ҚМЖ
Пән: математика
Мерзімі: Сынып: 4 |
Мектеп: №53
Мұғалімнің аты-жөні: Айдарбекова Мейрамгул |
||
Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||
Бөлім -1А | Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау | ||
Ортақ тақырыптар | «Менің Отаным-Қазақстан», «Адами құндылықтар» | ||
Сабақ тақырыбы | 1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері (Ар, гектар ауданның өлшем бірліктері) | ||
Оқу мақсаттары ұзақ мерзімді жоспардан | 4.1.3.4 – **ұзындықтың (мм, см, дм, м, км), массаның (г, кг, ц, т), ауданның (см2, дм2, м2, ар, га), көлемнің (мм3,см3, дм3, м3), уақыттың (сек, мин, сағ, тәул.) өлшем бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп өрнектеу | ||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар:Ауданның жаңа өлшем бірліктерін: ар, гектар, шамаларды салыстыруды, шамалардың мәндерімен арифметикалық амалдарды орындайды.
Көптеген оқушылар: Шамаларды салыстыру ережесін түсіндіруді, шамалармен жасалатын әрекеттердің орындалу алгоритмін айтады. Кейбір оқушылар:Шамаларды салыстыруға және шамалармен жасалатын әрекеттердің орындалу алгоритмін қолдануға қатысты есептер құрастырады. |
||
Бағалау критерийлері | Ауданның жаңа өлшем бірліктерімен танысады.
Аудан бірліктерімен арифметикалық амалдар орындайды. Өлшем бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп өрнектейді. |
||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: — ауданның (см2, дм2, м2, ар, га) өлшем бірліктерін олардың арасындағы арақатынастары негізінде түрлендіруді біледі.
Пəндік лексика жəне терминология.ауданның өлшем бірліктерін түрлендіру. Пайдалы сөздер тізбегі диалогқа / жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы сөздер топтамасы Талқылау: -Ауданның өлшемдерінің кестесін есіңе түсір.Өрнектің мәнін есепте. Жазу: Шамаларды қосу мен азайтудың жазылуы. |
||
Құндылықтарды
қалыптастыру |
Оқушылар егістік жер телімі, еліміздегі егістік алқаптары туралы мағлұмат ала отырып, елін, жерін қорғауға патриотизмге, еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді. | ||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарымен коммуникативтік дағдылар негізінде байланыс орнайды. | ||
Ресурстар | Математика оқулығы https://rnpc.almatykitap.kz/index.php?id=367&#; математикалық диктант жазылған парақшалар, аралдардың аты жазылған слайд беттері, | ||
Алдыңғы білім | Шамалар, шамалардың өлшем бірліктері, олардың өлшем бірліктерінің арақатынасы. |
Сабақ барысы
Уақыт /Сабақкезеңдері | Мұғалімніңіс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Саралау
тәсілдері |
||||
Сабақтың басы | 1. Жағымды көңіл – күй орнату:
Сабақта біздің көзіміз жақсы ……. (көреді) Құлағымыз жақсы ………….. (тыңдайды) Басымыз керемет ……………. (ойлайды). -Олай болса, жұмысымызға кірісейік. Алдыңғы білімді өзектендіру. Ынталандыру. -Біздің елімізде ертеден қандайшаруашылық дамыған? -Ауылшаруашылығының қандай салалары бар? -Оған қандай жерлер жатады? – Ауылшаруашылығы жерлерін өлшеу үшін қандай шамаларды қолдануға болады? – Аудан. – Бүгінгі сабақта біз осы ауданның өлшем бірліктерін қарастыратын боламыз: бұған дейін білетіндерімізді еске түсіріп, жаңаларымен танысамыз. Өзектендіру. «Миға шабуыл».Мақсат: өткен білімді өзектендіріп, жаңа тақырып пен мақсатын ашу. -Шамалар қандай белгілері бойынша жинақталған? -Топтарды қандай белгілері бойынша ерекшелеуге болады? 1. «Артығын тап» См, мм, км², дм, км, м -Бүгінгі сабақта біз математикалық аралдарға саяхат жасаймыз: «Еске түсіру» аралы, «Түрлендіру» мүйісінде, «Шықпаған есептер» жағалауында, «Шығармашылық» аралында, «Ойшылдар» мүйісінде, «Салыстыру» шатқалында болып, сабағымызды «Қорытынды» мүйісінде аяқтаймыз. 2. «Еске түсіру» аралы. «Ия–Жоқ». Оқушылар, өздері келісетін болса (+) белгісін, келіспесе (–) белгісін қояды. ü - Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, енін ұзындығына көбейту керек. + ü -Қабырғасының ұзындығы 3 см болатын шаршының ауданы 12 см. — ü -Қабырғалары 5см және 6 см болатын тіктөртбұрыштың ауданы – 30 см² -қа тең + ü -Шаршының периметрін табу үшін, қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту керек. + ü -Километр квадрат – қабырғасының ұзындығы 1 км болатын шаршы. + ü -Егер шаршының ауданы25см² болса, оның қабырғасының ұзындығы – 5 см. + ü -Егер тіктөртбұрыштың ауданы45см² болса, оның ұзындығы 9 см, ені — 5 см. + ü -Қабырғасы 1000 м болатын шаршының периметрі 4 000 м-ге тең.+ ü -Ар және гектар барлық аудан бірліктерінен үлкен -Қай сұрақ қиындық тудырды? Неге? -Олай болса, бүгін біз қандай тақырыппен танысамыз? |
Оқушылар шумақты хормен айтады.
-Егістік жер, қосалқы жер, көпжылдық жасыл желегі бар жерлер, шабындықтар мен жайылымдар -Артығы км²–бұл ауданның өлшем бірлігі, қалған барлығы – ұзындықтың өлшем бірліктері. -Фигураның ауданы, берілген фигура беттің қандай бөлігін алып жатқандығын көрсетеді. Оқушылар берілген парақшадағы сұрақтарға + немесе – белгісін қояды. Проблема туындайды. Осыдан жаңа сабақтың тақырыбы шығады. — Ауданның жаңа бірліктерімен танысу (ар, гектар), өлшем бірліктерін салыстыруды үйрену, шамалардың мәндерімен арифметикалық амалдарды орындау. |
«Отшашу» әдісі. Дұрыс жауап берген оқушыларға отшашу әдісімен кері байланыс беріледі.
«Эталон» арқылы тексеру. Дұрыс жауап өздерін – өздері тексереді. |
«Диалог және қолдау»
қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі |
||||
Негізгі бөлім | (Жұппен) Жаңаны ашу. «Ойшылдар» мүйісі. Мақсат: Ауданның жаңа өлшем бірліктерін: ар, гектар туралы біледі.
Әли мен Мерей ауыл маңындағы алқапты аралап жүр. Оларға метр-ді км-ге аударып, тіктөртбұрыш формасындағы алқаптардың ауданын километр квадратпен анықтауға көмектесіңдер. -Бұлардан үлкен аудан бірліктері бола ма? -Олар туралы қайдан білуге болады? -Олай болса, оқулықтағы деректермен танысып, түсініктемені оқып жіберейік. – Сендер ауданның қандай бірліктері туралы білдіңдер? Ар деген не? Қысқаша қалай жазуға болады?1ар неге тең? Гектар деген не?1 га неге тең? 1 га қанша ардан тұрады? -Не туралы білдіңдер? (Жұппен) «Түрлендіру» жағалауы. Мақсат: шамалардың мәндерімен арифметикалық амалдар орындайды. 3(А)- тапсырмасы. -Ауданды өлшеу бірліктерінің қатынасын қарастырыңдар. 3(Ә)- тапсырмасы. Шамаларды салыстыруды орындаңдар. 3(Б)- тапсырмасы. -Шамалармен амалдарды есептеу кезінде түрлендіру үшін қолданады. Қорытынды: -Шамалармен есептеулер жүргізу үшін не істейміз? (Т) «Шықпаған есептер» жағалауы. Мақсат: Шамаларды салыстыруға және шамалармен жасалатын әрекеттердің орындалу алгоритмін қолдануға қатысты есептер құрастырады №5а) І нұсқа 1) 25 х 20= 500 м2 2) 500 : 2 = 250 м2алмаағашы 3) 500 : 4 = 125 м2алмұрт ағашы Жауабы: Бұталар 125 м2 алып жатыр. ә) ІІ нұсқа 1) 50 х 5 = 250 га қарақұмық 2) 50 + 250 = 300 га бидай және қарақұмық 3) 500 – 250 = 250 га қарабидай Жауабы: Қарабидай 250 га жерді алып жатыр. (Жеке) «Шығармашылық» аралы. Мақсат: оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту.Балалар жылқыларды суғаруға айдап келді. Егер барлығы 26 бас пен 82 аяқ санаған болса, қанша бала және қанша жылқы болған? Дұрыс жауапты белгіле. |
Оқушылар еске түсіру мақсатында өлшем бірліктерінің кестесін қарап, ең үлкен өлшем бірлігі км² екенін табады.
Ең бірінші өздері жеке орындап, одан кейін толтырылған кестемен алмасып, бірін – бірі тексереді. Оқушылар топтың ішінде жұптасып, бірін – бірі тексереді, сосын топ бойынша тексереді. Жұмыстарын келесі топқа ұсынады. -Болады. -Оқулықтан қарап танысуға болады. Түсініктеме: Фигуралардың ауданын миллиметр квадратпен, сантиметр квадратпен,дециметр квадратпен, метр квадратпен, километр квадратпен өлшейді. Ауылшаруашылығында ауданның тағы да екі өлшем бірлігін қолданады: гектар және ар. Оқушылар аудан өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайды -Оқушылар ауданды өлшеу бірліктері арақатынасын қарастырып, шамалдарды салыстырады. Шамаларды түрлендіреді. Оқушылар шамалармен жасалатын есептеулердің алгоритмін тұжырымдайды: 1. Үлкен бірліктерді кішісімен ауыстыру. 2. Берілген амалды орындау. 3. Кіші бірліктерді үлкенімен ауыстыру. Оқушылар есептерді нұсқамен орындайды. Ең бірінші орындаған оқушылардың жұмыстарын тексеріп беремін, сосын олар басқа оқушылардың жұмыстарын тексереді. Осылайша барлық сынып оқушыларының жұмыстары тексеріледі. Мұны былай пайымдауға болады: бірінші қатарды 2-ге көбейтіп, астыңғы қатарды 4-ке көбейтіп, қосындысын табамыз. 13 бала х 2=26 11 бала х 2=11 6 бала х 2=1213 жылқы х 4=52 15 жылқы х 4=60 20 жылқы х 4=80 |
Дұрыс жауап берген оқушыларға «Жапондық тәсіл» арқылы кері байланыс беріледі.
O-O-O– тaмaшa,ке ремет! М-М-М- oйлaнy керек! Менің сұрaғым бaр! Ауызша мадақтау Жұппен орындаған тапсырмаларын оқу арқылы тексеріп, ауызша мадақтау. Отырған оқушылар дұрыс бұрыстығын тексеріп отырады. Есеп дұрыс шыққан оқушылардың дәптеріне күліп тұрған смайл белгіленеді. Жауап дұрыс болса, «Шапалақ» соғу арқылы дұрыстығына келісім береді. |
Қарқын
Жылдам жұмыс істейтін оқушыларға қосымша тапсырма беріледі «Дереккөз» тәсілі Кейбір оқушылар дереккөздермен тез жұмыс жасайды. «Тапсырма» тәсілі бойынша оқушылар деңгейіне қарай берілген тапсырманы орындайды. |
||||
ҚБ тапсырмасы | «Салыстыру» шатқалы.
Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану
|
Тапсырма. Көрсетілген өлшем бірліктерін өрнекте. | Берілген эталон арқылы өздерін – өздері тексеріп, «Бағалау баспалдағына» белгі қояды. | |||||
Сабақ соңы
4 минут |
Рефлексия (кері байланыс)
Ата. -Ауданның жаңа бірліктерін және олардың қатынасын ата. Неге. -Шамаларды үйренуде үлкен телімдерді қолдану ыңғайлы? Түсіндір. -Арды квадрат метрге түрлендіруді түсіндір. -Гектарды квадрат метрге түрлендіруді түсіндір. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. Сабақ бойынша ойларыңды білдіріп, сөйлемді толықтырыңдар: – Бүгін мен … білдім. – Маған … қызық болды. – Маған … қиын болды. – Мен тапсырманы … орындадым. №9 үй тапсырмасы. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Мысалдар аудан бірліктерін өрнектеуге беріледі. Күнделікке жазылады. |
Оқушылар бос орындарға өз ойларны жазып, кері байланыс береді. |
«Тілашар» мерекесі.
Мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.
2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, плакаттар.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Қонақтарды қарсы алып, отырғызу.
2.Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даярлау.
2.Кіріспе сөз.
-Қымбатты балалар, қадірлі ұстаздар,құрметті ата-аналар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, сәт-сапар тілейік білім жолына қадам басқан бүлдіршіндерге!
Кешегі сәбі балаңыз,
Жарады міне қараңыз!
Ғалым, білім жолына
Енді күшін салады.
Анау балалар, қай балалар,
Сірә емес, жай балалар.
Мектепке келді
Аружан мен Бекнұр,
Еларыс пен Айзара
Жақсы оқушылар боламыз деп.
Жан мен Сұлтан,Рамазан
Құшақ жаяр білімге.
Іңкәр мен Бақтияр
Жақсы оқымақ мектепте.
Мирастар мен Айшалар
Зәулім мектепке келіпті.
Даяна мен Айзере
Еркелікті қойыпты
Балалар, балалар,
Ешкімнің жоқ алалар.
Шәкірт болу үлкен сын
Ерасыл,Абай,Бақдаулет,Нұргелді
Оны түсінеді әрқашан.
Бәрін қабыл алайық,
Көңілдерін табайық.
Бахназар мен Медина
Шәкіртікке ылайық.
Ақжол, Ажар жақсы білім алар,
Қабылда мектеп оқушыларды
Алдиар,Аяла,Нұрайым,,Перизат, Аружан,Заңғар, Айжұлдыз Нұрзатты
3.Негізгі бөлім.
Хор«Сыңғырла қоңырау »
Іңкәр:Қуаныш бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Тілашарға келген қуанып,
Қонақтарға мың сәлем
Айша:Сап түзедік бәріміз,
17, ұл мен 15 қыз.
Бүгінгі бұл бір сын ғой,
Алдағы өмір жолында.
Нұргелді:Сағат жеті болды
Жуу керек бетті-қолды.
Айнаға қарау керек
Шашты тарау керек.
Ұйқыны қою керек
Таң ата тұру керек.
Тісті де қайта-қайта
Щеткамен жуу керек.
Айжұлдыз:Көңілі ақ көбелек
Қояды баққа бөлеп.
Әлпештеп әтір майды
Сабынды сақта бөлек.
Тамақ іш жөндеп әлден
Кіргізсін бойға дәрмен.
Мектепке бару үшін
Дайындық керек әбден.
Нұргелді мен Абайдың «Ұстаз ана» әнін қабыл алыңыздар
Нұрзат:Еркесі едім атамның,
Еркесі едім апамның.
Толып биыл алтыға
Мен оқушы атандым.
Арқама сөмке асына
Мектепке барам асыға.
Аружан:Міне сынып, мектебім
Құралдарым бар менің.
Партаға тұнғыш отырдым
Қалам алып қолыма.
Сызықтарға толтырдым
Қалдырмай дәптер жолын да.
Тісім кетік болғанмен
Білетін көп менің.
Бақдаулет:Әжептеуір бойым да,
Сабақ қана ойымда.
Оны ұқпас інім тек,
Шақырады ойынға.
Дейді «Жел боп есейік»
Қайдан білсін ол менің,
Кеткенімді есейіп.
«Қазақ биі» Қыздар
Нұрайым:Ойыншық қалды жайында,
Әріптер бөлді көңілді.
Тәбетім жоқ ойынға,
Сезінем үлкен өзімді.
Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ ойынға.
Әріптерден құрай бастадым,
Сөздерді тізіп қоюға.
Рамазан:Күннің нұры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді
Даяна:Оқуды көп ойлаймыз,
Қызығына тоймаймыз.
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып, би билеп
Өнерден де қалмаймыз.
Ән : «Ертегілер әлемі» Нұрайым
Балалар мектепке келген сендерге ұнай ма? Ендеше мектеп туралы тақпақтарды тыңдайық.
Еларыс: Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім
Медина:Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз
Алдиар: Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз — шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Айзере: Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Абай: Мектеп – білім ордасы,
Мектеп – қамқор анашым.
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.
Айзара: Тану үшін бабаңды
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп керек адамға
Ерасыл: Тану үшін ғаламды
Тану үшін жаманды
Тану үшін заманды
Мектеп керек адамға
Е.Мирас: Жетіге толдым биыл мен
Оқушы болып киінем
Арқама сөмке асына
Мектепке барам асыға!
-Оқушыларымыздың мектеп туралы өлеңдерін тыңдадық. – Енді әндерін де тыңдап көрейік
Ән: «Мектебім» Ажар
Аиша: Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды
Көрініс «Салат»(ұлдар)
1-ші:Балалар бізде бүгін мереке ғой?(балалар-Ия-деп жауап береді).
Ал, мереке болғанда, үйде анам салат жасайды. Біз де салат жасайықшы.(балалар-Жасайық,жасайық-деп жауап береді)
Кезекпен:1-мен картоппын, 2-мен сәбізбін,3-мен пиязбын,4-мен қызылшамын,5-мен жүгерімін, 6-мен қиярмын,7- мен қызанақпын,8-мен тұзбын,9-мен бұрышпын,10-мен бұршақпын,11- ал мен… мен-майонезбін сендерді жауып, үстінде боламын.
Сұлтан: Бой алдырар селтеңге
Мен емеспін еркең де
Оқушы болам зейінді
Өнерге, іске бейімді.
Бахназар: Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.
Би «Қуыршық»Айзере
Бақтияр: Үлкендерді сыйлайтын
Кіші қамын ойлайтын
Сүймейміз жат әдетті
Баламыз біз әдепті.
Перизат: Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Ақжол: Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.
Бекнұр: Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөзді,
Мәнін терең білуді.
Би «Қолшатыр»Қыздар
О.Мирас:Пайдаң тиіп Отанға
Риза болсын халқымыз
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз.
Көрініс математика сабағынан.
«Баға»
Әкесі:Балам сабағынан не алдың?
Баласы:күнделігін көрсетіп-Міне, бес алдым!
Әексі;Мынау тұрған үш, ал мынауың екілік .Бес алдым деп,сен неге айтасың өтірік?
Баласы:Ой, папатай, есепті,
Білмеуіңді қарашы
Үшті қоссаң екіге
Бес болмай ма санашы.
Ажар:Бір дегенің жаман баға
Алады оны жаман бала.
Екі деген нашар баға
Інішегім нашарлама
Үш дегенім орта баға
Сапасы да орта баға
Төрт дегенің жақсы баға
Алады оны жақсы бала
Бес дегенің үздік баға
Оқитын бол үздік ғана.
Жан: Мен оқушы боламын
Болам жігіт зор әлі
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары
Аружан:Сауатыңды ашатын
Кітап білім бұлағы
Нұрын бізге шашатын
Ол өмірдің шырағы
Заңғар:Саған білім жемісін
Оқулығы береді
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төреді
Оқулықты құрметте
Күтіп ұста құрметте
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке
Аяла:Мен намысшыл баламын,
Тек үлгілі боламын,
Білім іздеп жалықпай,
Кең дүниені шоламын
Данира:Өсірді ой сананы
Тіл дамыту сабағы.
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбак, мақалды.
Ән: «Аққу арман»Іңкәр
Айша Мынау біздің Тілашар
Тілашардан кім қашар?
Жалқауланбай балаға
Көп оқыған жарасар
Тілашармен шәкірттер
Аяқтарын нық басар
Хормен Рахмет саған Тілашар
Ұлы халқын есептескен текпенен
Ата салтын ешкім аттап өтпеген
Мың пәледен құтқарады бір бата
Адам болмас бата естіп өспеген дей келе әжеден бата алу
Мектеп басшыларына сөз кезегін беру