Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құльсары қаласы
№21 жалпы орта білім беретін «мемлекеттік мекеме»
Тәрбиеші: Белбаева Ботагоз Жумажановна
Сыныбы: Шағын орталық тобы
Бөлімі: Ашық сабақ
Тақырыбы: Жол тәртібін сақтайық.
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның ережесімен таныстыру. Балаларды зейінді болуға,өзін-өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, велисепед, суреттер.
Әдіс- тәсілдер: Ойын, сұрақ-жауап, сахналау.
Сұрақ-жауап:
Олай болса балалар мен сендерге сұрақ қоямын қанекей кім жауап береді екен.
1 Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз айларын кім атай алады?
-
Күз мезгілінде күн қандай болады?
-
Күн суықта ата-аналарымыз бізді сабаққа немен әкеледі?
Балалардың жауаптары.
Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.
1.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. Балалардың жауабы:(Автобус)
- Оңға да бұрады,
Солға да бұрады.
Жол тәртібін
Реттеп тұрады. (Бағдаршам)
Қалай ойлайсыңдар балалар бағдаршам бізге не үшін керек?
(балалардың жауаптарың)
Олай болса бүгінгі оқу- қызметінде «жол тәртібін сақтайық» тақырыбында жаңа сабағымызды бастаймыз.
Біздің қаламызда әр түрлі көліктер жылдан- жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көлік жүргізушілерде көбейе түсуде. Көшелер мен жолдағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол – көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі- көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де нашар біледі. Машина жүретін үлкен жолмен жүруге болмайды.
Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтуге болмайды.Жолдан өту үшін біз бағдаршамға бағынуымыз керек немесе адам өтетін өткелмен жүруіміз керек.
Балалар бағдаршамның үш көзі болады. Олар: қызыл, сары, жасыл.
Бағдаршамның үш көзі бірден жанбайды.Өйткені қызыл көзі тоқта дегенді білдіреді, сары дайындал дегенді білдіреді, ал жасыл жүре бер дегенді білдіреді.Бағдаршам машиналарды бір-бірімен соқтығысып қалмас үшін реттеп тұрады.
-Сендер ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?
Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз.
Жолдан өткенде бірінші сол жағымызға екінші оң жағымызға қарауымыз керек.
(Балалардың жауаптары )
Балалардың тақпақтары.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта сақтан жол ашық,
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін жасқанба.
Сергіту сәті:
Балалардың қолдарына тапсырма беріледі:
«Кім жылдам?»Балалардың алдарына ақ қағаздар беріледі.алдарындағы қиындыларды аққағаздың бетіне ретімен жапсырып қандай суреттің шыққанын айтып береді.Балалардың жасаған жұмыстарынан бағдаршамның суреті және жаяу жүргіншілердің жолы құрастырылады.
Сабақты қортындылау:
Көрініс: «Жолда жүру ережесін» сақтайық.
Балалар жолда қалай жүру керек екенін көрініс арқылы көрсетіп береді.
Көріністе балалар (май қызметкері, жаяу жүргіншілер және көлік жүргізушілер)болып ойнайды.
Барлығы :
Жол тәртібін білейік,
Аман есен жүрейік.
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құльсары қаласы
№21 жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекеме Тәрбиеші: Белбаева Ботагоз Жумажановна
Бөлімі: Ашық шара
Сыныбы: Шағын орталық тобы
Тақырыбы: Арайлы Алтын күз! Мақсаты: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Күзгі табиғат жөнінде түсініктерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Көрнекілігі: Суреттер,шарлар, муляждар… Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, балалар, ата-аналар «Арайлы Алтын күз атты»мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары! Баршаңызды Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Биыл 2019 жылдың «Арайлы алтын күзі» отбасыларыңызға құт, береке, ырыс әкелсін! Күншуақ тобының бүлдіршіндерімен бүгінгі мерекелік шарамызды бастаймыз.
Шөп сарғайып, Өңі тайып Дала сұры қашады, Бой жаза алмай Ойнай алмай Денең мұздап тоңады. Балаларым айтыңдаршы Бұл қай кезде болады.
Сұрақ- жауап:Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Қане кім айтады қандай айлар? Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Ауа-райы қандай болады? (Балалардың жауаптары.)
(Музыка жүреді, Алтын күз билеп кіреді. Себетінде көкөністерімен жемістері бар)
Алтын күз.Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Алтын күзбін. Мен сіздерге қонаққа келдім және жалғыз келген жоқпын өзіммен бірге сендерге сыйлыққа жемістеріммен көкөністерімді ала келдім.
Олай болса балалар бәріміз бірге «Кап-кап, тук-тук-тук.» әнін орындайық.
Тәрбиеші: Қайтқан құсты көрдің бе, Қаптай ұшқан әуелеп. Күткен күзім келдің бе, Сыңсып бағың мәуелеп. Қош келдіңіз Алтын күз! Келіңіз, жайғасыңыз. Бүгінгі біздің мерекелік ертеңгілігіміздң қонағы болыңыз, балалармен ән айтып, би билеп бірге тамашалаңыз.
Ортаға көкөністеріміздің тақпақтарын тамашалайық
Тәрбиеші: Қияр менен қызынақ,Жанжалдасып бір күні Көкөністер арасында Туғызыпты күңкілді
Көкөністер: Арамызда біздің, ең қадірлі кім?Адамзатқа пайдалы, қажеттіміз кім?(Осы кезде жуа ортаға жылап шығады)
Айназ:Арамызда достарымЖасыл түсті боламынАйтқаным егер болмаса Жылатып өшті аламын.
Арай:Мен қиярмын, қиярмын, Мақтанбай қалай тұрармын Сендерден бұрын мен пісіп, Дастарханда тұрамын.
Айжан:Мен әдемі қызылшамын, Қабыл ал менің сәлемім Мақтанбай ақ біледі, Мені барлық әлемің
Мадина:Дәруменнің өзімін,Адамзатқа пайдам көп.Мен кәдімгі сәбізбінБәріңнен де пайдам көп
Асем:Көп сөйлеме сәбіз сен Тоқтасаңшы азырақ. Мен тұрғанда мақтанба, Бұл мен көкең-қызанақ.
Бірали:Таласпаймын ешкіммен, Өз орнымды білемін. Өйткені мен картоппын, Белгілі өзі- ақ керегім
Диас:Өсем бақша- бауында, Қатты ұқсаймын қауынға. Жемек болып шикідей, Күлкі болма қауымға.
Тәрбиеші: Тоқтатайық таласты, Керегі не жанжалдың Адамзатқа пайдалы Бәрің-бәрің қажетсің.
Көкөністер биі.
Өрік,шие , балы бар, Қарбыз, қауын көбейді. Жегің келсе бәрін ал, Неге аласың демейді.
Келесі кезекті күз туралы тақпақтарға беремін.
Аружан: Сап-сары маңай, Сап- сары тоғай, Соңғы әнін айтып Құс кетті қайтып
Бекзат:Астық жеміс жиылды , Қамбамызға құйылды. Ардақты күз мың алғыс Алдық өнім сыйыңды.
Жайна: Алтын,сары, қызыл, көк. Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.
Әнуарбек: Көбейді құт береке, Астық толы қоймамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз
Қасиет:Қарашы күз келді, күз келді, Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді.
Әсемай: Қоңыр салқын тарады, Қойнаулар мен сайлардан Қаздар қайтып барады . Қайтқан елдей жайлаудан.
Жанерке: Жайдары күз,жарқын күз. Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы кең далам, Дариядай шалқар күз.
Хор : Күз жомарт
Тәрбиеші:
Тобымыздан біз бүгін Күз жемісін таңдайық Жеміс болып киінген Балаларды қарсы алайық. (Ортаға күзгі жемістерді шақырайық)
Мейірбек:Алма бақта алмамын Өте тәтті бар дәмім Алтын күздің сыйымын, Дәруменнің бірімін.
Ералы:Жүзім пісті бір –бірлеп, Үзіп мәзбіз біз енді. Қоңырауы күмбірлеп, Қыркүйекте күз келді.
Айару:Алмұрт деген жеміспін Күз айында мен пістім. Дастарханның сәнімін Мені сүйер бүлдіршін
Зере: Мен кәдімгі шиемін, Бәрінен ерте пісемін. Бау-бақшаның сәнімін, Өз орнымды білемін
Ақмаржан:Мен жүзіммін, жүзіммін, Жемісіңмін күзіңнің Мөлдіреген моншақтай Сабағыма тізілдім
Дамир: Піскен кезде құлпынай Қандай әсем шіркін-ай Қарай бергің келеді Дүркін, дүркін, дүркін ай.
Жапырақтар биі:
Қыздарымыздың сән үлгісін тамашалайық.
Ойындар: «Кім шапшаң»
1.бақшадағы жемістер мен көкөністерді жинау.
- Жапырақ жинау.
Ата- аналармен ойын: Шалшықтан секіріп өтіп жемістерді жинау.
Алтын күз:Ал балалар мен енді кетейін мені сендер сияқты көп балалар күтіп отыр. Өзіммен бірге ала келген сыйлығымды сендерге сыйға тартамын.Дендерің сау болсын, сабақтарыңды беске оқып үлкен азамат болыңдар.Келесі күзде кездескенше сау болыңдар.
Тәрбиеші: Жау-жау жаңбыр әні.
Қамба толы астыққа , Алғыс саған Алтын күз. Бір уыс дән шаштық та, Қап-қап қауын алдық біз. Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі Арайлы Алтын күз мерекесінде кездескенше аман сау болыңдар.
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құльсары қаласы
№21 жалпы орта білім беретін «мемлекеттік мекеме» Тәрбиеші: Белбаева Ботагоз Жумажановна
Вариативтік бөлім: Табиғатты аялайық
Тақырыбы: Құстар- біздің досымыз.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің табиғат жайлы түсініктерін тереңдету,құстарды қорғау, оларды қарсы алу жайлы білімдерін кеңейту. Құстарға қамқорлық жасауға,қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Құстардың суреттері,музыкалық әуендер, слайд.
Әдіс- тәсілдер:Ойын, сұрақ-жауап, сахналау.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Балалар шаттық шеңберіне тұрып орындайды.
Шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
Сұрақ-жауап:
Олай болса балалар мен сендерге сұрақ қоямын қанекей кім жауап береді екен.
1 Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз айларын кім атай алады?
Күз мезгілінде күн қандай болады?
Күз мезгілінде құстар қайда кетеді?
(Балалардың жауаптары)
Бүгін біздер «құстар- біздің досымыз» тақырыбында жаңа сабағымызбен танысамыз.
Балалар, біздің халық ежелден құсқа әуес, оларға деген сүйіспеншіліктері шексіз болған.Біз бүгін табиғаттың маңызды бір бөлігі- құстар туралы әңгіме қозғаймыз.
Құстар бау- бақшаның сәні.Олар ағаштарды құрттардан тазартады.Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйлерін көтереді.
Құстардың әр түрі болады.
Мысалы: Торғай, қарлығаш, тырна, үкі, аққу, қарға бұлбұл,шағала, көгершін тауық үйрек,т.б
Үнтаспадан құстардың дауысын жіберіп қандай құс екенін ажырату.
Әр бір құстың өзінің ерекшеліктері болады.
-Торғай- қыста қыстап қалатын құстардың бірі. Торғайдың жүні денесіне тығыз орналасқан, биікке ұшатын,тұмсығы үшкір, жемді шоқып жейтін құстың бірі.
-Мен торғаймын, торғаймын,
Көк аспанды шарлаймын.
Жердегі көп қызықты,
Көкте тұрып барлаймын. (балалар бірге қайталайды)
-Қарлығаш -өте пайдалы құс.Қарлығашқа байланысты ауыз-әңгімелерхалық аузында көп кездеседі.Қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды екен.
-Ауламызда бау бүрлеп,
Шешек атып жайнайды.
Ақ тамағы бүлкілдеп
Қарлығаштар сайрайды. (балалар бірге қайталайды)
-Ал қарғалар басқа құсқа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді екен. Кейбіреулері орманда,кейбірі жер бетінде өмір сүреді екен.Қарғалар кез келген нәрсемен қоректене береді екен.
Мен кәдімгі қарғамын,
Өмірде жоқ арманым.
Жасамайды меннен көп,
Сауысқан мен торғайың. (балалар бірге қайталайды)
Көгершін-көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп аталады екен.Құстардың табиғатқа деген маңызы өте зор екен.
Көктем көзге тым ыстық,
Көктеп бізге ырыс құт.
Көгершіннің тілегі,
Мәңгі болсын тыныштық. (балалар бірге қайталайды)
Құстардың ішінде «Қызыл кітапқа» енген құстарда бар екен.Мұнда сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан құстар енгізілген. Бұл құстарды атуға тиым салып мемлекеттік деңгейде қорғауға алынған.
Қортынды бөлім:
Балаларға құстар туралы білетін тақпақтарын айтқызу.
Құстар- біздің досымыз
Бау-бақшаны қорғайды.
Ұя жасап қарсы алсақ,
Құстар бізді қолдайды.
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құльсары қаласы
№21 жалпы орта білім беретін «мемлекеттік мекеме» Тәрбиеші: Белбаева Ботагоз Жумажановна
Бөлімі:Ашық сабақ.
Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік!»
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз — Қазақстан республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Елбасы Қасым- Жомарт Тоқаевтың суреті, әнұран, Қазақстан Республикасының туы, әнұран, слайд .
Әдіс –тәсілдер:Сұрақ-жауап,түсіндіру, көрсету.
Тәрбиеші: Балалар біздің бүгін оқу- қызметімізде туған жеріміз Қазақстанның 16 желтоқсан тәуелсіздік алған күніне орай болмақ.
(Балалар бәрі тік тұрып әнұран орындайды.)
Сұрақ-жауап:
Балалар біздің еліміз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дұрыс айтасыңдар.
Қазақстанның туының түсі қандай?
-көк
Қазақстанның бас қаласы қай қала?
-Нұр-сұлтан қаласы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, көк түс ашық аспанды білдіреді. Қыран құс еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздіктің белгісі.Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің ,шеберлігінің белгісі.Қазақстан республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға биыл 28 жыл болыпты.
Мен сендерге желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айта кетейін.
(Қазақстан туралы ролик көрсетіліп, еліміздің жетістіктерін,кең байтақ жері туралы мағұлматтар береді.)
Бұл жерден мен не көрдім, не ұқтым ?дейтін болсақ:
Елімнің жетістігін, елімнің тыныштығын, Қазақстанның көркейгенін, еліміз үшін қызмет етіп жүрген предидентімізді,бір сөзбен айтқанда «Біздің Қазақстанымызды» көріп тұрмыз.Көріп тұрып күннен күнге көркейіп келе жатқан Қазақстанымызды көріп көңілімізді қуаныш, мақтаныш кернейді.Суретте егемендік үшін тартысқа түскен мерген,пулеметші Маншук апамыз бен снайпер Әлия апамыз бейнеленген.
Және де рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев.Біз батыр ағаларымыз бен апаларымызды мақтан тұтып, ешқашан ұмытпауымыз керек. Ендеше балалар , Қазақстан туралы өлеңдер оқып,елімізді, жерімізді,батырларымызды мадақтау біздің еншімізде.
Тәрбиеші: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Ел намысын ешбір жауға бермейміз,
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!
Ендеше қане кім туған жеріміз тәуелсіз Қазақстан туралы тақпақтар біледі.
Балалар өздерінің туған жер туралы тақпақтарын айтады.
1 оқушы:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
2 оқушы: Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Арымыздай тап-таза,
3 оқушы:Жанымыздай шуақты.
Ел жадында қалған күн.
Көтерілді биікке,
Қазақстан байрағы.
Ойын: Киіз үй
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Шаңыраққа иіліп,
Киіз үйді тігеміз.
Еліміздің аспаны ашық болсын!
Жерімізде гүлдер көп болсын!
Жерге гүлдер шашылды.
Жердегі гүлді бір бірден алып Отанымыз туралы мақал-мәтелдер айтамыз.
(Әр бала өзінің білетін мақалдарын айтады)
1.Отан отбасынан басталады.
- Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
- Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
4.Отан оттан да ыстық.
Қортынды:
Барлық бала: Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-ана, Отан үлкен,
Қазақстан туған ел.
Сондықтан балалар біздің басты құндылығымыз- Тәуелсіздігіміз! Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ тәуелсіздігімізді ардақ тұтып қадірлей білгеніміз абзал.
—
Зайтуна Есмаганбетова