Торгаева Гузель Талгатовна
| Пәні
Ортақ тақырып:Бізді қоршаған әлем Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шамалар мен өлшемдер Күні:11.10.2019 Сынып:1 «В» |
Мектеп: ШҚО, Үржар ауданы «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Торгаева Гузель Талгатовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
| Сабақ тақырыбы: | Заттарды көлемі бойынша салыстыру | ||
| Оқу мақсаты | 1.1.3.1. көлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшемдер жүргізу | ||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: көлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдайды; өлшемдер жүргізеді
Көптеген оқушылар: көлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды пайдаланады, түрлендіреді Кейбір оқушылар: көлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды біріктіреді; өлшемдер ұсынады. |
||
| Бағалау критерийлері | көлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдайды; өлшем жүргізеді | ||
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: заттарды пішіні, үлкен-кішілігі бойынша ажыратады
Пәнге тән лексика мен терминология: көлем, сыйымдылық, өлшеуіш Заттарды көлемі бойынша салыстыруға болады. Құмыраның көлемін стаканмен өлшеуге болады. Қораптың көлемін текшемен өлшеуге болады. Стақан мен текше – өлшеуіштер. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Көлем деген не? Шелек пен бөшкені салыстырғанда қайсысының көлемі үлкен? Көлемді қолдағы бар заттармен өлшеуге болады ма? Құмыраның көлемін қандай өлшеуішпен өлшеуге болады? |
||
| Құндылықтарды дарыту | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым – қатынас құндылықтарды дарыта отырып, заттарды көлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдап, өлшеп өмірде қолдануға тәрбиелеу. | ||
| Пән аралық байланыс | Дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Бейне жазба | ||
| Бастапқы білім | Ыдыстарды үлкен кішілігіне қарай салыстыра алады | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың
Жоспарланған Кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы
2 минут 2 минут |
Психологиялық ахуал
Қайырлы күн деп айтамыз Мектептен білімді болып қайтамыз, Отбасының гүліміз. Көңілді өтер күніміз, Сәтті күн болсын! Оқушыларды текшелердің көлемі бойынша топқа бөлемін. І топ-үлкен көлемді текше ІІ-топ орташа көлемді текше ІІІ-топ кішкентай көлемді текше |
||
| Сабақтың ортасы
32 минут |
(Ж ) 1.Тапсырма
«Бір кішкентай шәйнек су» әдісі Қауіпсіздік ережелерін сақтай отыра шәугім ішіндегі құйылған суды кеселерге құйып санату. Бір кішкентай шәйнек су қанша кесеге жететінін анықтау. Сандықшаның ішіне қанша қалбырдағы шай сыйатынын санайды және сандықшаның көлемін анықтайды. Дескриптор: –Кішкентай шәйнекті суға толтыру. -Кеселерді ретпен қою. -Төкпей кеселерді суға толтыру -Суға толы кеселерді санау. -Сандықшаның ішіне қанша қалбырдағы шай сыйатынын анықтау. -Сандықшаның ішіне қалбырдағы шайды санап салу ҚБ: «Кеселер» әдісі Қызыл түсті кесе кішкентай шәугімдегі суды кеселерге толығымен құйып, дұрыс санай білсе Көк түсті кесе кішкентай шәугімдегі суды кеселерге толығымен құйып, дұрыс санауда қиналса Жасыл түсті кесе кішкентай шәугімдегі суды кеселерге толығымен құйылмай қалса, санауда қателік жіберсе Саралау «Тапсырма» тәсілі арқылы жүзеге асады. Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді, мысалыкөлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдайды, өлшейді. (Т)2.Тапсырма «Тәжірибе» әдісі І-топ шелекке ожаумен санап су құю ІІ-топ құмғанға кесемен санап су құю ІІІ-топ кесеге қасықпен санап су құю Сендер ыдыстарға суды қалай құйдыңдар? Суды ыдыстарға құйғанда не байқадыңдар? Қандай айырмашылық байқадыңдар? Оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, әртүрлі ыдыстардың көлемін өлшеуге арналған әдістерді тәжірибеде түрлендіріп пайдаланады. Дескриптор: -әртүрлі ыдыстарды көлеміне қарай ажыратып, ретпен қою. -Ыдыстарды суға толтыру -ыдыстардың көлемін өлшеуге арнлаған әдістерді пайдалану ҚБ: «Текшелер» әдісі Оқушылар текшелердің піші бойынша бағаланады. Үлкен текше әртүрлі ыдыстарды көлемін өлшеуге арналған әдістерді тәжірибеде дұрыс пайдаланса Орташа текше әртүрлі ыдыстрады көлемін өлшеуге арналған әдістерді жартылай пайдаланса Кішкене текше әртүрлі ыдыстрады көлемін өлшеуге арналған әдістерді пайдалануда мұғалімнің көмегін қажет етсе Саралау «Дереккөздер» тәсілі арқылы әртүрлі дереккөздерді пайдалана отыра оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, әртүрлі ыдыстардың көлемін өлшейді. Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз Бір отырып, бір тұрып, Тез шынығып аламыз «Ж» 3. Тапсырма «Ойлан тап» әдісі Берілген ыдыс суреттеріне сәйкес әртүрлі өлшеуіштердің суретін салады. Дескриптор: -Жұптарға әртүрлі ыдыстардың суреттері таратылады. -Оқушылар суреттегі ыдысқа сәйкес өлшеуіштерді анықтайды. -Әртүрлі ыдысқа сәйкес өлшеуіштердің суретін салады. ҚБ: «Сандықша» әдісі Оқушылар әртүрлі пішіндегі сандықшалармен бағаланады. Үлкен сандықша суреттегі ыдысқа сәйкес әртүрлі өлшеуіштердің суретін салса Орташа пішінді сандықша суреттігі ыдысқа сәйкес әртүрлі өлшеуіштердің суретін жартылай салса Кішкентай пішінді сандықша суреттегі ыдысқа сәйкес әртүрлі өлшеуіштердің суретін салуда мұғалімнің көмегін қажет етсе Саралау «тапсырма» тәсілі арқылы жүзеге асады. Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді, мысалыкөлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдайды, өлшейді. |
Суреттер салады | |
| Сабақтың соңы
4 минут |
Балалар сонымен қорытынды шығаратын уақыт
келді. -Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе? -Қандай тапсырмалар қиындық туғызды? – Қандай тапсырмалар жеңіл болды? -Сабақ ұнады ма? Өз ойларыңды білдіріңдер. Кері байланыс «Сыйлықтар» әдісі Үлкен қораптағы сыйлық көлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдай алды, өлшемдер жүргізді Орташа қораптағы сыйлық көлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдай алды, өлшемдер жүргізуде қиналды Кіші қороптағы сыйлық көлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдағанда қиналды, өлшемдер жүргізуде көмек қажет етті |
||
| Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?
(Ж ) 1.Тапсырма Саралаудың «Тапсырма» тәсілі арқылы жүзеге асады. Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді, мысалыкөлем өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдайды, өлшейді. (Т)2. Тапсырма Саралау «Дереккөздер» тәсілі арқылы әртүрлі дереккөздерді пайдалана отыра оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, әртүрлі ыдыстардың көлемін өлшейді «Ж»3.Тапсырма «Ойлан тап» әдісі Берілген ыдыс суреттеріне сәйкес әртүрлі өлшеуіштердің суретін салады. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Т ) 1.Тапсырма ҚБ: «Кеселер» әдісі Қызыл түсті кесе кішкентай шәугімдегі суды кеселерге толығымен құйып, дұрыс санай білсе Сары түсті кесе кішкентай шәугімдегі суды кеселерге толығымен құйып, дұрыс санауда қиналса Көк түсті кесе кішкентай шәугімдегі суды кеселерге толығымен құйылмай қалса, санауда қателік жііберсе Ұ)2.Тапсырма ҚБ: «Текшелер» әдісі Оқушылар текшелердің піші бойынша бағаланады. Үлкен текше әртүрлі ыдыстарды көлемін өлшеуге арналған әдістерді тәжірибеде дұрыс пайдаланса Орташа текше әртүрлі ыдыстрады көлемін өлшеуге арналған әдістерді жартылай пайдаланса Кішкене текше әртүрлі ыдыстрады көлемін өлшеуге арналған әдістерді пайдалануда мұғалімнің көмегін қажет етсе «Ж» 3. Тапсырма ҚБ: «Сандықша» әдісі Оқушылар әртүрлі пішіндегі сандықшалармен бағаланады. Үлкен сандықша суреттегі ыдысқа сәйкес әртүрлі өлшеуіштердің суретін салса Орташа пішінді сандықша суреттігі ыдысқа сәйкес әртүрлі өлшеуіштердің суретін жартылай салса Кішкентай пішінді сандықша суреттегі ыдысқа сәйкес әртүрлі өлшеуіштердің суретін салуда мұғалімнің көмегін қажет етсе |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
1-тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ескеріледі. 2-тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік ережесі ескертілді. |
|
