Жаңа сабақтар

Мүтиева Әлия Тарғынқызы

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Көздіғара ауылы, Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі Мүтиева Әлия Тарғынқызы

Сабақ тақырыбы: Сәулет өнері туралы не білеміз? Сөйлем мүшелері.

САБАҚ: Қазақ тілі Мектеп:ЖББ Көздіғара НМ
Күні:28.11.19ж Мұғалімнің есімі:Мүтиева А.Т
СЫНЫП: 3 Қатысқандар саны: 4 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Сәулет өнері туралы не білеміз?

Сөйлем мүшелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.1.2.1 мəтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мəтіннің мазмұнын болжау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) жəне тұрлаусыз мүшелерін ажырату.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
мəтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мəтіннің мазмұнын болжай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзете алады.
Кейбір оқушылар:
сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) жəне тұрлаусыз мүшелерін ажырата алады.
Бағалау критерииі Сөйлеу мүшелері туралы біледі;

Сөйлеу мүшелерінің түрлерін біледі

Жіберілген қателерді тауып, түзетеді

Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды.

Тілдік мақсат Оқушылар:

Бірлесе жұмыс істей отырып, диалогке қатысады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сәулет өнері, бәйтерек мұнарасы, тұрғын үйлер, ғибадатхана, стадион, теарт,кітапхана.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?
  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?
  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?
  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?
Талқылауға арналған тармақтар:
Топтық жұмыс кезінде бір – бірімен пікір алмасып, диалог жүргізеді.
Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
Құндылықтар-ды ды

дарыту

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
  • топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
  • топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағыеңбек және шығармашылық;
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу,көркем еңбек,дүниетану.
АКТ қолдану дағдылары Презентация
Алдыңғы білімдер Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау. Түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы 1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу;

б) оқушыларды түгендеу;

в) жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру;

г) оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

2. ) Топқа бөліну. «Мозаика» əдісі бойынша суреттер арқылы сыныпта топ ұйымдастыру.

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы бірге жұмыстанып,бір топ болып құралады. Топтың атын қояды.

Топ басшысын сайлайды. Топтың ережесін құрастырады.

ЕРЕЖЕ

Т – талқылаймыз

О – ортақ шешімге келеміз

П – пікірлесеміз

Т – тыңдаймыз

А – ақылдасамыз.

Мозайка
Ортасы Жаңа сабақ

Берілген суреттер бойынша мәтінді болжау.(презентация)

Мəтінді тыңдау. Мəтіннің тақырыбы бойынша мазмұнын болжау.

1-жаттығу. Мəтін тақырыбы бойынша мазмұнын болжап айтады. Мəтінді мұқият тыңдайды

(Т) Тірек сөздерді табу.

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Мəтін мазмұны бойынша талқылаулар жасап, мəтін мазмұнына тірек болатын сөздерді табады.

ҚБ:От шашу әдісі арқылы бағалау.

(МК; Ж; Қ) Мəтін мазмұны бойынша сұрақ қою, жауап беру.

«Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен мəтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді.

3.3.51 (МК; Ө; Қ) Сұраққа жауап жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Оқулықта берілген сұрақтарды оқып, жауап жазады. Мəтін сөздерін пайдаланып, «Сəулетші деген кім?» сұрағына жауап жазады. Оқушылардың сұрақтан ауытқымауына, бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.

Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.

(Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.

Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін

«Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Сөйлемді қатесін түзетіп көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

2-жаттығу. Сөйлемдерді қатесін түзетіп, көшіріп жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің басшылығымен бір- бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Дескриптор

Білім алушы — мәтіндегі жіберілген қателерді анықтап, түзетеді; — каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

3.4.2.7 (Ө; Қ) Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіру. Сөйлем мүшелерін ажырату.

Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіреді. Сөйлемдерде неше сөз бар екені анықтатылады. Алғашқы сөйлемдерге сұрақ қояды.

Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқытып, түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.

Ой сергек!

Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу.

3.4.2.7 (Ө; Қ) Сөйлем құрастыру. Сөйлем мүшелерін ажырату.

3- жаттығу. Суреттегі ғимараттардың атауын қатыстырып, сөйлем құрастырады. Құраған сөйлемдерін жазып, əр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін айтады. Үлгіге сүйеніп, сөздердің үстіне оған қойылатын сұрақты жазады.

3.4.2.7 (Ө; Қ) Сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазу. Сөйлем мүшелерін ажырату.

4- жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп, мəтінді көшіріп жазады.

Екінші сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін анықтап, түсіндіреді.

ҚБ: дәптерлерін тексеріп, жұмыстарын смайликтер арқылы бағалау.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

3.5 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты 3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Бағалау критерийі • Жіберілген қателерді тауып, түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма: Хабарландыруда жіберілген қателерді түзетіп, көшіріп жаз.

(Ө; Қ) Берілген сызбаның көмегімен хатты оқу. Оқушылардың назары жұмыс дəптердегі тапсырмаға аударылады.

Əлидің Мерейге жазған құпия хатын сызбаның көмегімен оқиды. Шешуі: Өнерлі бала сүйкімді.

Парталасына мақалдың мағынасын қалай түсінетінін айтып береді.

Ноутбук,

Оқулық

Смайликтер

Бейнежазба

Аяқталуы (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.

№2 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар

Үйге тапсырма беру: Ереже қайталау, « Еліміздегі қай сәулет өнері сізге ұнайды?» эссе жазу.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
қабілеті жоғары оқушыларға

Эссе жазады, ассоциация құрады, сурет салады,постер қорғайды

Бақылау:

Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-əрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым жəне неліктен?

Күтілетін нәтижеге сәйкес оқушыларым жаттығуларды орындай алды. Бірлесіп жұмыс жасаудың алғашқы баспалдағына аттады деп ойлаймын. Ережені естеріне түсіріп тұруыма байланысты олар бірге жұмыс жасауға талпынды. Оқушылар сабаққа көңілді қатысып отырды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.