Жаңа сабақтар

Тәрбиеші: Әлімхан Сафура Омарбекқызы

Алматы қаласы, Іле ауданы
«Нұр бөбек» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Әлімхан Сафура Омарбекқызы

Тақырыбы: «Елін сүйген-Елбасы»
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ — жауап, мадақтау [ more]
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс — әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
— Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
— Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
— 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
— Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
— Балалар, бұл кім?
— Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
— Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасшымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасшымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасшымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
— Балалар елбасшымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Айнұр:
— Елбасымыз Нұр аға
— Салғызып Алтын орда
— Көркейтіп елін қазақтың
— Көрсетпей өмір азабын.
Арман:
— Қазақ елі – Қазақстан
— Болашаққа үн қосқан
— Жақсы күнге жетелеп
— Елбасым менің – Нұрсұлтан
Айша:
— Жасай бер Қазағым!
— Жасай бер Елбасым!
Елнұр:
— Елімнің елбасшысы
— Нұрсұлтан атамыз аман болсын!
— Отан туралы тақпақ, мақал — мәтелдер білеміз бе?
Дидар:
— Қуат алған өзінен
— Туған елдің ұлымын
— Бақытты етіп өсірген
— Отанымның гүлімін.
Айнара:
— Отан – оттан да ыстық
Аяла:
— Отан — елдің анасы
Ақылжан:
— Отан – қуат
— Отбасы – шуақ
— Бағдәулет:
— Отансыз адам,
— Ормансыз бұлбұл.
— Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
— Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
— Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
— Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
— «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
— Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Айару:
— Көк аспандай көкпеңбек
— Қазақстан жалауы
— Көк емес ол тектен — тек
— Елдің ашық қабағы.
Аян:
— Елтаңбасы елімнің
— Неткен әйбат әдемі
— Тұнығындай көңілдің
— Ортада аспан әлемі
Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын: «тіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
— Балалар, біз нені жабыстырдық?
— Күннің түсі қандай?
— Күннің пішіні қандай?
— Тудың түсі қандай?
— Күнді
— Сары
— Домалақ
— Көк
Сергіту сәті
— Елбасымыз кім?
— Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
— Біз қай елде тұрамыз?
— Біз бүгін не жабыстырдық?
— Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасшымызға арнап «Нұр — аға» атты әнімізді шырқайық.
— Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!

Отправлено из Mail.ru для Android

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.