Хадал Саттигул

ШҚО Катонқарағай ауданы

ҰОҚ. Тақырыбы: Геометриялық фигуралар.Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын. Мектеп «Чернова орта мектебі» КММ
Күні: 28.08.2019 жыл Педагогтің аты-жөні: Хадал Саттигул
Мектепалды даярлық тобы Қатысқандардың саны:10 Қатыспаған: 1
Оқыту мақсаттары: 0.3.1.1 Геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш ) мен денелерді (шар, цилиндр, текше) ажыратып, дұрыс атау.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:

-геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) атайды.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-үлгі бойынша шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектер құрастырады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектерді өз бетінше құрастырады.

Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:

-заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдер құрастыра алады.

Пәндік лексика және терминология:

-шеңбер-дөңгелек, сопақ-сопақша, үшбұрыш-үшбұрышты,шаршы-төртбұрышты (шаршы тәріздес), тіктөртбұрыш-тіктөртбұрышты.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

-Айналамызға қандай заттар дөңгелек (сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) пішінді?

-бейнелеу үшін қандай түстерді аласыңдар?

Пішіні, түсі бойынша бірдей қандай фигуралар бар?

Жазу:

-жиектеу, бояу.

Алдыңғы білім Шеңбер, үшбұрыш, шаршы.

Түс: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Басталуы

0-10 минут

Балалар бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасып алайық. Бір-біріне қарап жақсы лебіз айту.

Балалар бір-бірлеріңнің бас киімдеріңе қараңдаршы не бейнеленген. –Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы геометриялық пішіндер деп аталады.

пішіндер бейнеленген бас киімдер
Ортасы:

10-24

Бүгін бізге қонаққа таныс емес пішіндер де келіпті.

Бейне жазбаға назар аударайықшы. Бейне жазбадан

көргендей бізге таныс емес шар, текше, цилиндр. Бұлар геометриялық денелер деп аталады.Енді фигураларға рахмет айтып ,бас киімімізді шешіп қояйық.

Сәйкестендіру тапсырмасы: Өздеріңе таныс фигураларды қоршап, осындай пішіндегі заттармен сызып қосыңдар.

«Ақылды үкі» әдісімен өздерін өздері бағалайды.

Сергіту сәті

«Тез сана» ойыны.

Фигураларға сәйкес санын жазу.

«Бағдаршам» әдісімен бағалайды.

«Кім тапқыр» ойыны. Үй құрастыру

«Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

-шар, текше, цилиндрлердің суреттері

тапсырма жазылған ақ парақ. заттардың суреттері

қыстырғыштар

«Жұмыр қылыш

»

тапсырма жазылған ақ парақ

қалшашалар, суреттер

Рефлексия

25-30 минут

Педагог қорытынды жасап балаларды мадақтайды. Бүгінгі сабақ ұнаса , көңіл –күйлерің жақсы болса жасыл түсті алманы таңдайсыңдар.

Ал ұнамаса,көңіл күйлерің болмаса сары түсті алманы таңдайсыңдар.

Өздеріңе ұнаған алманы таңдап «Алма» ағашына жапсырасыңдар.

Неге оны таңдадың сұрағына жауап берді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше