Кайболдина Анаргуль Мусабековна
Ақтөбе облысы, Темір ауданы
№ 2 Шұбарқұдық ЖОББ мектебі
Биология пәнінің мұғалімі Кайболдина Анаргуль Мусабековна
Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар»
Сабақ тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі.
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың сан алуандығы.
Тақырыбы: «Жаратылыстану білгірлері»
Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар»
Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру.
Түрі:интеллектуалды ойын
Көрнекілігі: презентация
Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар және ұстаздар! «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген халқымыздың қанатты сөзі тегін айтылмаса керек. Білімсіздіктен кейін біреулер ішерге ас, істергеи жұмыс таппай жүрсе, білімділер ғаламды таң қалдырып, көкке ұшып, көк тіреген ғимарат тұрғызып, роботтарды адамша сөйлетіп жатқаны бұл күнде ешкімге таңсық емес.Ендеше біздің ортамыздан да осындай білімді оқушылар шығатынына сенімдіміз дей отырып Білім ордамызда өтіп жатырған Жаратылыстану пәндер онкүндігінде биология пәнінен өткізгелі отырған «Білімді мыңды жығар» сайысына қош келдіңіздер!
Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Су да ағар таулардың саласымен
Қара қылды қақ жарар алдарыңда
Танысайық әділ – қазы алқасымен – дей отырып, сайысымызға төрелік ететін әділ – қазы алқаларымен таныс болыңыздар.
оқу ісінің меңгерушісі :
биология пәнінің мұғалімі:
Тек сәттілік қатысыңдар сайысқа
Мықты болсаң қабырғаңмен қайыспа
Оқу керек, білім керек қашан да
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па – дей отырып сайысымызды бастаймыз.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік – деп қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпазды құттықтаймыз. Қатысып, тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Сабақ жоспары 6 сынып
Пәні: биология
Пән мұғалімі: Кайболдина А. М.
Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі
| Сабақтың мақсаты:
Топтасып жұмыс жасау барысында ашық тұқымды өсімдіктер туралы өз бетінше оқып – үйрену Күтілетін нәтижелер: Топта бірлесіп жұмыс жасайды, сыии ойлай алады, өзін және өзгелерді оқытады, мәселенің шешімін таба біледі, сұраққа нақты жауап береді, өзін-өзі реттейді, өзін және өзгелерді бағалай біледі. Сабақтың өтілу барысы: Кіріспе бөлімі
|
||||||||||||||||
| Оқушылардан топқа берілген бағалау парағына бір-бірінің үй тапсырмасын тексере отырып, бағалауын сұрайды. | Оқушы алдымен бір-біріне сұрақтар қояды,кейін жауаптарына қарай өздерін және топтарын бағалайды | «Серпілген сауал» әдісі | Өзін-өзі бағалау
Топта өзара бағалау |
Бағалау парақтары | ||||||||||||
| Оқушыларға Жұмбақ жасырылып, жауабы «сиқырлы қобдишадан» көрсетіледі
Электронды оқулықты қарау ұсынылады |
Оқушылар өз білетіндіктерін топта талқылайды.Өз топтарында «ББҮ» әдісі бойынша топтастырады, кестені талқылап, бірін-бірі толықтырады.
Оқушылар тақтаға қарай отырып, мәліметтерді дәптерге жазады |
«ББҮ» әдісі
Топпен жұмыс Жеке жұмыс |
Өзара бағалау | Интерактивті тақта |
ББҮ кестесін толтыру
| Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Ойдағы жұмбақ:
Ол ортаға жағымды энергия бөледі. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Үнемі қоршаған ортаны вирустардан тазартатын зат бөліп шығарады. Жапырағы жасыл,инедей. Жыл сайын қүтетін мерекенің сәні десек қателеспейміз. Бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Жұмбақтың жауабын оқушылар табады және өтілетін сабақтың тақырыбы анықталады.
Сабақтың тақырыбы:
Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: топтасып жұмыс жасау барысында,ашық тұқымды өсімдіктер туралы өз бетінше оқып,үйрену.
Дамытушылық: топтасып жұмыс жасау барысында,сыни ойлай отырып,мәселенің шешімін таба білу.
Тәрбиелік: бірлесіп жұмыс жасау арқылы өзін-өзі реттеу және әділдікке үйрену.
Негізгі бөлім
| Оқулықпен жұмыс жасауда мәтінді оқып танысуын сұрайды | Оқушылар оқулықтағы тапсырма бойынша жұмыс жасап, уақыт аяқталғаннан кейін, бөлім бойынша бірыңғай топтасады. Топта талқылайды.
Плакат топтарына қайта оралғанда, оқып танысқан бөлімдері бойынша түсіндіріп береді.. |
«Ротация»әдісі
Жеке, топпен жұмыс |
2 жұлдыз,
1 тілек |
Бағалау парағы |
“Ротация” әдісі
(қазақша “бірайналым” әдісі)
Оқушылар”Ашық тұқымды өсімдщіктер”тақырыбын оқиды, тақырыпқа байланысты тобына барған плакаттағы сұраққа белгілі түсті пайдалана отырып,
жауап береді. Тапсырма орындау өз сұрағы жазылған плакат келгенше жалғаса береді. Кейін оқушылар сол сұрақты өз топтарында талқылап,топ алдында қорғайды.
| Тапсырмалар орындау:
№1 эссе жазу №2 өлең шығару №3 сурет салу №4 жұмбақтар жасыру |
Оқушылар өздерінің қабілеттеріне қарай тапсырманың бірін таңдайды, жеке орындайды. Берілген уақыт аяқталған соң, бірыңғай топтарда орналасады, талдайды.Тақтаға шығып, орындағанын жазады, қателері болса, түзетеді, бағалайды. | Жеке, топпен жұмыс | Қабілет
теріне қарай таңдауы |
Өзін-өзі бағалау | Бағалау парақтары, тапсырмалар жазылған парақтар |
Тапсырмаларды қабілеттеріне қарай таңдауға болады.
Қорытынды бөлімі
| Тақтада ашық тұқымдыларға байланысты тест сұрақтары беріледі | Тапсырмалар орындалып,топта талданады және тақта бойынша бірін-бірі тексереді. | Жеке, топпен жұмыс | Қызығушылығына қарай таңдауы | Критериилі бағалау | А3 плакаты, маркер, бағалау парағы |
Біз бүгін нені білдік ?
Ашық тұқымды өсімдіктер туралы
Тест тапсырмалары
1.Ашық тұқымдылардың жапырақтары
А)саусақ салалы
Б)ине тәрізді
В)үш құлақты
- Шырша сүрегі қандай мақсатта қоланылады?
А)мата жасауда
Б)пластмасса жасауда
В)қағаз жасауда
- Жер ғаламшарында қылқан жапырақтылардың қаншасы белгілі?
А)600 – 800
Б)700 – 900
В)1000
- Қандай өсімдіктер ашық тұқымдылар деп аталады?
А)тұқыммен көбейеді,жемісі шырынды
Б)тұқыммен көбейеді,жеміс түзбейді
В)тұқымы жемісінде орналасады
- Ашық тұқымды өсімдіктер – бұл…
А)көпжылдық, жемісті өсімдіктер
Б)көпжылдық, мәңгі жасыл өсімдіктер
В)жанама тамыры арқылы тарайтын өсімдіктер
| Үйге тапсырма: | Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі, тақырыпқа байланысты суреттер жинау
Синквейн әдісі бойынша 5 жолды өлең құрастыру |
§22 оқу. 47 суретті салу.
Кестені толтыру. 86 бет
Синквейн әдісі бойынша 5 жолды өлең құрастыру
1) зат есім (1 сөз)
2) сын есім (2 сөз)
3) етістіс (3 сөз)
4) 4 сөзден құралған сөйлем
5) синоним
Бағалау
“Білім кілті” арқылы әр тапсырмадан соң оқушылар бағалау парағында бағаланып отырады Соңында әр топты бағдаршам тәсілі арқылы мадақтаймын
Әр топтың топбасшылары бағалау парағын сабақ соңында толтырып,өзара бағлау жүргізеді
Бағалау парағы
| Қатысушылар | Идеяның тақырыпқа сай болуы | Сұрақтардың мазмұндылығы | Жауаптың анықтылығы | Тест сапасы | Қорытын
ды |
| І топ | |||||
| ІІ топ | |||||
| ІІІ топ | |||||
| IV топ |
Кері байланыс
“Бес саусақ” әдісі арқылы кері байланыс орнатылады
Бас бармақ – керемет, маған ұнады!
Сұқ саусақ- бұған көңіл аудару керек.
Ортан терек саусағы- бұл маған мүлдем ұнамады.
Шылдыр шүмек саусағы – маған жеткіліксіз болды
Кішкене бөбек саусағы – мұндағы ахуал…
Сынып: 6
Пәні: Жаратылыстану
сабақ жоспары
Бөлімнің атауы:
Экология және тұрақты даму
Сабақтың тақырыбы
Тірі ағзалардың сан алуандығы
Оқу мақсаттары
– Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: ғаламшардағы тірі табиғаттың 4-негізгі патшалығын жіктеп мысал келтіреді, өз көзқарасын білдіреді
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:патшалықтардағы ағзалардың анатомиялық және физиологиялық жағынан ұқсастықтарын салыстырады, нақты дәлелдер келтіреді, өз көзқарасын айтады
Кейбір оқушылар орындай алады: тірі ағзалардың қоршаған орта мен адам шаруашылығындағы маңызы мен экологиялық жағдайларын талдайды, өз тарапынан баға береді
Бағалау критерийі
Білім алушы:
Білу: Тірі ағзалардың сан алуандығын біледі
Түсіну: Ғаламшардағы тірі табиғаттың 4-негізгі патшалығын жіктеп оларды зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін анықтай алады
Талдау: Патшалықтардағы ағзалардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері және олардың тіршілігіндегі үдерістерін салыстырып талдай алады
Тілдік мақсаттар
Терминологиямен жұмыс латын атаулары plants, animalc, fungi ,systematicпәндік ұғымдарменжұмыс: патшалық, өсімдіктер патшалығы, жануарлар паптшалығы, бактериялар-патшалығы, саңырауқұлақтар патшалығы
Оқылым: параграфта берілген мәтінді тереңдеп оқу арқылы материалдың ең негізглеріні анықтайды.( әрбір оқушы өз ойын түйіндеуге машықтанады)
Тыңдалым: мәтіндеі талқылайды, шағын топтарда бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.
Жазылым : ресурстарды,оқулықты, анықтамалық материалдарды қолдана отырып тірі ағзалардың ерекшеліктерін және олардың патшалықтарға бөліну принциптерін ,терминдерді дәптерге тіркеп жазып отырады.
Айтылымөз ойын ауызша жеткізе біледі, диалогка түседі
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары: денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, қоршаған ортаны көре және түсіне білуге дайындығын шыңдау, оған бағдарлана білуін, қоршаған ортаға оң көзқарас және экологиялық тепе-теңдікті сақтау; елді, жерді,табиғатты құрметтеуге, биологиялық алуантүрлілікті қорғауға баулу
Пәнаралық байланыс
Биология – өсімдіктер мен жануарлардың классификациясы, тарих-табиғатты зерттеген ежелгі ғалымдар
Алдыңғы оқу
5 сыныпта өткен экожүйе компоненттері туралы білімдері пысықталады.
- Экожүйе ұғымы нені анықтайтынын біледі
Сабақтың басы
7мин
- Ұйымдастыру сәті. Эмоционалдық даярлық Оқушыларды жаңа тақырыпың материлдарына бейімдеу үшін табиғат дыбыстары музыкасымен тыңдату. Тыңдау аяқталғаннан кейін оқушылар қандай әсер алғандарын талдап, бүгінгі сабақтың тақырыбымен байланыстыру
- Топтарға бөлу (гүлдердің суреттерінің түстерімен 4 топқа бөлу
- Оқу мақсаты, бағалау критерийлері мен дескрипторлармен таныстыру
Техникалық байланыс құралдары, табиғат суреттелген бейнеролик.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма ( 10мин) Мәтінмен жұмыс«Түртіп алу»әдісі арқылы әр ғалымның зерттеу әдісі мен мерзімін дәптерге жазып отырады
Тыңдалым алды тапсырмасы: Хабарламаны мұқият тыңдап әр түрлі ғалымдардың зерттеу әдістері мен зерттеу уақыттарын жазып алу.
Оқулық мәтінінде табиғаттың негізгі патшалығын жіктеу саласына үлкен үлестерін қосқан жаратылыстанушы ғалымдар туралы алдын-ала кейбір оқушыларға берілген ақпараттар жөнінде хабарлама тыңдау
Тыңдалым:( аудиолық) оқу әдісі арқылы қосымша ақпаратпен танысу.
Дескрипторлары:
- әр ғалымның зерттеу әдісі түсінеді.
- зерттеу даталары мен уақыттарын ажырата біледі
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бір бірін бағалау
2-тапсырма (5 мин)Т. Кестемен жұмыс Венн диаграммасы
1,2 топтар оқулықтағы ақпараты пайдаланып 4 патшалықтың ерекшеліктерін салады
Дескрипторлар
-Әртүлі патшалықтарға жататын ағзаларды топтастырып кестеге жазады;
-Патшалықтарды латын тілінде жазылуы мен оқылуымен жұмыс жасайды;
3,4 топтар «Семантикалық карта» әдісі арқылы ағзалардың қай патшалыққа жататынын анықтайды, топтастырады естеге түсір.
Үлгі ұсынылады:
Қызғалдақ, шыбынжұт,інжугүл, ашытқы таяқшасы, шие, сауысқан,терек
қасқыр, қайың, сексеуіл торғай, керік, ара, қарлығаш,бүлдірген
қыран, маймыл, сүт таяқшасы, балық, түлкіжем, қайыңқұлақ, топырақ таяқшасы
жануарлар
саңырауқұла.қтар
бактериялар
өсімдіктер
Дескрипторлары:
- жануарлардың ,өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың патшалықтарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтап диаграммаға түсіреді кестеге жазады;
- пәндік ұғымдармен жұмыс жасайды;
ҚБ: «321 активаторы» әдісімен бірін бірі бағалайды
3-тапсырма (5 мин) Кесте толтыру
Оқулықтағы мәтін бойынша ағзалардың қасиеттерін сипаттайды.Ағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен зиянды жақтарын салыстырып кестеге жазады.
Дескрипторлары:
- ағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен зиянды жақтарын салыстырады
ҚБ: Бір-біріне коментарий» айтады
4-тапсырма (5 мин) Оқулықпен жұмыс (Ж)
Оқулық мәтіні мен қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, өсімдіктер ,жануарлар, саңырауқұлақтар патшалықтардағы ағзалардың сирек және жойылу шегінде тұрған түрлерін анықтап қысқаша сипаттама беруде«Попс формуласы» арқылы баяндайды
Менің ойымша, …
Мен мұны былай дәлелдеймін…
Дәлел ретінде мысалдар келтіремін…
Мынадай қорытынды шешімге келдім…
Дескрипторлары:
- өсімдіктер , жануарлар, саңырауқұлақтар патшалықтардағы ағзалардың сирек және жойылу шегінде тұрған түрлерін анықтайды, өз пікірін білдіреді
ҚБ:« +,- керемет» тәсілі
Оқулық, дәптер,
Ғалымдардың портреттері мен зерттеу жолдары және даталар көрсетілген тірек сызба
ПАТШАЛЫҚТАР
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
Оқулық кесте
Қазақстандағы «Қызыл кітап өсімдіктері мен жануарлары» анықтамалық материал
Сабақтың соңы
8мин
Рефлексия «Тамаша идеялар» әдісі
Мен үшін жаңа болған 3 ақпарат ….
Назарымды аудартқан 1 мәселе ….
Мен түсінбеген ақпарат …
Үйге тапсырма.
Қазақстан табиғаты туралы білімдерін кеңейту үшін, оқушыларға үйге тапсырма:
«Ғаламторды пайдаланып, бактериялар неліктен «аспаз», «фармацевт», «диқанның көмекшісі» бола алатынын анықта. Хабарлама дайында. Оны сыныпқа ұсын».
Бағалау
Тақырыбы: «Жаратылыстану білгірлері»
Мақсаты: Жаратылыстану,дүниетану пәндерінен алған білімдерін тексеру, анықтау, қосымша білім беру;
Ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл – ойын дамыту;
Табиғатты аялай білуге үйрету.
Түрі: сайыс
Көрнекіліктер: суреттер, әріптер.
Барысы:
Ал қанеки қаралық,
Мына жақта жаналық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Білімнің еліне.
Жаратылыстану тілінде
Тапсырманы шешіп, жарысып
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Құрметті балалар, ұстаздар! Бүгін бізде «Жаратылыстану білгірлері» атты сайыс.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Сайыс болған соң міндетті түрде әділ қазылар бағалайды. (Әділқазылармен таныстыру)
Сайысты бастамас бұрын топтарыңды таныстырып өтсеңдер.
І топ – «Алғырлар» «Білімдіге дүние жарық., білімсіздің күні кәріп»
ІІ топ – «Тапқырлар» – «Ақыл азбайды, білім тозбайды.»
І кезең «Бәйге»
І топ
Табиғатқа не жатады?
Ауаның температурасын өлшейтін құрал.
Қар жылдың қай мезгілінде жауады?
Көктемде ең бірінші жарғанат па, әлде бунақденелер шыға ма?
Ең кішкентай құс.
«Ақ алтын» (мақта)
Ұлудың тісі қай жерде орналасқан? (тілінде)
Екі ботаның аяқтары нешеу? (8)
Жауын-шашынның түрлерін атаңдар (жаңбыр, бұршақ, қар)
Конституцияның 7 – бабында «ҚР…. (мемлекеттік тіл – қазақ тілі)
ІІ топ
Табиғаттың тірі денелерін ата.
Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
Жеміс – жидек қашан піседі?
«Қара алтын»
Ненің құлағы аяғында орналасқан? (шегірткенің)
Керіктің алдыңғы аяғы ұзын ба, әлде артқы аяғы ұзын ба? (бірдей)
Балықтар қайда өмір сүреді?
Табиғаттағы су неше күйде болады?
Өсімдіктердің 3 түрі
Конституцияның 27 бабында «Неке мен отбасы……(ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады)
ІІ кезең «Не? «Қандай?»
• Көздерін жұмып дорбаның ішінен жануарды (ойыншығын) алып шығып ол не және қандай? Сұрақтарына жауап береді. Алып шыққан жануарлар туралы қызықты деректер айту:
• Піл – төрт тізесі бар жалғыз аң,
• Зебра – қара жолақтары бар ақ аң.
• Иттің шынтағы бар.
• Жолбарыстың жүні ғана емес, терісі де жолақ.
• Жылқының сүйегі адамдікінен 18 – ге артық.
• Жердегі жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен және қан қысымы ең жоғары аң – керік
• Керіктің тілі – қап – қара.
• Мысықтың жақтары көлденең қозғалмайды
ІІІ кезең Полиглот
•…… майы жасыл түсті болады (қолтырауын – крокодил)
• қай құстар ұшып жүріп ұйықтайды екен (қарлығаш – ласточка)
•…. ешқашан ұйықтамайды (құмырсқа – муравей)
•…. қоректенбей 3 жыл ұйықтай алады (жылан – змея)
• Қу аң (түлкі – лиса)
• Аңдар санитары (қасқыр – волк)
• Қысқы ұйқыға жататын ірі жануар (аю – медведь)
• Мойыны ұзын (керік – жираф)
• Аң патшасы (арыстан – лев)
• Қорқақ жануар (қоян – заяц)
IV кезең «Кім жылдам?»
• Кестені кім бірінші толтырады сол жеңімпаз
Құстар
Жәндіктер
Балықтар
Бауырмен жорғалаушы
Сүтқоректілер
V кезең «Сөз құра»
ДҮНИЕТАНУ осы сөзден басқа сөздер құрастыру
VІ кезең «Ұйқасын тап»
Жағасында бұлақ, жайылып жүр…. лақ
Бата алмас түлкі, үсті тікен… кірпі
Алмастан таным, шабады….. құлын
Аппақ доп тауып, шақырады ақ….. тауық
Дамыл таппай бір мезет, жортумен жүр сұр….. көжек
Құйрығы он қарыс, бұл айбатты…. жолбарыс
Өзінше ноян, қорқақ кім… қоян
Айбат шегер алыстан, Аң патшасы…. арыстан
VІІ кезең «Суреттер сайысы»
Әр түрлі жануарлардың мүшелерінен құрастырып белгісіз, әлемде жоқ жануардың суретін салыңдар.
Осымен сайысымыз аяқталды. Әділқазылар ұпайларын санағанша қыздарымыздың орындауында ән тыңдаймыз.
Қорытындылау, марапаттау.
