Жаңа сабақтар

Әсетова Зарина Махмутқызы

Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.

Мақсаты: Туған жерін, Отанын сүюге, егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеуге, туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай, еске алып отыруға, елімізді бабаларымыз сияқты қорғай білуге, ата-бабадан дәстүр боп келе жатқан өнеге-салтымызды, ана тілімізді сүйіп, оны сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, рәміздер суреттері, қанатты сөздер, шарлар, гүлдер.

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

«Биографиялық поэма» (Биопоэма)

Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:

  1. Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)
  2. Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).

  3. Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)

  4. Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз)

  5. Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)

  6. Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)

(Топқа бөлу) «Сандықша» әдісі

II.Кіріспе бөлім.

Құттықтау сөз. Кіріспе құттықтау сөзбен мұғалім тәрбие сағатын ашады.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.

III.Негізгі бөлім.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?(ту,елтаңба,әнұран)

«Мозайка» әдісі

Туымызға нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек бейнеленген. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Оған қоса, Туды сабының тұсынан ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн,шұғыла, қыран және өрнек бейнелері де алтын түсті болуы керек.

Елтаңба-қара шаңырақ-біздің ұлттың алтын бесігі.Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі бүгін қазақ елінің нышаны іспеттес.

Әрбір адам өз елін, жерін – Отанын сүйе білу керек. Біздің туған еліміз-Отанымыз-кең байтақ Қазақстан.

Отан дегеніміз- туған жеріміз, Отан, яғни туған ел-өз үйіңнен басталады. Сен алысқа кетсең, өз үйіңді сағынасың. Туған жердің топырағы, ауасы, жусаны мен гүлдері, жалаң аяқ ойнаған жерлерің-сенің туған жеріңді құрайды. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Яғни барлық адамның туған жері, елі болмақ. Менің туған елім-Қазақстан.

Қазақстан Республикасы 5 мемлекетпен шектеседі. Олар: Россия, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан.

Қазақстанның жері кең-байтақ , жері кенге бай. Қазақстаннан пайдалы қазбалар көптеп алынады. Олар: мыс, күміс, алтын, мырыш, мұнай, газ, темір, альюминий т.б.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

«Жалғасын тап» ойыны.

1.Туған жердей жер болмас, …………………………………………

2.Басқа елде сұлтан болғанша, ……………………………………………

3.Әркімнің өз туған жері …………………………….

4.Туған жерге,…………………………….

5.Отансыз адам-……………………………………….

6.Отанды сүю…………………………………..

7.Отан…………………. ыстық.

Сонымен Отан дегеніміз не?

«Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы»-дегендей,сендер болашақ еліміздің ұрпақтары,өз еліңді,Отаныңды жаныңдай жақсы көріп,еліңнің намысын,өнеге салтын,ана тіліңді,тарихыңды сақтап,қорғай білулерің керек.

IY.Қорытынды. «Бағдаршам» әдісі.

Зарина Асетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.