Жаңа сабақтар

Мусакулова Алмагуль Замзановна

Тақырыбы: «Елін сүйген – Елбасы!»

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Тіл дамыту. Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Мақсаты: Елбасымыздың туып — өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ — жауап, мадақтау
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс — әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
— Балалар орнымыздан тұрып, бір – бірімізге сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
— Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
— 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
— Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
— Балалар, бұл кім?
— Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
— Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
— Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы. Әдемі:
Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда
Көркейтіп елін қазақтың
Көрсетпей өмір азабын.

Аделя:
Қазақ елі – Қазақстан
Болашаққа үн қосқан
Жақсы күнге жетелеп
Елбасым менің – Нұрсұлтан
Ерназар:
Жасай бер Қазағым!
Жасай бер Елбасым!
Амина:
Елімнің елбасшысы
Нұрсұлтан атамыз аман болсын! Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«Не жетіспейді?»
Ойын шарты: Берілген бейнелі суреттің бір бөлшегі жетіспейді, балалар қысқыштармен тауып орналастыру қажет. Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
Сергіту сәті. Отаным менің кең — байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел — Отан біздің кең — байтақ,
Отанның біздер баласы.
— Елбасымыз кім?
— Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
— Біз қай елде тұрамыз?
— Біз бүгін не жабыстырдық? — Балалар, енді біз барлығымыз бірігіп, Елордамыз Астана қаласында орналасқан манументіміз Бәйтеректің бейнесін жасайық. Топтық жұмыс «Бәйтерек» Шарты: Боялған жармамен бейнені жасау. Мақсаты: Қол маторикасын дамыта отырып, баланың ойлау, таным қасиеттері дамыту.
— Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасшымыз жайлы бейне роликті көрейік.
— Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнің.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.