Жаңа сабақтар

Жалелова Қамажай Какимовна

Мектебі: Шаған ЖОББМ Теректі ауданы БҚО
Мектепалды даярлық

сыныбы

Тәрбиеші: Жалелова Қ.К.
Білім беру саласы: Қатынас
ҰОҚ Сауат ашу негіздері
Тақырыбы : «Е» дыбысы және әрпімен танысу
Оқу мақсаты: 0.1.1.2 сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау

0.1.1.3 сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.2.2 тыңдалған материал негізіндеқарапайым сұрақтарға жауап қайтару

0.3.3.1 жазу бетін бағдарлау, жазу жолын,жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу

ҰОҚ мақсаты: «Е» дыбысы және оның әрпі таңбасымен танысады.

Е дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасап, буынға бөледі. Е дауысты дыбыс екенін ажыратады.

Жазу бетін бағдарлайды, кең сызықтар салып әріп элементтерін жазады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Миға шабул,Блум таксономиясы, 4к ,бақылау, бала үні.
Ресурстар, дамытушы орта АКТ, миға шабуыл, боялған түрлі түсті макарондар,ламинат ақ қағаз, маркерлер, ұсақ құм, жіп,скрипкалар, текшелер.
ҰОҚ жоспарлау
ҰОҚ жоспарын жүзеге асыру кезеңдері/уақыт Педагог әрекеті Балалардың әрекеті
Басталуы

I. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-5 мин

Өткен әріптерді қайталау:

(Миға шабуыл)

— Фанель тақтаға бірінің үстіне бірі қабатталып жапсырылған, астына әріп жазылған жапырақтар.

— Мына жапырақтарды алып тастасақ астында не жатқанын көреміз.

Әріптерді айтқыза отырып, жапырақтарды біртіндеп алдырамын. (айтылым )

Балала әр жапырақтағы әріпті атап,өткен оқу қызметтерінде танысқан дыбыстарды қайталап айтады: а,т,н,ғ,р,б,о
Негізгі бөлімі

5-25

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Тақтадағы ең соңғы үлкен жапырақ қалғанда балаларға сұрақ қоямын:

— Балалар,жапырақтың астында не жасырынып жатыр деп ойлайсыңдар? (сыни тұрғысынан ойлау, бала үні)

-Ал, не жасырынғанын табу үшін біз оның дыбысын тыңдап көрейік деп үнтаспадан ешкінің дауысын тыңдатамын. (тыңдалым)

-Балалар мынау ненің дауысы?

-Дұрыс таптыңдар,жасырынған ешкі екен.

-Осы ешкі сөзі қандай дыбыстан басталады екен?

-Ешкі қандай жануар,жабайы ма әлде үй жануарыма?

-Балалар осы Е дыбысынан басталатын тағыда қандай сөздер бар екен,қане интербелсенді тақтаға қарайықшы.

АКТ Слайдтан Е дыбысынан басталатын суреттер көрсетемін

-Жақсы, енді осы сөздерді буынға бөліп көрейік

Мен сендерге дыбыс айтамын, ал сендер дыбысты айнаға қарап қайталайсыңдар. Тәрбиеші «е» дыбысын айтады.

-«Е» дыбысын ауыз қуысында кедергіге ұшырады ма?

-«Е» дыбысын әндетіп айтуға болама екен?

-Қалай ойлайсыңдар сонда Е дыбысы қандай дыбыс екен?

-Қандай түспен белгілейміз?

— Дұрыс айтасыңдар, Е-е-е созылып, әндетіп айтуға болады екен сондықтан «е» дыбысы дауысты, оны қызыл түспен белгілейміз.

Тіл ұстарту:

Е-е-е ат үстінде ер,

Ең-ең-ең үлкені мен,

Ең-ең-ең екі жағы тең.

Жеке жұмыс.

Әліппе дәптердегі тапсырмалар

«Е» дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан кейін сендер ауада жазып қайталайсыңдар.

Енді өз қалауларың бойынша алдарыңыздағы заттармен (Боялған түрлі түсті макарондар,ламинат ақ қағаз және маркерлер, ұсақ құм, жіп,скрипкалар).

Е дыбысын жазайық

(жазылым, бала үні)

Ойын: Тақия кигізу

(4 К әдісі)

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттері, сөздік қорлары дамиды.

Шарты: Балалар шеңбер бойына тұрады. Тәрбиеші бір дыбысты айтып балаларға кезекпен тақия кигізеді, тақия киген бала сол әріптен басталатын сөз айтып, келесі балаға береді. Мысалы: А-алма,Е-елік, С-сағат, Б-балық,

О-орақ т.б.

Топтық жұмыс:

(Бақылау, командалық жұмыс)

4 к әдісі

-Бірінші топ «Ерен»сөзіне.

-Екінші топ «Емен » сөзіне

— Үшінші топ «Есен»сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

-Сөздердегі дыбыстарды ажыратып, дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз?

Көмек керек балаларға бағдар беріп көмектесемін.

Педагог қойған сауалдарға балалар жауаптарын айтады

-Ешкінің

Үлкен жапырақтың астындағы ешкінің суретін тамашалайды?

-Е дыбысынан.

-Үй жануары

-Есік

-Емен

-Ескек

Балалар Е дыбысынан басталатын сөздерді буынға бөледі.

Балалар қол айнаға қарап Е дыбысын қайталайды.

Балалардың жауаптары.

— Дауысты

-Қызыл түспен

Балалар естеріне сақтап қайталайды.

Әліппе дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Балалар алдарындағы ресурстар арқылы өз қалаулары бойынша Е дыбысын жазады.

Тақия кигізу ойынын ойнайды.

Көк және қызыл түсті текшелер арқылы берілген сөздерге топтасып дыбыстық талдау жасайды.

Берілген тапсырмаларды орындайды

Қорытынды бөлімі

25-30мин

Кері байланыс: «Ыстық доп»

1.Біз бүгін қандай әріппен таныстық?

2.Е әрпі қандай дыбыс?

3.Е дыбысынан басталатын сөздерді ата?

3.Оқу қызыметі барысында орындаған тапсырмаларұнадыма?

-Қане ендеше бүгінгі күнімізді бағалап жіберейк

Тәрбиеленушілерден бүгінгі өткен оқу қызметінде өз-өздерін бағалауын сұраймын.

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді смайликті көрсетеді.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз смайликті көрсетеді.

Балалардың жауаптары

Әртүрлі көңіл-күйдегі смайликтерді көрсетеді

Зарина Асетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.