Қойшыбаева Зауре Усеновна

Қызылорда облысының білім басқармасы «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» КМҚК

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Зауре Усеновна

  • Сабақтың тақырыбы: Ақын поэмалары.
  • Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасы.
  • Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылық жолы.
  • Тақырыбы: Абай аудармалары.
  • Сабақтың тақырыбы: Біржан өлеңдері.

Сабақтың тақырыбы: Ақын поэмалары.

Сабақтың мақсаты: білімділік – ақынның поэмалырымен таныстыра отырып өзіндік мұратын таныту, поэмаларының тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық – мәнерлеп оқу қабілетін дамыту , өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу, әдеби шығарманы талдау біліктілігін арттыру,сөйлеу мәдениетін,дүниетанымын және ой-өрісін кеңейту;

тәрбиелік – автор поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,табандылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар Шаханов портреті,слайд,

Мұхтар Шахановтың «Эверестке шығу» жыр жинағы.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, қазақ тілі

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.сәлемдесу

2.Білім алушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Білім алушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1. М.Шаханов өлеңдерін жаттау.

2. Ақын болу арманым (өлең жолдарын түзу)

Олай болса , бүгін біз ақынның туындыларымен танысуды одан әрі жалғастырамыз.

ІІІ Жаңа сабақ

Біз ақынның поэмалырымен танысып қана қоймай поэмаларының мазмұны мен идеясын ашамыз.

Өткен сабақта біз ақынның туындыларын бірнеше топқа бөліп қарастыруымызға болады деген болатынбыз.

Поэзия, роман, аңыз, поэмалары

Сонымен қатар ақынның шығармаларының тақырыбын да бірнеше топқа бөлуге болады.

Мәңгілік толастамайтын Махаббат тақырыбы, Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік, тіл тағдыры, ұлттық рух және тарихи оқиғалар.

Ақынның поэмалары: «Ғайша», «Түркістан аңызы», «Танакөз», «Ақсақ Темір», «Құзбасындағы оқиға», «Отырар», «Әке үкімі» т.б.

Махаббат тақырыбында жазған «Ғайша» поэмасындаҒайша сұлудың күйеуінің майданға аттануынан басталады.Кейін күйеуінен қарақағаз келеді.Сондада болса үмітін үзбестен 10 шақты жыл күтеді. Дегенмен жалғыздықтан қажыған Ғайша көрші қартқа күйеуге шығады. Өмір тосын сыйға толы емеспе? Таң ата терзесін қағып күйеуі келіп тұрады. Күйеуінің аяғына бас ұра құлап кешірім сұраған келіншек бір ойға табан тірейді. Ғайша асау Ақсу өзеніне қарай жүгіреді.

Бағаласаң махаббаты бағала,

Бағаласаң махаббаты бағала.

Сәлден кейін сорлының

Орамалы жатты жағада-деп шығарма аяқталады.

«Құз басындағы оқиға»Видео

«Танакөз» поэмасы да махаббат тақырыбына құрылған. Мұнда Мақсат пен Мұрат атты екі жігіттің бір қызға яғни Танакөзге ғашық болуы жайлы айта келе, достықты сезімінен жоғары бағалаған Мақсаттың досы Мұратқа сүйе тұра сүйіктсінен бас тартқандығы, достықтың ұлылығы махаббаттанда биік тұратыны жайында баяндайды.

Тариха оқиға желісібойынша жазған «Ақсақ Темір» поэмасы Ақсақ Темірдің анасынан аяға ақсап тууынан басталып сол кішкентай ақсақ баланың уақыт өте келе атағы жер жарған , керемет Қожа Ахмет Иасауй кесенесін салдырған , атақты да айбынды Ақсақ Теміір атнауымен аяқталады.

Тағы бір тарихи оқиғалар желісі бойынша жазған туындыларының бірі- «Әке үкімі»поэмасы. Біз сіздермен М. Өтемісұлының өмірі жайлы өткенбіз. Кейбір адамдар алдын- ала не болатынын сезеді екен. Махамбет те өзінің өлетінін сезген. Ол түсінде өзінің басы өзіне жоқтау айтып домалап бара жатқанын көреді. Мен көп ұзамаймын-ау дейді. Расында көп ұзамай Қараойда бейқам отырған жерінен өздеріне туыс болып келетін Ықылас Төлеев деген сақтын басын кесіп алады. Бұл кезде Махамбеттің басын әкелген адамға 1000 теңге сыйақы беремін ,- деген болатын Баймағанбет. Бұл оқиға өмірде болды. Ал Мұхтар ағамыз сол оқиғаны жырына қосты.

Мен сендерге поэманың толық мазмұнымен таныстырып өтемін сонан соң сіздердің пікірлеріңізді тыңдайтын боламыз.

«Әке үкімі» жатқа оқимын.

Әкенің әрекеті дұрыс па бұрыс па? (Баласын өз қолымен өлтіруі)

Ақынның тағы бір шоқтығы биік поэмасы «Отырар»

Поэма кейіпкерлері

  1. Шыңғыс хан – Моңғол ханы
  2. Шағатай – Шыңғыс ханның ұлы
  3. Қадыр хан – Отырардың ханы
  4. Қараша – сатқын
  5. Қария – сатқынның әкесі.

ХІІ ғасырдың соңында қазіргі Манғолия жерінде үлкен мемлекет құрылды. Оны Шыңғыс хан басқарды. Оның әскері көп жер, дүние, мал үшін басқыншылық саясат жүргізді. Шыңғыс ханның 200 мыңға дейін әскері болды, ол өте қатал тәртіпті талап етті. Егер шайқастан бір жауынгер қашса, оның қасындағы он жауынгер өлім жазасына кесілді.

Атағы көбірек шыққаны да, мықты қорғаны және көп әскері бар қала – Отырар еді. Қала басшысы Қадыр хан (Қайыр хан) болатын. Қаланы басып алуға 1219 жылы күзге қарай моңғолдың 150 мың қолы аттанды. Қадыр ханның басшылығымен отырарлықтар туған қаласын қорғауға барынша әзірленді . Жиырма мың әскерді жақсы қаруландырды. Қорған дуалының үстіне құм салынған қаптар үйілді. Ыстық су құятын бөшкелер әзірленді, қорған қазылған ор сумен толтырылды. …Амалы таусылғандықтан, моңғол әскері енді Отырарды түгел қоршады. Бірақ бес ай өтсе де, ештеңе істей алмайды. Не пайда, осы күндері адам ойламаған бір қайғылы оқиға болды. Отырарға Хорезм шаһы көмекке жіберген Қараша (Қарашоқы)қолбасы опасыздық жасады. Қорғанның бір дарбазасынан моңғолдар лап қояды. Ендігі шайқас қала ішінде болады. Әскердің көбі қырылғаннан кейін Қадырхан қаланың ортасындағы бекініс – сарайға кіріп қорғанады. Қалаға кірген моңғол әскерлері отырарлықтарды қойдай бауыздайды. Бекініс – сарайдағы ер жүрек Қадырхан мен оның батыр жауынгерлері бір айдан астам жаумен тапжылмай шайқасады. Күші басым жау ақыры жеңеді…Отырыардай қала лезде күлге айналады. Мұны біз тарихтан білеміз. Мұхтар ағамыз дәл осы оқиғаны көркем тілмен жазды.150 000 әскерімен 20000ғана әскері бар отырарлықтарды жеңе алмауның себебін былай түсіндіреді.

Рухы – өр,

Тәні-бекем,

Ол бір қайсар халық екен

Тірліктенде артық қойған бірлікті .

Отырардың қақпасын ашып берген Көкшоқының сатқындығына Шыңғысхан :

Опасыздық жасадың ба еліңе

Ертең саған мені сату түк емес

немесе

Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату

Ұқсамай ма табиғаттың заңына.

Мені қашан сатарыңды күтпей-ақ

Алдыңды орап кеткеніңе налыма- деп елін сатқан адамнан еш жақсылық күтуге болмайтындығын және ешкімге ешқандай кешірім болмайтындығы тек бір ғана өлім бар екендігін айтады.Расында бір адам аман қалмастан көрікті қала бір мезетте күлге айналды. жау сәбилерді, шал-кемпірлерді, жүкті әйелдерді де қойша бауыздады.

Міне, поэмаларының мазмұнымен толық таныстық .

Тапсырма «Махаббат елі» әні орындалады, 4 мин.

1 топ Сөздікпен жұмыс

Үкім-жаза

Ішік – аң терісінен тігілген сырт киім

Даңқ – атақ, абырой

Рух – жан, философиялық ұғым.

Тән – адамның денесі, тұла бойы.

Ызбар – ашу, сес, айбат.

Безбүйрек – қайырымы жоқ, қатігез.

Намыс – жоғары адамгершілік қасиет, ар – абырой.

2- топ Венн диаграммасы «Әке үкімі», «Отырар»

Ықылас ортақ қасиеттері Қарашоқы

3- топ

Кейіпкерлер Іс-әрекеттері
Шыңғысхан
Ақсақ Темір
Ғайша
Қарашоқы
Мақсат
Қайырхан

Кесте толтыру

4-топ

«Махаббат мәңгі ертегі» өлең жолдарын түзу.

5- топ«Әке үкімі»

Композициялық талдау

  1. Оқиғаның басталуы Жорықтан оралу
  2. Оқиғаның дамуы сый-сияпат
  3. Оқиғаның шарықтау шегі Әке өкініші
  4. Оқиғаның шиленісуі Әке шешімі
  5. Оқиғаның шешімі Төбе басындағы соңғы сөз

Бекіту:

Сөзжұмбақ

Мұхтар

1.Достықты жоғары бағалаған жігіт (Мақсат)

2. Серттен тайған қыз жайлы айтылатын поэма (Құз басында)

3. Әрі батыр, әрі ақын,әрі күйші (Махамбет)

4. Екі достың ғашығы болған ару (Танакөз)

5. Ажал құшқан әйел , (Ғайша)

6. Күйреген қала (Отырар)

Қорытынды:

Никого на свете не обижу,

Свет ни от кого не заслоню.

Но пока я правды не увижу,

Ни на шаг назад не отступлю…

Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,

Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді.

Заманымнан алғанша үлесімді,

Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді…

Бұл М.Шахановтың ұстанымы, кредосы.

Ақынның туындыларынан оның қайраттылығы, жүректілігі, рухтылығы, қуаттылығы, керек кезінде ызғарлығы , мейірімі мен шуағы барлығынан астасып жатыр. Осындай керемет туындыларды дүниеге әкелген Мұқтар аға қазақтың маңдайына біткен дара тұлға.

Бағалау:

Үйге тапсырма: Поэмаларын оқу.

Көркемдегіш құралдармен жұмыс.

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасы

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: З.Қойшыбаева

2019-2020 оқу жылы

Бекітемін

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары:

А.Күлтаева

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасы

Мақсаты: білімділік. Поэма мазмұны мен идеясын таныту. Ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік. Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып, соны болашақтарына жарата білу, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Дамытушылық.- білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген жан – жақты түсінігін аңғарта отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Баяндау, талдау, салыстыру, ой шақыру, Венн диагр-ы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих
Көрнекілік: Ақынның портреті, хронологи

ТақырыбыЕскілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған заманның құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы
Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық
Жанры: Эпикалық ғашықтық дастан
Негізгі кейіпкер: Еңлік пен Кебек
Әдеби бағыт: Поэзия (поэма)
Өлең құрылысы: 11 буынды, қара өлең үлгісінде жазылған
Поэтикалық тілі: Суреттеу, монолог, диалог, мінездеу, портрет, теңеу, эпитет, метафора
Менің пікірім (оқушылар поэма туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады)
( Зерделейік, ойлайық, айтайық)
І. Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыз?
1. Махаббат
2. Тарих
3. Әлеуметтік өмір шындығы
4. Өз ойым
ІІ. Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?
1. Екі ел арасындағы дау-дамай
2. Әлеуметтік теңсіздік
3. Жер дауы
4. Өз ойым
ІІІ. Екеуінің өліміне кім ( не) кінәлі?
1. Кеңгірбай
2. Заман
3. Салт – дәстүр
4. Өз ойым

Білім алушылар пікірі
Екі жастың өліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше, екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді. Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидің өліміне де себепкер болмас еді.
Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата – анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады. Ата – анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты. Әрбір адам дүниеге келген соң ата – анасының үмітін ақтап, ризалығын алу керек. Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.
Менің пікірімше, екі жастың өліміне ру басылары кінәлі. Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді. Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттың қандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті.
Сабақты қорытындылау үшін берілетін сұрақтар:
Автор шешімімен келісесің бе? Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?
Кубизм стратегиясы
Тақырыпты жан – жақты қамтуға мүмкіндік туғызу
Суреттеңіз.
1. Еңлік пен Кебек бейнесін поэмадан табыңыз, автордың суреттеуі.
2. Бейнелі сөздер мен мақал – мәтелдерді табыңыз.
Салыстыру.
Венн диаграммасы арқылы “Еңлік – Кебек ” пен “Қалқаман – Мамыр ” поэмасын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен даралығын зерттеңіз.
1. Поэманың шығу тарихы, оқиға қашан және қай өңірде болған? Кімнің ақыл – кеңесімен жазылған?
2. Поэмада қандай жер атаулары мен тарихи тұлғалар есімі берілген?

Венн диаграммасы
Қызжібек Ортақ Еңлік

Бекіту: 1Поэманың шығу тарихы, оқиға қашан және қай өңірде болған?

2 Кімнің ақыл – кеңесімен жазылған?

3 Оқиғаның немен аяқталғанын қалар едің?
Сабақты қорыту:

Бағалау:Сабаққа белсене араласқан білім алушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасын оқу, компазициялық талдау жасау.

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылық жолы

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: З.Қойшыбаева

2019-2020 оқу жылы

Бекітемін

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары:

А.Күлтаева

Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлыныңөмірі мен шығармашылық жолы

Сабақтың мақсаты: білімділік- елінің еркесі, өлмес мұрасымен қымбат Ақан серінің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өміршең өнер жайлы сыр шерту:

дамытушылық-білім алушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық ізденіске жол ашу;

тәрбиелік- өнер адамын, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу, әсемдікке баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтыңәдісі:Түсіндіру, баяндау, топтық жұмыс,сұрақтар,сөзжұмбақ, ребус ой қозғау

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Көрнекілігі: Мультимедиялық тақта, суреттер, кино, кітаптар көрмесі,слайд, ақын портреті, газет-жорналдар, сөзжұмбақ, ребус, кесте.

Пайдаланылған әдебиеттер:

. «Дидар» газеті 2014ж №25

«Жұлдыздар отбасы» №2/2014

Қазақ тілі және әдебиеті жорналы №6/2014ж

Хрестоматия 10 сынып.Қ.Алпысбаев, Ж.Сәметов, А.Далабаева

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Білім алушыларды түгендеу
  2. Зейіндерін сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Біржан өлеңдері

Біржан өлеңдерінің мазмұнын ашу

І топ «Біржан сал» өлеңінің құрылысына қарай талдау (Шумақ, тармақ,бунақ,буын, өлең ұйқасы)

ІІ топ «Жанбота» өлеңі

ІІІ топ «Ақтентек» өлеңі

ІV топ «Біржанның ұл-қыздарына арнауы»

Vтоп «Біржан Абай ауылында қонақта»

І топ

Біржан сал

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Адамға зияным жоқ жүрген жанмын.

Қасыңа мені сендер неге алмайсың,

Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зармын.

1-шумақ

4-тармақ

3-бунақ

11-12 буынды

Қара өлең ұйқасы

Vтоп «Біржан Абай ауылында қонақта»

Өнер адамына көрсетілген құрмет. (Біржан салды Тобықты елі қай жеріне барса да басына көтерді.Біржанға Ұлжан ана күміс тайтұяқ сыйлап, кетерінде ақ батасын берді)

Мұғалім сөзі:

Ел ықыласына бөленіп, халқының ақ бастасын алып,ерекше құрметке ие болған ақын қазақтың қара өлеңі мен ән-өлеңін тағы бір биік сатыға көтерді. Біржан шығармалары мәңгі жасамақ.

ІІІ Жаңа сабақ

  • Бүгінгі өткелі отырған жаңа сабағымыздың тақырыбы: Ақан Сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылық жолы.

Сабағымыздың мақсатын хабарлау.

Ойқозғау.

Ақан Сері жайында не білеміз? Ол жайында естіген -оқығанымыз бар ма?

Ендеше, ақын жайында бар білетінімізді, не білгіміз келетіні жайында Білемін және Білгім келеді кестесіне толтырайық.

Кесте

Білемін Білгім келеді

(Жазғандарын оқыту)

Ақан серінің өмірі мен Құлагері жайында көптеген ақындарымыз қалам тартты.І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов,С.Жүнісов

…Тұсында сері болсын, пері болсын,

Ұнайды өмірімен Ақан маған.

І. Жансүгіров

Ақанның өмірі- ертегі өмір.Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір.

М.Жұмабаев.

Судай сұлу, желдей екпінді бола тұра не себепті жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір болды екен? Бұл жайында Ақан өмірімен тереңірек танысу барысында қанық боламыз.

Слайд

Ақан сері 1843 жылы ас0ар ала таулары аспанмен таласқан, қайың, емен, шыршалары тізіліп жарасқан, сексен көлі айнадай жарқыраған, ауасы емге дауа, жер жаннаты Көкшетаудың Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Азан шақырып атын Ақжігіт қояды. Ауыл-аймақ, ата-анасы сүйкімді де алғыр ұлды еркелетіп Ақан атап кетеді.Әкесі Қорамса бай, саудагер адам болады.Ақан алғашында ауыл молдасынан сабақ алады. 13 жасқа толғанда Қызылжар қаласында Уәли ахун дегеннің медресесіне түсіп, онда үш жыл оқиды. Араб, парсы тілдерін меңгереді.Шығыс классиктері Низами, Хафиз,Сағди, Науаидың мұраларымен танысады.Қалада жүріп орыс тілін де біршама үйреніп алады.

Ақан ақындық өнерді ғана емес атбегілік, құсбегілік, аңшылық, саятшылық өнерлерді де қатар меңгерді. Оның Қараторғай атты бүркіті мен Көкжендетатты қаршығасы, Базарала атты құмай тазысы және өзі айтқандай «қызға бермес» жануары, жүйрік аты Құлегері болады.

16-17 жасқа келгенде Ақанның серілік өмірі басталады. Басында – бұлғақтаған үкі, қолында домбыра, аузында – ән.Қасына 20-шақты жігітті ерітіп,бірдей сәнді киініп, бірыңғай түсті жылқыға мініп, құс ұстап, тазы ерітіп, ел-елді сән-салтанатпен аралауға көшеді.Ел аралай жүріп өлеңін шығарып, әнін айтып, халыққа өзі жеткізіп жүреді.Заманынан озып туған, талайлардан асып туған, жастайынан өнер қуған, жалпақ даланы сыр мен жырға толтырған, ақпа ақын, саңлақ сазгер, дүлдүл әншіге халық «сері» деген атақ береді. Осылайша халықтың көңілін таба білген Ақан «сері» атанады.

Ақанның әкесі Бекбос деген байдың Фатима деген қызына құда түседі.Бірақ ол қатты науқастанып Ақанның босағасына келмей қайтыс болады.

Алғашқы отбасылық өмірден жолы болмаған Ақан ел аралап, сауық-сайран құруын жалғастырады.

Жетпісінші жылдардың ортасында Ақан сері Кіші жүзді аралайды.Сол сапарында Ақтоқты атты аруға ғашық болады. Дәл Жалмұқанға ұзатылар тұста Сері жігіт Ақтоқтыны алып қашады.Ақтоқты Жалмұқаннан айнымайтынын айтқанда Ақан амалсыз тосылып, тағы да тағдыр тәлкегіне ұшырайды.Ақтоқтыдан тірідей айрылады.Жалмұқан ақынға деген адал ойын өзгертпейді.Өнерді жоғары бағалаған Жалмұқан Ақанды әрдайым қонақ қылып шақырып, әнін тыңдап,сый-құрметпен шығарып салады.

Ақынның дұшпанға тілі удай ащы болғанымен, досқа тілі балдай еді.Достықта адал ақын замандас достары Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәшһүр Жүсіп, Иманжүсіп Құтпанұлылармен жақсы қарым – қатынаста бола білді.

Ақан Бәтима деген қызына үйленеді. Бәтимадан бір ұл, екі қыз көреді.Алайда он шақты жыл отасқан соң ол да о дүниеге аттанады.Енді Ақан Ұрқия атты қызды алады.Ұрқия да үш айдан соң төсек тартып жатып қалады да, көп ұзамай көз жұмады.Ұрқия өлгеннен кейін Ақанның жаны қасірет жамылады. Ендігі жерде Ақан көңілін қолындағы барына аударады. Дегенмен, алақанына қондырып аялап, сәндеп томаға кигізіп, балағына әсем бау тағып, биік тұғырға отырғызып, уақытымен азықтандырып, қауырсынын саусағымен саумалап өсірген Қараторғайы қауырсындары сиреп, жерге еркін қона алмай ақыры азаптанып өледі. Күндердің күнінде қаршығасы Көкжендет желге қарсы ұшқан күйі қайтып оралмайды. Құмай тазысы Базарала болса қасқырға сепкен күшәланы жеп ол да өледі. Мұның бәрі Ақанның жанына күш түсіреді.Ақан енді көңілін жалғыз серігі Құлагерге аударады. Құлагер талай аста аузымен құс тістеген сан жүйріктерден озып, Ақан мен Құлагер аты қатар шығады.Сайдалының асында 300 аттан жеке дара келеді.Осылайша Құлагер аты үш жүзге мәлім болады. Ерейменде Керей Сағынайға ас беріледі.Осы асқа Ақан Құлагерді әкеп қосады. 323 аттың алдында жұлдыздай ағып келе жатқан Құлагерді Бай балалары Батыраш пен Қотыраш іштарлық, қасастықпен шоқпармен ұрып өлтіреді.Қырға шығып қарап тұрған Ақан өз атының аяқ астынан көрінбей қалғанынан бір жамандықтың болғанын сезіп алдынан шықса, расында Құлагер мерт болған екен.

Құлагер жаз жайладым, қыс жайладым,

Сыртына қызды ауылдың көп байладым.

Қамшы тимес жеріңе пышақ тиіп,

Құшақтап қу басыңды ойбайладым- деп зар еңіреп, құдды адамда жоқтағандай жоқтау айтқанда жиылғандардың сай сүйегін сықырлатып, көзіне жас үйірген еді.

Бұл оқиға ақын жүрегіне айықпас жара салды.Ақан ауыр қасіретпен еліне оралады. Қазақ: «Ер жігіт тұлпардың тұяғымен, сұңқардың қияғымен, сылдыр қаққан судың бойымен, алма мойын сұлудың құшағымен жұбанады»,-дейді. Ақанға жұбанарлық не қалды? Теңіздей терең ой қалды.Қорғасыннан ауыр, түннен қараңғы қайғы қалды,удан ащы қасірет қалды.Бірінің үстіне бірі жамалған қайғы ақынның дертке ұшырауына, өмірден түңіліп,елден оқшауланып кетуге дейін алып барды.Қасына тілсіз баласы Ыбанды еріткен Ақан өмірінің соңында елден жырақ оқшау өмір сүрді. Жанын түсінбеген ел оны ендігі жерде «Ақанды пері ұрыпты»- деп шығарды.

Құлады тауым алдымда,

Есімнен танып қалдым ба?

Тойымсыз туған қара жер ,

Ақанды да алдың ба?- деп Ақан серінің шәкірті , Үкілі Ыбырай жырлағандай 1913 жылы елінің еркесі ақын Ақан 70 жасында Біржан сал секілді трагедиялы ауыр халде өмірден өтті.

Ақанның Ақан атын шығарған өлеңдері болса, Ақанның жасампаздығы да осы өлеңдері. Тілге оралған көрікті ойды халыққа жеткізу, жария ету үшін Ақан тәрізді өкілдер сазға жүгінді. Яғни, өлеңіне әуен, әуеніне әуез, термесіне мақам, толғауына саз, жырына сарын, айтысына нақыш қосып орындаған.

Ақынның жүрегінен шыққан ән-өлеңдері халықтың жүрегіне жетіп, оны биік шыңға көтерді.

Оның «Құлагер», «Маңмаңгер» атты өлеңдері өзі мәпелеп өсірген жылқысына арналған. Маңмаңгер кекілің келте жалың майда-деп басталатын бұл өлеңі Құлагердің маң-маң басқан жүрісіне арнап шығарған өлеңі болатын. «Қараторғай !Ұштың зорға-ай! Бишара, шырылдайсың,Жерге қонбай!Бұл өлеңін Қараторғайынның азапты күнінде шығарған еді. Сөз өнерінде толастамайтын мәңгілік тақырып, махаббат тақырыбына арналған «Ақтоқты», «Мақпал», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек» «Сырымбет» және атақты «Балқадиша» атты өлеңдері бар.

Балқадиша» әнін өздерің теледидардан көріп те, естіп те жүрген боларсыңдар.Осы күнге жетіп жастардың таңдауына айналған бұл өлең Ақан өлеңінің өміршеңдігінің айғағы осы емес пе? Ендеше «Жігіттер» квартетінің орындауындағы осы бір әнді тыңдасақ.

«Балқадиша» әнінің шығуы Ақанның өмірімен тікелей байланысты. Ақанды «пері ұрыпты» деген қауесеттің тарап кеткен кезінде Ақан Ыбырай деген сол кезде аты баршаға мәлім кісінің ауылына шілдехана тойының үстінен шығады. Ауыл ілтипат көрсетіп, төрге шығарады. Алайда ақынның жанына барып отыруға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Осы кезде Қадиша қыз: «Сері ағамның жанына мен отырайын» – деп Ақанның жанына жайғасады.Мұны естіген Ақанның көңілі жәй тауып, бойжеткенге риза болып қалады.Серінің жанында Қадишаның отырғанын естіген ағалары екі жеңгесін жібереді. Алайда қыз орнынан қозғала қоймайды.Осылайшы отырғанда таң атып, қыз кетуге жинала бастайды. Ақын қолына домбырасын алып, осы әнді орындайды. Әннің «Күйеуің сексен бесте, шал, Қадиша» деген жолдарын алға тартып, Қадиша шалға атастырылған дегенді айтады.Дегенмен Қадиша өз теңіне (Сүлеймен деген текті атаның баласына) ұзатылған.Бес перзентті болып 1953 жылы өмірден өткен. Өлең ауызша тарағандықтан кейбір жерлері өзгеріске ұшырайды және бірнеше нұсқалы болып келеді.Бұл өлең де үш нұсқалы болған деседі.

Ақан өлеңдерін Ақан болмысынан бөле-жара қарауға болмайды.Себебі:Ақанның өлеңі- өмірі,өмірі-өлеңі.

1942 жылдың 10 наурызында Ғабит Мүсірепов жазған «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасы М.Әуезов атындағы драма театрында қойылды. Ақан рөлінде- Шәкен Айманов, Ақтоқты- рөлінде – Шолпан Жандарбекова ойнайды.Бұл спектакль қазақ театрының тарихында алтын әріптермен жазылған дүние болды.

Топтық жұмыс

Ітоп

Ақан тарагедиясын тізбектей жазу

ІІ топ

«Жылқы-ер қанаты»

Жылқыға қатысты мақал-мәтел жазу

ІІІ топ

Ребус шешу

ІV топ

Кейіпкерге хат

Vтоп

Венн диаграммасы

Біржан мен Ақан

Бекіту: Сабақты сөзжұмбақ арқылы пысықтау (Ақан сері)

Сөзжұмбақ

1.Ақанның шын есімі (Ақжігіт)

2.Атақты ән-өлеңі (Балқадиша)

3.10 жыл отасқан жары (Бәтима)

4.Ақанның қаршығасы (Көкжендет)

5.Ақан туған жер (Қоскөл)

6.Қанша жасында өмірден өтті? (жетпіс)

7.Ақынның «қызға бермес жануары» (Құлагер)

8.Халық берген атағы (Сері)

Өлкетану

Сырдың елі – жырдың елі.Осындай жырдың елі Шиеліде ақын,әнші,сазгер бір басына бірнеше өнер тоғысқан Ақан сынды ақынымызды білеміз бе?

  • Әрине, Нартай Бекежанов.

Ақын, сазгер, сырнайымен саз төккен әнші Нартай ақын (1840-1945)Шиелі ауданында дүниеге келген. Қазіргі Нартай ауылында ақынға арналған мемориалдық өнер музейі бар.1993 жылдан бастап пайдалануға берілген.

Қорытынды:

Қазақтың қазақтығын танытатын қасиетті қара домбырасын қолына ұстап, сан өнерді бір басына тоғыстарған сері Ақан қазақтың біртуар ұлы, қайталанбас ірі тұлғасы.

Міне,біз бүгін Ақан әлемінің сырына әбден қанық болдық.

Бағалау: Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма: «Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылық жолын оқу.

Қосымша мәліметтер жинау.

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:

Абай аудармалары

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: З.Қойшыбаева

2019-2020 оқу жылы

Бекітемін

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары:

А.Күлтаева

Тақырыбы: Абай аудармалары

Сабақтың мақсаты:білімділік- Абай шығармаларының қыр-сырын меңгертіп, ақынның аудармаларымен таныстыру, шығармаларына тереңдей бойлату,

Дамытушылық- өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, ұжыммен бірлесе отырып жұмыс жасауға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру;

Тәрбиелік- өмірді сүйе білуге, қиындықпен күресе білуге, білімділікке баулу.Өз ана тілін қадір тұтуға, өзге тілге құрметпен қарауға тәбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, талдау, кесте, салыстыру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс;

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, орыс тілі

Көрнекілігі: электронды оқулық, кітаптар көрмесі, слайд

Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақ әдебиеті

Жорналдар, Қазақ тілі мен әдебиеті №4/ 2014, өлеңдер жинағы

І. Сабақтың барысы:

а) Сәлемдесу

ә) Түгендеу, зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Абай поэзиясы-адамзаттың асыл қазынасы

І Ибраһим тобы

Өлеңдерін жаттау, мазмұнын ашу

ІІ Абай тобы

Өлең құрылысын талдау

Өлең –сөздің// патшасы, // сөз сарасы, а

Қиыннан// қиыстырар ер// данасы. а

Тілге жеңіл, // жүрекке // жылы тиіп, б

Теп-тегіс // жұмыр келсін // айналасы а

Өлең құрылысын талдау

Шумақ -1

Тармақ-4

Бунақ-3

Буын-11

Ұйқас түрі – қара өлең (а,а,б, а)

ІІІ Телғара тобы

Венн диаграммасы

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Абай

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Мұқағали

IV Қарашұнақ тобы

«Ұлылардың ұлысы» эссе, өлең шумағын жазу

ІІІ Жаңа сабақ

Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде,

Шақырмаса жолға сап мен өлеңге келем бе?-

деп Ұлы Абайдың ізбасарлары қазақтың қара өлеңін Абаймен қатар қойса, енді бірде , «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» – деп сөздің асылын Абайдан іздетеді.Ендеше, біз Абайдың туындыларымен танысуды одан әрі жалғастырамыз.

Абайдың өмір жолын еске түсірейікші.

Абай қайда білім алды (Семейде, Ахмет Риза медресесінде, «Приходская школада»)

Бар жоғы 3 ай орысша оқыған Абай ендігі ізденіс жолын өз бетімен үйрену арқылы дамытты.Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп, кітаптар алып оқыды. Сөйтіп жүріп 1870 жылы Е.П.Михаэлиспен кездесті.Кітапханада Л. Толстой кітабын сұрап тұрған қазақты көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды.Осылайша басталған таныстық кейін үлкен достыққа айналады.Михаэлис мұнда патша үкіметіне жақпайтын сөз айтқаны үшін жер аударылып келген болатын. Михаэлистің көмегімен Абай енді кітаптарды іріктеп, жүйе-жүйемен оқитын болады.Осыдан барып Абай: «Дүниеге көзімді ашқан – Михаэлис»- деген.

1880 жылдары Абай орыс әдебиетінің классиктері Пушкин, Лермонтов,Крылов , Некрасов, Салтыков –Шедрин, Толстой, Байрон, сынды даналардың туындыларымен танысты, дүниетанымын кеңейтті.Танысып қана қоймай Пушкин, Лермонтов, Крыловтарды да сүйіп оқып, олардың туындыларын қазақ тілінде сөйлетті.

Абай Лермонтавтан «Теректің сыйы», «Тұтқындағы батыр», «Жалғыз жалау» , «Жартас» т.б жалпы саны 27 шығармасын аударды.

Қазақ тарихында Пушкиннің мұрасына алғаш айрықша зер салып, өнеге еткен Абай Құнанбаев болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой ормымен байытты. Қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуі үшін орыс мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды Ол Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті.

Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегин» романын аса жоғары бағалады және романды қазақ ұғымына лайықтап аударды. Бұл шығарма Абай көңіліне тіпті жақын келді. Татьяна мен Онегиннің бір-бірін риясыз сүйіп, тіршілік талқысынан қосыла алмай опық жеген күйін таныды. Абай аударманы Пушкин текісіне мағынасы жағынан өте жақын етіп бере білді. Қазақ жастарының басындағы осыған ұқсас жағдайлар көптеп кездескендіктен осы туындыны аудару арқылы қазақ жастарының мұңын жоқтады.

Тарихқа тоқталу.

Абай өмір сүрген кезеңде қазақ жастарының басында қайғы бұлтындай үйірілген не нәрсе еді?

Әрине, қалың мал мәселесі яғни ,әйел теңсіздігі.

Ал, әйел теңсіздігі дегеніміз не еді? (Қалың малдың ықпалымен әйелдің ерге шығуы.)

Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы, тағдыры қазақ қызының, тағдырына өте ұқсас еді.Сондықтан Абай «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» және «Татьянаның Онегинге жазған хатынан» 8 өлеңін аударды.

«Я вас любил»

Осылай деп хат жазысқан екі жастың жүрегіне жақын келгені сондай Абай арнайы ән шығарып, Татьяна қазақ жерінде ән болып қалықтады.

Пушкинді аудару арқылы шалыс ұйқасты өлең түрін тауып қазақ өлеңіне жаңалық ендірді.

90- жылдардың аяқ кезінде Абай Крыловтың мысалдарын көбірек аударды.

Мысал дегеніміз- шағын көлемді, адамға сабақ боларлық тәрбиелік мәні бар шығарма.

«Емен мен Шілік», «Есек пен Бұлбұл», «Бүркіт пен қарға» , «Шегіртке мен құмырсқа», мысалдарын аударған.Крыловқа қол созуына Абайдың өз айналасына сыншылдықпен қарауы зор себеп болды. Ол өз шығармаларында ұнамсыз құбылыстарды мысал үлгісімен сынап көруге бел буды. Сол арқылы адам бойындағы қулық- сұмдық, мақтаншақтық, әлін білмегеннің әлегін сынайды.

Мысалы: «Түлкі мен қарға» мысалындағы түлкі қарғаны мақтап-мақтап ірімшігіне өзі ие болғандығы жайлы айта келе, мақтансүйгіштердің түлкідей қуларға мазақ болуын көрсетеді. «Құмырсқа мен шегіртке»

Солқылдақ саясаттың қылышынан қан тамып тұрған тұста көптеген ақындарымыз мысал жанрын таңдады. «Басни Крылова» яғни Крылов мысалдарынан аударма жасаған ақындарымыздың бірі өздеріңізге белгілі қазақ әліпбиін түзген, реформатор А.Байтұрсынов еді. Сендер А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан һәм шаян» атты мысалымен төменгі сыныптарда таныстыңыздар. Бұл мысал ауызбіршілікке, бірлікке шақырады.

Абай осыншама ақындар туындыларын еркін аударуға ғылым-білімге деген шексіз құштарлығының , дамылсыз еңбегінің арқасында қол жеткізді.Еңбектенген адамның еңбегі қашанда бағаланатыны белгілі. Ендеше, бізде еңбектеніп өз бағамызды алайық.

І Ибраһим тобы

Ребус шешу

Абай-дана, Абай – дара қазақта

ІІ Абай тобы

Ұлылар үндестігі . Венн диаграммасы арқылы қос ақынды салыстыру

АБАЙ Пушкин

ІІІ Телғара тобы

Қарама-қайшылықты сипаттама

«Шегіртке мен құмырсқа»

Кейіпкер Мінезі Іс-әрекеті Мақал-мәтел
Құмырсқа Салмақты, еңбекқор Ала жаздай ән салсаң,селкілде де билей бер Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек етсең- емерсің.

Шегіртке Жеңілтап, жалқау Қарағым, жылыт, тамақ бер, жаз шыққанша асыра Жалқаудың жаны тәтті.

Еріншектің ертеңі таусылмас

IV Қарашұнақ тобы

Сөздікпен жұмыс

« Интернатта оқып жүр» өлеңіндегі орысша сөздердің аудармасын жазу

Өлкетану.

С.Сейтенов .

Шиелі талай тарландардың кіндік қаны тамған киелі мекен.Туған өлкеміздің мақтанышы С. Сейтенов ағамыз тың туындылары мен жарқын жырлары арқасына ел жадында сақталды.Ақынға Шиеліден көше аты берілген.Осындай тұлғалармен біз әрдайым мақтанамыз.

Бекіту: Сабақты пысықтау мақсатында сұрақтар қойылады.

  1. Абай кімдерден аударма жасады?
  2. Абай үшін «дүние есігін ашқан» кім еді?
  3. Аударма жасау арқылы қазақ өлеңіне Абайдың әкелеген жаңалығы ?
  4. Абайдың мысалға қол созуының себебі неде?

Қортынды:Суреттер арқылы Мультимедиядан суреттерді ретімен шығарып отыру

1 Бес жұлдыз

Ана тілім – аспандағы жұлдыздай жарқырай бер!

  1. Күн

Аяулы тілім- күндей жарқыра!

3.Жүрек

Ана тілі- жүректің үні

Бағалау: Сабаққа белсене араласып отырған білім алушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: Абай аудармаларын оқу

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Біржан өлеңдері

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: З.Қойшыбаева

2019-2020 оқу жылы

Бекітемін

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары:

А.Күлтаева

Сабақтың тақырыбы: Біржан өлеңдері

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі әншілік өнерді дәріптеу.
Білімділік :Әнші – композитордың шығармашылығына тоқталу , таныстыру.
Дамытушылығы: Ақыл -ой өрістерін дамыту, жан- жақтылыққа үйрету. .
Тәрбиелік мәні :Халық композиторларының музыкалық
шығармалары арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,шығармашылыққа баулу
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

І Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

Ә) Түгендеу, зейінін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

1.Біржанның өмірі туралы не білдің?

  1. Неге ақынның өмірі трагедиямен аяқталды?

ІІІ Жаңа сабақ

. Біржан бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты.Мұқан Төлебаев«Біржан – Сара» операсын жазды.өкіне, ашына айтқан. Біржан сал өз ауылында тұрақтамай, ел кезіп кетеді.. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген “Ләйлім шырақ”, “Теміртас”, “Жайма шуақ”, “Айтпай”, “Бурылтай”, “Айбозым”, “Асыл-Ақық”, “Керкекіл”, “Ақ серкеш”, “Мәті-Дәулен”, “Алтын балдақ”, “Телқоңыр”, “Аққошқар”, “Көкек” т. б. әндері – мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын “Біржан – Сара” операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да – өлмес қазынамыз.
Музыка тыңдау.Теміртас
Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
Адамзат қалмақ па екен солай сарнап.
Көз көрген құрбыларға дұгай сәлем,
Батасын оқи берсін маған арнап.
Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,
Шешеннің сөз шығады таңдайынан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым,
Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,
Үкідей мен сендерді балақтадым.
Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,
Есіктен келе ме деп алақтадым.
Салғаным ағаш үйге ызботты пеш,
Жаратқан, мен бендеңнің күнәсін кеш.
Денеме кендір арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндерген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты.

Бекіту: Венн диаграммасы

Біржан Ақан
Қорытындылау: “Үш жүзді сайран қылған Біржан едім” деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралап әнін қалдырған ақынның әндері әлі жалғасын табуда.

Бағалау:
Үйге тапсырма:
Біржан салдың өлеңдерінен үзінді жаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше