Жаңа сабақтар

Нақыпбекова А

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Мақсаты:

Білімділік:Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы балаларға мәлімет беру,сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту,Елбасының тәуелсіздік жолындағы ерен еңбегін айту;Еліміздің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы мәлімет беру.

Дамытушылық:Қазақстан Республикасының рәміздері,Астана қаласы жөнінде түсініктер беру,

Тәрбиелік:Отанға,жерімізге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру,мемлекеттік тілді,рәміздерді құрметтеуге,ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:суреттер,слайд,карта,буклет,дидактикалык ойындар,ҚР рәміздерінің макеті,жалаушалар

Тәрбиеші:

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын ағайын,

Елбасының құрметіне жиылған.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

(Балалар музыка ырғағымен жұп-жұбымен көк ту ұстап,желбіретіп топқа кіреді)

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады.

Шаттық шеңбері :

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Гимнді орындайды.

Балалар іс-қимылмен көрсетіп қонақтармен сәлемдеседі.

Ұйымдастыру іздестіру Тәрбиеші:Балалар,бүгін мен сендерге сурет-жұмбақ жасырмақшымын.Бірнеше сұрақ қоямын,әр дұрыс жауапқа суреттің бір бөлігі ілінеді.Қорытындыда қандай сурет шыққанын көретін боламыз

Бірінші сұрақ:Біздің тұңғыш елбасымыз кім?

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар! (суреттің бір бөлігін тақтаға ілу).Әр елдің өз басқарушысы болады. «Президент» сөзін латын тілінен аударғанда «алдында отырған» деген ұғымды білдіреді екен.

Тәрбиеші:Балалар бүгін ерекше күн.Бүгін біз «Тұңғыш Президент күнін» атап өтпекшіміз. (Слайд көрсету)

Тәрбиеші:Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанныңтәрбиесінде болған Нұрсұлтан атамыз мектепті өте жақсы оқып, жақсы білім алады.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатындағы қатардағы жұмысшы болып,домна пешінің аға газдалушылығына дейінгі жолдан өткен.Қалалық,облыстық,республикалық көлемде басшылық қызметтер атқарады.Ол Қазақстан үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірі басталды.1991 жылы 1- желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.Ал енді Елбасымыз туралы өлең- жырларға кезек берейік!

Екінші сұрақ:Еліміздің қазіргі президенті кім?

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар! (суреттің екінші бөлігін тақтаға ілу).

Үшінші сұрақ: Біздің елордамыз қай қала?

Нұр-Сұлтан қаласы күннен күнге көркейіп,өсіп келе жатыр,келешегі өте зор. Нұр-Сұлтан қаласының қарқынды өсуіне ықпал жасаған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі өте зор.

Тәрбиеші :Балалар сендердің ата-аналарың, жұмыс істегендей Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы біздің елімізді басқарады. Біздің президентің жұмыс орны Ақорда қайда кім біледі?

Тәрбиеші: Дұрыс .Нұр –Сұлтанда тағы не бар?

Тәрбиеші: Ия, Бәйтерек ол біздің елдің символы.

Төртінші сұрақ:Балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Елтаңбаның авторлары : Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.Тудың авторы:Шәкен Ниязбеков.Әнұранның сөзін жазғандар : Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,әнін жазғандар : Шәмші Қалдаяқов.

Тәрбиеші: Балалар ,біздің туымыздың түсі қандай?

Туымыз ашық көгілдір түсті, тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілікті,ал астындағы қалықтаған қыран құс ерлікті бейнелейді.Сонымен бірге туымыздың сол жаңы қазақ халқының ұлттық ою – өрнегімен көмкерілген.

Дидактикалық ойын : «Көк ту»

Мақсаты: көк туды құрастыру

Шарты : балалар көк туды құрастырады

Салтанатты жағдайларда орындалатын Әнұранымызды әр кезде мақтанышпен шырқаймыз.Әнұранымызда ежелден батыр, ер жүрек, намысты қолдан бермейтін халық екенімізді, жеріміздің байтақ ,кең екені жайлы айтыылады. Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүрек тұсына қоямыз.

Ал Елтаңбамызда көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақта жан-жаққа тараған сәулелер тәрізді,шеңбер бойымен уықтар орналасқан.Шаңырақ пен уықтар елімізде тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.Сонымен қатар алтын қанатты қос пырақ пен бес бұрышты жұлдыз бейнеленген және «Қазақстан» деген жазуы бар.

Бесінші сұрақ: Біз қай елде тұрамыз?

Міне, сурет-жұмбағымыздың да жауабы табылған сияқты. Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Балалар:Картаны

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,бұл- біздің еліміздің картасы.Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Дүние жүзі бойынша біздің жеріміз көлемі жағынан тоғызыншы орынды алып жатыр.Біздің ұлан –ғайыр өлкемізде110-нан астам ұлт өкілдері тату-тәтті,ынтымақта тұрып жатыр.Мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі.Міне, балалар,Қазақстан Республикасы қазіргі кезде бай да, бақытты, болашағы зор тәуелсіз,егеменді ел.Олай болса осындай мемлекетте тұратын біздер бақыттымыз!

Дидактикалық ойын : «Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты: ҚР рәміздерін,символдарын есте сақтау

Шарты: ҚР рәміздерін,символдарын жапсыру

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Нұрсая:

Ел басымыз жолдайды,

Халық оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз

Шешімдері болмайды

Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев.

Балалар: Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан қаласында.

Бәйтерек

Ту,Әнұран,

Елтаңба

Көк

Ойынды қызыға ойнайды

Қазақстан Республикасында

Ойынды қызыға ойнайды

Рефлексивті түзетушілік Қорытынды :

-Балалар, біздің елбасымыз кім?

-ҚР қазіргі президенті кім?

-ҚР мемлекеттік рәміздері?

-Елордамыз қай қала

Тәрбиеші:

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта

Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Құрметті қонақтар,мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып бүгінде әлемге танылды.Еліміздің болашағы-бүгінгі бүлдіршіндеріміз аман болсын!Елімізде тыныштық болып ,Отанымыз көркейе берсін!-дей отырып бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтаймыз.

-Н.Назарбаев

-Қ. Тоқаев

-Ту,Әнұран,

Елтаңба

-Нұр-Сұлтан қаласы

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек: Тәуелсіз егеменді елдің ұрпақтары екенін

Нені игереді: Елбасымыздыңкім, қандай тұлға екенін

Нені біледі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін

КМҚК «Нұр-Бөбек» бөбекжай-бақшасы

Тақырыптық:

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы»

«Бәйшешек» тобы

Тәрбиеші: Нақыпбекова А

2019-2020 оқу жылы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.