Әбілқайпова Ботакөз

Тақырыбы: «Кім жылдам?» сайысы

Мақсаты: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта. [more]

Ұйымдастыру:

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Кім жылдам сайысына хош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға қатысушыларды қарсы алайық.

1-топ Алғырлар, 2-топ Білгірлер және 3-топ Тапқырлар тобы

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылармен тағайындап алайық.

  1. ___________________________________
  2. ___________________________________

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Сөз мәйегі – мақал. ( мақалдың жалғасын табу)

2. Сурет бойынша жұмыс (сипаттау мәтінін құрау)
3. Ойлан, тап (жұмбақ шешу)
4.Кім жылдам? (аралас сұрақ)

Жүргізуші: «Мақал айтсаң жол көрсеттің, мәтел айтсаң жанымды жайландырдың», демекші  «Сөз мәйегі – мақал» атты 1-кезеңді бастайық. 

( мақалдың жалғасын табу)

І топ: Алғырлар тобы еңбек туралы мақал мәтел.

ІІ  топ: Тапқырлар тобы тіл туралы мақал-мәтел.

ІІІ топ: Білгірлер тобы отбасы туралы мақал-мәтел.

Жүргізуші: 2-кезең сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастыру. ( әр топқа жануарлардың суреттері таратылады)

Жүргізуші: Құлақ салып тыңдап қал

Өнер деген жұмбақ бар

Шеттерінен қырағы

Команданың ұланы, – демекші 3-кезең бойынша жұмбақ шешу. Жұмбақтың жауабын шешіп, оны 3 тілге аударасың яғни қазақша, орысша және ағылшынша.

1-топ. Алғырлар тобы

1.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз – frost)

2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег – snow)

3.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква – letter)


2-топ. Білгірлер тобы
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка – ruler)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц – hare)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка – cat)


3-топ. Тапқырлар тобы
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук – onion)

8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса – fox)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга – book)
 

Жүргізуші: 4-кезең «Кім жылдам» деп аталады. (сұрақ-жауап)

1-топ. Алғырлар тобы.

  1. Қазақстандағы алғаш ғарышкер кім? Тоқтар Әубәкіров
  2. Қойдың пірі не? Шопан ата
  3. Жетіні жетіге көбейтсең неше болады? 49
  4. Мәтіннің неше түрі бар және қандай? 3 түрі бар сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні, әңгімелеу мәтіні
  5. 1-жылда неше күн бар? 365

2-топ. Тапқырлар тобы.

  1. Табиғат нешеге бөлінеді және қандай? 2 ге тірі табиғат және өлі табиғат
  2. Уақыттың өлшем бірлігі? Сағат, минут, секунд
  3. 9-мамыр қандай мереке? Жеңіс күні
  4. Үш биді ата. Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.
  5. Периметрді қалай табамыз? Р=а+в+а+в

3-топ. Білгірлер тобы

  1. Жылқы атасы. Қамбар ата
  2. Ені 7см, ал ұзындығы 9см ауданын тап. 63
  3. Қағаз неден жасалады? Ағаштан
  4. Әнұранның авторы кім? Сөзін жазған Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
  5. В дыбысы қандай дыбыс? Дауыссыз, ұяң

Жүргізуші: Әділ-қазы шешеді,

Істің ақ пен қарасын.

Оқушылар өнерін,

Әділ берер бағасын,- дей келе сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім, ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын.

Барына риза болсын көрермендер,

Байқадық білгенді де, шапшаңды да.

Осымен бір ойында тамандадық,

Тағыда кездесерміз аман болсақ.

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше