Жаңа сабақтар

Турлыбаева Гульнара Кошкынбаевна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Мектеп:

Күні: 02.03.2018ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын

Сынып: 1 «Б»

Мұғалімнің аты – жөні: Турлыбаева Гульнара Кошкынбаевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Біз қалай тамақтанамыз?
Оқу мақсаты 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Тамақ атауларын атайды.

Көптеген оқушылар: Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: Тамақтану режимін сақтаудың маңыздылығын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері -Тамақтану режимін сақтауды түсіндіреді.

-Тамақтану режиміне тағамдардың пайдасын, зиянын дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар Оқушылар тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

режим, тағам, сусын, таңғы, түскі, кешкі ас.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Неліктен тамақтану режимін сақтау керек?

-Тамақтану режимін маңыздылығын дәлелде?

Құндылықтарды дарыту Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Қазақ халқының қонақжайлығына, үлкендерді құрметтеуге баулу.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану-адамның даму қажетіліктерін анықтайды; сауат ашу- тағамдардың атауларын жазады.
АКТ қолдану дағдылары «Тамақтану:дұрыс ас ішу тәртібі» бейнежазба көру арқылы тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеді..
Бастапқы білім Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор екенін біледі.Ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындарды біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

2 минут

1 минут

7 минут

Психологиялық ахуал.

Дөңгеленіп тұрайық,

Бірге шеңбер жасайық.

Ағаш үйді биік қып,

Қолға уық алайық.

Керегесін тік ұстап,

Қанаттарын жазайық.

-Міне, сендермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің шаңырағы биік, қабырғалары мықты болсын дегім келеді!

Топқа бөліну. 1топ-жемістер, 2 топ -сусындар, 3 топ-дәнді-дақылдар, 4топ -көкөністер.Топ ережесімен таныстырады.

Ой қозғау жаттығу.

(Ұ) «Бұл не?» ойын әдісі арқылы сабақ мақсатын жариялау үшін, оқушылардың ойын қозғауға бағытталған ойынын ойнатылады.Әр топтан бір оқушыдан шығады. Олардың көздерін байлап, дорбадағы затты қолмен ұстап сипау арқылы не екенін табу қажет. Алып шыққан жемісі, көкөнісі туралы білгендерін айтып беру.

ҚБ «Смайлик» әдісі арқылы бағаланады.

Ұ: -Бұл жемістер, көкөністер неліктен пайдалы деп ойлайсыңдар?

О: -Жеміс- жидектер мен көкөністерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер бар, сондықтан оларды көп жеу керек.Олар біздің бойларымыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.Оқушылар бірлесіп сабақ тақырыбын табады. «Тамақтану:дұрыс ас ішу тәртібі» бейнежазба көрсетіледі.

Суреттер:

жемістер,сусындар, дәнді-дақылдар, көкөністер.

Дорба, алма, сәбіз, банан, қызылша.

Бейнежазба

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/adam-ahzasy-zhane-onyng-kutimi/lesson/tamaqtanu-durys-as-ishu-tartibi

Сабақтың ортасы

4 минут

5 минут

5 минут

5 минут

(Ж) 1- тапсырма. «Суреттерді салыстыр» әдісі.

Бір оқушы ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты, ал екінші оқушы айырмашылықты табады.

Дескриптор:

1.Ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты атайды.

2.Ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы айырмашылықты атайды.

ҚБ «Жүзім» әдісі арқылы өзара бағаланады.

(Жеке) 2- тапсырма. «Түртіп алу» әдісі.

Өзіңіздің тамақтану режиміңіз туралы айтыңыз.Бос орындарға өзіңізге ұнаған тағамдардың суретін салыңыз.Пайдалы тағамдардың түртіп қойыңыз.

Бағалау критерии:

-Тамақтану режимі туралы айтады.

-Пайдалы тағамдарды анықтайды.

-Тамақтану режимін сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді.

Дескриптор:

1.Тамақтану режимін сақтаудың маңызы туралы әңгімелейді;

2.Өзіне ұнайтын тағамдардың суретін салады және атауларын жазады;

3.Пайдалы емес тағамдарды анықтайды;

ҚБ «Алмұрт» әдісі арқылы бағаланады.

Сергіту сәті. «Қонақжайлылық» ойыны

1 топ-қазақ ұлты, 2 топ- орыс ұлты, 3 топ- жапон ұлты, 4 топ –ағылшын ұлты.Оқушылардың міндеті -дастархан жайып, қонаққа шақыру.Қонақтарға дәмді және пайдалы ұлттық тағамдар ұсынамыз. Оқушыларға ұлттық қонақжайлық дәстүрі мен үлкендерге құрмет туралы естеріне салыңыз. Қонақ келгенде қандай сыпайы сөздер айту қажет екенін сұраңыз. «Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар, астарыңыз дәмді болсын және т.б.»

(Т) 3-тапсырма. «Зерттеу, зерделеу» әдісі арқылы әр топ тағамдар құрамын зерттейді.

1-топ- Жемістер

2-топ- Сусындар

3-топ- Чипсы,кириешки

4-топ- Ірімшік

Дескриптор

1.Барлығы тағам екенін анықтайды.

2.Көпшілігі қай тағам, неден жасалғанын ажыратады.

3.Кейбіреуі тамақтану режиміне пайдалы- зиянды тағамдарды дәлелдейді.

ҚБ«Алма» әдісі арқылы бағаланады

Оқулық, 70 бет

Ұлттық тағамдардың суреттері.

Алма, чипсы, кириешки,ірімшік, қымыз, кока-кола.

Сабақтың соңы

4 минут

4 минут

3 минут

(Т) 4-тапсырма.Постер қорғау әдісі.

Ас мәзірін құрастыру.

1-топ: Таңғы ас

2-топ: Түскі ас

3- топ: Түстен кейінгі ас

4- топ: Кешкі ас

Дескриптор:

1.Ас мәзірін құрастырады.

2.Қай уақытта қалай тамақтану керектігін айтады.

ҚБ «Шие» әдісі арқылы бағаланады.

«Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

-Тамақтану режимін сақтау деген не?

-Зиянды тағамдарды ата?

-Пайдалы тағамдарды ата?

-Адамның дұрыс өсіп, дамуы үшін не істеуіміз керек?

ҚБ «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.

Кері байланыс: «Жеміс ағашы» әдісі

Егер бүгінгі сабақты түсінсеңіздер, қызыл түсті жемістерді жемісті ағашқа жабыстырады.

Егер түсіндім, бірақ әлі сұрақтарым бар десеңіз, жасыл түрлі жемістерді жабыстырады.

Егер түсінбесеңіздер, сары түсті жемістерді жабыстырады

А3,

фломастер

Микрофон

Ағаштың суреті

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап

отырсыз?

Тамақтану режимін сақтаудың маңызын түсінбеген оқушыларға жетелеме сұрақтар беріледі.

Қабілетті оқушыларға тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін өз бетінше дәлелдеу ұсынылады.(3-тапсырма)

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

ҚБ «Смайлик»әдісі,

ҚБ «Жүзім» әдісі,

ҚБ «Алмұрт» әдісі,

ҚБ«Алма» әдісі ,

ҚБ «Шие» әдісі ,

ҚБ «Шапалақ» әдісі арқылы

бағаланады. Кері байланыс

«Жеміс ағашы» әдісі арқылы іске асады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дұрыс отыру, интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс істеу. Сергіту сәтін орындату арқылы оқушы денсаулығын нығайту қарастырылады

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.