Жаңа сабақтар

«Алма» жастары…

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы «Алма» жекеменшік балабақшасы. Педагог – психолог: Шаганова Гулим Куангалиевна

Биыл – Жастар жылы! Өткен жылдың 5 қазанында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл–ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Басты мақсат – ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан –жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру.

Елбасының тапсырған «Балабақша, мектеп, университет» жолдауын қолға алып Ақшұқыр аулының ардақты азаматы, жеке кәсіпкер – Кезбаев Бітім Тәжіғұлұлы өз анасы «Алтын алқа иегері» көп балалы ана – Кезбаева Алма Түрікпенбайқызы атына 170 орындық «Алма» балабақшасын салып берді. Кезбаев Бітім ағай ауыл бүлдіршіндерін балабақшамен қамтамасыз етіп қоймай, ауыл тұрғындарын, жас мамандарды жұмыспен қамтыды.

Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған бағдарламалар әзірлеп, ел болашағы жас буын өкілдеріне жан –жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруды нақтылап тапсырған болатын. Елбасының осы тапсырмасын негізге ала отырып, 2019 жылы Қаңтар айының 28 жұлдызында «Алма» жекеменшік балабақшасында қызметкерлердің арасында өткен «Екі жұлдыз» сайысы туралы айта кеткім келеді. «Екі жұлдыз» сайысына қатысушылар балабақшаның медбике, пән мұғалімдері, тәрбиешілері және күзетші қызметкерлері де қатысты. Балабақшада 43 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 38 жастар яғни, пайыздық көрсеткішпен 88 пайызы жастар.

Сайыстың мақсаты айқын, тұлғаның бойындағы шығармашылық пен адамгершілік қасиеттерін, белсенділіктерін арттыру. Жалпы іс –шара барлық қатысушылардың, қызметкерлердің көңілінен шықты.

Сайысқа үлкен дайындықпен, жауапкершілікпен 14 қызметкер қатысты. Екі кезеңнен құрылған өнер сайысында жастар , ана туралы, әке туралы, туған жерге арнап, балаларға арналған әндермен өнерлерін көрсетіп додаға түсті. Екінші кезеңде «би өнері» бойынша осы жұптар сайысқа түсті. Би билеу -деген ол жай қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады. Бұл бөлімнен де сайыскерлер өте жақсы дайындықпен келгені байқалды. Ата–ана коммитеті және Ақшұқыр ауылы Маршал Әбдіхалықов мектеп–гимназиясынан шақыртылған маман, балабақша әкімшілігінен құрылған әділ –қазы алқасы жалындап тұрған жастардың өнерлеріне әділ бағасын берді.

Жеке кәсіпкер Кезбаев Бітім Тәжіғұлұлы өз тарапынан демеушілік көрсетіп, жастарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«Алма» балабақшасының ашылғанына екі жыл болды. Осы аралықта балабақшада қызмет атқарып жүрген жастар, облыс арасында ұйымдастырылып жатырған жастардың арасындағы дене шынықтыру сайыстарына, сенбіліктерге, барлық іс–шараға белсене араласып, балабақшамен бірге өсіп келе жатыр. Әр педкеңесте болсын, әдістемелік отырыста мұғалімдердің көңіл–күйлерін көтеру, жігерлендіру, жағымсыз энергиядан бойын тазарту, өзіне деген сенімділігін дамыту мақсатында осындай жұмыстарды ұжыммен, жастармен көптеп жүргізіп отырамын. Осындай атақырылған жұмыстарды жыл соңында қорытындылау мақсатында,2019ж жиырма алтыншы қарашада өткен «Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында өткен семинарда «Өмір –өзіммен ғажап!» мотивациялық тренингін өткіздім.

Тренингте Түпқараған ауданы бойынша барлық 24 балабақшаның жастары және «Алма» жекеменшік балабақшасының жас мамандыры мен қызметкерлері түгел қамтылды.

Қатысушылар барлық жаттығу техникаларды ынта –ықыласпен орындады. Балабақшаның «Игі тілекпен» альбомына өздерінің тренингтен алған әсерлерін қалдырды.

Кез–келген салада жастар болсын, үлкен буын болсын, сапалы жұмыс жүруі үшін «мотивация» үлкен рөл атқарады. Балабақшадағы психолог маманы ретінде өзімінің ең басты ұстанымым, әрқашан ұжым мүшелеріне жақсылыққа, түрткі болу!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.