Тәрбиеші: Әлімхан Сафура Омарбекқызы
Алматы қаласы, Іле ауданы «Нұр бөбек» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Әлімхан Сафура Омарбекқызы
Тақырыбы: «Елін сүйген-Елбасы»
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ – жауап, мадақтау
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
– Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
– Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
– 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
– Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
– Балалар, бұл кім?
– Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
– Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасшымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасшымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасшымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
– Балалар елбасшымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Айнұр:
– Елбасымыз Нұр аға
– Салғызып Алтын орда
– Көркейтіп елін қазақтың
– Көрсетпей өмір азабын.
Арман:
– Қазақ елі – Қазақстан
– Болашаққа үн қосқан
– Жақсы күнге жетелеп
– Елбасым менің – Нұрсұлтан
Айша:
– Жасай бер Қазағым!
– Жасай бер Елбасым!
Елнұр:
– Елімнің елбасшысы
– Нұрсұлтан атамыз аман болсын!
– Отан туралы тақпақ, мақал – мәтелдер білеміз бе?
Дидар:
– Қуат алған өзінен
– Туған елдің ұлымын
– Бақытты етіп өсірген
– Отанымның гүлімін.
Айнара:
– Отан – оттан да ыстық
Аяла:
– Отан – елдің анасы
Ақылжан:
– Отан – қуат
– Отбасы – шуақ
– Бағдәулет:
– Отансыз адам,
– Ормансыз бұлбұл.
– Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
– Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
– Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
– Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
– «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
– Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Айару:
– Көк аспандай көкпеңбек
– Қазақстан жалауы
– Көк емес ол тектен – тек
– Елдің ашық қабағы.
Аян:
– Елтаңбасы елімнің
– Неткен әйбат әдемі
– Тұнығындай көңілдің
– Ортада аспан әлемі
Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын: «тіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
– Балалар, біз нені жабыстырдық?
– Күннің түсі қандай?
– Күннің пішіні қандай?
– Тудың түсі қандай?
– Күнді
– Сары
– Домалақ
– Көк
Сергіту сәті
– Елбасымыз кім?
– Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
– Біз қай елде тұрамыз?
– Біз бүгін не жабыстырдық?
– Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасшымызға арнап «Нұр – аға» атты әнімізді шырқайық.
– Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
