Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Түркістан облысы, Кентау қаласы, Шорнақ ауылы
«Шорнақ» жалпы орта мектебі шағын орталық тәрбиешісі
Тұрлыбекова Баянсұлу Аллахиярқызы
Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Бөлім: Тіл дамыту. Сенсорика.
Тақырыбы: Жеміс –жидектердің пайдасы
Мақсаты: Балаларға дәрумендер туралы түсінік беріп, қызығушылығын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, жемістердің, көкөністердің аттарын дұрыс атай білуге үйре-ту. Балалардың тілін дамыту. Түстерді, пішіндерді ажырата білуге үйрету. Ұсақ қол мато-рикасын дамыту.
Көрнекіліктер: жемістер мен көкөністер туралы бүктеме, жеміс –жидектердің қиынды суреттері, ойыншық қоян,алма мен сәбіз т.б.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ — жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: Дәрумен, бақша, бақ, жеміс, көкөніс.
Билингвалдық компонент (қостілдік меңгерту): дәрумен-витамин, алма-яблока, коян-заяц, сәбіз-морковь.
Әрекет
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | Жанұя-ның қатысуы | |||
Мотивация-лық –қозғау-шылық
Ұйымдасты-рушылық-ізденістік . Рефлексия- лық-түзету-шілік |
Шаттық шеңбері!
«Алақанның жылуы» — жылу-лықты қонақтарға сыйлайды. Балалар қонақтармен аманда-сады. Есік тақылдап, (ауырып) қоян келеді -Сәлеметсіңдер ме, балалар! — Мен ауырып қалдым. — Маған көмектесіңдерші! Тәрбиеші: -Балалар қоянға дә-румендер керек. — Қоян не жейді? — Олай болса балалар қоянға дәрумендер керек. — Дәрумендерге не жатады? Балаларға бау-бақша туралы түсінік береді. Сергіту сәті: Алақанды соқ,соқ Аяғымыз топ-топ Көзді ашып жұмамыз, Иығымызды бұрамыз. Ойын: «Жемістер мен көкөніс-терді жинау» -Алманың түсі қандай? — Пішіні ше? — Сәбіздің түсі қандай? — Пішіні қандай? — Қиярдың түсі қандай? — Пішіні ше? -Балалар, жемістер, көкөністер туралы жаттаған тақпақтары-мызды қоянға айтып берейікші. Қостілдік меңгерту: Дәрумен-витамин, алма-ябло-ка, қоян-заяц, сәбіз-морковь, қияр-огурцы.
-Қоянға қандай көмек бердік? -Қоян не жейді екен? -Балалар, жемістер мен көкөн- істер денсаулыққа өте пайда-лы. Оларда дәрумендер өте көп. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек. «Денсаулық-зор байлық» Балалар қоянға «Күз жомарт» әнін айтып берейік. Қоян қоштасып шығып кетеді. Қорытынды . оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау. |
Балалар шеңбер бойына тұрып, қонақтарға жылулық сыйлайды.
Балалар қоянмен амандасады.
-Алма, алмұрт, сәбіз, қияр т.б Балалар жемістер мен көкөніс-терді жинайды.
Алма: Мен алмамын, алмамын. Таңдай жұлар бар дәмім. Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың. Өрік: Мен өрікпін, өрікпін, Табиғатқа көрікпін. Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін, Моншақ болып тізілдім. Сәбіз: Мен сәбізбін, сәбізбін, Емделемін десең әзірмін. Қарбыз: Мен қарбызбын, қарбызбын, Ауырса бүйрек, бауырың, Көмегімді беремін. Балалар сөздерді орысша,қазақ- ша қайталайды. Қоян келді Ауырып қалыпты.Жемістер мен көкөністерді жинап бердік. Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: Жемістер мен көкөністерді және олардың түсі мен пішіндерін ажыратуды
білді. Балалардың тілін дамыту барсында шағын берілген тақпақты жатқа
білді.
түсінеді: Жаңа сөздер мен ізгі сөздерді игерді. Көкөністердің аттарын дұрыс атай білуге
үйренді.
қолданады: Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетінін меңгерді. Ұсақ қол мато-рикасын дамытты.