Жаңа сабақтар

Тәуелсіз елім – тірегім

1991 жылы социализмнің ордасы болған алып мемлекет Кеңестер Одағы ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдында жеке, тәуелсіз мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы заңды қабылдады. Міне, сол сәттен бері, 28 жыл да өте шықты. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.

Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы дүниеге келді. Бүгінде Қазақстанды барша әлем танып отыр. Тәуелсіз еліміздің көк туы күннен-күнге биіктен, халықаралық аренадағы беделінің күн санап артып келе жатқаны көңілімізге қуаныш ұялатып, қиялымызға қанат қақтырады. Бүгінгі таңда 130-дан аса ұлт пен ұлыс көк ту астында тәту – тәтті өмір сүріп отыр. Осы жеткен жетістігіміздің барлығы да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген салиқалы саясатының арқасы дер едім. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматыныің жүрегінен ойып тұрып орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына мақтанамын. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай кең байтақ өлкеде өмірге келгеніме, ұрпақ өсіріп, шәкірт тәрбиелеп отырғаныма әрі қуанамын, әрі мақтанамын. Осындай, егеменді, Тәуелсіз мемлекетте тұруым маған жарқын болашақ сыйлап отыр. Қазіргі бейбіт мемлекетте уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз да осы тәуелсіздіктің арқасы екеніне тағы көз жеткіземін. Мен сияқты ұстаздық еңбек жолын Тәуелсіздік күндерімен бірге бастаған ұрпақ үшін тәуелсіздіктің маңызы ұшан-теңіз. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Қазақстан Республиканың тұнғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің сөзінде – «Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қоллында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»-деп еді. Біздер ұстаздар қауымы жас ұрпаққа ата-бабаларымыз аңсаған, небір қиян-кескі тайғақ жол кешкенін санасына сіңіріп тәрбиелеуміз қажет. Бүгінгі, Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін мына біз, орта буын өкілдері, жастарды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, өз елінің нағыз патриотын тәрбиелеуде жауапты екенімізді бір сәтте естен шығармауымыз керек. Егемен еліміз мәңгілік елге айналып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры баянды болғай.

Альмуханов Елтай Қуанышұлы – Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп – интернатының дене шынықтыру пәні мұғалімі, Орал қаласы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.