Заманауи білім тенденциясы
«Басқаларды үйрете жүріп бізде үйренеміз» Луций Анней Сенека
Ғылым мен техника дамыған ХХІ ғасырдың екінші онжылдығы заманауи өзгерістерге толы. Бұл күнде қоғам ақпараттандырылған, білім саласынада заман өз қажетіне қарай талап қойып отыр. Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі, білім алушының қандайда бір іске құзіреттілігін дамыту. Тұлғаның ортамен қатынасын, шығармашылығын дамыту.
Құзірет дегеннің өзі өмір бойы үйренуге ұмтылу дегенге келеді. Заманауи білім тендиясына сәйкес Қазақстандық білім беру жүйесі өзінің келбетін өзгертті.
Тенденция – бағыт, ой мақсаттың өсу бағыты.
Тенденция деген ұғымға тоқталсақ:
- көзқарастағы немесе іс қимылдағы бағыт
- қандайда бір құбылыстың дамуындағы бағыт
Қазақстандағы білім беру жүйесі өз келбетін жаңартты. Жаңа стандарт әзірленді, білім сапасын бағалайтын критерийлерийлер әзірленді. Мұғалімдер жаңартылған бағытттағы курстардан өткізіліп, жаңа буын оқулықтары шығарылды. Қазіргі оқулықтарда рухани –адамгершілік құндылықтарға негізделген.
Білім берудің философиясы , әдіснамасы жаңарып, жаңа технологиялық әдістер енгізілуде. Жаңа дәуірде әлемдегі барлық елдер тығыз интеграциялық байланысқа түсуде.
Құндылықты бағдарлы құзіреттілік – тенденциясы Оқушының Отанға патриоттық сезімін қалыптастыру, қоғамдағы жаңалықтарды түсінуге бағытталған. Мен бастауыш сынып мұғалімімін. Оқулықтардағы ортақ тақырыптардың осы бағытқа негізделіп құрылғанын нақтылап айтып бере аламын. Оқулықтарда «Жақсы деген немене, жаман деген немене», Уақыт , Сәулет, Менің отбасым, Менің Отаным тақырыбы сындалы, спиралды қамтылған.
Мәдени құзіреттілік – ұлтық құндылықтар мен әлем мәдениетін оқыту қамтылады, қазақ үй, Бәйтерек, Яссауй кесенесі бұлар сәулет өнері әрі ұлттық құндылықтар.
Коммуникативтік құзірет – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынаста шетел тілін үйренеді, арнайы курстарға жазылады.
Ақпараттық- техникалық құзіреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздене білу, ақпараттық технология арқылы өз білімін жетілдіріп отырады.
Биылғы оқу жылынан бастап бастауыш сыныпқа АКТ пәні енгізілді.бұл дегеніміз оқушы техникалық обьектілердің көмегімен білімін жүзеге асырып, интерпретация жасай алады.
Когнитивтік құзіреттілік- оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу танымдық процесін қамтамасыз ету. Оқушы шағын эссе жазудан бастап ғылыми жұмыс жаза алады. Мысалы менің сыныбымда екі оқушы Ердаулет Диас « Киелі –киіз үй» Ербол Эльмира « Қазақстан картасы» атты екі ғылыми жұмысын жазып, оны талқылап, қортындылап, жүйелеп үйренді.
Тұлғаның өзін – өзі дамыту құзіреттілігі – Бұл салада оқулықтағы еңбекке баулу, Менің отбасым сияқты тарауларда ғы тақырыптар бойынша пайдалы іс жасау, еңбектенуге ықпал етеді.
Мұғалім –қоғам тірегі , көшбастаушы, үйретуші, тәрбиелеуші Сондықтан бала тәрбиесінде білім берумен қатар ұлт жанды бәсекеге сай білімді тұлға дайындау үшін әрқашан іздене білу керек . Шәкіртті үйрете отырып, бізде үйренеміз. Бірнеше мүмкіндіктерді біріктіре отырып медиа ұстаз болуға ұмтылу – мұғалім мәртебесі.
Ұлы Абай данышпан – философ «Адамның адамшылығы –ақыл ойдан, ғылымнан, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» деп тенденцияға бөліп айтып талдап кетті десемде болады. Мен ұстаз ретінде заманауи жаңалықтарды іздеймін, әрі оның өткеннің сабақтастығы мен ұлттық тәрбиемен үйлестіре отырамын.
Алматы қаласы № 174 мектеп-гимназия
мұғалімі Жанар Масаева
