Жаңа сабақтар

Дабылов Габит Ерболатович

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылы

33 орта мектебінің Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Дабылов Габит Ерболатович

Пәні: Дене шынықтыру Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Сыныбы: 10

Мақсаты: Волейбол — мектеп оқушыларының шымырлық пен шыдамдылыққа, сұлулықпен адам баласын тұрақты қалыптасуына жол ашатын спорт түрі. Бұл жас жеткіншектер өміріне өте қажет дене жаттығуларының үйлесімділіген қалыптастыратын ойын. Допты төменнен, жоғарыдан қабылдау және допты қайта беру, волейбол ойынына жаттықтыру: — осы ережелерді ескере отырып сабақтың мақсатына төмендегілерді енгіздім:

1.Оқушыларды допты төменнен, жоғарыдан қабылдауды үйрену. Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.

2.Оқушының допты қабылдауға ақыл ойын жетілдіруге ептілікке, жылдамдыққа дамыту.

  1. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Білімділік: Ойынның ережелерін,әдіс-тәсілдерін үйрету, шабуылдауды,қорғануды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша білімін, жалпы дене бітімін дамыту жаттығуларды игерту .

Тәрбиелік: Санитарлық-гигиеналық, ережелерды, жас және физиологиялық ерекшеліктерді сақтай, өздігінен жұмыс жасауды үйрете отырып, оқушылардың бойында адами қасиеттерді дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типы: Жаңа білімді игерту сабағы

Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті, көрнекілік әдіс

Құрал-жабдықтары: баскетбол,волейбол доптары,ысқырық,уақытөлшеуіш,тор т.б.

Пәнаралық байланыс: биология, валеология

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі: 1. 2017-2018 оқу жылына арналған оқу бағдарламасы

2.1-10 сыныптар бойынша оқулықтар.

  1. «Мектептегі дене шынықтыру» журналы
  2. Методика физического воспитания

5.Художественная гимнастика в школе.

Жоспар

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Ұжымдық әрекет;

ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;

б) қауіпсіздік ережелерін сақтау әрекеті

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе (5-8 мин):

а) Төменнен және жоғарыдан екі қолмен допты алу,беру.

ә)Жүру,жүгіру жаттығулары

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру(5-10 мин):

а)Арнайы жаттығулар

ә) Топтарға бөлу,әр топтың жұмысын бекіту.

б)Төменнен және жоғарыдан екі қолмен допты алу,беру әдістері.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту: (15-20 мин)

а) Жеңілдетілген ереже бойынша екі жақты ойын.

ә)Ойынды жеңілдетілген ережесімен жүргізу. «волейбол» спорттық ойыны.

V. Қортындылау ,бағалау: (3-5 мин)

Оқушылрды бағалау,сабақта тапсырмаларды жақсы орындаған оқушыларды бағалау,марапаттау,жалпы сабақта жіберген қателіктерін жөндеу,ескерту.

. Үй тапсырмасын беру: Жүру,жүгіу жаттығуларын орындау.Қол,аяқ б\т жаттығуларын орындау.ЖДЖ өзбетінше орындау дағдысын қалыптастыру. Шалқалап жатып денені көтеру,қолды тіреп жатып қолды бүгіп-жазу жаттығуын үнемі орындау (денені бел тұсынан бүкпей тік ұстау).Орнынан және жүгіріп келіп биіктікке секіру.

Сабақ барысы:

р/с Сабақ кезеңдері Сабақтың мазмұны Жаттығу

реті

Әдістемелік түсіндіру
І. Ұйымдастыру кезеңі

1-2 мин

Сапқа түрғызу

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

а) Ұжымдық әрекет;

ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;

б) қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе Қатардағы жаттығулар;оң-ға,сол-ға,ай-нал.

Жүру жаттығулары;аяқ ұшымен жүру,өкше ұшымен жүру,аяқтың ішкі қырымен жүру аяқтың сыртқы қырымен жүру,жартылай отырып жүру,оңға,солға секіре жүгіру.

Спорттық жүріспен жүру әр қарай жугіру сәтіне көшу.Тізені жоғары көтеріп жүгіру,өкшені санға тигізіп жүгіру,аяқты тік созып ж-у,аяқты артқа тік созып ж-у,оң,сол,жақпен секіре жүгіру.Арқамен жүгіру (сол иық үстінен алға қарау).Демді қалыпқа келтіру ж-ы.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасату.

1-4 басты оң жаққа айналдыру 5-8 рет ө сол жақа айландыру.

Қолды иықтың үстіне қойып 1-4 алға қарай,5-8 артқа қарай айналдыру.

4.Екі қолды айналдыру.1-4 алға қарай,5-8 артқа қарай. Б.Қ. тұрыс орташа.

а) Екі қолды алдыға созып тұру 1-4 рет.

ә) Бундарды ішкі жағына қарай айналдыру 5-8. Дәл солай сыртқа қарай айналдыру.

5.Тұрыс екі аяқты алшақ қойып алдыға қарай еңкейіп 2 қолды жанға жазу.

а) Дәл осылай оңға қарай.

6. Тұрысы орташа. Қолды алға созып 20-25 рет отырып тұру.

7. Тұрысы орташа. Қолды жоғары созып 5-8 рет бір орында биіктікке секіру.

1-2 мин 1-2 мин

1-2мин

3-4мин

Мұқият тыңдап дұрыс орындау

Шынтақтарды бүкпеу.

Қолды түзу ұстау.

Тізені бүкпеу.

Жерден дұрыс көтерілу.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру Топтарға бөлу,әр топтың жұмысын бекіту.

Төменнен және жоғарыдан екі қолмен допты алу,беру,допты ойынға қосу түрлерін түсіндіру.

1-3мин

1-2мин

1-2мин

Тыныштық сақтап мұқият тыңдау
IV. Жаңа тақырыпты бекіту: Топтармен жұмыс жасау. Төменнен және жоғарыдан екі қолмен допты алу,беру,допты ойынға қосу түрлерін жетілдіру.

Волейбол ойындарын жеңілдетілген ережемен ойнату.

5-10мин

10-15мин

Тыныштық сақтап мұқият тыңдау

Берілген тапсырмаларды дұрыс әрі сапалы орындау

V. Қортындылау бағалау: Әр оқушының көрсеткішін бағалау, жалпы сабақта жіберілген қателіктерді түсіндіру. 1-3мин Тыныштық сақтап мұқият тыңдау

Демді қалыпқа келтіру жат-н баяу орындау.

VІ. Үй тапсырмасын беру Жүру, жүгіру жаттығуларын орындау Қол, білек, иық, кеуде б/т жаттығуларын өз беттерінше орындау дағдысын қалыптастыру.

Орнынан және жүгіріп келіп биіктікке секіру.

1-2мин Жаттығулардың орындалу ретін мұқият тыңдап, түсініп алу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.