Жаңа сабақтар

Дошимова Айсұлу Жайлихановна

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Гидросфера

Мектеп: Түркістан облысы, Шардара ауданы «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі
Күні: 12.12.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: География пәнінің мұғалімі Дошимова Айсұлу Жайлихановна
Сынып: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қазақстан су ресурстарына баға беру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 9.3.3.3 Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға береді
Сабақ мақсаттары
  • Қазақстанда су тұтынатын салаларды анықтайды.
  • Су бассейндерінің негізгі су тұтынушыларын анықтап, экономика салаларының су ресурстарын пайдалануын бағалайды.
  • Сумен қамту бойынша мәселенің шешу жолдарын ұсына алады.
Бағалау критерийлері Топтық жұмыс арқылы суды тұтынатын салаларды анықтайды.

Мәтін бойынша экономика салаларының су ресурстарын пайдалануына баға береді.

Судың жетіспеуінің алдын алу шараларын ұсынады.

Тілдік мақсат Оқушылар су ресурстарына экономикалық тұрғыдан жазбаша баға береді. (оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары).
Құндылықтарды дарыту Сабақ барысында «Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «ашықтық», «академиялық шыншылдық», «әлемдік азаматтық» жүзеге асады;
Бастапқы білім Гидросфера ұғымын біледі.
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта, интернет ресурстары қолданылады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Топқа бірігу.Оқушыларды ән шумақтары бойынша топқа бөліну.

Оқушылар сол әнді құрастырып ,топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтады.»Желтоқсан желі» әнін орындайды.

1топ: Желтоқсан

2топ: Қазақстан

3топ: Астана

Алдыңғы білімді пысықтау

«Кубизм» әдісі арқылы алдыңғы білімді пысықтаймын.

1. Гидроним дегеніміз не?( Гидроним грек тілінен аударғанда «hydor — су + onyma, onoma — ат, атау, есім» кез келген су объектісін білдіретін жалқы есім, топонимнің бір түрі екенін түсіндіреді)

2. Пелагонимдер сөзінің мағынасы (Пелагоним теңіздер мен олардың бөліктерінің атауы.Мысалы: бұғаз,шығанақ,қайраң т.б)

3. Қазақстандағы ұзындығы мың шаршы шақырымнан асатын жеті өзенді атаңыз? (Сырдария,Іле,Жайық,Ертіс,Есіл,Тобыл,Шу)

4. Қазақстандағы ең ірі тау мұздығы (Іле Алатауында орналасқан Корженевский мұздығы)

5. Көлдерге тиесілі атаулар қалай аталады? (Лимнонимдер)

6. Көлдер қалыптасуына қарай неше топқа бөлінеді?

(тектоникалық және экзогендік)

ҚБ. Смайликтер арқылы бағалау.

Кубиктер
Сабақтың бірінші бөлімі

70 минут

Жаңа сабақты «Суреттер сыры» әдісімен анықтау.

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Мұғалім сұрақ қояды:

  • Су ресурстарын пайдалану Қазақстан аймақтарында қаншалықты реттелген?
  • Қандай шаруашылық суды көп пайдаланады?

Бейне үзінді көру.

Ой қозғау.

  • Экономикалық баға беру қаншалықты қажет?
  • Бұл қажеттілік қандай себептен туындаған?

(Т) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып шығып, топта талқылайды.

Мәтін бойынша кесте толтырады.

Дескриптор: Мәтіндегі Қазақстанның сумен қамтамасыз етілу дәрежесін біледі.

Тапсырма №1. Зерттеу жұмысы. (топпен орындалады)

Тақырыбы: Суды шаруашылықта пайдалану

Мақсаты: Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға беру.

  • Суды шаруашылықта пайдалану мәселесін «Фишбоун» әдісі арқылы зерттейді;
  • Мәселе бойынша 2-3 аргумент мен фактілер келтіреді;
  • Жұмыс нәтижесімен таныстырады.

Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды.

Дискриптор:

  • Оқушылар бір мәселе бойынша зерттеу жұмысын «Фишбоун»да толық көрсетеді;
  • Мәселе бойынша 2-3 аргумент мен фактілерді пайдаланады;
  • Тақырыптың мазмұны ашылған;
  • Жұмыстарын таныстырылым кезінде жүйелі сипаттайды;
  • Топтық жұмысқа топ мүшелері белсенді қатысады;

Т) Жеке жұмыс.

Атласты пайдалана отырып,Қазақстанда қандай таза су шығаратын орталықтар бар екенін анықтап, кескін картаға түсіру.

Дескриптор: Қазақстанда таза су шығаратын орталықтарды анықтау

(Т) Жұптық жұмыс.

Тапсырма:

1.Қазақстан сумен қамтылуы бойынша қандай мәселелер бар екенін анықтаңыздар

2. Судың жетіспеуінің алдын алуға қандай іс-шаралар жүргізуге болады,
Оларды шешу жолдарына ұсыныс жасаңыздар.

Слайд9
Плакат,

Маркер

Атлас, кескін карта

Қорытынды

Суды шаруашылықта қолданудың салдары қандай болуы мүмкін?

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Менің осы тақырыпқа көзқарасым» ой айту

Бағалау:Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау жүзеге асырылады.

Үйге тапсырма: Су туралы мақал-мәтел жазып келу.

Стикерлер
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде күтіледі.

Барлығы Қазақстанның су ресурстарын шаруашылықта қолдануын анықтайды және экономикалық баға береді;

Көпшілігі негізінде су бассейндерінің негізгі су тұтынушыларын анықтап, экономика салаларының су ресурстарын пайдалануын бағалайды.

Жұптық бағалау-

Мәтінмен жұмыс кезінде топтар бір-бірінің жұмысымен танысады, бағалайды.

Өзіндік бағалау-

Сабақ соңында кері байланыс беру арқылы бағалайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағалау

Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Менің келесі сабағымда ескерілетін мен бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.