Жаңа сабақтар

Туметова Мейрамгул Конилкосовна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы «Құлыншақ» балабақшасы II санат тәрбиеші: Туметова Мейрамгул Конилкосовна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика

Тақырыбы:«Алдында- артында».

Мақсаты: Төрт көлеміндегі сандық есептеуге үйрету, балалардың тілін дамыту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтау, тустерді ажыратуға үйрету, балаларды тапқырлыққа тәрбиелеу.

Балалар, бізге бүгін қонақтар келіпті, қане амандасайық.Балалар амандасады.

Шаттық шеңбері: Ақ тілекті жолдайық

Қол ұстасып бәріміз

Қуанамын менде

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан кунге

Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық. Өткен оқу қызметімізді еске түсірейік. Геометриялық пішіндерді және оның түстерін ажырату. Геометриялық қандай пішіндерді білеміз?

Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы.

Осы пішіндер не нәрсеге ұқсайды?

Дөңгелек допқа ұқсайды,төртбұрыш тақтайға ұқсайды т.б.

Балалар, енді біз бүгін жаңа тақырып өтеміз.

Тақырыбы:« Алдында- артында».

Осыкезде есік қағылып, Дымбілмес келеді.

Сәлеметсізбе,мен сендерден көмек сұрап келдім. Менің қолымда сыйқырлы шарлар бар, бірақ мен осы шарлардың түсін білмей тұрмын. Маған көмектесесіңдерме?

Сәлеметсіңбе, балалар бізге кім келді?Балалар — Дымбілмес.

Әрине көмектесеміз, балалар дымбілмеске көмектесемізбе,ендеше отыра ғой Канеки сыйқырлы шарыңды маған бере ғой.Бүгінгі біздің тақырыбымыз « Алдында артында». Ендеше бүгінгі тақырыбымызды бастамас бұрын сандармен танысып алайық. 1,2,3,4. Санымен алдында артынданың мағынасын түсіндіру.

Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.

Қазір жылдың қай мезгілі? ( қыс мезгілі )

Қыс мезгілінде неше ай бар? ( 3 ай бар) Жақсы, жарайсыңдар.

Осы шарларды төрт жыл мезгіліне теңейік.

Ал балалар мына шарлардың түсін айтайықшы.

Сары, ақ, жасыл, қызыл.

Мына шардың түсі қандай? ( Ақ )

Бұл шардың тусі қай мезгілді білдіреді? ( Қыс)

Қыста жер қандай болады? ( Ақ )

Мына шардың түсі қандай? (Сары )

Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? ( Күз )

Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі, сары кілемге ұқсайды.

Жасыл шарды көрсету: Бұл түс шөптердің түсі сияқты, жер беті жасыл шөпке толады.

Қызыл шарды көрсету: Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

Жаз мезгілінде гүлдердің түсі қызыл түске боялады.

Балалар, түстерін білдік.Қызыл түстің алдында қандай шар бар? Ал сары шардың артында қандай шар тұр?Жасыл шардың алдында ше? Жарайсындар.

Сергіту сәті:

Қолдарыңды көтеріңдер бір дейік,

Көп отырып қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетілед.

Алға артқа қарадықта үш дедік,

Тағы жаңа жаттығулар істедік, бойымыз бір сергіп қалдыма?

Жарайсыңдар балалар.

Енді сыйқырлы шардың ішінде не бар екенін білгіңіз келеме?

Ия.

Шарды жару, ішінен сұрақтар шығады.

1 тапсырма: Қоянның неше құлағы бар? (Екі құлағы бар )

2 тапсырма: Үшке дейін тура кері сана.( Санайды)

3 тапсырма: Бағдаршамда қандай пішін бар? (Үш пішін бар)

4 тапсырма: Дүкеннен анам екі доп әкелді, біреуін ініме бердім, менде неше доп қалды? ( Бір доп қалды )

Дидактикалық ойын : « Пойыз».

Пойызды кім жүргізді? ( Мейрамгул апай)

Исмайылдың артында кім тұрды? (Еламан)

Еламанның артында кім тұр? ( Жансая )

Ал Жансаяның алдында кім бар?Еламан тұр екен.

Дымбілмеске көмектесеміз.

Үлестірмелі материалды жұмыс: «Жемісті алдына артына қою». Кірпінің алдына саңырауқұлақ артына алма қою.

Балалар, міне түсіндікпе, алдында-артында деген ұғым осы. Біз не білдік, не үйрендік?

Дымбілместің алдында артында тұрған шарларды түсіндірдік.

Алдында артында ұғымдарын түсіндікпе? Ал дымбілмес сен не түсіндің?

Дымбілмес:Рахмет балалар, енді түстерді ажыратуды сендерден үйреніп алдым. Маған көмектескендеріңе ризамын. Мен анама барып қуанышыммен бөлісейін. Сау болыңыздар.

Бүгінгі оқу қызметінде қандай тақырыпта өттік?

Қандай ойын ойнадық?

Бізге қонаққа кім келді?

Жарайсыңдар балалар.

Ал балалар бүгінгі келген қонақтармен де қоштасайық.

Сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.