Жаңа сабақтар

Психология – жан туралы ілім

Сайлинова Қарлығаш Қайырбергенқызы

аға оқытушы, психология магистрі

әл Фараби атындағы ҚазҰУ

философия және саясаттану факультеті

жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

Психология – жан туралы ілім

Психология пәні– жан туралы ілім болып табылады. Жан-жақты, әр саланы қамтитындықтан жеке субъектінің рухани дамуына көмектеседі.

Адамның ойлау үрдісін, тұлғаның дамуына, адамдардың арасындағы қарым-қатынастар мінез-құлық қалыптасуына және шешім таба алмайтын даулы мәселелердің шешімін табуға арналған істер жүргізіледі.

Қазіргі жаһандану заманына байланысты қарбаласқа толы өмірде адамдар тез күйзеліске түсетін және адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы азайып, ақпараттық құралдарға тәуелділік артуда.

Психология пәнінің салалары әр түрлі. Бұл пәннің өтілу барысында барысында білім алушылар көптеген теориялық және тәжірибелік білімдер жинайды. Адам бойындағы өзі бағалай бермейтін құндылықтардың артықшылықтарын байқап, тереңнен жанға үңіле біледі. Қабілетінің мүмкіндіктерін біліп, сезім және мінезді басқара білуді, өзінің ерекшеліктерін байқап, сабаққа ынтасы арта түседі. Психология тұлға бойындағы өзі білмеген, ашылмаған қасиеттерінің ашылуына және оны тануына дамытуына өз септігін тигізері анық. Сондай-ақ адам өмірінде кейбір келеңсіз жағдайлар шешілуіне психология саласының көмегі болады. Себебі бұл сала тек бір ғылым саласы ғана емес, тұлғаның тұлға болып қалыптасуына оның айтып кеткендей өмірлік ұстанымын танып дұрыс таңдау жасауын осы психология саласы қамтамасыз етеді. Қысқаша айтқанда, шекарасы шексіз салалардың бірі, тіпті басқа саланы меңгерген кез келген маман ең алдымен осы саланы меңгере білуі тиіс. Әр адам өз өмірінің психологы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.