Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы «Құлыншақ» балабақшасы тәрбиеші: Лепесова Зульфия Әлиқызы
Тақырыбы: «Нұрсұлтан- менің мақтанышым!
Білім саласы:Коммуникация
Мақсаты: Балаларға Елордамыз Нұрсұлтан қаласы жайлы түсінік беру, Нұрсұлтанға саяхат жасау арқылы қаланың көрнекті жерлерімен таныстыру. Ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайдпен жұмыс, Пирамида,Бәйтерек, Ақ Орда ғимараттарының суреттері
I.Мотивациялық қозғаушы:
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
ІІ.Барысы:
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз қазақ деген ұлтпыз. Біздің президентіміз – Қ.Тоқаев. Еліміздің астанасы – Нұрсұлтан қаласы. Ол өте әдемі қала. Қалада зәулім ғимараттар мен биік үйлер өте көп. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағы қала халқы демалатын жағажайға айналды. Бәйтерек – Нұрсұлтанның символы. Нұрсұлтан қаласы Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
Енді балалар, Нұрсұлтан қаласына саяхат жасаймыз, қаланың көрнекті жерлерімен танысамыз:
— Мынау парламент үйі.
— Мынау бәйтерек.
—Ханшатыр ойын-сауық орталығы
— Мынау НұрАстана мешіті.
— Мынау Пирамида.
Дидактикалық ойын.
«Бәйтерек». Шарты: Берілген пішіндерден Бәйерек бейнесін жапсыру.
Слайдпен көрсету
Сергіту сәті:
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Достарымызды көргенде
Қуана қарсы аламыз!
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Балалар сендерге бүгінгі Нұрсұлтан қаласына саяхат ұнады ма?
Қандай зәулім үйлер көрдіңдер?
Қалай аталады?
Бүгінгі саяхатымыз туралы ата- аналарыңа, әпке-қарындастарыңа, аға- інілеріңе айта барыңдар. Аспанымыз әрдайым ашық, достық, бірлік болсын.
Осымен оқу іс-әрекеті аяқталды