ететінін сипаттайды.
Микроденелердің сипаттамасы
( микропараметрлер) |
Белгіленуі |
Көлемі | V0 |
Массасы | m0 |
Жылдамдығы | Ű0 |
концентрациясы | n0 |
Температура : Жылулық тепе-теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе-теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады. Температурамен таби- ғаттағы барлық сұйық заттарды қарастыруға болады.
Мысалы: мұнай өнімдерінің салаларын қарастырсақ, майды қоюландырып, оның қозғалтқышын жоятын температура қыста 5 градустан 20 градусқа дейінгі температурада пайдаланылады, ал жазда 20 градусқа дейін. Ал, дене мен температураны өлшейтін аспапты — термометр деп атайды. Оларды тікелей жанастырсақ температуралары теңеседі, яғни жылулық тепе-теңдік орнайды.
Термометрлер және температуралық шкалалар.
Температураны өлшеу үшін денелердің кейбір қасиеттерін температураға тәуелді өзгеріп отыратыны пайдаланылады.
Термометрлік дененің температурамен бірге үйлесімді өзгеріп отыратыны белгілі бір сипаттамасын, мысалы,газдың көлемін немесе қысымын алып, қайталануы жеңіл, бірқатар тұрақты температуралық нүктеледі тағайындайды. (судың қайнау, қатаю нүктелері) . Бұл нүктелер реперлік нүктелер деп аталады. Реперлік нүктелерді таңдау арқылы түрліше температуралық шкалаларды алады.
1. Фаренгейт шкаласы.1724 ж. Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фарангейт ұсынған. Реперлік нүктелер:
00 F -1709 ж. ерекше суық қыстың температурасы 320 гр F – мұздың еру температурасы 980 гр. F . Бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы 2120 F . Фаренгейт шкаласын АҚШ-та пайдаланады.
2. Реомюр шкаласы. 1730 ж.француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері : 00 Р –мұздың еру температурасы:1000 С-судың қайнау температурасы.
3. Цельсий шкаласы. 1742ж. швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 00 С –мұздың еру температурасы; 1000 С- судың қайнау температурасы.
Абсолют температуралар шкаласы. Тұңғыш рет температуралық шкаланы физикалық құбылыстың негізінде жасаған ғалым, ағыл- шын физигі 1848 жылы Томсон Уильям ғылыми жетістіктері үшін лорд Кельвин атанды. Цельсий шкаласы бойынша -2370 С температураға 0 К сәйкеc келеді. Бұл мынадай байланыста болады. Т = t + 237
Термометрлердің негізгі түрлері
Спирттік немесе
сынаптық Газдық Электрлік Пирометрлер
Интерактивті тақтаны пайдаланып есептер шығару.
А деңгейлі есептер
Молекуланы сипаттайтын шамалардың аты , өлшем бірлігі және формулаларын жаз
Белгіленуі | Атауы | Формуласы | Өлшем бірлігі |
d0 | Диаметр | d 0 = V / S | Метр |
N | Молекула массасы | N=Vтамшы/V0 | |
NА | Авагадро саны
6,02•1023 моль-1 |
Моль | |
М | Мольдік масса | M=m0 NА | кг |
n | Молекула концентрациясы | n=N/V | М-3 |
V | Зат мөлшері | V= N /NА | Моль |
m 0 | Молекула массасы | m 0= m тамшы /N | кг |
В деңгейлі есептер
Кельвин шкаласы арқылы өрнектеңдер?
Бер: t= 270 С
Т-?
Шешуі : Т = t + 273
Т = 270 С + 273 = 300К
Цельский шкаласы арқылы өрнектеңдер?
Бер: Т = 4 К
t- ?
Шешуі : t = Т — 273
t = 4- 273 = -269 0С
С деңгейлі есеп
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары
Температура — физикалық шаманы
1Сөздің шығуы | Temperature (лат) |
2.Сипаттау қасиеті | Макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе –теңдік күйі |
3. Нені анықтайды? | Жылулық күйдің 0-дік күйден ауытқуы, молекулалар қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын |
4.Жеке жағдайлар | Балқу температурасы , қайнау, критикалық температура |
5.Таңбасы | Т |
6.Өлшем бірлігі (Си) | Кельвин (К) |
7. Өлшеу тәсілі | Тікелей |
8.Қолдану шекарасы | Көп бөлшектен тұратын жүйе |
9.Анықтамасы | Температура – термодинамикалық жүйенің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама |
10. Өлшеу құралы | Термометр |
VI. Сабақты қорытындылау
Температура ағашы
« Даму мониторингі» бойынша білімалушылар білімін бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма : Термодинамикалық параметрлер. Температура және оны өлшеу тәсілдері.