Жаңа сабақтар

Абдали Нургуль

Шымкент қаласы № 63 негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Абдали Нургуль

Тақырыбы: Ұстазым — ұлағатым

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.

Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар, гүлдер.
Мұғалімнің құттықтау сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұлағатты ұстаздар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Баршаңыздың отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.

Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»– деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз!

Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі — ұлы еңбек.
Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

Жүргізуші : Армысыздар; құрметті қонақтар! ардақты ұстаздар; оқушылар!

Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне орай ұйымдастырып отырған «Ұстазым – ұлағаттым» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Барлығы:
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы ұстаздардың бұл мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
1-оқушы
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы болып шағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.
2-оқушы
Ізгілікті өн бойына жинаған ,
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.
Қалап берген ірге тасын білімнің,
Хош келіпсіздер-дүниеге сыйлы ұстаздар!
3-оқушы
Әр жүйенің еңбекте тірегісің,
Тәрбиенің мектепте жүрегісің.
Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ
Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.
Хор: «Мұғалім ол біздің»

4-оқушы
Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз.

5-оқушы
Анадай бесік тербеткен
Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.
Суарып білім шәрбетпен
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
6-оқушы
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін
Ұстаздық алып жүрген атын еркін
Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен рахметін.
(Өздерінің гүлдерін ұстаздарға беріп, құттықтайды)

Ән: «Ұстазым» (хор)

7-оқушы
Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты ,
Білімдік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын жатты

8-оқушы Қоңырау дауысы сыңғырлап құлаққа,
Естіледі,тынбады созылды ұзаққа.
Жүректі тербеді,сезімді серпілтіп
Мектепке ұмтылдым,жүрсем де жырақта.
Жүргізуші:Келесі кезекті ұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
9-оқушы
Ұстаздық—ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
10-оқушы
Мұғалім—оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
11-оқушы
Мұғалім—өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
12-оқушы
Мұғалім—өзінің бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.
13-оқушы
Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз!
14-оқушы
Көрдім де соларды-қызықтым ісіне
Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол—Ана!
Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай,
Ұстаз кім?Мұғалім ол—дана!
Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана
Ұстаз ба?Ұстаз ол—ер диқан.
15-оқушы
Ұстаз кім—ол зергер,дәрігер,қайраткер.
Ойында оның ел болашағы сайрап тұр.
Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған.
Ертеңгі ғалым,президент,не маман,
Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс те
Мұғалімге де нарық салып салмақты
Мойымайтын дархан тұлға
Ұстаз ғана емес пе? Аружан
Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. Бәрі (Хор)
Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Енді концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар!
1. «Ардақты ұстаздар» әні.
2. «Анашым » әні
3. «Ақ мамам» әні.
4. «Ертегілер елінде»әні.
5.Би.
Осымен ұстаздарға арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.