Жаңа сабақтар

Қарым-қатынас

Сайлинова Қарлығаш Қайырбергенқызы

аға оқытушы, психология магистрі

әл Фараби атындағы ҚазҰУ

философия және саясаттану факультеті

жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

Қарым-қатынас адамның әлеуметтенуінде үлкен роль атқарады. Адамның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік дамуы қоғамда белгілі бір тұтастылыққа орай қалыптасады.

Әр адамның көзқарасына болып жатқан барлық жағдай бірдей әсер етпейді. Кейбір адамдар күнделікті өмірдегі мәселелерді шеше алмай іштей дағдарысқа түседі. Ал басқа бір адам сол мәселемен бірге әулеттің мәселесін қатар атқарады. Демек, бұл адамның ой-өрісінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Тұлғаның психологиялық ой-өрісі бала кезден дамиды. Қарым-қатынастың адамның психикалық дамуына тигізетін әсері аса маңызды. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге тұлғалық қасиеттері де қарым-қатынаста қалыптасады. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, тұлғалық қалыптасуы іске асырылады. Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас әлеуметтік бақылау жағдайында өтеді. Әлеуметтік норма негізінде жүзеге асырылады. Қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Қарым-қатынасты жалпылай алғанда, адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты ақиқат.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.