Жаңа сабақтар

Есимханова Айгерим Бекайдаровна

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 3 Бөлім «Адам» №14 орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Есимханова Айгерим Бекайдаровна

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні:27.11.19ж
Сынып: 2 «Б»
Сабақ тақырыбы Денеге қалай күтім жасаймыз?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2.3.4 жеке гигиенаның денсаулықты сақтаудағы рөлін анықтау;

2.2.3.5 тістерді күтудің денсаулықты сақтаудағы маңызын анықтау;

2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
денсаулықты сақтауда жеке гигиенаның рөлін анықтайды, тіске күтім жасаудың маңызын біледі.
Оқушылардың көпшілігі:
Эксперимент жүргізу арқылы нәтижесін сипаттап жазады
Кейбір оқушылар:
Интернет желісі, энциклопедияны пайдалану арқылы тістің құрылысы мен бөліктері туралы деректер табады
Жетістік критерилері Сабаққа байланысты деректерді пайдалана отырып,суреттерді салыстыра отырып тіс қызметтерін анықтайды.
Тілдік мақсаттар Тазалық, тіс, тісжиегі тірек сөздерді өз жауаптарында қолдана білу.
Құндылықтарды дарыту Тазалық сақтау
Пәнаралық байланыстар Әдебиет, дүниетану пәнімен байланыс
Алдыңғы меңгерілген білім Берілген тақырып аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақ басы

3 минут

3 минут

(Ұ) Ынтымақтастық ортасын құру.

«Ертеңгілік шеңбер»

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!

Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!

Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!

Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)

Өлең оқу «Не үшін керек?»

Сабақтың тақырыбын ашу. Миға шабуыл.

«Галерея ойыны»

Оқушылар өз қолдарына қарап мына сұраққа жауап береді

-Қолымыз неге кірлейді? (басқалар ұстаған заттарды ұстаймыз, оларда шаң-тозаң болады)

-Кірді не тазалайды? (сабын мен су)

-Қолды қандай жағдайларды жуу керек? (тамақ әзірлегенде, тамақ ішер алдында, мектептен келген соң т.б)

ҚБ «шапалақ»

ЖЖ Адам өз денесін таза ұстау үшін қандай күтім керек? сұрақ-жауап

суреттер
Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

(Т) Суретпен жұмыс.

Денсаулық 1- тапсырма

Қауіпсіздік ережесі бойынша әр оқушы өз айнасын алады және өз тісінің саны мен пішінін қарайды. Нәтижесін жазады.

Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар:

Ауыз қуысындағы тістерді санайды

Тістің қаттылығын тексереді

Алдыңғы тіспен артқы тістердің ерекшеліктерін анықтайды.

Тісті емдейтін дәрігерді қалай атаймыз?

Қорытындылау(асты дұрыс қорыту үшін асықпай ішу керек, тістің көмегімен дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты сақтаймыз)

№1 кесте ҚБ «Бас бармақ» әдісі

Бақылауға алынған зат Бақылау нәтижесі
Тістердің саны
Алдыңғы тістің пішіні
Артқы тістің пішіні

2- тапсырма Дәлелдеу. Ай, тісім-ай …

Сурет бойынша тістегі тесіктің неден пайда болатыны туралы ойланады және себебін анықтап кестені толтырады.

Нұсқау:

Шамадан тыс тәтті жесек?

Тіс кіреукесінің зақымдануын қалай тоқтатамыз?

Тіс сау болу үшін ереже құру

*тәттіні көп жемеу

*ауызды шаю

*тісті күніне 2 рет тазалау

*тіс дәрігеріне көріну

№2 кесте

Бақылау нәтижесі
Тәттінің зияны
ереже

3-тапсырма Талдау.

Тамақтану барысында тістің қызметін анықтайды және кестені толтырады.

Нұсқау:

Аздап тамақ жеңіз – тістердің қандай түрлері жұмыс жасайтынын бақылау және әр тістің қызметін анықтау.

Қорытынды: азу тістер тағамды ұсатады, ит тістер жыртады, күрек тістер тістейді.

№3 кесте Керекті сөздер:ұсатады, жыртады, тістейді

Бақылауға алынған зат Бақылау нәтижесі
Күрек тістер
Азу тістер
Ит тістер

Дескриптор:

  • Күрек тістердің қызметін анықтайды;
  • Азу тістердің қызметін анықтайды;
  • Ит тістердің қызметін анықтайды

ҚБ «ымдау белгісі» әдісі

— маған бәрінен ұнағаны…… оооооооооооо

— менің аздап ұнамады болса мммммммммм

Сергіту сәті

Бейнефильм көрсету

Тіске күтім жасаудың маңыздылығы

айна

кесте

Сурет

тағамдар

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс

Рефлексия

Эксперимент қорытындысы. Жинақтау

Тапсырма: газдалған сусындар тістің жылтыр кіреукесіне (эмал) әсер ете ме?

Сұраққа жауап беру үшін қарапайым эксперимент жасап көріңіз.

Сүйек пен тістің құрамы ұқсас болғандықтан эксперимент жасау үшін тістің орнына тауықтың сүйегін пайдаланамыз.

2 стақан алып, біреуіне «Кока кола» газдалған сусын, екіншісіне таза су құйыңыз. Олардың ішіне тауықтың қайнатылмаған шикі сүйегін салыңыз.Бір күннен соң оларды салыстырамыз.

Жүргізілген эксперимент нәтижесін кестеге жазыңыз

ҚБ «Бір +, бір — »

Бақылауға алынған зат Бақылаудың нәтижесі
Газдалған сусынға салынған сүйек
Таза суға салынған сүйек

Кестеге сүйеніп эксперименттің нәтижесін сипаттап айтыңыз

Қорытынды жасаңыз

Дескриптор: -эксперимент жасайды;

-эксперименттің нәтижесін кестеге түсіреді;

-эксперименттің нәтижесін сипаттайды;

-нәтижеге сүйеніп қорытынды жасайды.

Жағдаят

Жағдаяттық сұрақ.

Бекарыс деген бала жалқауланып, ылғи қолын жумайды, таңертең, кешке тісін тазаламайды, тәттіні көп жейді. Ойнап келіп, киімін шешпей, ұйықтап қалады. Тіпті шашы таралмайды. Бір күні Бекарыс осылай жүріп, ауырып қалады, тісі қатты қақсап, іші ауырып, денесі қотыр болып кетеді. Бекарыс дәрігерге барады.

1.Бекарыстың ауруына себеп болған жағдайды айт.

2.Бекарысқа ереже құрастыр.

/кері байланыс/

Дескриптор:

1.Ауруға себеп болған жағдайды айтады.

2. Ереже құрастырады.

Оқушы мен мұғалім кері байланысы.

Өз-өзін бағалау ауызша жүзеге асады.

«Табыс жолы» әдісі.

«Білемін »

«Түсінемін, орындаймын»

«Досыма көмектесе аламын, білемін»

Сусын, сүйек

су


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.