Мелеков Ернар Даниярович

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
Спортқа дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернатының
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Мелеков Ернар Даниярович

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Командалық спорт ойындарындағы өзара әрекеттестік (баскетбол)

Мектеп: Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты
Күні: 17.09.2019ж Мұғалімнің аты-жөні Мелеков Ернар
Сынып: 7 Қатысқандар саны: 17

Қатыспағандар саны: 1

Сабақ тақырыбы Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс – әрекеттер
Оқу мақсаттары 7.1.2.2 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау
Сабақ мақсаттары Баскетбол ойындағы тактикалық іс-әрекеттерді жетілдіру

Топтық жұмыс дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері Ойын барысында тактикалық әрекеттерді орындау кезінде қимылдардың үйлесімі мен олардың реттілігін көрсетеді
Тілдік мақсаттар Мыналарды қамтиды:

  • шабуылдау элементтері бар ойындар
  • жүру, өту, бағыттау, қабылдау, қағып алу
  • оқшаулау, допты қағып әкету
  • ынтымақтастық, бәсекелестік
  • тактика, стратегия
  • ұпайларды есептеу жүйесі, ережелер, тәуекелдерді басқару

Талқылауға арналған сұрақтар:

– Сендер бұл сабақта қандай ойын техникасын пайдаландыңдар?

– Сендер допты себетке лақтыруда қандай әрекеттерді білесіңдер?

– Әр түрлі тактикалар мен амалдарды қалай түсінесіңдер?

Құндылықтарға баулу Оқушыларды жұппен, топпен жұмыс жасату кезінде жауапкершілікке, серіктестікке, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Шетелдік баскетбол спорты жұлдыздарының жаттығуларынан үзінділер көру және талқылау.

Пәнаралық байланыстар Биология, физика
АКТ қолдану дағдылары Баскетбол ойыны жаттығуларының техникалық дұрыс орындалу туралы бейнероликтер көре алады.
Алдын ала білімі Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет мәнмәтінінде алынған командалардағы өзара әрекеттесу тәжірибесі бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

– жалпы сапқа тұру;

– оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

– оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

– оқушылардың бағалау критерийлерімен таныстыру;

Баскетбол добымен арнайы қыздырыну жаттығуларын орындау.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік.
Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

10 мин

№ 1 тапсырма (Т, К, ҚБ) Оқушылар топтарға бөлінеді, әр топта үш ойыншы. Алаңда орынды ауыстырып «сегіздік» жасап, бір-біріне допты кеудеден екі қолмен береді.

Дескрипторлар:

-допты допты кеудеден беру техникасын дұрыс орындайды;

-жылдам қозғалып, орын ауыстыруды қателіксіз орындайды.

ҚБ: бірін-бірі бағалау

Сабақтың соңында рефлексия.

Сендер

№ 2 тапсырма: (Б,Т.Ж, ҚБ) Командалар бес жұлдыз жасап орналасады. Қолына баскетбол добын ұстаған ойыншы белгі бойынша бір адамды қалдырып келесі оқушыға допты кез келген беру тәсілмен жібереді де өзі сол оқушының орнына жүгіріп барады. Кезектілікті сақтап оқушылар, осылай бұрышта тұрғандардың барлығы берілістерді орындап, жылдам орын ауыстырып отырады.

Дескрипторлар:

-допты беру тәсілдерін дұрыс орындайды;

-нүктелерді шатыстырмай жылдам қозғалып, орын ауыстыруды қателіксіз орындайды.

ҚБ: өзін-өзі бағалау

№ 3 тапсырма (Б,Т, ҚБ) Оқушылар екі топқа бөлініп бірінші топ допты еденге соғып келіп себетке тастайды. Ал екінші топ ойыншысы лақтырылған допты қағып алып келесі ойыншыға пас береді де өзі сол топтың артына тұра қалады.

Дескрипторлар:

– баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды

–допты алып жүру, беру, қағып алу техникасын қатезіз орындайды;

-жылдам қозғалып, орын ауыстыруды қателіксіз орындайды.

ҚБ: мұғалімнің бақылауы

№ 4 тапсырма (Т, К) Қарапайым ережемен баскетбол ойнау.

Интернет ресурсқа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=DkcLhTSJfkE

Интернет ресурсқа сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=4qa6PBc532E&list=PLZHrTj7Ah1OP17nZX3w_12aa1iaHb782v

Интернет ресурсқа сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=ylFwBTp-us4

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

5 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

Сендер әр түрлі тактикалар мен амалдарды қалай түсінесіңдер?

Сендер бұл ойында тағы қандай шабуылдау тактикаларын пайдаландыңдар?

Сендер қорғаныста қандай тактикалық әрекеттерді білесіңдер?

Рефлексия парағы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше