Жаңа сабақтар

Жакина Айнур Тулегеновна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі: Жиын және логика элементтері

Бөлімше:4.2.Пікірлер

Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым.Бізді қоршаған әлем.

Мектеп: Нүпи Дүйсенғалиев атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебі
Күні:

Сынып:1

Мұғалімнің аты-жөні:

Жакина Айнур Тулегеновна

Қатысқандар саны:12

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Басқатырғыштар, ребустар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.4.2.2**Бірдей цифрлары, фигуралары, ребустары бар жұмбақтарды шешу.
Сабақ мақсаттары 1.Бірдей пішіндер мен цифрларды ажырату арқылы ребустарды шешеді.

2. Басқатырғыш тапсырмалар мен ребустардағы заңдылықтарды анықтай алады

3. Суреттерді , фигураларды, цифрларды пайдаланып сөзжұмбақ құрастырады

Бағалау критерийлері Басқатырғышты шешу жолдарын анықтайды және түсіндіреді
Тілдік мақсаттар Ребус.Басқатырғыш.

Ребус – бұл әріптер мен цифрларды, сондай-ақ белгілі бір заттарды немесе пішіндерді пайдаланумен қоса жүретін бас қатырғыш. Ребус- жауабы әріптерімен, цифрлармен немесе суреттермен жасырылып берілген жұмбақ.

Талқылауға арналған тақырыптар:

  • Ребус дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Неліктен басқатырғыш тапсырмалар деп аталған деп ойласың?
Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық.Ұжымдық ширату жаттығуы, оқу мақсатын анықтауда оқушыларды ынтымақтастық атмосферасын құруға, бірлесе жұмыс жасауға,біріге отырып шешім қабылдауға, бір-бірін құрметтеуге, қамқор болуға үйретемін

Еңбек және шығармашылық. Әртүрлі сандық, сурет сөзжұмбақтарды, ребустарды шешу жолдарын үйретемін. Өмір бойы білім алу. Топтық жұмыс және оқулықпен жұмыстанғанда оқушылардың шығармашылық қабілеттері, өзін -өзі жетілдіру дағдылары қалыптасады.

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Ребус шешу барысында. «Бір ел, бір тағдыр»

Пәнаралық байланыстар Сауат ашу: Сурет бойынша заттардың атын атайды;.

Дене шынықтыру.Сергіту сәтінде қимыл жаттығулары орындалады.

Көркем еңбек. Суреттер арқылы ребустар құрастыру барысында.

АКТ қолдану дағдылары Слайд, интербелсенді тақта

Сергіту сәті: «Ине мен жіп ойыны» барысында әуен қосу

Бастапқы білім . Оқушылар заңдылықтарды анықтай алады, басқатырғыштар туралы біледі.Реттіліктер заңдылықтарын анықтай біледі

Суреттердің, пішіндердің, символдардың, сандардың заңдылығын анықтай алады.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 мин

Ұ. І.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, ынтымақтастық атмосферасын құру.

Ширату: «Жасырын сандар»

  • Балалар, ортаға шеңбер құрып тұрасыздар. Мен сөздерді оқимын, егер айтылған cөздеpде caнның атауы кездессе, сіздер бір қадам алға аттайсыздар да, ал сандар кездеспесе кері аттайсыздар.
  1. Бірқазан- 1
  2. Балапан
  3. Екібастұз — 2
  4. Түлкі
  5. Күшік- 3
  6. Қасқыр
  7. Төртбұрыш- 4
  8. Шаршы
  9. Бесік- 5
  10. Шана
  11. Алтыбақан- 6
  12. Домбыра
  13. Жетіген — 7
  14. Шегіртке
  15. Сегізаяқ — 8
  16. Телефон
  17. Тоғызқұмалақ — 9
  18. Қонжық- 10

ҚБ. ( мұғалімнің мадақтауы) «Қолпаштау»

  • Керемет, балалар. Сендер бұл тапсырманы сәтті орындап, берілген сөздердің ішінен санды таба алдыңыздар. Қане бәріміз қол соғып бір-бірімізді қолпаштап қояйық.

Енді «Сандар» және «Сөздер» деген сөзді кезек- кезек айта отырып екі топқа бөліне қояйық.

  1. Топ. «Сандар»
  2. Топ. «Сөздер»

Сабақтың мақсатын таныстыру.

Балар өздеріңіз көргендей өз тобыңыздың атына сәйкес сандар мен сөздерді пайдалана отырып, бірдей цифрлары мен пішіндері бар суреттер арқылы басқатырғыштарды, ребустарды шешіп үйренесіздер.

Сабақтың ортасы

3 мин

5 мин

3 мин

2мин

3мин

3мин

Сергіту жаттығуы.

5мин

4мин

4мин

Сабақты бекіту:

3мин

Ж. Ж «Адасқан әріптер» (бастапқы білім)

Әріптерді ретімен қойғанда «Ребус» деген сөз шығады.

Қ.Б. «Жұлдызша». Жұптар бір- бірін бағалайды.

Егер жасырын сөз дұрыс табылса – (3 жұлдыз)

1 қате болса– (2 жұлдыз)

2 -3 қате болса- (1 жұлдыз)

  • Ребус дегенді қалай түсінесіңдер?

МК. Ребус – бұл әріптер мен цифрларды, сондай-ақ белгілі бір заттарды немесе пішіндерді пайдаланумен қоса жүретін басқатырғыш. Ребустар – ең танымал және қызықты бас қатырғыштардың бірі. Ребустарды шешуге арналған белгілі бір ережелер бар. Мысалы, сөздің ең басындағы үтір басынан, ал соңындағы үтір – сөздің соңындағы бір әріпті алып тастау керектігін білдіреді. Екі үтір – екі әріпті алып тастаймыз. «Тең» белгісі бір әріпті екіншісіне ауыстыруда қажет етеді, ал сызылған әріп – оны сөзден алып тастау қажеттілігі.

Ребус- жауабы әріптерімен, цифрлармен немесе суреттермен жасырылып берілген жұмбақ.

Т. «Ребус шешейік» 1-топ.

  • Бағалау критерийі: Алдыңғы, соңғы үтірлерді қолданып ребустарды шешеді.

Жауабы: түзу, үшбұрыш, бес,көбейту

2-топ.

Жауабы: Бір ел, бір тағдыр

Дескриптор

  • Алдыңғы, соңғы үтірлерді қолдану тәсілдерін біледі;
  • Әріптерді қосып, сөз құрай алады.

ҚБ. «Сиқырлы жұлдыздар» Топтар бір- бірін бағалайды

Ребусты дұрыс шешсе –жасыл жұлдыз,

Ребусты дұрыс шешпесе – қызыл жұлдыз,

Ребус шешілмесе – сары жұлдыз.

Талқылау сұрақтары:

  • Неліктен ребус тапсырмалары басқатырғыштар деп аталады деп ойласың?

Ө. Оқулықпен жұмыс.

1-топ

Суреттен 15 шаршыны тап

Дұрыс жауап тақтаға ілінгеннен кейін, оқушылар өзіндік бағалау жүргізеді.

ҚБ. Өзін- өзі бағалау. «Желкенді қайық»

15 немесе 14 шаршыны тапса, желкенді жасыл түспен бояйды;

13 немесе 12 шаршыны тапса, сары түспен;

12 немесе одан да аз шаршыны тапса, қызыл түспен

2-топ.

Көжектер анасымен жасырынбақ ойнады. Анасы біреуін тауып алды.Қоянда барлығы неше көжек бер.Жауабы:4

Дұрыс жауап тақтаға ілінгеннен кейін, оқушылар өзіндік бағалау жүргізеді.

ҚБ. Өзін- өзі бағалау. «Желкенді қайық»

көжектердің бәрін тапса, желкенді жасыл түспен бояйды;

3 көжекті тапса, сары түспен;

2 көжекті тапса, қызыл түспен

Т. Саралау тапсырмалары.

  1. «Ребусты шешіңіз»

Бағалау критерийі:

Ребусты шешеді және түсіндіреді

Дескриптор:

1.Сандарды жаза алады.

2.Сөздерді құрап, жазады.

ҚБ: «Жетон» арқылы бағалау.

Қызыл жетон- қатесіз орындаған

Көк жетон- 1 қате

Сары жетон- 2,3 қате

2. «Сөзжұмбақ»

Бағалау кретерииі:

Сөзжұмбақты шешу жолдарын анықтайды және түсіндіреді

Дескриптор:

  1. Суреттегі заттарды тауып, жазады.
  2. Сөзжұмбақты шешеді

Қ.Б: «Бағдаршам»

2 -3 қате – «Қызыл түс»

1 қате –«Сары түс»

Қатесіз – «Жасыл түс»

3. «Сиқырлы шаршылар». Реттілікті анықтауға арналған тапсырма

Бос торкөздерге 2, 2, 3, 3, 3 сандарын қойғанда көлденең де және тігінен де, сандардың қосындысы 6 болуы керек.

Бағалау кретерииі:

Caндарды тор көздерге орналастыра отырып, қосындысын табады

Дескриптор:

  1. Caндардың тор көздерге орналастыра отырып, қосындысын табады
  2. Kөлденең және тігінен берілген торкөздерді ажыратады.
  3. Tалдайды, жауабын жазады

ҚБ:«Шамшырақ» әдісі арқылы дұрыс жауап берген топты бағалау

Бәрін дұрыс орындаса

1 қате

Сергіту жаттығуы.

Ұ. «Ине мен жіп»

Оқушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Мұғалімнің таңдауымен бір оқушы ортаға шығып, қалған оқушылар бір- бірімен қолдарын үзбей шырмауықша шырматылады. Ортадағы оқушы соның шешу жолдарын іздеп, шырмауықты шешу керек. Бірақ шеңбер үзілмеу керек.

ЖЖ. Суретті жұмбақ.

ЖАН

НҰР

Бағалау критерийі: Оқушылар басқатырғышты шешу жолдарын анықтайды және түсіндіреді, өз сыныбындағы оқушылардың есімдерінен ребус құрып, жасырады.

Өз сыныбыңыздағы балалардың атын ребус арқылы жасыруға бола ма? Жасырып көріңіз.

ҚБ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы жұптар бір- бірін бағалайды

Оооо-

«5» — егер ребус дұрыс шешілсе және сыныбындағы балалардың атына ребус құрастырса –

Мммм

«4» — ребус дұрыс шешілсе, бірақ сыныбындағы балалардың атына ребус құрастырылмаса

Дескриптор:

  1. Ребусты шешеді.
  2. Жауабын жазады
  3. Өз сыныбындағы балалардың атын ребус арқылы жасыра алады.

Т. «Тапсырмалар орталығы»

Бағалау критерииі:

  • Сурет құрастырады, үйдің суретін салады, жұмбақтың жауабын табады.

Оқушыларға орталық бойынша қозғалу керектігі айтылады. Әр орталықта коверттегі тапсырмалар күтіп тұрады. Оны орындаған соң келесі орталыққа ауысу керек.

1 орталық. «Суретті құрастыр»

Әр топқа кесілген суретің бөліктері ковертке салынып дайындалып қояды. Оқушылар оларды біріктіріп, қағаз бетіне қойып желімдеу керек.

2орталық. «Кім епті»

Қолыңды қағаз бетінен алмай үйді сызып шық.

3 орталық. «Ойлан, жұптас, бөліс»

Қозылар маған қарсы жүгіріп келеді.Біреуі екеуінің алдында, біреуі екеуінің арасында, біреуі екеуінің артында. Барлығы неше қозы жүгіріп келеді?

(Жауабы- 3)

Дескриптор.

  • Кесілген суреттерді құрастырып, оларды қағаз бетіне желімдейді.
  • Суретті ұқыпты салады
  • Жұмбақтың жауабын дұрыс табады.

Қ.Б: топтық бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы топтар бір- бірін бағалайды.

Сабақты бекіту:

  • Бағалау критерийі: Басқатырғышты шешу жолдарын анықтайды және түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Фигуралардың орнына тиісті сандарды тауып жаз. Бірдей фигуралардың орнына бірдей сандар қойылады.

Дескриптор:

— фигураның орнындағы сандарды анықтайды;

— өрнекті шешу жолын түсіндіреді.

ҚБ. Өзіндік бағалау«Қосу, алу, қызықты» әдісі арқылы бағалау

Дұрыс жауап тақтада көрсетілген соң, оқушы бағалау парағы арқылы өз өзін бағалайды.

Белгісіз дереккөздер

Слайд

А3 форматына салынған ребустар

Оқулық 117- бет

Дәптермен жұмыс.116 бет

ОМЖ тапсырмаларынан

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

124 бет.

Сабақтың соңы

2 мин

Кері байланыс

  • Мен ребустарды шеше алмаймын;
  • Мен ребустарды шеше аламын, бірақ әлі де сұрағым бар

Мен ребустарды шешемін және құрастыра аламын

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Дифференциация барысында — сабақ мақсатына сәйкес ребусты шешу кезінде топтағы А, В деңгейіндегі оқушыларға барып, қолдау көрсету. Саралау тапсырмаларын орындағанда А, В, С деңгейіндегі кейбір оқушыларды бағыттап жіберу, қолдау. Талқылауға А деңгейіндегі оқушыларды тарту, ынталандыру.

Қабілеті жоғары оқушыларға ребус шешу, «Сиқырлы шаршылар» басқатырғышын орындағанда сандарды бос торкөздерге қажетті сандарды қою, өз сыныбыңдағы оқушылардың есімдерін ребус түрінде жасыру жұмысы кезінде оқушылардың қабілеттері есепке алынады.

САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ

Тапсырма

  1. Ширату кезінде оқушыларға жалпы бір тапсырма беріледі. Барлық оқушылар өз деңгейлеріне қарай алға, артқа жылжып отырады.

Дереккөздер

  1. «Сиқырлы шаршылар» басқатырғышын шешкенде С деңгейіндегі оқушылар сандарды қоюдың әртүрлі нұсқаларын қарастырады. Мүмкін болатын жағдайларды іздейді.

Қарқын

  1. «Ребус шешейік» тапсырмасын орындау кезінде кейбір оқушылар қолданылатын алдыңғы үтір, соңғы үтір, теңдік, сызық белгілерін дер кезінде қолдана алады. Көмек қажет ететін оқушыларға уақыт беріледі. Бірінші орындағын оқушылар басқаларына көмектеседі. Себебі бұл жұмыс сабақтың оқу мақсатына бағытталған.

Қорытынды

  1. «Адасқан әріптер» топтық жұмыстануға берілген басқатырғышын шешкен кезде барлық оқушылар бір тапсырманы орындайды. Оқушылар өз қабілеттеріне қарай жауап береді.

Диалог және қолдау көрсету

  1. Оқулықпен жұмыс кезінде
  • Суреттен неше қоян көріп тұрсыңдар?
  • Неліктен?Жауабыңды дәлелдеп көр, -деген оқушыларды ойлануға жетелейтін сұрақтар қоямын.

2. Сабақтың мақсатын айқын ашу үшін, диалогқа негіз болатын топтарға арналған талқылау сұрағын қоямын.

Ребус дегенді қалай түсінесіздер?

— Неліктен басқатырғыш тапсырмалар деп аталады?

— Балалар біз бүгінгі сабақ көлемінде әртүрлі ребустарды, басқатырғыштарды шешіп, құрастырып жатырмыз. Қалай ойлайсыңдар, басқатырғыштар мен ребустардың адам өмірінде пайдасы бар деп ойлайсыңдар ма?

Дәлелдеп көріңдерші.

Ал сендерге қандай пайдасы болуы мүмкін?

Диалог кезінде Қ.Б-мен қатар мұғалімнің мадақтауы мен ынталандыру сөздерін қолданып отырамын.

Бағалау

Сабақтағы әрбір тапсырмадан соң оқушылар қалыптастырушы бағалаудың түрлері арқылы ынталанып отырады. Жұмыстары түзетіліп, дифференциалды жұмыстар жүргізіледі.

Жіктеу

Саралау тапсырмаларын орындағанда оқушыларды мақсатты топтар деп қарастырып, А,В,С деңгейіндегі оқушыларға жұптық, өздік тапсырмалар беріледі.

1ҚБ: «Қолпаштау» Ширату кезінде

  • Өте жақсы балалар. Сіздер жаттығуды орындап, сөз ішінен санды таба білдіңіздер. Қане біріміз қол соғып қояйықшы.

2 ҚБ:«Жұлдызша»

«Жасырын сөз» басқатырғышын шешкенде

Қатесіз – (3 жұлдыз)

1 қате – (2 жұлдыз)

  1. -3 қате — (1 жұлдыз)

3.ҚБ. «Сиқырлы жұлдыздар» Топтар бір- бірін бағалайды

Бәрі дұрыс болса –жасыл жұлдыз,

1 қате болса – қызыл жұлдыз,

2,3 қате болса – сары жұлдыз.

4.ҚБ. Өзін- өзі бағалау. «Желкенді қайық»

Оқулықпен жұмыс тапсырмаларын орындауда бағаланады.

5.Т.Ж. Саралау тапсырмалары.

ҚБ: «Жетон» арқылы бағалау. «Ребусты шешіңіз» тапсырмасында.

Қызыл жетон- қатесіз орындаған

Көк жетон- 1 қате

Сары жетон- 2,3 қате

6.Қ.Б: «Бағдаршам» әдісі. «Сөзжұмбақты» шешу барысында бағаланады.

2 -3 қате – «Қызыл түс»

1 қате –«Сары түс»

Қатесіз – «Жасыл түс»

7.ҚБ:«Шамшырақ» «Сиқырлы шаршылар». Реттілікті анықтауға арналған тапсырмаларды орындағанда «Шамшырақ» әдісі арқылы дұрыс жауап берген топты бағалау

Бәрін дұрыс орындасаТамаша!

1 қате — Керемет!

2 көжекті тапса — Жақсы!

8. ҚБ. Жапондық бағалау.

Суретті жұмбақ шешуде.

Оооо-

«5» — егер ребус дұрыс шешілсе және сыныбындағы балалардың атына ребус құрастырса –

Мммм

«4» — ребус дұрыс шешілсе, бірақ сыныбындағы балалардың атына ребус құрастырылмаса.

9.Қ.Б: топтық бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы топтар бір- бірін бағалайды.

10.ҚБ. Өзіндік бағалау

Дұрыс жауап тақтада көрсетілген соң,

«Қосу, алу, қызықты» әдісі арқылы бағалау. Дұрыс жауап тақтада көрсетілген соң, оқушы бағалау парағы арқылы өз өзін бағалайды

Кері баййланыс

  • Мен ребустарды шеше алмаймын;
  • Мен ребустарды шеше аламын, бірақ әлі де сұрағым бар

Мен ребустарды шешемін және құрастыра аламын

«Жасырын сан» ширатуында, «Ине мен жіп» сергіту сәтінде ынтымақтастық атмосферасы орнап, ойын жаттығуларын орындайды.

Қауіпсіздік ережелері:

Оқушыларға интерактивті тақтамен жұмыс жүргізгенде проектор сәулесіне тіке қарамау ескертіліп, 15 минуттан соң уақытында «Ұйқы» режиміне қою.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.