Тақырыбы: «Менің балам»
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттай отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы тәрбие беру. Отбасы — отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Олай болса бүгінгі ортаңғы топ арасында өткізілгелі отырған «Менің балам» сайысына хош келдіңіздер.
Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
Іс-шарамыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1-кезең: «Балам туралы…» (ата-анаға баласы жайлы сұрақтар қойылады, жақсы көретін түсі, сүйіп жейтін асы, сүйікті ойыны т.б)
2-кезең: «Менің балам қандай?» Ойынның мақсаты: ата-ана басласын қалай жақсы көретінін көрсету. Әр қатысушы анасы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек.
3-кезең: «Сурет сөйлейді». Балаларының қызық оқиғасын бейнелейтін күлкілі фото байқауы. Суретке қарап ол кезде бала неше жаста болғанын, қай кезде түскенін және осы суретпен байланысты қызықты оқиғаны бейнелейді.
4-кезең: «Аялы алақан». Бұл аналарға арналған сайыс. Бұл кезеңде әрбір ана байлаулы көзбен алақанымен сипап-сезу арқылы өз баласын тануы тиіс.
5-кезең: «Мен білемін…». Мұнда бала бұйымның (ата-анасының жеке заттары) арасынан өз ата-анасының затын табады. Оны қашан және қайда, не үшін қолданатынын айтады.
6-кезең: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» Бұл кезеңде баласымен анасы бірге қолөнер бұйымын жасайды.
Ең соңында отбасы мүшелері бірігіп А3 форматында қағазға «Менің отбасым тақырыбында» сурет салады.
Әр отбасын сайыста көрсеткен өнері үшін «Шебер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Шымыр отбасы», «Ынтымақты отбасы», «Алғыр отбасы», «Өнегелі отбасы» сияқты аталымдармен марапаттайды.
Жүргізуші: Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Менің балам» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.
(Отбасылар орын бойынша марапатталады
—
Зайтуна Есмаганбетова