Нурлыбаева Акку Каиржановна
Петропавл қаласы № 7 орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Нурлыбаева Акку Каиржановна
| Пән:сауат ашу | Мектеп: № 7 орта мектеп | |||||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:
Нурлыбаева А.К |
|||||||
| Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | 21жоқ | ||||||
| Сабақ тақырыбы | Е дыбысы мен әрпі | |||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру 1.3.1.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. |
|||||||
| Барлық оқушылар:Е әрпін таниды, ажыратады ,дыбыспен сәйкестендіреді; мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды;
Көптеген оқушылар: Е дыбысынан басталатын сөздерді буындап оқиды, е әрпін және сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады, сұрақтарға жауап береді; Кейбір оқушылар: е дыбысынан басталатын сөздерге сөйлемдер құрастырады; |
||||||||
| Бағалау
критерийлері |
1.Е әрпін таниды, ажыратады. Сөздерді буынға бөліп, оқиды;
2.Мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрация бойынша болжайды; 3.Каллиграфиялық талаптарға сай «Е» әрпі бар сөздерді, сөз тіркестерін жазады; 4. Берілген сөздерге сөйлемдер құрастыру, тілдік бірліктерді ажыратады; |
|||||||
| Тілдік мақсаттар | Ат-конь-horse
Қанат-крылья-wings |
|||||||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсету мен қатар, қоршаған ортаға (жануарларға) сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. | |||||||
| Пәнаралық байланыстар | Дүниетану,әдебиеттік оқу,музыка,еңбек | |||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтада өзара бағалауда шынайы бағалауда қолдану, ресурстарды, бейнероликті көрсету | |||||||
| Бастапқы білім | Бізді қоршаған әлем | |||||||
| Сабақбарысы | ||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
| Сабақтың басы
7 минут |
1.Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру мақсатында «Кір жуу» әдісі
Топқа бөлу Әр түрлі суреттердің қималарын таңдап алып,бір сурет құрастырады. Сол сурет бойынша топқа бөлінеді.Топ ережесін еске түсіру. 1 топ.Ескек 2 топ. Емен 3 топ. Елтаңба Әр топ оқушылары өз суреттеріне мұқият қарап,атайды.Мұғалім сөзі:-суреттер қандай әртіптен басталып тұр? Өткен сабақты пысықтау Жеке жұмыс Алфавиттік жұмбақ шешу: Есікте бар, тұтқада жоқ, Етікте бар, пимада жоқ. Ол не? Шешуін табады -Дұрыс айтасыңдар. Ендеше бүгінгі сабағымызда Ее дыбысы мен әрпі тақырыбын ары қарай жалғастырып, білім толықтырамыз. «Мен саған,сен маған» әдісі.Жұптық жұмыс (Екі оқушы бір-біріне доп лақтыру арқылы өткізіледі) -Ее дыбысының ерекшелігі қандай? -Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? -Ее дыбысы қандай сөздерде жазылады? -Е дыбысы бар мысал айт т.б. Бағалау.Өзара бағалау |
|||||||
| Сабақтың ортасы
26 минут |
1 тапсырма: «Елік» сөзіне дыбыстық талдау жасау
Елік қайда өмір сүреді? Елік қандай жануар? Ол немен қоректенеді? «Елік» сөзі неше буыннан тұрады? 2 тапсырма: 1 топ. «Ер қанаты -ат» мақалдың мағынасын аш 2 топ. Шашылған әріптерден сөз құра (і,ш,е,к),(т,е,і),(е,с,к,е) 3 топ. Коллаж жасау(берілген текшелердегі суреттерден е дыбысы бар суреттерді топтастыру) Бағалау критерилері -Әр оқушы өзіне жүктелген тапсырманы орындайды Мақалдың негізгі идеясын түсіндіреді Дескриптор: 1.Мақалды түсініп оқиды 2.Мақалдың мағынасын түсіне алады 3.Суреттерді е дыбысына байланысты топтастыра алады Сергіту сәті: «Қыдырып қайтайық» 3 тапсырма Оқулықпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді »әдісі Сызбаның көмегімен суретегі іс-әретті болжап,сөйлем құраңдар. 1 топ . 2 топ . 3 топ . Бағалау критерийі:
4 тапсырма Дәптермен жұмыс Дәптерде әріптер мен сөздерді қатесіз әрі көркем етіп жазу. Сызбаға Ее дыбысы мен әрпі бар сөздерді жазу. -Ее дыбысының әрпін жазуды қайталайық(ауада, тақтада жазу). -Дәптердегі әріпті, сөздерді көркем етіп жазайық. -Ее дыбысы мен әрпі бар сөздерді тауып көріңдер, оны сызбаға жазыңдар. Оқушылардың әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаймын. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда ,бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданамын. |
бағдаршам арқылы топтар өзара
бағалайды Оқушылар «Бас бармақ»әдісі арқылы өзара бағалайды |
||||||
| Сабақтың соңы
5минут |
5 тапсырма
«Сөз менен,сұрақ сенен» әдісі «Кім тапқыр?» ойыны. –Берілген жауаптарға қандай сұрақтар қоюға болады? -Ерлан -Екіде -Еңбекқор -Кеше -Беске -Е дыбысы бар бір сөзді тауып, оны буынға бөліңдер, е дыбысының сөздегі орнын анықтаңдар. Бағалау.Мұғалім тарапынан бағалау,мадақтау.Смайликтер тарату. |
|||||||
| Рефлексия
2 минут |
Рефлексия | |||||||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
| Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Әдебиеттік оқу,дүниетану сабағы,
оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу |
||||||
