Жаңа сабақтар

Бактыгалиева Мейрамгул Ауганбаевна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы «Құлыншақ» балабақшасы II санат тәрбиеші: Бактыгалиева Мейрамгул Ауганбаевна

Тақырыбы: «Күзгі баққа саяхат» Мақсаты: Күз туралы түсініктерін нақтылау.Балаларды күзгі табиғат ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету. Табиғат сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.Күз сыйына,адамдар еңбегіне құрметпен қарауға тәрбелеу. Сөздік жұмыс: алтын күз, жомарт күз. Билингвальді компонент: күз-осень,жапырақтар-листья.

Шаттық шеңбері: Табиғатым тамаша Көз тоймайды қараса Табиғатты аялап Жүрейікші жараса Тыныштық сәті: –Балалар, орнымызға жайғасайық,арқамызды тік ұстап,көзімізді жұмайық.Өзімізді еркін сезінейік.Көз алдарыңа күзгі сұлу табиғатты елестетіңдер.Аспанда көптеген бұлттар,әдемі күннің көзі бізге өзінің нұрын шашып.Сол күннің шуағы басымыздан өтіп,көзімізді жылытады.Жайлап денемізге түсіп,қолымызды жылытады.Сендер тек жақсылық ойлайтын болсаңдар ,көздерің тек жақсыны көреді,қолдарыңтек жақсыны жасайды,ал аяқтарың жақсы жолдармен жүретін болады.Сол күннің жылуын жүректеріңе сақтап қойыңдар.Ал енді жайлап көздеріңді ашыңдар. Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі. –Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(күз мезгіл) -Куз мезгілінде неше ай бар?(үш ай бар) -Қандай айлар?(қыркүйек ,қазан,қараша) -Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?(балалар өз ойларын айтады) -Балалар,сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

1-бала: Жайдары күз,жарқын күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең дала,

Дариядай шалқар күз.

2-бала :Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

3-бала: Тапталады табанға,

Судыр-судыр жапырақ.

Өрттей сары бояуға,

Малынғандай атырап.

-Жарайсыңдар, балалар! Ал , біз бүгін күздің таза ауасымен тыныс алып, күзгі баққа жаяу жүріп бараамыз.Жолда бірнеше аялдамалар болады.Сол аялдамаларға тоқтап,тынығып, ойнап барамыз.Саяхатымыз қызықты болатын сияқты.

1-аялдама.Жапырақтар аялдамасы.Жапырақтарды балалар қолына алады, түсін айтады. Тыныс алу жаттығулары.Қызыл-сары жапырақтар.Жапырақтарды үрлеп ұшырады.

2-аялдама.Көкөністер мен жемістер аялдамасы.

-Балалар,қараңдаршы, мыналарды не деп ойлайсыңдар?

Балаларға көкөністер мен жемістердің аттарын айтқызу.Балалар бірге қайталайды.

-Балалар кім көкөніс туралы тақпақ біледі.

1-бала: Доп-домалақ доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Қарбыздан дәмді жоқтай.

2-бала: Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы.

Дәмін татып көріңдер,

3-бала: Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Кім бар қызынақ шырынын,

Жастайынан ішпеген.

-Жарайсыңдар балалар

Сергіту сәті:

Дала қандай керемет,

Сары түске боянды.

Қызыл,сары жапырақтар,

Бір ұшып бір қонады.

Күзде жаңбыр жауады,

Күзде жел тұрады.

Жапырақтар желге қарай,

Желмен бірге ұшады.

Дидактикалық ойын:Көкөністер мен жемістерді ата:

Қызынақ-помидор,

Қияр-огурцы,

Жүзім-виноград.

Алма-яблоко.

Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Күзгі табиғат бейнесін естеріне сақтайды.

Игереді: Табиғат ерекшеліктері.

Меңгерді: Таза,ұқыпты жұмыс жасай біледі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.