Жаңа сабақтар

Сагынбаева Жанар Сагынбаевна

ШҚО. Семей қаласы «№42 жанында интернаты

бар жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Сагынбаева Жанар Сагынбаевна

Сабақтың тақырыбы Василий Сухомлинский. Ақ шаш.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін

мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.6.1 — кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.3.1.1 — мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру

Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Алған білімдерін өмірде қолдана алады, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

3 минут

Сәлемдесу. Үш тілде амандасу.

Топқа бөлемін : «Қарындаштар арқылы » топқа бөлінеді. Оқушылар қарындаштарды алып, көк,қызыл,жасыл топтарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Әлемнің жарығын»

«Әнді жалғастыр!»әдісі.

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.

Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады.

Қарындаштар арқылы көк,қызыл,жасыл топтарға бөлу.

«Әнді жалғастыр!»

Тренинг.

Жаңа білім

5 минут

5 минут

7минут

5минут

Білу және түсіну

Ы.Алтынсарин. Бұл кім? «Жұмбақ шешу» әдісі

«Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. (Ана)

Ананың махаббатына, ананың тілегіне еш нәрсе жетпейді. Шырылдап жерге түскеннен — ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол — ана! Ол саған бәрінен қымбат. Сондықтан да сен бір — ақ жанды білесің. Ол — ана!

Міне анаға деген махаббат туған күніңнен — ақ басталады. Ана деген ардақты ат. Ананы құрметтеп, сыйлай біліңдер!

Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» — деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.

«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.

Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершііліктің тәңірісі.

4. Қазір Ана сөзінің мағынасын ашып алайық.

«Сұрақ-жауап» әдісі.

1-топ: Ана тілі

2-топ: Отан ана

3-топ: Жер ана

Дескриптор:

-Ана тілі туралы түсінік береді

-Отан ана туралы түсінік береді

-Жер ана туралы түсінік береді

ҚБ: (Керемет,жақсы,талпын)

Саралаудың «Қарқын» тәсілі.

Қарқыны баяу оқушыға қосымша уақыт беремін.

Қарқыны жылдам оқушыға қосымша тапсырма беремін.

Автор айдарымен танысу. Жалпы ана атаулыға тән, біріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.

В.А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы.

Тыңдалым: Мәтінді үнтаспадан тыңдайды.

Оқулықпен жұмыс.

Оқылым. Мәтінді түсініп оқу

Мәтінді талдау (Мәтінді 3-ке бөлеміз)

1-топ: Мәтіннің басы.

2-топ : Мәтіннің ортасы.

3-топ: Мәтіннің соңы.

Дескриптор:

-Мәтіннің 1-ші бөлімін талдайды

-Мәтіннің 2-ші бөлімін талдайды

-Мәтіннің 3-ші бөлімін талдайды.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі.

Саралаудың «Бағалау» тәсілі.

Әр оқушыны әділ бағалап, қажет болған жағдайда түзетіп отырамын. Сонда ғана педагог пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи алады.

Жазылым.3-тапсырма .

Мәтінге сүйеніп ,кестені толтырады.Көршілерімен алмасып тексереді,бағалау парағы арқылы бірін-бірі бағалайды.

Топтық жұмыс «Ойлан топтас талқыла» әдісі

І-топ. «Венн диаграммасы»

ІІ-топ. «Түймедақ әдісі»

ІІІ-топ. «Ана» туралы мақал –мәтел жазу

Дескриптор:

-Күн мен ананы салыстырады ортақ қасиеттерін жазады

-Ананың бойындағы қасиеттерді топтастырады.

-Ана туралы мақал-мәтел жазады

ҚБ: Топ-топты бағалайды (Бағдаршам)

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі.

Оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы сұрақтар қоямын.

Жұмбақтар жинағы

Әр топ өз тапсырмасын орындайды.

Суреттер.

Кесте

Бағалау парағы

Ортасы

5 минут

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

«515» әдісі

Дәптерге анаңды қуантатындай 15 сөз ойлап жаз

ҚБ: «Отшашу»

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. «Ойлан тап» әдісі. Слайд көрсету.Ана дүниеге жарық сыйлаушы ғана емес,бүгінгі таңда ол Оқушылар суретке қарап мамандықтарды айтады.
Аяқталуы

Сабақты бекіту

3 минут

Синтез.

– Дүниеде не қымбат? (Ана)

— Ана неден қымбат? (Бәрінен)

— Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (Құндақта жатқан кезден)

-Құндақта сөзін қалай түсінеміз? (Жөргекте жатқанда, нәсертелік шақ)

— Жылап, уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің? (Ананы)

Соңы

5 минут

Кері байланыс

«Екі жұлдыз ,бір тілек» кері байланыс Балалар аналарына арнап екі тілек,бір ұсыныс жазып, стикерлерін жабыстырады.
Үйге тапсырма: Ақ шаш оқу, 5-тапсырма дәптермен жұмыс.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.