Берікболова Бақыт Тоқтаровна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Мектеп: ШҚО Семей қаласы, “№44 ЖОББМ” КММ

Күні:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат

Бөлімше: Жануарлар.

Сынып:1

Мұғалімнің аты – жөні: Берікболова Бақыт Тоқтаровна

Сабақ тақырыбы Жануарлардың қандай түрлері болады?
Оқу мақсаты 1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: жабайы және үй жануарларын атайды.

Көптеген оқушылар: жабайы және үй жануарларын ажыратады.

Кейбір оқушылар: жабайы және үй жануарларының айырмашылығын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері 1.Жабайы жануарларды ажыратады;

2.Үй жануарларының аттарын атайды;

Тілдік мақсаттар Тыңдалым, айтылым, оқылым дағдылары арқылы жабайы және үй жануарларына қажетті жағдайларды анықтайды. Жабайы және үй жануарларын ажыратады, сыйпаттайды. Жабайы жануарлар, үй жануарлары, төл сөздерін ой қоржындарына салады.
Құндылықтарды дарыту Қарым-қатынас жасау қабілетіне баулу. Жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Жануарлардың айырмашылығын жазу арқылы сауат ашу пәнімен байланысады. Жануарларды санау арқылы математика пәнімен байланысады.
АКТ қолдану дағдылары Бейнебаян көру арқылы жануарлардың тіршілігімен танысады.
Бастапқы білім Жабайы және үй жануарлардың атауын біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,

Көркін ашар мына әсем даланың.

Оқушылар шеңберге тұрып тілектерін айтады.

Қызығушылығын ояту

«Ненің дауысы» ойыны арқылы оқу мақсатына бағыттаймын. Осы ойын арқылы оқу мақсаты ашылады.

Үнтаспадан аю,қасқыр, сиыр, қой, жылқы дауыстарын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажыратады.Оларға сипаттама бере отырып, немен қоректенеді және олардың тіршілік ету ортасы туралы әңгімелейді.

«Пазл» құрастыру әдісі. Аю, сиыр, жылқы суреттерін жинап, топтарға бөлінеді.

Шаттық шеңбер

Үнтаспа

Сабақтың ортасы 1Т(Ж)”Кір жаятын жіп” әдісі. Төрт түлік малдарды төлдерімен орналастырады.

ҚБ Тауықтың басын бояды.

2Т (ТЖ) «Ажырата білеміз бе?» анықтау әдісі. Әр топқа ойыншық жануарлар таратылады.

-мүйізді жануарларды топтайды.

-мүйізсіз жануарларды топтайды.

Осылардың ішінен жабайы жануарлар мен үй жануарларын бөлу.

Дескриптор:

– Мүйізді жануарларды анықтайды.

– Мүйізсіз жануарларды анықтайды.

– Жабайы жануарды табады.

– Үй жануарларын ажыратады.

Сергіту сәті:«Қуыр-қуыр қуырмаш»

3Т(Д) “Баспана” әдісі “Орман” ,”Үй” және жануарлар суреті бар үлестірме таратылады.

Мұғалім жануарларды айтады , ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса “Орман” , үй жануары деп санаса”Үй “белгісімен сәйкестендіреді.

Сабақтың соңы 4 Т(ЖЖ)

Берілген сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз және тұсына «+», «-» таңбаларының тиістісін қойыңыз.

№ Сөйлемдер +/-
1 Сиыр –жабайы жануар
2 Түйе- төрт түлік мал
3 Қоян- үй жануары
4 Қасқыр- жабайы жануар
5 Жылқы- үй жануары

Дескриптор:

–Сиыр -жабайы жануар “-” қояды

-Түйе-төрт түлік мал “+” қояды

– Қоян- үй жануары “-” қояды

– Қасқыр- жабайы жануар “-” қояды

– Жылқы- үй жануары “-” қояды

Кері байланыс:

«Білім қоржыны» әдісі арқылы жүргізіледі.

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап

отырсыз?

Барлық оқушылар: Төрт түлік малдарды төлімен бірге саралаған кезде дұрыс орналастыруына бағыт беремін.

Көптеген оқушылар:

Мүйізді және мүйізсіз жануарларды саралайды. Жабайы және үй жануарларын қатесіз топтауларын қадағалаймын .

Кейбір оқушылар: жабайы және үй жануарларының айырмашылығын түсіндіреді.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

«Білім қоржыны» әдісі арқылы жүргізіледі.

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

Әр тапсырманы оқушылар тауықтың бөліктермен бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәті, жұптық, топтық жұмыс кезінде оқушылардың денсаулық, қауіпсіздік сақтау ережелерін орындауы ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше