Жаңа сабақтар

Жайнагүл Капитанова Ачековна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Сынып: 1

Мұғалімнің аты – жөні: Жайнагүл Капитанова Ачековна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Қымбат — арзан
Оқу мақсаты 1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Есептерді қосу және азайту амалдарымен орындайды. Есептің шартына байланысты сызба сызады.

Көптеген оқушылар: «Қымбат — арзан» ұғымдарын есепке қатысты амалмен негіздейді және шығару әдісін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: Тапсырманы тиісті амалмен толықтырып, шығару тәсілі мен жауабын жазады және дәлелдейді.

Бағалау критерийлері 1. Қосу мен азайтуға берілген есепке қатысты амалды негіздейді.

2. Есептердің шығару әдісін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар Негізгі терминдер:

Бағасы, құны, ақша, теңге, қымбат-арзан ұғымдарын қолданады.

Диалогқа арналған сөз тіркестері:

  • Заттардың бағаларына қатысты қандай сөздерді қолдандыңдар?
  • Мысалдарға қатысты қандай амалды қолдандыңдар?
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды ұқыптылыққа және үнемділікке баулу.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану/ Дене шынықтыру: «Атомдар мен молекулалар» атты сергіту сәтін орындайды.

Сауат ашу: Берілген тапсырмаларды оқып, жазады.

Дүниетану: Дүкеннен өз бетінше зат сатып алады.

АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім Монетаның,бағаның не екенін. Монеталарды ұсақтап, төлем жасауды және саудаға қатысты есептерді шығаруда алғашқы білімдері бар.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекен Ресурстар
Сабақтың басы — Сәлеметсіңдер ме, балалар!

М: — Жақсы сөз жанымызды жадыратады дегендей, бәріміз бір-бірімізге алақандарымызды қосып, жылы лебізімізді, жақсы тілегімізді айтайық.

(Ұ) Бүгінгі күніміз сәтті болсын.

Қойылған мақсатқа жету үшін,

Ойымыз нақты болсын.

«Ми штурмы» стратегиясы

(М) Бағасы 10 теңге тұратын дәптер және 50 теңге тұратын қалам көрсетемін.

Оқушыларға 10 теңгелік монеталар таратып беремін.

М: — Қолдарыңда қанша ақша бар?

  • Қолдарыңдағы ақшаға қалам сатып алуға бола ма? Неліктен?
  • Осы ақша дәптер сатып алуға жете ме? Неге?
  • Қайсысы қымбат:

дәптер ме, әлде қалам ба?

  • Дәптер қаламнан қаншаға арзан?
  • Қалам дәптерден қаншаға қымбат?
  • Қалам мен дәптердің бағаларын салыстыруда қандай сөздерді қолдандыңдар?

(Қымбат-арзан)

  • Ендеше балалар, қолдарыңдағы ақшаға бағасы арзан бір дәптер ғана сатып ала аласыңдар. (Балалар дәптер сатып алады)

(М)Балаларға тапсырма жазылған дәптердің шаблонын таратамын. Дәптердегі мысалдарға тиісті амалдарды қою арқылы оқу мақсатын ашамын.

10 теңге

50 теңге

Тапсырмалар

10 * 3 = 13

18 * 7 = 11

30 * 20 = 50

Сабақтың ортасы Әр балаға өзін-өзі бағалау парағын таратамын.

«Ойлан, жұптас, талқыла» тәсілі

1 – тапсырма

(Ж) Хатқа арналған конверт 60 тг, ал ашықхат 50 тг тұрады. Ашықхат конверттен қанша арзан? Есептің сызбасын сызып, шешуін өрнек түрінде жазыңыз және мәнін табыңыз.

Дескриптор:

  • Есептің сызбасын сызады;
  • Шешуін өрнек түрінде жазады;
  • Өрнектің мәнін табады.

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай кері байланыс беремін.

Қ: «Теңге алу» тәсілі.

Алғашқы орындаған екі жұпқа 20 теңге, кейінгі орындаған төрт жұпқа 10 теңге, келесі бес жұпқа

5 теңге беріледі.

«Конверттегі тапсырма» тәсілі

2- тапсырма

Оқушылардың жинаған ақшаларына қарай топқа бөлу.

1 топ: 20 теңге жинаған оқушылар

2 топ: 10 теңге жинаған оқушылар

3 топ: 0-5 теңге жинаған оқушылар

(Т) Әр топқа бағалары жазылған заттардың суреттері беріледі. Суретке қарап, есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жазу ұсынылады.

I топ:

Шырын қаншаға _______?

Йогурт қаншаға _______?

ІІ топ:

Алма қаншаға_______?

Банан қаншаға_______?

ІІІ-топ:

Пирамида қаншаға_______?

Доп қаншаға_______?

Дескриптор:

  • Есептің шартын жазады;
  • Есепке сұрақ қояды;
  • Есептің шешуін табады;
  • Есептің жауабын жазады.

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай кері байланыс беремін.

Қ: «Теңге алу» тәсілі.

Бірінші орындаған топқа 20 теңге, екінші орындаған топқа10 теңге, үшінші орындаған топқа 5 теңге беріледі.

« Атомдар мен молекулалар » сергіту сәті
Әр оқушы — жеке атом. Мұғалімнің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Мұғалім қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек.

«Тиісін тап» тәсілі

3-тапсырма

(Ұ)Есепті қосу амалымен шығарылатындай етіп, тиісті сөзбен толықтырыңыз. Тиісті сөзді тауып, шығару тәсілі мен жауабын жазыңыз.

Анасы Асанға дүкеннен 5 жасыл шар және одан 2-еуі (кем, артық) сары шар сатып алды. Асанның анасы неше сары шар сатып алды?

Дескриптор:

— есепті шығаруға қатысты амалды таңдауға көмектесетін сөзді анықтайды;

— есепті шығару тәсілін жазады;

— есептің жауабын толық жазады;

Қ: Алғашқы орындаған үш балаға 20 теңге, кейінгі орындаған бес балаға 10 теңге, келесі он балаға 5 теңге беріледі

Жинаған ақша құнын жазып отырады.

Аты 1 т 2 т 3 т Қоры

тынды

Асан

I топ

50тг 40тг

ІІ топ

60тг30тг

ІІІ-топ

20тг 70тг

Сабақтың соңы Жұмыс дәптері

88-жұмыс парағы. Қымбат па, әлде арзан ба?

90-бет.

Қ: «Жетістік баспалдағы»

«Дүкен» ойыны

(Ұ)Оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында жинаған ақшаларына дүкеннен ойыншық сатып алу ұсынылады. Балалар ол жерде ойыншық бағасының қымбат-арзан екендігіне көз жеткізеді.Ақшаларын зиянды әрі қымбат затқа жұмсамай, пайдалы ойыншықты таңдап алу керектігін айтамын. (суреттерден алдын –ала ойыншық дүкені ұйымдастырылады).

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап

отырсыз?

Тапсырмаларды оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып саралауды жоспарлап отырмын.

Қолдауды қажет ететін оқушылар есептің сызбасына сәйкес шешуін өрнек түрінде жазады және мәнін табады. Топтық жұмыс жасау «Қымбат-арзан» ұғымдарын есепке қатысты амалмен негіздейді және шығармашылық қабілеттері артады

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бағалау ретінде оқушыларға «Өзін- өзі бағалау» парағын таратуды жоспарлап отырмын.

Әр оқушы өз деңгейінің қай жерде тұрғанын анықтайды.

«Теңге алу» тәсілі.

Сабақ барысында оқушыларға берілген тапсырмаларды 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге беру арқылы бағалауды жоспарлаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәті және белсенді іс-әрекет түрлері кезінде қауіпсіздік шараларын ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.