Жаңа сабақтар

«Сандар-менің өмірімде»  атты  интелектуалды са йыс

Өскемен қаласы, М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінің
информатика және математика пәні мұғалімі
Әлібекова Аяулым Әлібекқызы

Математика және информатика пәндерінен 5 «Д» «К» сынып оқушыларына арналған
«Сандар-менің өмірімде» атты интелектуалды сайыс

Мақсаты: математика және информатика пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық және теориялық білімдерін нығайту.

Көрнекіліктер: проектор, үлестірмелі қазғаздар, қатысушылар орны.

Сайыс барысы:

1- Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қымбатты қонақтар! Бүгінгі интелектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!

Өмір деген көк мұхиттің толқыны

Бір — бірімен жатқан шулап, жалғасып

Бір – бірімен жатқан тулап, арбасып.

О, толқындар арпалысып алға шық.

Өмір деген гүлдер жатқан

Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Т. Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.

Бүгін математика және информатика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынауға келіп отыр. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Бүгінгі «Сандар-менің өмірімде» атты сайыстың қатысушылары 5 «Д» және 5 «К» оқушылары. Әр сыныптан 5 қатысушы келіп отыр.

2- жүргізуші: Сайыс кезеңдерімен таныстырып кетейін:

1. Таныстыру

2. «XXI ғасыр көшбасшысы»

3. «Венгр сөзжұмбағы»

4. Сергіту сәті

5. «Зейінділікке тапсырма»

4. «Жасырын сөзді табу»

1-жүргізуші.

Айдан хабар алғызар

Зәулім уйді салғызған

Теңіз суын каналмен

Шөл далаға барғызған

Математика емей немене?

2-жүргізуші.

Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай адамды

Тік бітіріп сойлескен

Компьютер емей немене?

1-жүргізуші.

Шындықты алғаш таратқан

Жыл-күнінді санатқан

Тауып ғажап жаналық

Жоқтан барды жаратқан

Математика емей немене?

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың Графтардағы алгоритмдер

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! – демекші, топтардың еңбектеріне баға беруші әділ қазыларды таныстырып өтейік. Әділ қазы алқасының сайлайық.

2- Жүргізуші: Ақ жол тілейміз! Сонымен, бірінші сайысымыздың алғашқы кезеңі «XXI ғасыр көшбасшысы» деп аталады. Бір сұрақтың жауабы-10,20, 30 ұпай. Қанша сұраққа жауап берсеңіз, сонша балға ие боласыз. Сұраққа ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі қатысушы жауап беруге құқығы бар.
10 баллдық сұрақтар

  1. Бес үйме және жеті үймені шөпті бір жерге үйді. Неше үйме шөп шықты? 1
  2. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?

  3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? 5

20 баллдық сұрақтар

  1. Бөренені 10 бөлікке бөлу қажет. Оны неше рет кеседі? 9
  • Сағат 22. 00 — де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? жоқ

  • 9 санын үш рет пайдаланып және математикалық амалдарды қолданып 10 санын шығар? 9:9+9

  • 30 баллдық сұрақтар

    1. Оқушы ойлаған санды 5-ке бөлсе 2 қалдық қалады, 7-ге бөлсе 1 қалдық қалады. Ол қандай сан? 22
  • 12 адам екі қайыққа бөлініп отырды. Бірінші қайықтағы адамдардың саны екіншіден екі есе артық. Әр қайықтағы адамдар санын тап. (8;4)

  • Арманның комбинезонында 17 қалта бар: 10 қалта алдында, қалғаны артында. Алдынғы қалталарында 2 кәмпиттен жатыр,ал артынғы қалталарында-3. Арманда барлығы неше кәмпит бар? 41

  • Жорға сайысы

    1.Компьютердің миы. (Процессор).

    2.Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

    3.Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

    4.Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)

    5.Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)

    6.Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)

    7.Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)

    8.Баспа құралы. (Принтер)

    9.Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)

    10.Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді брігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)

    1- Жүргізуші: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, одан әрі сайысымызды жалғастырайық. «Венгр сөзжұмбағы» . Бұл кезеннің ерекшелігі сұрақтар информатика пәнінен ғана болады. Бұл кезеңде кестеден информатика пәнімен байланысты сөздерді табу керек. Ойлануға 3 минут беріледі. Сөздерді көп жазған бала, көп ұпай алады.

    м т п л о т т н о м
    и ы п р р т е и д е
    к ш н и е е р о м м
    р қ а н т р н н и т
    о н т с ө з е т р о
    п н и б а й т т е з
    р м в п и к м е р е
    о ә и а р с о ү а ф
    ц т р и х е д я й л
    е і у в ж л и я и ц
    с н с д а ь ф и к а
    с о р а б о н е н т

    Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.

    2- жүргізуші: Сергіту сәті.

    Келесі 3-кезеңге көшетін уақыт та жетті. «Зейінділікке тапсырмалар» кезеңімізді бастайық. Ойыншыларға суреттермен берілген сұрақтар ұсынылады. Сұрақтарды жүру арқылы шешіп мәреге жету керек. 1 сұраққа 5 ұпайдан.

    1-Жүргізуші:
    Құрметті қатысушылар, «Жасырын сөзді табу » деп аталатын ендігі кезеңімізге қош келдіңіздер. Бұл сында арқаларыңызға сан және сурет жабыстырылады, көршінің сандарына сипаттама айту арқылы сол жасырылған суретті табу керек. Бірінші жауап берген қатысушы максималды 8 ұпайға ие болады.

    2-Жүргізуші:
    Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын, ағайын. Бүгінгі танымды зияткерлік сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенеміз. Келген қонақтарға мың да бір алғысымызды білдіреміз. Көріскенше.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.