Жаңа сабақтар

Закирова Айнагуль Адылгазыевна

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, аппликация, мүсіндеу.

Тақырыбы: Кеседегі қазақ оюы.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ыдыс — аяқтарымен таныстыру. Бұл ыдыстарды тұрмыста тұтынатыны туралы балаларға түсінік беру. Кесені дәстүрден тыс жолдармен әшекейлеуді үйрету. Балалардың саусақ икемдіктерін қалыптастыра отырып, эстетикалық талғамдарын бекіту.

Көрнекілігі: Ыдыстардың суреті, үлестірмелі материалдар, бейне таспа, аудио таспа
Сөздік жұмыс: Ұлттық ыдыс — аяқ, кесе, торсық, астау, ожау, шара.
Мотивациялық — қозғаушылық
Тәрбиеші балалармен қол ұстасып шеңбер құрайды:

Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!

  • Өте жақсы. Балалар, бір — біріміздің алақанымыздан не сезініп тұрмыз?
  • Жылулық.
  • Тәрбиеші: Балалар, осындай жақсы көңіл-күй мен орынымызға отырайық.

Жаңа сабақ.

  • Балалар біз ненің суретін көріп тұрмыз.

-Балалар, қараңдаршы, мына жерден сендер не көріп тұрсыңдар?

-Ою.

-Дұрыс. Атауларын біз білеміз ғой, атап берейікші.

-Тарақ, қошқар мүйіз, гүл, айшық.

-Тамаша. Өте дұрыс. Енді осы оюларды ата-апалармыз қайда, қалай пайдаланғаны жайлы айтып берейін.

Қазақ халқының әр затты ою — өрнекпен әшекейлеп отырған.

3. Слайд арқылы Балалар тақтаға назар аударып көрейікші.

  • Балалар біз ненің суретін көріп тұрмыз.
    Бұл – қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық ыдыс — аяқтары. Біз бүгін осы ұлттық ыдыс — аяқтармен танысып, біз білетін оюлармен оларды әшекейлейміз.
  • Балалар, мына жерде кесе, торсық, астау, ожау, шара — бұл қазақ ұлттық ыдыстары – деп аталады.

Торсық: қымыз, айран, сүт құйуға арналған ыдыс

Жасалғаны : теріден

Шара: қымыз, сүт құюға арналған ыдыс

Ожау: қымызды сапыруға арналған ыдыс

  • Балалар, қараңдаршы ыдыстар әр — түрлі оюлармен әшекейленген.
    Балалар біз бүгін сол ыдыстардың ішінен кесе жайлы әңгіме қозғаймыз.
  • Балалар, кім айтады кесе бізге не үшін керек?
  • Дұрыс айтасыңдар.

-Ал, енді балалар осы ыдыс-аяқтарды қолынан бал тамған зергер ұсталар жасайды екен. Мен бір зергер ұстаны білемін, барсақ қалай қарайсыңдар. Бірақ, бару үшін кедергілер бар сияқты. Жолымызда ағаштар, тастар, тікенекті шөптерде бар екен. Бірақ біздің күшімізде, денемізде шыныққан, күштіміз. Қорықпай өтеміз ғой.

-Иә (қақпақтан жасалған кедергіден өтеді)

  1. Кедергі (Қақпақтар) Тастардан өткен соң сандықшаның ішіндегі тапсырманы орындау керек.

Дидактикалық ойын: «Өз орның тап?»

-Балалар, жарайсындар енді екінші кедергіден өту керек сияқты.

  1. Кедергі (Таяқшалар) Одан өткен соң тағы бір құпия сандықшада тапсырмалар бар.

Дидактикалық ойын: «Көлеңкесін тап?»

-Балалар жарайсындар біз өзіміздің білгір де, тапқыр екенімізді көрсеттік. Міне зергердің де шеберханасына жеткен сияқтымыз.

-Сәлеметсіз бе, ұста ата. «Жұлдыз» тобының балалары сізге асыға жеттік. Біз сізден осы ұлттық ыдыстар туралы ақпарат алуға келдік.

-Сәлеметсіңдер ме балалар, келгендеріне мен қуаныштымын. Қош келдіңдер. Бұл ұлттық ыдыстар менің шебер қолдарымнан пайда болған заттар. Мен сендерге осы ыдыстар туралы ақпарат беруден бас тартпаймын. Бұл ыдыстардың көбісін ағаш, теріден жасаймын. Мынау, астау, ожау, шара, кесені мен жақсы ағаштан ойып тұрып, ал мына торсықты малдын терілерінен жасаймын. Мына тұрған оюлы кесені сендер сияқты балалар жасап кеткен болатын. Осыны алындар. Топтарына барып, өздерін жасап, мен сияқты көрме жасандар. Сендер сонда нағыз шебер қолды балалар болып аталасындар.

— Рахмет сізге ұста ата. Сау болыңыз.

-Ал, енді балалар, тобымызға барып бізде шығармашылықпен айналасайық. Бірақ қайтар жолда тағы да арқаннан кедергі бар екен. Абайлап, саппен, тепе-тендікті сақтап өтейік.
— Біз бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық ыдыстарының ішіндегі кесені алып әшекейлейміз.

(Балаларды екі қатарға отырғызып, бір қатар аппликация мен бір қатар мүсіндеуден кесенің бейнесін жасайды)

Сергіту сәті:

Он қолды біз алайық

Сол қолды біз алайық

Арлы-берлі серпілтіп

Билеп-билеп алайық

-Ал енді балалар сонымен бүгінгі өткен тақырыбымызды қорытындылай кетсек.

Ұлттық ыдыстардың қандай атауларын білесіңдер?

Атап берейікші

Ондай болса бүгін не не үйренгенімізді бір ойын арқылы байқап көрейін.

Дидактикалық ойын: «Неге пайдаланамыз?»

Көрме

  • Кім айтады, кесені неден жасайды?
  • Жарайсыңдар!

Тәрбиеші:
Қазақ халқының әр затты ою — өрнекпен әшекейлеп отырған.
— Біз бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық ыдыстарының ішіндегі кесені алып әшекейлейміз.
Қызықты сәт:
Есік қағылады
Қонаққа Қуыршақ бала келеді.
Сәлеметсіздер ме? балалар
— Балалар, с әлеметсіз бе?
— Қуыршақ бала:
— Мен сіздердің ою — өрнек туралы айтып жатқандарыңызды естіп қалып келдім. Менің қоржынымда мынадай ою — өрнектер бар.
Мен бұл ою — өрнектердің қалай аталатының білмеймін.

Тәрбиеші:
Қане, балалар, біз Қуыршақ балаға көмектесейікші.
Ал мынау қандай ою түрі?

МҮЙІЗ» — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою — өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою — өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады
Ал мынау қандай ою түрлері?
— Гүл оюы.
— Тарақ оюы.
— Ирек су оюы
Балалар байқасаңдар біздің барлық заттарымыз ою — өрнекпен әшекейленген мысалы: сандық, көрпелер мен жастықтар, ыдыстар мен киім-кешектер т. б. Әр оюдың өзіндік ерекшелігі мен құпиясы бар.
Балалар айтыңдаршы әдемі ою — өрнегі бар бұйымдарды жасайтын адамды кім деп атаймыз?
Балалар енді кесені Ирек су оюымен әшекейлейік
— Ирек су оюы балалар, толқын
сияқты иректеліп келеді.
Сондықтан ирек су өрнегі деп аталады.
Ирек су оюының түсі көк, көгілдір, сия көк болады.
Ою заттың шетінде, жиегінде орналасады. Бұл әсемділікті білдіреді.
Бояумен жұмыс жасамас бұрын, жұмыс кезеңдегі ережелерді есімізге түсірейік.
Балалар:
Бояуды ағызуға, көзге жақындатуға, Киімге жағуға болмайды, бояумен ұқыпты жұмыс істеу керек.
— Ал енді, балалар, қазір мен сендерге кесені қалай әшекейлеу керектігін көрсетемін.
біз бүгін қылқаламды саусақтың көмегімен кесеміздің сыртын Ирек су оюымен әшекейлейміз.
(тәрбиеші жұмыстың орналасу тәртібін көрсетеді). Ал бояуды әркім қалауы бойынша пайдалануға болады.(тәрбиеші балаларды бояумен, бояғышпен дұрыс жұмыс жасауды үйретеді). Тәрбиеші жұмыс жасай алмай жатқан балаларға көмектеседі.

Рефлексивті-

Жарайсыңдар

түзетушілік

балалар,кесені қандай

тамаша,көркем етіп

оюладық.

Міне сендер енді нағыз

«шебер» болдыңдар.

(балаларды марапаттайды)

Балалар медаль алады

Күтілетін нәтиже

Білуі:Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарының аттарын білу.

Меңгеруі:Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерін, ыдыстарын түсіну керек.

Жасай алуы:Кесені қылқаламмен әшекейлей алуы керек.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.