Жаңа сабақтар

Медетова Роза Смағұлқызы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы «Айгөлек» балабақшасы тәрбиеші: Медетова Роза Смағұлқызы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырлған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім»

Мақсаты: Балаларға туған жеріміз туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, құрметтеуге мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Әдістер: саяхат сабақ,сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау

Балалар ендеше бүгінгі сабағымыз сол ауыл туралы болмақ.Олай болса ауылға саяхатты бастаймыз.

Таза ауада шаттық шеңбері.

Кеңесті далам, кең далам

Тудым өстім есейдім-деп ақындарымыз жырлағандай

Ауыл десем, мал елестер көзіме

Ауыл десем, дән елестер көзіме

Қарт Каспий жағалауында орналасқан Құрық ауылы өңірі-береке дарыған мекен. Балаларға ауыл өмірі туралы айту. Бүгінде бұл өңірде жүздеген шаруагерлер мыңғыртып мал өсіріп, ата кәсіп ырзығын көруде. Ауылдың ауасы таза. Көшелер жаңарып жаңадан үйлер тұрғызылып көркею үстінде. Ауылымызда мәдениет үйі, спорт мектебі, кітапхана почта халыққа деген бар жағдай жасалынған.

Балаларға сұрақ қою арқылы әңгімелесу,пікір айту

Балалар: Қала әдемі, үлкен болса да мен өз ауылымды сағынамын. Ауылда тұрамын осында менің әкем, анам, әпке, сіңілім, інім, бауырларым. Менің ұстазым, достарым. Біздің ауыл шағын бірақ бізге керек бәрі бар; балабақша, үлкен, жаңа мектеп, клуб үйі, мешіт,емхена. Мектепте барлық үйірмелер бар. Біздің ауылда бақ пен бақшы егіледі,мал бағады..
Балалар:Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды.Себебі біздің ауыл жылдың төрт мезгілінде де әдемі.Қысы жылы болады. Теңізге аққулар келеді..Көктемде айнала жасыл шөп. Айнала көктеген жиде,шие,өрік гүлдеп иісі жағымды болады. Жазда әр бақта піскен өрік,алма алмұрт.. Әрқашан ата — анам бауырларым қасында аман болсын!
Жарайсыңдар балалар, міне Құық ауылымыздағы кішкене ғана паркіміз мында көптеген ағаштар өсіп тұр. Біздер осы ағаштарды баптауымыз керек.
Міне ауыл акиматы,пошта ал мынау осы ауылымыздың аты жазылған орын. Мында «Менің құтты мекенім» Құрық деп жазылған.
Балалар сендерге саяхат ұнадыма.
Балабақшаға оралу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.