Жаңа сабақтар

Утешева Мензипа Амировна

БҚО Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ЖОББМ –ті

бастауыш сынып мұғалімі

Утешева Мензипа Амировна

Сыныптан тыс шара тақырыбы: Зерделілер

Мақсаты:Оқушылар арасындаөзара көмек ұғымын,достықты қалыптастыру.пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру.Әр оқушының шығармашылық іздемпаздығын ояту,ойлау қабілеттерін дамыту,әр оқушының шығармашылығын дамыту.

Ресурстар:Слайдтар.

Барысы:

І Психологиялық дайындық.

Қайірлі күн қадірменді көрермендер!

«Зерделілер»ойынына қош келдіңіздер!

Сәлеметсіздер ме,оқушылар!

Нақты ғылымға қызығушылар!

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме,ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқыған оқушылардың,

Сәті келді сыналар.

Тапсырманы түрлі-түрлі ойланамыз,

Арасында ойын ойнап шыңдаламыз.

Ойға оралымды қиын сұрақ бәрі де бар,

Логиканы да жүзеге асырамыз.

ІІ.-Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Пәндер сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.,-дей отырып ортаға «Алғырлар» және «Тапқырлар» топтарын шақырамыз.

-Қымбатты білім сүйгіш шәкірттерім!

Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер.Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпта,ойларыңды жинақтап және тәртір сақтағандарың жөн.Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

1.Таныстыру.

2Бәйге

3.Дода.

3.Жүйріктен жүйрік озар

1-бөлім.Таныстыру.Әр топ өздерін таныстырады.

«Алғырлар» тобы:Шақырып жарыстарға сан-салалы,

Алғырлар топ жарғалы жар салады.

Ту етіп достық пенен татулықты,

Тапқырлар командасын қарсы алады.

«Тапқырлар»тобы: Осындай алғыр достар кез келгенде,

Жетсін-ау,жарыстарда жеңгенге не?

Қарсылас болғанменен сыныптастар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге де!

«Алғырлар» тобының ұраны :Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

«Тапқырлар» тобының ұраны:Тапқырлар биіктерде қалықтасын!

2-бөлім.Мықты болсаң алдағыны басып оқ,

Мықты болсаң,арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт. -деп «Бәйге» сайысына кезек береміз. (Әр топта5ы оқушылаға 1-1-ден сұрақтар қойылады) .

1.Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова,Әлібек Дінішев кімдер ?Әншілер 2.Мүсін дегеніміз не? Мүсін -бейнелеу өнерінің ерекше түрі.

3.Киіз үй жабдықтарын ата. Түндік,туырлық,кереге,шаңырақ,уық,киіз

4.Дина Нұрпейісованың ұстазы кім ? Құрманғазы Сағырбайұлы 5.Құрманғазы Сағырбайұлы кім? Күйші.

6.Қажымұқан Мұңайтпасов кім? Әлемге танымал болған тұңғыш қазақ палуаны.

7.Жамбыл Жабаев кім? Жүз жасаған жырау.

8.Су туралы тыйым сөз.

9. «Ұзынсары»сөзі нені білдіреді.Күннің ұзарғанын білдіреді. 10. «Ғибрат»сөзі нені білдіреді. Үлгі,өнеге.

3-бөлім.Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімі көп шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын.-деп келесі «Дода» сайысына кезек береміз.(Пәндік сұрақтар.)

Өнер,мәдениет,әдебиет 10 20 30 40
жаратылыстану 10 20 30 40
Логика 10 20 30 40
Дүниетану 10 20 30 40

1.Өнер , мәдениет , әдебиет

10.Құлагер ескерткіші қай жерде және ерекшелігі қандай ?

Астанадан 6 шақырым жерде орналасқан.Ескерткіш «Астана-Көкшетау» тасжолында орналасқан.Құлагердің мүсіні мыстан құйылған.Қл-әйгілі ақан серінің аты.

20.Алматыдағы Абай атамыздың ескерткішінің авторы кім?

-Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев.

30.Мәтіннен үзінді.Дүниеқоңыз емес,ақпейіл,адал,құлшына еңбек етеді,еңбегімен күнелткен кімнің мінездемесі?

-«Алтын балта» ертегісіндегі кедейдің мінездемесі.

40.Вавилонның аспалы бағын кім салғызған?

-Бұл бақты Вавилон патшасы Навуходоносор әйелі Амитис патшайымның құрметіне салғызған.

2. Жаратылыстану.

10.Фотосинтез сөзінің мағынасы қандай ?

-Фотосинтез сөзі грек сөзінен аударғанда:фотос-жарық,синтез-біріктіру деген мағына береді.

20.Өсімдіктің өсіп-жетілуіне қандай температура қолайлы?

-Өсімдіктің өсіп-жетілуіне 15-30 градус температура қолайлы.

30.Мекендейтін жерлеріне қарай жануарларды қалай бөледі?

-Орман,тау,суқойма,ашық кеңістік,шөл,шөлейт,дала,саванна жануарларына бөлуге болады.

40.Балқаш қандай көл?

-Балқаш-Қазақстандағы ең үлкен көл.балқаш көлі ерекше.Себебі оның шығыс бөлігінің суы ащы,батыс бөлігінің суы тұщы.Оларды жіңішке Ұзынарал мойнағы бөліп тұрады.Сол себепті екі түрлі су бір-бірімен араласпайды.

3.Логика.

10.Бір күн аптаның қанша бөлігін құрайды? Жауабы:жетіден бір.

20.Параллель түзулер дегеніміз не?

-Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп атайды.

30.Егер шаршы пішінді құм алаңының бір қабырғасының ұзындығы 2м екені белгілі болса,оны қоршауға қанша метр ернеу қажет? Жауабы: 8м.

40.Субұрқақ алғаш рет қай елде пайда болған?Жауабы.Мысыр елінде.

4.Дүниетану.

10. «Бәйтерек»монументі қандай ұғымды білдіреді? Өмір ағашы.

20.Алғашқы қазақ хандығын құрған кімдер?Жауабы:Жәнібек пен Керей.

30. «Мәңгілік ел» қақпасындағы мүсіндер қандай мағына білдіреді?

40.Қала ауылға қандай өнімдер береді ?

4-бөлім.Болашақ биіктерге қалықтасын

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туы желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын-деп «Жүйріктен жүйрік озар» сайысын бастаймыз. «Қара жәшік» Суретте қандай зат бейнеленген?

Қорытынды.сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал,қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаз,сыйлықтар берілді.

Кері байланыс «+,-,қызықты»

БҚО Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ЖОББМ –ті

бастауыш сынып мұғалімі

Утешева Мензипа Амировна

Өлкеміздің киелі орындары.

Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы

негізінде кіші Отаны-өз өлкелерінің тарихи ескерткіштерімен ,соның

ішінде киелі орындар картасына енген жеті нысанмен таныстыру.

Міндеттері: -Туған өлкедегі киелі орындарды білу;

-туған өлкедегі киелі орындардың құндылығын түсіну;

-киелі орындардың пайда болу тарихын айта білу.

Барысы:

Ұйымдастыру.

-Тарих деген не?

-Қандай тарихи оқиғаларды білесің?

-Өлкемізде қандай тарихи ескерткіштер бар?

-тарихта адамзат үш кезеңді бастан кешірді:тас,қола және темір дәуірлері.

Өткен заманның үнсіз куәгерлері-архелогиялық ескерткіштер.

Батыс қазақстан облысынды өткен оқиғалар туралы мәліметтер беретін түрлі археологиялық ескерткіштер,монументтер,құлпытастар.

Археологиялық тарихи

Сәулет өнері Монументтік (мүсін)

Археологиялық — ескерткіштер-халықтың ежелгі тарихына қатысты заттар.

Тарихи ескерткіштер-атақты адамдардың естелігін және маңызды тарихи оқиғаларды еске алу үшін жасалған мәдени мұра.

Сәулет өнері ескерткіштері-сол дәуір қоғамның өмірі туралы аса бай ақпарат көзі,өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері.

Монументтік (мүсін)өнер ескерткіштері-ұлы тұлғаларды,белгілі қайраткерлерді немесе елеулі оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды.

Сәйкестендір

Тарихи киелі орынның сипаттамасы Атауы
1 Сармат дәуірінің мұрасы,алтын әшекейлі әйел мүрдесі табылған кешен А Дәулеткерей Шығайұлының кесенесі
2 1917 жылы Алаш қозғалысына,бірінші және екінші жалпықазақ съезіне қатысқан кісіге орнатылған ескерткіш В Жайық қалашығы
3 Орта ғасырлық көне қаланың орны С Жұмағазы хазірет Тәңкеұлы кесенесі
4 Жымпиты ауылында Алаш тарихымен байланысты сақталған ғимараттар Д Тақсай қорғандар кешені
5 Бұл жерде ХІХ-ХХ ғасырларға жататын көптеген ғимарат-Жәңгір мектебі,қазынашылық үйі,баспахана т.б. 60-тан астам тарих және мәдениет ескерткіштері сақталған. Е Алашорданың батыс қанаты ғимараттары
6 Бөкей ордасы ауданында орналасқан даңқты композитор,күйшінің кесенесі Ғ Хан ордасы ауылы
7 «Дәдем ата»деген атпен де әйгілі болған ХІХ ғасырда өмір сүрген дін ғұламаы И Ғұмар қараш зираты

Кері байланыс.-Тарихи және археологиялық ескерткіштердің құндылығы неде?

  • Не себепті ескерткіштер қорғау мен сақтауды қажет етеді?

Бағалау. «Тарих ағашы »

БҚО Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ЖОББМ –ті

бастауыш сынып мұғалімі

Утешева Мензипа Амировна

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп: С.Есетов атындағы ожббм
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Утешева Мензипа Амировна
Сынып: 4-сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Қасиетті мекенім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны

бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:

• Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді.Шығарманың құрылымын, әр түрлі стильде жазылғанжұмыстарды жетілдіреді, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қатені табу және түзетудің жолдары қарастырылады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Оқушыларды түрлі жанрдағы . шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары, Туған жердің табиғаты туралы ойларын ортаға салады. Бөлімде Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады.

Жетістік критерийлері Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.
АКТ қолдану дағдылары БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Бастапқы оқу Туған жер, атамекен, атақоныс, бабалар елі туралы біледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Сергіту жаттығуы

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

Топтарға бөлу.

Асық арқылы бөлу

Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды

1-топ: «Алтын асықтар»

2-топ: «Күміс асықтар»

3-топ: «Қола асықтар»

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Т) «Пікіріңді айт» айдары бойынша топқа «Сен үшін өмірде

не қымбат?» деген сұрақ жазылған қағаз беріледі.

Әр оқушы өз ойын топқа айтып, жауабын қағазға жазып қояды.

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала

ры

Сабақтың ортасы Мағынаны тану кезеңі.

(Ұ) «Түсініп оқы» айдары «Аялдамамен оқу» әдісі бойынша

«Ақдауыл хан» мәтіні оқылып, оқу барысында

аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік жүргізіледі.

«Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына

талдау жасау).

(Т) «Болжа» айдары «Болжау» әдісі арқылы жүргізу.

Оқушыларға төмендегі сұрақтар талдауға ұсынылады:

1. Оқиға өте ертеректе болғанын қалай болжауға болады?

2. Ақдауыл хан Тозғантауға барғанда жағдайы қалай өзгеруі

мүмкін?

3. Тақырыпқа қарап мәтіннің соңын қалай болжар едің?

Саралау: Берілген сұрақтар барлық оқушыларға беріледі.

Тиімділігі: Оқушылардың болжауының нақты жауаппен дөп келуі емес, ең бастысы, олардың тақырып бойынша белсенді

түрде ой қозғауы екендігін естен шығармай, оқушылардың өз

пікірі сынға түспейтіндігіне кепіл болу.

ҚБ: Қолдау сөздер.

(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың

мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.

Қаймығу – сескену, қорқу

Тамыршы, дәруіш – емші

Хан көтеру – хан сайлау

Ат ізін салмау – бармай, көрмей кету

Зауқы соқпау – көңілі соқпау

Ат жалында ұзақ жыл түн қату – ұзақ уақыт ат үстінде, жорықта болу

(ЖЖ) Ханның туған жерін көргендегі сезімі жайлы өз болжамдарын жұпта талдап, ұжымға жариялайды

Дескрипторы:

1. Әр оқушы өз болжамын ортаға салады

2. Ортақ қорытынды шығарады

ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі.

(Т) Әр топ «Композиция», «Сюжетті шығарма» анықтамасымен танысып, мәтінмен байланыстырады.

Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма деп атайды. композиция сюжетпен тығыз байланысты.
«Ақдауыл хан» ертегісінің құрылысы:

1. сюжеттің басталуы

2. Дамуы

3. Шиеленісуі

4. Шарықтау шегі

5. Аяқталуы

1. Ханның ауырып қалуы

2. Ханның ем іздеуі

3. Ханның ашулануы

4. Ханның туған жеріне

сапары

5. Ханның ауруынан жазылуы

(Т) «Туған жер» бейнебаянын тамашалап, туған жердің басқа

жақтан артықшылығы туралы айтады.

(Т) «Бағала» айдары бойынша:

а) «Ханның әрекетіне қарап, оны қандай адам деп ойлайсың?

Сен үшін ≪Не қымбат?≫ деген пікірдің ең бастылары

қайсысы?» деген сұрақтар арқылы ханның әрекетіне баға береді.

Не қымбат деп есептейтіндерін топта тізіп айтады. Сол пікірдің

ішінен ең басты деп есептейтіндерін белгілейді. Әр топтың

пікіріне баға береді.

Дескрипторы: Сұрақтарға белсенді жауап береді.

ҚБ: Қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Сергіту сәті Сергіту сәті «Табиғат»әні Оқушылар сергіту сәтін жасайды.
Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Ойтолғаныс

(МК) «Не қымбат?» деген бастапқы пікіріңнен не өзгерді? –

деген сұрақ төңірегінде ойланып, соңғы ойларын да қағаз бетіне

түсіреді.

Дескрипторы: Өз пікірін дәлелдермен негіздейді.

ҚБ: «Оң көрші» әдісі арқылы жұптық бағалау жүзеге асады.

Рефлексия. Сөйлемді толықтыр:

Маған … ұнады.

Мені … таңғалдырды.

Мен … болғым келеді.

Үй тапсырмасы: Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрап жаз.

Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі.

Түрлі түсті суреттері бар журналдар,

флипчарт, желім

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс

«Жұлдыздар шеруі» әдісі тапсырмалары арқылы білдіреді .

БҚО Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ЖОББМ –ті

бастауыш сынып мұғалімі

Утешева Мензипа Амировна

Дүниетану Мектеп:С.Есетов атындағы ожббм
Күні Мұғалімнің аты -жөні: Утешева Мензипа Амировна
Сынып: 4 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы: Отбасының қоғам өміріндегі маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 4.1.1.1 отбасыныңқоғамөміріндегімаңызындәлелдеу

4.1.1.2 отбасымүшелерініңфункционалдықрөлінталдау

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:

Отбасы ,отбасының қоғамдғы рөлі туралы меңгереді, жауап бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Отбасы түрлерін бөле алады,отбасындағы қарым –қатынас туралы біледі.

Кейбір оқушылар:

Ата-аналар мен балалардың құқықтары туралы қосымша ақпаратпен бөлісе алады.

Бағалау критерийлері -Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін білуі.

— Сабақта өтілген жаңа терминдерге анықтама беру алуы

Тілдік мақсаттар: Оқушылар:

Отбасы туралы өз ойларын баяндай алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Достық, отбасы, құқық, міндет,

Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық құндылығы:

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-қарым-қатынас жасау қабілеті;

-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

— жауапкершілік;

-отбасы құндылықтарын құрметтеу, қамқорлық көрсету;

Пәнаралық байланыстар Күнделікті өмірмен,өзін-өзі тану пәнімен байланысты.
Бастапқы білім: Отбасы туралы түсініктерін еске түсіру
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Сабақтағы жоспарланған іс әрекет Ресурстар
Сабақтың басталуы:

10мин

(МК). Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. Әр топтан бір оқушы тілек айтады.

Оқушыларды түгендеу.

Тақырыпқа сай 5 топқа бөлу. Топ басшы сайлайды.

1 топ-Отбасы тобы

2 топ-Достық тобы

3 топ- Ата-аналар тобы.

4 топ- Балалар тобы.

5 топ-Қоғам тобы.

Қайталау сұрақтары:

«Ашық микрофон» әдісі.

Меншіктің қандай түрлері бар?

Экономика сөзінің қазақша мағынасы қандай?

Экономикалық жүйе нешеге бөлінеді және оларды ата?

Ақша дегеніміз не?

Ақшаның қызметі қандай?

Нарық дегеніміз не?

Қазрігі таңда Қазақстанда қандай экономикалық жүйе?

Қоғам дегеніміз не?

Ең үлкен қоғам.

Ең кіші қоғам

Үй тапсырмасын бағалау

Көрнекілік

АКТ

Үлестірмелі қағаздар

Сабақтың ортасы

Түсіну деңгейі

10 минут

Қолдану 5мин

Талдау 8мин

Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап. Сабақтың мақсатын айтып өтемін . Оқушылар өзінің мақсатын дәптерге жазады.Әр топқа тапсырмалар беріледі«джигисо» әдісі( дайындыққа 5 минут, әр топқа жауап беруге 1-2 минут уақыт беріледі)

мәтелдерді білесіңдер?

«Қоғам және отбасы»

Сабақтың жоспары:

  1. Отбасы – басты мақсат.
  2. Отбасын құру ұстанымдары.
  3. Отбасындағы балалар мен ата – аналардың құқықтары.
  4. Отбасындағы қатынастар.

Қоғам дегеніміз – қоршаған ортадағы адамдардың өзара қарым – қатынас жасауын айтамыз.

Отбасы – ерлі – зайыптылардың, ата – аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт.

«Отбасы» – сөзіне ассоциация жасау.

Дискриптор:

-Тақырыпты нақты, түсінікті жеткізуі

-уақытты тиімді қолдануы

-жаңа термин сөздерді қолдануы

Жаңа тақырыпты түсінгендерін тексеру үшін сұрақтар қою.

Ата-ана мен балалардың құқықтары мен міндеттерін жаз Жаңа сөздерге анықтама бер
Отбасы-
Неке-
Қоғам-

1 – тапсырма

Әр топ өз түсініктерін жазады? (3 мин)

1 – топ «Адам» Отбасын құру міндеті қандай?

2 – топ «Қоғам» Балалар мен ата-ана құқықтары мен міндеттері қандай?

3 – топ «Құқық» Отбасындағы тәрбие қандай міндеттерді шешеді?

2 – тапсырма (5 мин)

Жағдаяттар талдау.

1 – топ «Адам»

Қарттар үйінде тұрып жатырған Бекзат ата атақты еңбек ері, зейнеткер, 5 баланың әкесі, 9 немеренің атасы. Балаларына жақсы тәрбие, білім беріп өсірген. Бекзат ата күнде таңертең терезеге қарайды да, ойланып отырады. Бекзат ата не ойлап отырады деп ойлайсыңдар?

2 – топ «Қоғам»

“Ата – ананың көңілі балады, баланың көңілі далада” – деген мақалмен мына бір жағдаятқа назар аударып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Майра ауылдан мектеп бітіргенен кейін, қалаға келіп коледжге оқуға түсті. Студент болды, жақын туыстары болмағасын, жатаханадан орын алды. Бірінші курсты өте жақсы аяқтады, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Курстастарының алдында беделді болды. Екінші курста сабағы төмендеді, себепсіз жиі –жиі сабақ қалдырды. Сөйтіп жүріп ол коледжді тастап кетті. Ауылда ата – анасы қызына сенімді оқып жүр деп ойлады, бірақ Майра өз бетімен білгенін істеп жүр. Майраның осындай жағдайға жеткеніне не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3 – тапсырма (2 мин)

Миға шабуыл.

Қазақ не үшін «Жеті атасын білмеген — жетесіз»деген? (Оқушылардың ойларын білу). Жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен. Оны ғылым дәлелдеп отыр. Қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып ұрпақ азатынын қазақ әу баста-ақ білген.

Дискриптор:

-нақты 3 сөзге анықтама бере алуы

— Жауапты өзара тексеріп бағалау

Бейнеролик көрсетіледі

Бейнеролик бойынша өз ойларын айтады. Қандай ой түйдіңдер?

Оқулық

Көрнекілік

Үлестірмелі қағаздар

Ватман, маркер, керекті құрал жабдықтар

Үлестірмелі кесте тапсырмалары

АКТ

Сабақтың аяқталуы 7 мин

Жинақтау

Бағалау

Кері байланыс

Мақсатты тақтаға шығарып , жеткен, жетпегенімізді анықтау. Әркім өз мақсатына жетті ма бір екі оқушы мақсатын оқып жеткен, жетпегенін айтады

Бағалау.әр топтың топ басшысы өз тобының мүшелерін сабақ барысында бағалап отырады, қорытынды баға қояды.

Кері байланыс

Сабақты қортындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнату. Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін , не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін қолдарындағы суреттің артына жазып ковертке салады.

Үйге тапсырма «Менің отбасым» эссе жазу

АКТ

Бағалау парағы

Үлестірме қағаздар, конверт.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.