Жаңа сабақтар

Фариза Оңғарсынованың жыр әлемі

СҚО, Мамлют ауданы «Андреевка орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Базарбаева Алтынгул Жамбуловна

Қоғам қайраткері, халық жазушысы, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80-жылдық мерейтойына арналған «Фариза Оңғарсынованың жыр әлемі»

атты поэзия кеші

Би: Қазақ биі (5-сыныптың қыздары)

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Ақын, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Фариза Оңғарсынованың 80-жылдық мерейтойына арналған «Фариза Оңғарсынованың жыр әлемі» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Күні кеше ғана дүниеден озған поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылық өміріне талдау жасай отырып, балалардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ақынның шығармаларын насихаттамақшымыз.

1-жүргізуші:

Бүгінде ақын көп. Ақынның көп болмағы –әдебиет үшін табыс. Бірақ осы өлеңдердің қалай оқылып жатқанын ешкім саралап жатпаса да уақыт атты тамаша таразы бар. Жүректен шыққан туындыларды халық жүрегіне жеткізетіні белгілі. Ұлттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға, біртуар суреткер Фариза Оңғарсынова.
2-жүргізуші:

Поэзия – қасиетті ұғым. Ол — адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі. Жеке адамның ешкімге айтпас құпия қастерлі ішкі сыры. Поэзия тек қана ішкі дүние ғана емес, адам жанының алаулаған алтын жалыны. Қазақ қыздарының поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде алғашқы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз. Фариза туралы пікірлер толассыз. Соның бірі жазушы Шерхан Мұртаза: Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз. Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты. Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ақын жалғыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондардың жүрегін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен құдіретті.

1-жүргізуші:

Сөз кезегін мектеп директоры Сарбасова Айгүл Кинуарбекқызына

Тәрбие ісінің орынбасары :

Мектеп кітапханашысы:

Мәдениет үйінің кітапханашысы: беріледі.

2-жүргізуші:

Фариза ақынның өмірдастанынан мәлімет беретін 10-сынып оқушылары Мажитова Дария мен Ермекова Аруна

Фариза сонау Нарын құмының арасында, асып — тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық – жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған.

1-жүргізуші:

Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған өлең-жырларына кезек береміз.

  1. 5-сынып оқушысы Вахит Нұрасыл
  2. 8-сынып оқушысы Мустапин Сержан
  3. 6-сынып оқушысы Құлатаева Жангүл
  4. 7-сынып оқушысы Ақынова Баянсұлу
  5. 8-сынып оқушысы Садыржан Ақжол

Фариза ақын фәниден өтсе де, соңында өшпес ізі қалды. Қалай мақтасақ та, қалай жоқтасақ та лайықты тұлға. Ақынның творчествосы бүгінде ұлттық мұраға — ұлт, мемлекет мақтан ететін мұраға айналды . Фариза әлемі — әлі өзіміз сырына тереңдей қоймаған, бірақ айтулылардың бірі болып қазақпен бірге мәңгі жасайтын әлем.

  1. 5-сынып оқушысы Темірболат Алуа
  2. 6-сынып оқушысы Кутфенова Нұрай
  3. 8-сынып оқушысы Божанов Диас
  4. 5-сынып оқушысы Мұстапина Аяжан
  5. 5-сынып оқушысы Зулфуқарова Мумина

2-жүргізуші

Менің мінезім қыңыр болатын. Мені қазіргі қалпымда сақтап келген қорғаным да – сол қыңыр мінезім. Жұрт бұл мінезімді сан-саққа жүгіртіп, сыртымнан түрлі әңгімелер шығарып, жақсы – жамандыанықтауыштармен маған айдар тағып жүреді. Біреулер «Тентек» дейді, енді біреулер «мінезі шатақ» дейді. Мен бұлардың ешқайсысына айылымды жимаймын. Себебі, өзімнің жан дүнием, көңілім өзіме аян: сәл өтірік, көлгірсу, жағымпаздану мен мақтаншақтық – осының бәрімен менің жұлдызым қарсы және жан дүнием сезіп қалады да, ондай адамдарды қабылдамайды».

1-жүргізуші:

Жырыңды оқы жарқылдап, төгіл деме

Қылығымды алмаңдар көңілге де,

Жыр оқу да – бір дарын, көрген емен.

Артист болып түсімде, өңімде де,

Өмір атты сахна төрінде де.

Бүгін міне, ақын апамыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған поэзиялық жыр кешімізді аяқтай отырып, ақын апамыздың жолын қуған батыр да, батыл ұлдар мен қыздар көбейе берсін демекпіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.