Жаңа сабақтар

Жасөспірім кезіндегі мінез- құлық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Жасөспірім кезіндегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу

Арзымбетова Шолпан Жаксылыковна п.ғ.к., доцент

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3

1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1. Тұлғалық дамудағы психоэмоция – мінез – құлық негізінің феномені..5

1.2 Мінез-құлықтағы психоэмоционалдық тұрақсыздық және оның себептері……………………………………………………………………………………………………………9

2 ТҰЛҒА МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚЫНДАҒЫ ПСИОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

2.1. Тұлға мінез- құлықындағы психоэмоционалдық тұрақсыздықтың алдын алу мен түзетудің тиімді жолдары……………………………………………………………………16

2.2. Психоэмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға арналған жұмыстардың қортындылары мен нәтижелері…………………………………………………………………………22

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….39

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кездегі жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшіліктері мен іс-әрекеттеріне алаңдау жоғарылады. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекеттеріміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рух та, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Жеке адамның психопсихоэмоциялық жағдайының тұрақты болуы, оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың психоэмоционалдық жағдайының тұрақсыздығы қандай себептермен байланысты екенін келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда, Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» [1]. Психоэмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты, өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.

Жасөспірімдер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты дағдарыстық даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінің кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Дегенмен, жасөспірімдердің психоэмоционалдық үйлесімсіздігіне байланысты зерттеу жұмыстары бүгінгі күнгі қоғам талабын қанағаттандыра алмай отыр,сондықтан, психоэмоционалдық тұрақсыздық орын алғанда, оларға нақты көмек көрсетудің жолдары мен құралдарын анықтаудың қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық тақырыбымыздың өзектілігін туындатады. Осыдан, дипломдық тақырыбымызды «Жасөспірім кезіндегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу» деп алдық.

Зерттеу мақсаты: жасөспірімдер мінез-құлқында кездесетін психоэмоционалдық тұрақсыздық пен оның алдын алу жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • жасөспірімдердің психоэмоционалдық даму мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді жинақтау, талдау;
  • жасөспірімдердің мінез-құлқындағы психопсихоэмоциялық үйлесімсіздіктің түрлерін және себептерін айқындау;
  • психоэмоционалдық тұрақсыздық жағдайындағы балаларды коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін өңдеу;
  • жасөспірімдер мінез- құлқындағы психоэмоционалдық тұрақсыздық пен оның алдын алудың тиімді жолдарын анықтау

Зерттеу нысаны: жасөспірімдердің мінез-құлқы

Зерттеу пәні: жасөспірімдердің мінез- құлқындағы психоэмоционалдық үйлесімсіздікке арналған әдістемелер.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жасөспірімдердің мінез- құлқындағы психоэмоционалдық тұрақсыздық себептерін уақытында анықтасақ және оның алдын алсақ, онда тұлғаның психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандырып, жақсартуға мүмкіндік туар еді.

Ғылыми жаңашылдығы мен және практикалық маңыздылығы:

  • «жасөспірім»,«психоэмоция», «ерекшелік»ұғымдары ғылыми тұрғыда сипатталды;

-жасөспірімдердің мінез-құлқындағы психопсихоэмоциялық тұрақсыздықтың себептері мен белгілері айқындалды;

-психоэмоциялық үйлесімсіздікті жою мен оның алдын алудың нақты тиімді жолдарының анықталды;

зерттеу материалдарын мектеп психолгтарына, сынып жетекшілеріне, студенттерге көмекші құрал ретінде пайдалана алуына болады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде философия және психология ғылымдарының ілімдері, жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы, іс-әрекет теориясы,таным теориясы мен тәжірибесі арасындағы байланыстар туралы қағидалары, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың тарихи сабақтастығы, диалектикалық өзара бірлігіне байланысты тарихи, философиялық, әлеуметтік, мәдени ілімдері, тарихи-психологиялық құбылыстарды зерттеудегі объективтік, жүйелілік, жүйені сақтау теориясы,тарихи және логикалық үрдістердің бірлігі, тұтастық, тарихи-салыстырмалық тұжырымдамалары мен жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктері, даму заңдылықтары мен принциптері, Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн, М.Мұқанов т.б. ғалымдардың еңбектері алынды;

Қарастырылатын ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайына тоқталсақ, тақырып аз ғана зерттеуден тұратын жұмыстың мазмұнымен толық ашылып тұр деп айта алмаймыз, әлі де зерттеу жұмысын толықтыру, жетілдіру қажет. Бұл тақырыппен алдағы еңбек жолымда жұмыс жасаймын.Өзімнің зерттеу тақырыбым ретінде қарастырамын.

Тәжірибелік базасы: Шымкент қаласындағы № 38жалпы білім беретін орта мектеп.

Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: Леонгард-Шмишек тестін, Басса-Дарки әдістемесі.

1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 Тұлғалық дамудағы психоэмоция – мінез – құлық негізінің феномені

Адам өмірінде психоэмоциялардың орны аса маңызды. Психологияда психоэмоцияларды өзгертуге, отбасында, өнерде, педагогтарда, клиника, шығармашылықта яғни, адамдардың барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Психоэмоцияның зерттелу тарихы У.Джемстің 1884 жылы жарияланған «Психоэмоция деген не?» атты мақаласынан басталды.В.К.Вильнюс психоэмоцияларды жеке процестер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретіндеқарастырады. Психоэмоциялардың теориялық мәселеріне Л.С. Выготский көп көңіл бөлген. Ол психоэмоциялармен субъектінің сезімдік заттың іс-әрекетімен байланысының ішкі психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар организмді белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзарақатынасын оятады және реттейді деді.

О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл психоэмоциялар реттейді деп есептеген.Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда болатын психоэмоциялардың пайда болу жағдайы және қызметтерін шешуді ұсынған. Сонғы жылдардың психоэмоцияны әлеуметтік психологияның өкілдері психоэмоцияларды вербалды емес қарым-қатынас рөлінде зерттеді.Тұлға психологиясы психоэмоциялармен сезімдерді басқа мотивациялы құрылымдарын байланысына алатын жолдарын көрсетіп, аффектімен күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы білімдерімізді толықтыра түседі. Сонымен бұл мәселе психологияда кеңінен жан-жақтықаралып жатыр деуге болады. Бірақ қазіргі кезде біздің қоғамызда әлеуметтік,саяси және экономикалық, нарықтық жағдайларға байланысты психоэмоция менсезімдер мәселесін кең тұрғыда зерттелудің

Психоэмоция – адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: «психоэмоция өз әсерімен мінез – құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, психоэмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді» деп, атап өтеді. Мінез – құлықтың негізгі қозғаушы күші психоэмоция болып табылады. Осы психоэмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.

Психоэмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде психоэмоция кезінде электрофизиолгиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидің электірлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975); Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 – 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін психоэмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе аз дәрежеде бір – біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.

Психоэмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Психоэмция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене мән бермеу тән.

Біз психоэмоцияны мінез — құлық бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар, біз психоэмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:

  1. Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект психикасының белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;
  2. Депрессия – дипрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен қайғы аналогиясы ретінде қарастырды. Дефференциалды психоэмоция теориясында депрессия мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия фундаменталды психоэмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық. Махаббат – аффектінің маңызды комплексі болып табылады;

  3. Жаушылық – агрессияның негізі ретінде анықталады.

Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға келеміз: «Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын психоэмоциялар арқылы көреді екенбіз». Ал психоэмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше теорияларға тоқталамыз.

Фрейдтің психоаналитикалық теориялары психология тарихында және мінез-құлық ғылымында белгілі бір себептерге байланысты үлкен роль алып отыр. Фрейд санасыздық, түс динамикалығын сақтау мезанизмдері санасының дамуы, қысылу, көтерілу, тұрақтылық, өзгергіштік, балалар сексуалдығы сияқты эвристикалық концепцияларды шығарды. Мұның барлығы аффект (психоэмоция) концепциясы болып табылады.

Фрейдтің инстинктік қызығушылық теориясы мотивацияның классикалық психоланалитикалық теориясының ядросы болып табылады. Сөйтіп Фрейд: «аффект немесе психоэмоция психикалық өмірде тек қана қозғаушы күш болып табылады». Сонымен қатар, ол кейінгі еңбектерінде: «аффект немесе психоэмоцияны адам психикасына фантазияны және тілекті итеруші күш ретіндегі интропсихикалық фактор» деп атап көрсетеді.

Психоаналитикалық теорияларды анықтай отырып, Рапапорт — инстинктік қызығуды немесе мотивті интропсихикалық күш ретінде анықтайды.

Түрлі теорияларға сүйене отырып, психоэмоция механизмі туралы келесі түсініктерді береді: Сөйтіп, қабылданған обьект танылмаған инстинкті энергияны мобилизациялау инициаторы болып табылады деп атап көрсетеді, егерде осы энергияның шығуына ашық жолдар болмаса, (яғни, бұл инстинктивті талаптың конфликті болу жағдайлары) онда ол басқа канал арқылы жол тауып, түрлі әрекеттерге әкеліп соғады. Осының әсерінен «эмоционалды түр» немесе эмоционалды сезім – симультанды немесе бірінен кейін бірі немесе жалғыз иекті болуы мүмкін. Біздің қоғамда инстинктің пайда болуының ашық жолдарының сирек болуына байланысты, түрлі интенсивті эмоционалды разряд жиі болып тұрады. Сондықтан да біздің психикалық өмірімізде «инстинкті психоэмоциялардан» басқа (бірден көтерілу, қорқыныш және т.с.с.) түгелдей эмоционалдық пайда болу иерархиясы бар (яғни, конвенционалдыққа, интелектуалдыққа негізделген).

Психоэмоция туралы, Рапапорт: «Аффект сигналдар жиынтығы секілді шындықты танудың ойлау механизмі»:

Джон Боулби: «Үйреніп қалғанннан басқа өте күшті сезіммен шығарылатын мінез-құлық жоқ (нет поведения сопроваждающегося более сильным чувством чем привязанность)» — деп көрсеткен.

Сонымен, психоэмоцияның толық анықтамасын беру үшін біз үш аспектіге тоқталып өтеміз:

а) Психоэмоцияны сезіну;

ә) Жүйке, эндокринді, тыныс және организмнің тағы басқа жүйелерінде болып жатқан процестер;

б) Бақылауға берілетін психоэмоциялық комплекстер, дәлірек айтсақ, түс арқылы белгіленетіндігі.

Сөйтіп, Шахер /44/берген анықтама бойынша, психоэмоция дегеніміз, физиологияны қоздыру функциясымен біріккен функция оның бағасы және субьектінің сол жағдайға қатынасы. Бұл психоэмоцияның когнитивті теориясымен байланысты.

Ал Лазарус, Авериль оқиғаларға, өмір жағдайларына адамның берген бағасын танымдық процестерден пайда болған құбылыс деп суреттейді, ал Арнольд болса бағаны интуитивті автоматтандырыланған процесс ретінде анықтайды. Томкинс бұл проблеманы неврологиялық дәрежеде қарастыра отырып, психоэмоция нейронды стимуляцияның өзгеруімен бірге пайда болады деп көрсетеді.

Сонымен, мінез-құлық — психологиялық дәстүрлерде кеңінен қолданылатын жалпы термин. Биховиористер бұл терминді бақыланып отырған реакцияның мәнін ашуға қолданды., бірақ көптеген ғалымдар оны кез-келген организмдік функциялар ретінде (аффективтік, когнитивтік немесе қозғалыс) анықтауда қолданды.

Осыған байланысты, психоэмоция мінез-құлық ретінде қарастырылған жоқ, ол мінез-құлық негізінде жататын феномен ретінде қарастырылды.

Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық еркшелігімен ерекшеленеді. Ол даралық өзгешелік мінез болып табылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Сондықтан да, мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – еретедегі грек философы Теофраст (б.э.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік санасына тән қасиет дейді.

Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе мінез адамның жүре пайда болатын фенотипті ерекшелігі.

К.Рубин айтуы бойынша «баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы өзара интроиндивидуалды және макрожүйелі күйі әрекетімен реттеледі. Интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процесстерге жататаны темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылаы».

Темперамент — адам туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса — флегматик, әлсіз болса – меланхолик. Сондықтан да, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін деп атап көрсетеді.

Адамдар түрлі іс-әрекеттермен айналысады, осы іс-әрекеттермен айналысу барысында оларды белгілі бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтың басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу — бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептер мен факторларды талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез-құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:

  1. Жекелік фактор – жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, дағды, бағыттылық);
  • Ситуациялы фактор – сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с.).

  • Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян «өзіндік детерминация және ішкі мотивация» теорияларымен түсіндіреді. Ол бойынша мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтың да екі типі бар:

    1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві немесе себебі бар мінез-құлық;
  • Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.

  • Л.С.Выготский «Жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтың жоғары формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды» деп көрсетеді.

    Бірінші – мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгерумен, яғни, тілмен, жазумен, есеппен, суретпен көрінеді.

    Екінші – дәстүрлі психологияда ерікті зейін, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген арнайы жоғары функцияның даму процесстері; осы аталғандарды балалардың мінез-құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз (Выготский Л.С.).

    Жалпы, Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияны екі мағынада қолданады.

    1. Кең мағынада – мінез-құлықтың жоғары формалары.
  • Тар мағынада – арнайы психикалық функция.

  • Л.С.Выготский «баланың дамуындағы белгі және қару» деген еңбегінде жоғарғы психикалық функция ассортиментіне практикалық іс-әрекеттерді кіргізеді. Бірақ, тек қана оның жоғары формасында жалпы заттық әрекет, тіпті оны қолдану жоғары формаларға жатады. Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияларға дәл анықтама бермеген, ол «дәл анықтама ғылыми білімнің бастамасына жатпайды, сондықтанда мен империкалық және эвристикалық анықтамалармен шектелемін» дейді. Содан соң, бұл мәселелерді А.Р.Лурья шешуге тырысты. Ол Л.С.Выготский көзқарастарымен келісе отырып, психикалық функцияларға дәл және соңғы анықтама береді. Сонымен, жоғары психикалық функция – бұл күрделі өзін реттеуші процесс, өзінің шығуы жағынан әлеуметтік болып табылады, қалыптасуы бойынша байланысты және құрылу тәсілі бойынша ерікті, саналы.

    Л.С.Выготский мінез-құлықтың негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп атайды. Л.С.Выготскийдің концепциясын талдау негізінде мінез-құлықтың формалары, функциясының жіктелу схемасы:

    Л.С. Выготский мінез құлықтың нағыз табиғи формасына тек қана шартсыз емес, шарттыда рефлекстерді жатқызды. Сонымен қатар, К.Бюлердің (инстинк, интелект) теориясын жатқызады.

    Үйлесімсіз психикалық жағдай күрделі өмір жағдайына байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықты әрекетті негізден алады, олар белгілі бір жағдайға және жасқа байланысты түрлі ұзақтықпен көрінеді, сонымен қатар интенсивтіліктің оптималды дәрежеден не төмендеуінен не жоғарылауымен сипатталады. Үйлесімсіздік келесі жағдайларда пайда болады:

    1.Бұл жағдай күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады.

    1. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз техникалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың когеренттігінің жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының бөлінуімен, яғни, стабилизациялану жаққа және әрекет нәтижесінің жоғарылылығы немесе сипаттамаларының төмендігі және әрекет нәтижелерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын негіздейді.
  • Үйлеспеушіліктің жас ерекшелік және іс-әрекеттік ерекшеліктері белгілі. Жас ерекшелік даму барысында құрам күрделілігі және үйлесімсіз психикалық жағдайдың құрылымы мен ұзақтығының жоғарылауы жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.

  • Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі әрекеті болып табылатын оқу әрекеті жасөспірімдік кезеңде де негізгі әрекет болып қала береді. Яғни, жеткіншектік кездегі оқуға құмарлық күлкі болып табылады. Сөйтіп олар қатарларымен араласа алмай қалады. Оқудағы жоғары белсенділік тұрақсыз болып табылады.

  • Жасөспірімдер әлі «ойын кезеңін» басынан өткізе алмай жатыр, сөйтіп жасөспірім кезеңде ойын бірінші орынға шығады.

  • Көп жоспарлы айналмалы әрекет. Имтимді жекелік және оқу-кәсібі жақтарының дисбаланс тудыруы.

  • Дж. Эйсондорфпен жазылған мотив аралық теория бойынша, балалардың әлеуметтік дамуындағы ауытқудың түрлі типтерінің пайда болуы жақындау және қашу мотивациялық механизмі арқылы қарастырылады. Осы мотивацияның бұзылуы қарым-қатынасты қиындыққа әкеледі. Дж. Эйсондорф мұндай бұзылыстың үш вариантын көрсетеді:

    1. Бұл жақындасудың төмен мотивациясымен сипатталады. Мұндай мотивацияға ие балалар басқалардан бөлек болғанды қалайды. Бұл балалармен ерте кездегі жалғызды конструктивті және зерттеу белсенділігі кезінде пайда болады және бұл нашар әлеуметтенген адаммен байланысты емес. Жақындасудың төменгі мотивациясы балалардың заттық өмірге деген қызығушылығын меңгеруге негізделген.

    Жақындасу және қашу мотивациялар арасындағы конфликтіге байланысты. Ол баланың басқа адамдармен араласқысы келеді, бірақ белгілі себептерге байланысты қатынас жасаудан қашады. Мұндай конфликт мінез-құлықтық компромиске әкелуі мүмкін.

    Әлеуметтік жақындасу мотивацияның жоғарылауымен қашу мотивтерінің төмендеуінің қатынасы нәтижесінде мотивтердің іс-әрекетінен туады. Бұл мотивациядағы балалар басқа адамдармен қарым-қатынас шегі бейтаныс, ал қарым-қатынасты шектеуді сезбейді, қатарластары одан жиі қашады. Бұған агрессивті мінез-құлық тән.

    «Эмоция» ұғымы – «емовера» деген латын сөзінен, «эмоцион» деген француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Психоэмоциялылықадамның эмоциялары мен сезімдерінің мазмұнын, сапасы мен динамикасын сипаттайтын қасиеттері. Психоэмоциялылықтың мазмұндық аспектілері субьект үшін ерекше маңызы бар құбылыстар мен жағдайларды бейнелейді. Олар жеке адамның өзектік ерекшеліктерімен, адамгершілік әлеуетімен, себеп-ниеттік саласының бағыттылығымен, дүниетанымымен, құндылық бағдарлармен және т.б. ажырағысыз байланысты. Эмоциялылықтың сапалық қасиеттері индивидтің қоршаған әлем құбылыстарына көзқарасын сипаттайды және үстем эмоциялардың белгісі мен модальдылығында көрініс табады. Эмоциялылықтың динамикалық қасиеттеріне эмоциялық процестердің пайда болу, өту және тоқтау, сыртқа біліну ерешеліктері жатады.

    Кейіп – біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп мінез-құлықына әсер ететін жалпы эмоциялық күй. Адам кейіпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады.

    Аффект- «жан толқуы»деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.

    Фрустрация – латын сөзі – көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді.

    Эмпатия- адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда. Оларға жанаошылық білдіруі. Оның негізін қалаған американ психологі Э.Титченер. ол философиялық ұнату сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімінің эмоциялық, салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық және адам көңіл-күйінің аффектті жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатындығын да даралап көрсетеді.

    Құмарлық –адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.

    Ерік- адамның өз қызметін және әр түрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктік реттеуге ойлаудың, елестетудің, эмоциялардың, түрткілердің және т.б. зияттылық процестердің , не аффектілік процестердің ( еріктік эмоциялар теориялары) асыра бағалауына әкеледі. Мінез-құлық пен іс-әрекеттің еріктік реттелуі адамның белсенділігінің ырықты реттелуі болып табылады. Бұл оның мінез-құлқының қоғам тарапынан бақылауының әсерімен қалыптасып, дамиды. Еріктік реттеу ырықты реттеудің тұлғалық деңгейі ретінде көрінеді, бұлардың айырмашылығы — еріктік реттеу туралы шешім тұғадан шығады және реттеу кезінде тұлғалық құралдар пайдаланылады. Тұлғалық реттеудің осындай құралдарының бірі іс-әрекеттің мән мағынасының өзгеруі болып табылады.

    Іс-әрекеттің мағынасын ынта-ниетті өзгертетін болып әдейі өзгертуге түрткінің мәнділігін қайта бағамдау арқылы, қосымша түрткілер тарту арқылы, іс-әрекеттің салдарын күн ілгері біліп, толғану арқылы жетуге болады.

    Адамның ерік қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы жағдайларына орындау тәсілдеріне орай бірнеше сапалар бар: еріктің күшіне ( тоқтамғакелгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзі-өзі меңгере алу, батылдық, шыдымдылық т.б.) екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапалары (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары).

    үшіншіден, еріктің адамның дербестігіне байқалатын сапаларына (инциатива, принципшілдік, тәртіптілік, жинақылық т.б.) бөлінеді.

    Сонымен «тұрақсыздық», «психоэмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты екен. Өйткені, психоэмоцияның белгілі бір сипаттары тұрақсыздықты (тіпті психоэмоция болып табылатын психоэмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді екен.

    1.2. Мінез-құлықтағы психоэмоционалдық тұрақсыздық және оның себептері

    Жacөcпipiм кeзeңнiң нeгiзгi epeкшeлiгi – дaмудың бap жaқтapын өзгepту. Ocы кeзeңдe aдaмның өз бeттiлiгi өмipгe дeгeн дaйындығымeн aнықтaлaды. Мұндa жacөпipiмнiң дүниeтaнымы, кәciби ic — әpeкeттi тaңдaуы жәнe тұлғaның aзaмaттылық мaңыздылығын нaқтылaу aяқтaлaды. Фaктopлap әcepiнeн тұлғaның қopшaғaн aдaмдapмeн қaтынac жүйeci жәнe өзiнe дeгeн қaтынac өзгepeдi. Ocы әлeумeттiк пoзицияның әcepiнeн oның қoғaмдық пaйдaлы ic — әpeкeткe, oқуғa дeгeн қaтынacы өзгepeдi. Бeлгiлi бip бoлaшaқ мaмaндыққa дeгeн бaйлaныc қaлыптacaды. Бepiлгeн кeзeң жacөcпipiмнiң үлкeндepмeн мiнeз – құлықтың бapлық aймaқтapындa тәуeлciздiгiн көpceтeдi.

    Жacөcпipiмнiң өз көзқapacы бap, жacөcпipiмдep үнeмi өз жeтicтiктepiн өcipiп, кeмшiлiктepiн aзaйтып oтыpaды. Өз құpдacтapының apacындa бoлуғa ұмтылыc, oлapды бeлceндi түpдe үлкeндep apacынaн өзi coғaн ұқcaғыcы кeлeтiн aдaм iздeйдi. Бұл жepдe идeнтификaция туындaйды.

    Жacөcпipiм тұлғacының индиви-дуaлды дaмуы мeн қaлыптacуы бipiншe кeзeктe бeлceндi өзapa әpeкeт, яғни қopшaғaн opтaмeн әpeкeттecу нәтижeciнiң apқacындa бoлaды. Жac eceйe кeлe aдaм пcихoлoгиялық дaмуындa әлeумeттiк фaктopдың әcepi күшeйe түceдi.

    Aл 15-17 жac жacөcпipiмдepдiң eң бacты oқу-кәciби ic-әpeкeтiнiң apқacындa жacөcпipiмнiң тaнымдық-кәciби қызы-ғушылықтapы apтaды. Эмoция мeн пcихoceкcуaлды дaмуы жaғдaйынa бaйлaныcты, жaнұя құpу дeгeн бұл жacтa қapacтыpылмaйды.

    Жacөcпipiм кeзeңiнe қaтыcты пcихoлoгиядa бipшaмa жaлпы тeopия қapacтыpылғaн [5, 96б]. Бұл тeopиялap қaзipгi зaмaндa мәндi бoлып кeлeдi. Кeң түpдe жacөcпipiм кeзeңiн 3 нeгiзгi тұpғыдa қapacтыpуғa бoлaды.

    1) Биoгeнeтикaлық биoлoгиялық пpoцec нeгiзiндe жәнe дaмудың бacқa дa пpoцecтepi қapacтыpды.

    2) Coциoгeнeтикaлық тұpғы тұл-ғaның өмip бapыcындa aлдынa қoйғaн мaқcaты мeн әлeумeттiк пpoцecтepiнe бacты зeйiн aудapуын бeкiтeдi.

    3) Пcихoлoгeнeтикaлық — өзiндiк дaму нeгiзiндeгi пcихикa пpoцecтepiнiң қызмeттepiн нeгiз eтiп қoю.

    Биoлoгиялық тeopияның өнiмi aмepикaн пcихoлoгы Cт. Хoлл oл дaму пcихoлoгияcының бacты зaңы дeп қapacтыpды. Мұндa индивидуaлды дaму, финoгeндiк бacты caтыcының қaйтaлaнуы бoлып тaбылaды.

    Биoгeнeтикaлық кoнцeпцияcының нeмic өкiлдepi “Кoнcтитуциoннaя пcихoлoгия” Э. Кpeчмep әpтүpлi биoлoгиялық фaктop нeгiзiндe, тұлғa типoлoнияcының бacты пpoблeмacын жacaды. Aдaмның физиoлoгияcы мeн дaмуының apacындa epeкшe бaйлaныc бap дeдi. Кpeчмep бapлық aдaмдapдың eкi түpi бoлaтындығын көpceттi.

    Бipiншi бaғытқa циклoидты: көңiл күйi aуыcпaлы, тeз қoзғaлғыш, мaзacыз т.c.c., aл 2 түpiнe шизoидты тұйық қaтынacқa түcпeйтiн эмoциoнaлды тыpыcпa aдaмдap.

    Н. Кpeчмep мeн Кoнopaдтa ocығaн бaйлaныcты жeткiншeктepдi циклoидқa, aл жacөcпipiмдepдi шизoидқa жaтқызaды.

    Жacөcпipiм шизoидты тұлғa peтiндe күpдeлi aлдындa ұзaқ мepзiмдi жүpeдi.

    В. Цeллepдi “Кoнcтитуция и paзвития” — дeгeн eңбeгiндe бaлa дeнe бiтiмiнiң құpылыcының дaмуындaғы өзгepicтep caмoтикaлық өзiн ceзiнуi пcихoлoгияның жәнe caмoтинзaлық өзapa бaйлaныcуы aйтылaды. Биoгeнeтикa өкiлдepi пcихикaны жәнe физиoлoгияны дaмуын өзapa тәуeлдiлiгi бaғыты қaтты қызықтыpaды.

    A. Гeзeл кoнцeпцияcындa “өcу мeн дaму” cинoним, мiнeз-құлық, жүpic-тұpыcы қaбiлeтi интeгpaцияcы мeн диффepeн-циaцияcы мaғынacын бiлдipeдi. Гeзeл қaндaй бoлмacын индивидтi мәдeниeткe oқыту мeн үйpeту, oның жeтiлуiндe eшбip opын aуыcтыpa aлмaйды дeп caнaйды.

    Жacөcпipiмнiң мiнeз-құлқы eң aлдымeн жaғдaйды мopaльдылық қapa-cтыpумeн. Бaлaның әлeмiнiң epeceккe aуыcуындa. Жacөcпipiм тoлығымeн aлдың-ғыcынa дa coңғыcынa дa жaтпaйды. Бұл eң нeгiзгi қoғaм жaғдaйы мeн пcихикacынaн көpiнeдi [6, 112б]. Aшушaң, ұялшaқ, iшкi қapaмa-қaйшылықтap. Бұл қыcым мeн қaқтығыc көп бoлғaн caйын бaлaлық пeн epeceктiк шeкapacының әpтүpлi aйыpмa-шылықтapынa бaйлaныcты oйыcтaй бacтaйды.

    1) Эмoция мeн мiнeз-құлық, жүpic-тұpыc жaйлы oл пcихoдинaмикaлық кoнцeпция дeп aтaды.

    2) Интeллeктуaлдық жәнe тaным қaбiлeттepiнe бaйлaныcты-“кoгнeтивтi” яғни тaнымдық нeмece “кoгнeтивтi-гeнeтикaлық” бoлып бөлiнeдi.

    3) Тұлғaның бipтұтacтaй дaмуынa “пepcoнoлoгиялық”- яғни пepcoнaлды дeп coңындa бөлiнeдi.

    Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларды осы жағдайлардың әсерінен көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлық бала өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылары үшін «сыналу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі.

    Бірінші кезең – баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;

    Екінші кезең – баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең – жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский, Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.

    Үшінші кезең – бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо («Эмиль» немесе «Тәрбие еңбегінде») саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі әрбір қатенің белгілі бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа ие болуы да мүмкін. Сондықтан да бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады: 1. Кризистік; 2. Өте қиын, қауіпті. Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін.

    Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.

    Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты кризистік жас деп айта аламыз.

    Л.С.Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.

    Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары дарлық уақытта сапалы да, өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырады. Әрбір жас кезеңінде бала мен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтің жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикалары мен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, яғни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.

    Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.

    Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания», шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.

    И.С.Конның пікірінше, жасөспірімдік кезең өзін-өзі танудың ең негізгі кезеңі болып табылады. «Жасөспірімдік кезеңде адам алғаш рет өзі туралы шындап ойлана бастайды және өзін-өзі тануға ұмтылады».

    Балаларда эмоционалды тұрақсыздық олардың сабақты үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе — көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:

    1. Биологиялық ерекшеліктер
  • Әлеуметтік орда.

  • Осы факторлар бойынша, А.Бек жүргізген зерттеулер эмоционалды үйлеспеушілікке әсер ететін факторлар қиындықтар жүйге келтірілген және олар біртіндеп балалардың мінез-құлқындағы тұрақсыздыққа алып келеді деп көрсеткен.

    Жасөспірімдердің балалық шақтан ересек өмірге өту кезеңіндегі заңдылықтарды орыс ғалымы А. Петровский төмендегідей қағидалар арқылы көрсеткен:

    • жасөспірімнің өзіндік ерекшелігі бейімделу кезеңінде жеткізген нәтижелерімен және және оны жүзеге асыруда айқындалады;

    жасөспірім өзінің қабілеттерін, мүмкіншіліктерін өз қатарының ортасында көрсетуге тырысады[17].

    Бұл шақта жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. 15-18 жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте–бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттерге жауапкершілігін арттырады.

    Жасөспірімдер өмірінде өзгермелі кезеңдері болады. Соның бірі, бастысы ең ауыр болып келетіні – жасөспірімдік кезеңі. Бұл уақытта адам 15-18 жас аралығында жасөспірім бала емес, бірақ әлі ересек адам да болмайды. Бұл жас — жасөспірімдердің есеюіне, төмендегі факторлардың қоршаған ортаға қарай бейімделіп, қылмыстық жолға түсуіне әсері көп болады[18].

    2 ТҰЛҒА МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚЫНДАҒЫ ПСИОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

    2.1 Тұлға мінез- құлықындағы психоэмоционалдық тұрақсыздықтың алдын алу мен түзетудің тиімді жолдары

    Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Жасөспірімдердің осы жағдайлардың әсерінен көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлық бала өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылары үшін «сыналу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі.

    Бірінші кезең – баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;

    Екінші кезең – баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең – жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы.

    Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский, Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.

    Үшінші кезең – бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо («Эмиль» немесе «Тәрбие еңбегінде») саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі әрбір қатенің белгілі бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа ие болуы да мүмкін.

    Сондықтан да бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады: Кризистік; өте қиын, қауіпті. Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін.

    Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар. Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты кризистік жас деп айта аламыз. Л.С.Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.

    Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары дарлық уақытта сапалы да, өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырады. Әрбір жас кезеңінде бала мен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтің жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикалары мен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден яғни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.

    Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады. Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания», шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.

    Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында КСРО мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген «Роршах» және «Тематикалық апперцепция» тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар, Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жасөспірімдер психиатры А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты В.Д.Кисловская «проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды.

    Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы тұрақсыздық бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жасөспірімдерде бейтаныс адамдармен гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мініз- құлқындағы тұрақсыздық барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге тұрақсыздық деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында.

    Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі — өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады. Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді.

    Ол біріншіден түсініксіз, екіншіден қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады.

    Жасөспірімдердің мінез- құлқындағы тұрақсызыдық деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады. Жасөспірім жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайларымен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.

    Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар.

    Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата — аналары баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі.

    Екінші түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата- анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып,сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.

    Жасөспірімдер сабақтан тыс өте көп уақыттары бар. Сондықтан қазіргі кездегі “дворлық клубтарды” әрі қарай дамыту керек. Бос уақытын босқа жібермей спортпен шұғылданып, пайдалы іс- әрекеттермен айналысу керек.

    Адамдардың жас ерекшеліктерін әлеуметтендіруге тигізетін әсерін ғалым Маргарет Мид зерттеген. Қоғамның өзгеруіне қарай және жас ұрпақ пен ересек буындардың бір-біріне тигізетін ықпалына байланысты М.Мид оны үш түрлі типке болатынын анықтаған: біріншіден, ересек және жасы ұлғайған адамдар жастар үшін үлгі-өнеге болумен бірге, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отыратын әдет-ғұрып, салт-сананың сақталып, әлеуметтендіру үрдісіне айналуына өз ықпалын тигізеді; екіншіден, құрбылары мен жолдастары, сыныптастары мен ауылдағы достары, т.б. араласқан ортаның ықпалы күшті; үшіншіден, балалар мен жастардың әлеуметтендіру үрдісіне ықпалы. Өйткені олар қоғамда болып жатқан өзгерістерді жылдам қабылдап, жаңа жағдайларға тез көніп, жаңалықты шұғыл бағалай алады. Бұл қазіргі өтпелі кезеңде анық байқалады[34].

    Қазіргі кезде отбасының жасөспірім дамуына, тәрбиесіне, оның әлеуметтенуіне тигізетін әсері мол. Олар мыналар:

    жасөспірімнің эмоциялық бейімделуі және дене бітімінің дамуына;

    психикалық жүйке қызметінің дұрысқалыптасуы, мысалы, түйсіну, сезіну, қабыл алу, көңіл бөлу, ой-санасы, ақыл-парасатының дамуына;

    зергерлік дамуына, ақыл-ойының қызметін пайдалануға дағдыландыру;

    әлеуметтікнормаларды меңгеруіне;

    құндылық бағдарның қалыптасуына;

    Демек, отбасының балаға тигізетін ықпалы – отбасы құрамы, білім деңгейі, әлеуметтік мәртебесі, материалдық шарттары, өмір сүру салты, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасымен анықталады.

    Отбасы тәрбиесі жасөспірімдерді әлеуметтендіру үрдісінде ең маңызды орынға ие. Өйткені барлығы отбасынан басталады. Әр отбасының тәрбиелеу мақсаты, мазмұны, түрлері менәдістері отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасынан, өздерін ұйымдастыра білуінен, сый құрмет, әдет-ғұрып басқару салтынан байқалады.

    Жасөспірімдер арасындағы субмәдениет көбінесе модаға еліктеуден, мысалы, киім-кишек, сыртқы сипаты мен көрінісі, тындайтын музыкасы, пәрдез, билеу мәнері мен сөйлеу мәнері тағы басқа көркемдік талғамынан, эстетикалық қызығушылығынан басталады. Жасөспірімдердің субмәдениеті ылғи да көзге тез шалынып, көрініп тұрады.

    Жасөспірімдердің ұжымда өз орнын табу үшін көңіл тоқтатуы. Жасөспірім балалар ұжымында, өз қатарларының арасында өз орнын табу үшін күреседі.

    Қазіргі кезде мiнез-құлықтарында тұрақсыздығы бар жасөспірімдер тұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелерді зерттеушілердің назарын аудартуда.

    Бiздiң мақаламызда болашақ ұрпақтың, әсiресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жеткіншектердің терiс жолға түспеуi, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу мәселелері қарастырылады.

    Көптеген ғылыми зерттеулерде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жеткіншектердің тұлғалық сипаттамалары бейнеленген.Осы мәселе төңірегінде адамның тұлға ретіндегі ролін, оны қалай зерттеу керек екендігі жайында психология саласының зерттеушілері дауласуда.

    Бұл тұжырымдағы төменгі қарапайым немесе табиғи психикалық үрдістерді жоғары, мәдени үрдістерге айналдыру даму үрдістерін түсінудегі негізгі сәт болып табылады.

    С.Выготскийдің айтуы бойынша, адамның тұлғасы өзінің қарым-қатынасы, мінез–құлқының т.б. әсерінің нәтижесінде дамиды. [1.22]

    Кейбір зерттеушілердің эксперименттік зерттеулерінде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жеткіншектердің даму ерекшеліктерінің кейбір жақтары қамтылған Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жеткіншектердің мұғалімдермен, ата-аналарымен, жолдастары арасындағы қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру маңызды болып табылады. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жеткіншектердің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

    Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесi үшiн маңызды орын алады, яғни оның мiнез-құлық пен iс-әрекетiнiң жоғары саналы формаларын қамтамасыз етiп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бiрлiгiн құрайды.

    Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, өз еңбектерiнде объективтi өмiрдi бейнелеу процесінде, белсендi тұлға, қоршаған әлеуметтiк өмiр танымы, сана сезiмiмен бiрлестiкте iске енетiн — тұтастай субъект ретiнде көрiнiс бередi деп дәрiптеледi [2.122,3.140.]

    Ал Божовичтің [4.102.] балалар тұлғасының психологиялық зерттеу мiндетiнде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделедi.

    Алғаш рет көмекші мектеп оқушылары мен мiнез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды толық зерттеген Ж.И. Намазбаева[5.102.]. Автор тұлғаның негізгі құрылымының өзгешелігін аша отырып, ақыл-ой, тәжірибелік, мінез-құлқы бұзылған, қарым-қатынасы төмен, өз ой-пікірін айта алмайтын, еңбек іс-әрекет барысында, ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру жолдарын анықтады

    Қазақстанда тұлға мәселесi Ж.И. Намазбаеваның жетекшiлiгiмен және оның шәкiрттерiнiң, яғни Л.О. Сарсенбаева, Р.Ш. Сабирова, Л.В. Пилипчук, С.Ж. Омирбекова және т.б. ғылыми зерттеу еңбектерiнде белсендi түрде дамуда әрі жан-жақты зерттелуде

    Л.С.Выготскийдің өзі «Жоғары психикалық әрекеттердің даму тарихы — тұлғаның қалыптасу тарихы» деп атап көрсетсе де, ол отандық психологияда тұлға психологиясының мәселесін зерттеуші ретінде қабылданбаған. Бұл тұжырымдамадағы төменгі, қарапайым немесе табиғи психикалық үрдістерді жоғары, мәдени үрдістерге айналдыру бала тұлғасының даму үрдістерін түсінудегі негізгі сәт болып табылады. Л.С.Выготский бойынша адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлғаның мінез-құлқы — бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі.

    Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті — бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар.

    Адам тұлға ретiнде өзiн-өзi бағалаушы тiрi ағза. Өзiн-өзi бағалаусыз өмiрде өз тағдырын шешу қиын, тiптi мүмкiн емес. Өзiн-өзi бағалау өзiнiң бойында белгiлi қасиеттердiң барлығының деңгейi жөнiндегi адамның пiкiрi. Бұл адамның өзiне бағалаушылық қатынастарының пайда болуы. Өзiн-өзi бағалау, ең алдымен талдау, теңестiру, iрiктеу, ойлау операциясының нәитижесi.

    Кеңес психологиясы ғылымында өзiн-өзi бағалау мәселесi тұлға дамуының контекстiнде не сана–сезiм мәселесiнде анықталады. Өзiн-өзi бағалауда iшкi үлгiге танылатын қасиеттердiң алға басуы, бағалау шкалалармен өзiнiң сипаттамаларын салыстыруы, өзiне деген қатынасының бейнелену формасы, тұлғаның белсендiлiгiнiң, бағыттылығының бейнеленуi өзiн-өзi реттеудiң құралы ретiнде көрiнедi. Б.Г.Ананьевтiң, С.Л. Рубинштейннiң еңбектерiнде өзiн-өзi бағалау сана-сезiм үрдiсiнiң өзегi ретiнде түсiндiрiледi.

    Қазіргі психология ғылымында жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы екі бағыт аясында қарастырылады:

    Өзіндік бағалауды, оның қалыптасуын іздестірумен байланыстыратын бағыт;

    Өзіндік бағалаудың құрылымын және олардың өзара байланысын қарастыратын бағыт;

    Жасөспірімдік кезеңде өзін-өзі бағалаудың мазмұндық жағы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Бұл «Мен» концепциясының мазмұндық тұрғыдан толыға түсуімен байланысты. Жоғары сынып оқушылары өзін-өзі бағалау кезінде өзіндік тұлғасының барлық қырын қамтуға тырысады. Сонымен қатар, өз кемшіліктері туралы да ой-пікірлері қалыптаса бастайды. Өзі туралы пікірі оның көніл-күйін, тұрмыстың қуанышын сезінуін білдіреді. Олар өздерінің оқу іс-әрекетін, қызықты істерін, қызығушылықтарын сипаттайтын категориялардың негізінде ашады. Олар шынайы өзіндік бағалауға бағытталады. Көптеген ғалымдардың көрсеткеніндей бұл кезеңде өзін-өзі бағалау мазмұнында қайырымдылық, адалдық, әділдік секілді моральдық сапалар басымдылық етеді. Жасөспірімдердің өзін жоғары деңгейде сынай білуі өзіндегі көптеген түрлі жағымсыз сапаларды тануға және олардан құтылуға мүмкіндік жасайды.

    2.2. Психоэмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға арналған жұмыстардың қорытындылары мен нәтижелері

    Айқындау экспериментін Шымкент қаласы № 38 жалпы білім беретін орта мектептің 8- сынып оқушыларымен жүргізілді. Оқушылардың мінез- құлқындағы тұрақсыздықтың көрініс беруін зерттеудің нәтижелерін бір-бірімен ұштастырып салыстырмалы түрде талдадық.

    Балалардың мінез- құлқындағы тұрақсыздықтың көрініс беру деңгейін бағалау үшін Шмишек-Леонгард тестін пайдаландық.

    Жасөспіріммдердің мінез- құлқының психоэмоцияоналды тұрақсыздық қыр-сырын жан-жақты зерттеген К.Леонгард жасаған теориялық қағидаларға сүйене отырып көптеген зерттеу әдістемелері жасалған. Бұл тестер арқылы жүргізілген диагностикалық бағдарлама баланың өмір жағдайы мен психологиялық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталған. Осы проблеманы зерттеу үшін 8 сынып оқушыларының мінез- құлықындағы психоэмоциялық тұрақсыздық себептерін анықтауға арналған тестілерді жүргіздік. Жасөспірімдердің тек сол жасқа тән ерекше қасиеттерді анықтау үшін арнайы психодиагностикалық әдістер жүргізіледі.

    Басс – Дарк. «Эмоцияны зерттеуге арналған» тест.

    40 сұрақтан құрылған. Егерде төмендегі сұрақтарға келіссеңіз «+« белгісін, ал келіспесеңіз «–« белгісін қоясыз.

    Сұрақ:

    1.Егер мен ашулансам, қол жұмсап жіберу мүмкін.

    2.М ен ешқашанда, заттарды лақтыратындай қобалжымаймын.

    3.Мен жылдам қобалжып, тез басыламын.

    4.Егерде менен жақсылап өтінбесе, өтінішін орындамаймын.

    5.Менің ойымша тағдыр маған қатыгез.

    6.Мен білемін, елдер менің сыртымнан сөз ететінің.

    7.Егер де дадамдар менімен келіспесе, мен тай-таласта өзімді ұстай алмаймын.

    8.Егер де мен біреуді алдауға тура келсем, онда мен ұяттан азап шегемін.

    9.Менін ойымша , мен басқа адамды ұруға қабілетсізбін.

    10.Мен қобалжыған кезде , мен есікті қатты соғамын.

    11.Кейде адамдар мені өзінің қатысуымен ашу-ызамды тудырады.

    12.Егерде маған қабылдаған ереже ұнамаса, онда мен оны бұзғым келеді.

    13.Кейде мені қызғаныш мазалайды.

    14.Көптеген адамдар мені ұнатпайды.

    15.Менің құқымды басқалар сыйлағанды талап етемін.

    16.Кейде менің ойыма өзімді ұялтатын сезімдер келеді.

    17.Мені төбелеске дейін апаруға қабілетті адамдарды білемін.

    18.Кейде мен өзімнің ашу-ызамды, үстелді соғу арқылы білдіремін.

    19.Мен өзімді атылуға дайын тұрған оқ ретінде сезінемін.

    20.Егерде маған бастықтардың бірі айғайласа, онда мен оған қарсы тұруға дайынмын.

    21.Мені барлық болмысымен жек көретін адам жоқ.

    22.Көп адамдар маған қызғанышпен қарайды.

    23.Мен қатты ызалансамда балағатауға жақындамаймын.

    24.Жұмыстан қалып келетін адамдар , өзінің кінәлі сезімін сезінгені дұрыс.

    25.Егер біреу маған қол жұм сада, мен сирек жауап қайырамын.

    26.Қатты ызаланғанда қлоыма түскен затты алып, сындырғанды есіме түсіре аламын.

    27.Өзіме ұнамайтын адамға дөрекілік көрсете аламын.

    28.Егер де маған бұйрық беріп сөйлесе, онда менің ештемеге зауқым болмайды.

    29.Адамдарға деген нашар қатынасымды жасыруға тырысамын.

    30.Кейде мені мазақ ететін сияқты.

    31.Егер мені біреу ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтып саламын.

    32.Өз ата-анама көмек бермегенім, мені көп толғандырады.

    33.Маған бреу қол жұмсаса, онда мен оған қол қайтармаймын.

    34.Дау үстінде мен жиі дауыс көтеремін.

    35.ұсақ-түйек үшін мен қобалжымаймын.

    36.Адамдар өзін бастық ретінде көрсетсе,мен қалай да болса, оның менменсіп кетуіне жол бермеймін.

    37.Мен әрқашанда жағымды ісіме баға алмаймын.

    38.Маған өштесіп жүрген жауларым жоқ.

    39.Мен көбінесе адамдарды жәк ғана қорқытқаныммен ,оны орындамаймын.

    40.Мен жасаған істеріме көбінесе өкінемін.

    Тест нәтижесін талдау. Балалардың тест тапсырмаларына берген жауаптарын талдау жоғарыда берілген сұрақ түрлері бойынша жүргізіледі.

    Осы тест нәтижесін талдау барысында балалардың басым көпшілігінде психоэмоцияоналдық тұрақсыздықтың бір түрінің, кейде одан көп түрлерінің белгісі бар екені анықталды. Зерттелініп отырған сегізінші сынып оқушыларында орын алған психоэмоцияоналдық тұрақсыздық олардың жас ерекшеліктері сипаттамамен салыстырып көргенде жағдай шектен шықпаған, норма көрсеткіштерінің дисперсиясында орналасқанын анықтадық. Тек қана 3 оқушының психоэмоцияоналдық тұрақсыздығы шамалы асық болды.

    Шмишек-Леонгард бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі.

    Акцентуация типі Анықталған балалар саны
    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    Экстраверсиялы

    Споптанды

    Агрессивті

    Ригидті

    Интроверсиялық

    Сензитивт

    Мазасызданғыш

    Лабильді

    2

    3

    3

    2

    2

    3

    5

    2

    Экстраверсиялы (I). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған адам көпшіл, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйір, ашық-жарқын, мақсатқа бағытталған әрекеті жүйесіз, басқалардың айтқанына көп алаңдайды, сөзшең, мылжың. Достарының саны шектен тыс көп және таныс балалармен байланыстары үстіртін, маңызсыз болып қалады (танысы көп — нағыз достары жоқтың қасы). Мұндай балалар оқу материалын оқулықтардан меңгергеннен гөрі ойындарда, диалогтық режимде жақсы меңгереді. Олар тентек, күлегеш, сөзшең болып келеді. Дегенмен олар шыншыл, ақкөңіл, көп жерде тапқырлық танытады. қиын жағдайдан шығу үшін өтірік айта алады, қоршаған ортада өзін жоғары көрсету үшін мақтаншақтық білдіреді.

    Споптанды (II).Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіш иелері қалай болғанда да еркіндікке, бастамшылдыққа, басшылыққа, ешкімге бағынбауға, өз пікірін ашық айтуға ұмтылады. Кез-келген еркіндікті қысқан шектен тыс тәртіпке қарсы әрекет жасайды. Бұлар тіл алмайтын балалар, ашушаң, көпшілік мақұлдаған мінез-құлық ережелеріне бағынғысы келмейтіндер және тәртіп бұзушылар. Олар тиым салғандарға бағынғысы келмейді. Осы себептен ішімдікке, наркотикке, шылым тартуға қызығушылықтары ерте басталады. Бұл типтегі балалар отбасында немесе мектепте болған конфликт жағдайлары себебінен мектеп ережесін бұзуға, сабаққа себепсіз кешігуге, үйінен қашып кетуге, көше кезіп кетуге әуес болады. Олар бірқалыпты оқымайды, негізінде бай интуициясына сүйенеді, сыбырлап айтқанды да есебін тауып пайдалана алады, ягни естіген кішкене бөлшектерін толық суреттеп беруге шамасы келеді. Мектепте мұндай балалар табысты болып келеді, өздерінің болашақ өмірлерінде тапқыр, талапты және батылдық танытып, тіпті болмаған жетістіктерге жетеді, ашылмаған жаңалықтарды аша алады.

    Агрессивті (III).Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған бала өзіне-өзі сенімі жоғары, өз ойын ашық айтуға ұмтылады, белсенді және өз бетімен қозғала алады. Баллдары өте жоғары болса баланың орынсыз белсенділігін, агрессивті кылықтары мен дромомания элементтері орын алатын, өзіне бағыныштылар алдында (импульсивті) қызба мінез-құлықты, тапсырмаларды орындауда ұқыпсыздықпен, олардан бас тарту үшін бұзақылық әрекеттерге дейін баратын көріністермен сипатталады. Бұл типтегі балалар әсіресе толық емес отбасыларда жиірек кездеседі. Мұндай балалар сәби кезінде ата-аналардың жылуын, мейірімділігін, қамқорлығын, ізгілігін бастан кешірмеген. Олар ерте балалық шақтан шыққан, кішкентайынан өздерін қоршаған ортаға қарсы қойып және күресіп өмір сүруге үйренген. Бұл балалар педагогтарды ең үлкен қиындықтарға апарады.

    Оларға тәлім-тәрбие жұмыстары барысында мінез-құлқына байланысты қатаң жазалау әдістері пайдаланса (мектептен шығару, арнайы сыныптарға немесе арнайы мектептерге жіберу, т.б.) бала өшігіп, тұлғалық деформация орын алады, яғни ашу-ыза орын алады да, ол шамадан тыс эмоционадцы зорлану жағдайында болады. Барлық үлкендерге көңілі қалып, болашақта оларға қарсы агрессияның түрлерін көрсету кегі қалыптасады.ы

    Ригидті (IV). Бұл шкала жоғары көрсеткіште болған балада табандылық (егер өз мақсатына жетуге қатысты болса) және қайсарлық (егер өз көзқарасын дәлелдесе) көрініс береді. Олар үшін жеке басының статусы ерекше маңызды мәселе болып табылады — басымдылық, билік позициясы және материалдық жетістікке жету жетекші мотивтер болып саналады. Сондықтан өзгелердің әдеттен тыс билікке ие болғанын және байлығын қызғанады, өздерін ерекше агрессивтілігімен қорғайды. Оқуда материалды біртіндеп, кейде тіпті жай ұғады, бірақ оны есінде жақсы ұстайды, жауап беруде жинақталған тәжірибеге сүйенеді. Оларға қиял және интуиция жетіспейді, ойлауы шектеулі болғандықтан мұндай балаларға материалды ұғу үшін жаттап алу қажет. Олар шыдамдылық пен қайсарлық арқасында үлкен табыстарға жетуі мүмкін, ал қажырлық көрсетіп, соңына дейін күрессе ол өз мінезінің кемістіктерін де жеңуі мүмкін.

    Интроверсиялық (V).Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткішке ие болған балалар үндемейтіндігімен, тұйықтығымен, оқшау жүруімен айырмашылығы көрініп тұрады. Олар қайырымды, достарды өте қатты таңдайды, оның есесіне үнемі өздері соларға үйірсек болып жүреді. Пәндерді оқу алдында өздерін бағалайтыны жөнінде ойланады. Олар жалғыз қалғанда ғана материалды жақсы меңгереді. Нақтылы ғылымдарға қарағанда олар әдебиеттік және гуманитарлық пәндерді жеңіл игереді. Бәрінен бұрын вербальды (жазбаша) интеллектілері жақсы дамиды. Олар сынып алдында тақтаға шығып жауап бергенді, көпшілік алдына шыққанды ұнатпайды. Қоршаған орта оларды ынтымақсыз және қабағы ашылмаған адам ретінде қабылдауы мүмкін, дегенмен олар басқа балалардың қаттылығынан және тұрпайылығынан жиі қорлық көреді, ал тұйықтықты олардың өздеріне әлеуметтік ортаның агрессиясынан қорғаныс реакциясы сияқты көрінеді. Оларда бәрінен бұрын өзіндік арман әлемі жақсы дамыған, сондықтан олар өмір тәжірибесінен гөрі, идеалданған қияға бейім болып келеді. Жоғары интеллектіні сирек кездесетін қабілет ретінде бағалайды, интеллектуалдар ғана өмір ағымын терең ұғына алады және оларға өмір қызығырақ болады деп түсінеді.

    Сензитивті (VI).Бұл шкала бойышпа көрсеткіші жоғары болғандар өз сәтсіздіктеріне тым терең әсерленіп, тез ренжиді, кінәні өз мойнына алып, оған депрессивті реакция берулері жиі болады. Сыныптастарымен қарым-қатынаста олар келісім позицияны ұстанады, жетекшілікке ұмтылмайды, сыныпта өзін күшті жеке тұлға ретінде сезінеді, мұғалімдерден, ата-аналардан қолдау іздейді және оларды қорған тұтады. Оқуда ұқыпты және жауашкершілікпен қарайды, емтихан кезінде қатты мазасызданып, төмен баға алса оған жаны күйзеледі. Олар дөрекілікке, әділеттсіздікке қатты ренжіп, ондай жағдайлар орын алғанда қатты қиналып, күзеліске түседі. Шытырман және даулы жағдайларда олар суицидті тенденциядан және ұзаққа созылған депрессивті реакциялардан қорқады. Оқу процесінде олар көбінесе гуманитарлық ғылымдарға бейімделеді. Оларға тіл мен әдебиетті тереңірек меңгерткен дұрыс, өйткені олар лирика, поэзия тартады, ал математика мен физикаға сирегірек икемдік білдіреді. Мұндай типтегілер достықта, махаббатта тұрақты және балаларға аяушылық білдіріп, қорғап жүреді, оларға басқалар сенім артады.

    Мазасызданғыш (VII). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған балада мынадай мінез ерекшелікгері басым болады: жасқаншақ, күмәнданғыш, қорқақ, негізсіз үрейленуге әуес, жауапкершілік сезімі жоғары дамыған, ішкі қажеттілігі орта. Мұндай типтегі оқушылар әдетте тапсырманы уақытында орындайды, дегенмен ата-аналар мен мұғалімдер алдында жөнсіз үрейленіп төмен баға алады, жазалану қорқынышы жоғары, себепсіз уайымға бөленеді, бақылау жұмыстары мен емтихан алдында өте қатты күйзеледі. Достарына өте адал, олар үшін жанын береді. Олар дербестікке құмар емес, үлкендерге, ата-аналарына, мұғаліміне, жетекшілеріне арқа сүйейді, яғни өздерінің ренжігенін, басқалардың өзін жамандағанын шағымданып, оларға айтып беруді ұнатады. Мұндай типтегілер қыздардың арасында сирегірек кездеседі. Бұл типтегі ұл балалар «сыпайы», «тәрбиелі», «сабырлы» көріністе болып жүреді.

    Лабильді (VIII). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары балаларда (лабильді, қозғалмалы, икемделгіш) эмоционалды тұрақсыздық жоғары көрініс береді. Бұл балалардың көңіл-күйі айнымалы, жеңіл өзгереді — қуанышты күйден көңілсіздікке тез алмасады. Қамығу реакциясы былай сипатталады: беті қызарады, бас ауыруы пайда болады, тамыры жиі соғып, дене қызуы көтеріледі, кейде қалшылдап дірілдеп есінен танып қалады, тітіркенеді, жүрегі айнып, лоқсып құсады. Бұл әсерленулер қиялы бай және қиялдануға бейім балаларда болады. Олар мектепте өз бетінше ән салумен, өлендер оқумен, би билеумен қуана-қуана шұғылданады. Олардың мінез-құлқы көп жағдайда еліктеушілікке басым, кез-келген әлеуметтік рөльдерді тез меңгереді. Мұндай типтегі жеке тұлғалар атақ-даңққа құмар болғандықтан олардан жақсы артистер, әсіресе спорттың әр түріне икем балалар жиі кездеседі. Олар тәртіпті және ер жүрек, батыр болып өседі. Сонымен қатар поэзияға жақын, аяныш жанды болып келетіндері, нақты ғылымдар бойынша білімді жақсы меңгеруге икемдері жиі кездеседі. Ал дау-дамайда қатыгездік элементтері пайда болады.

    Мінез- құлықтың тұрақтылығы түрлерін анықтау кестесі.

    Балалар аты Мінез- құлық түрі
    1. А 1-ші түрі анық көрініс берді
    2. А 2-ші түрі анық көрініс берді
    3. А 2-ші түрі анық көрініс берді
    4. А 1-ші түрі анық көрініс берді
    5. Б 2-шы түрі анық көрініс берді
    6. Г 1-ші түрі анық көрініс берді
    7. Г 1-ші түрі анық көрініс берді
    8. Д 3-ші түрі анық көрініс берді
    9. Д 6-ші түрі анық көрініс берді
    10 Ж 1-ші түрі анық көрініс берді
    11 Ж 4-ші түрі анық көрініс берді
    12 Ж 8-ші түрі анық көрініс берді
    13 Л 3-ші түрі анық көрініс берді
    14 Л 4-ші түрі анық көрініс берді
    15 Н 6-ші түрі анық көрініс берді
    16 Н 5-ші түрі анық көрініс берді
    17 М 8-ші түрі анық көрініс берді
    18 Р 7-шы түрі анық көрініс берді
    19 Т 3-ші түрі анық көрініс берді
    20 Т 6-ші түрі анық көрініс берді
    21 Ф 7-ші түрі анық көрініс берді
    22 Х 3-ші түрі анық көрініс берді

    2 — жүргізілген зерттеу нәтижесі

    Мектеп оқушыларының ішіндегі жасөспірім жас кезеңіндегілердің мінез- құлқының тұрақсыздығын ерттеу олардың жалпы жағдайын анықтап, қиындық көріп жүрген баларға психологиялық көмек көрсету мақсатында жүргізілді. Сондықтан зерттеудің келесі кезеңінде жасөспірімдердің жас ерекшелігін ескере отырып жүргізілген психодиагностикалық жұмыстар нәтижесіне сүйене отырып балалардың ерекше мінез-құлық көрсетуінің негізгі себебі — оқушылардың өздері өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасының қалыптаспағандығы және қарым-қатынас мәдениетінің төмендегі, алаңдаушылықтың басымдығы, өзіне деген сенімнің төмендігімен байланысты деген қорытынды жасай отырып, психоэмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға арналған тренингтер, ойындар жүргізілді.

    Жүргізілген жұмыстар барысында келесі мәселелер шешіледі.

    • қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.
  • Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейрімділік көрсетуге үйренеді.

  • Өзіне деген сенімі нығайады.

  • Құрбы-құрдастарымен және әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады.

  • Балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.

  • Жүргізілген жұмыстардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Ол ерекшеліктерді бернеше талаптар ретінде көрсетуге болады.

    Бірінші талап тотық кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Ол бөлмеде ойын барысында пайдалануға арналған жұмсақ ойыншықтар, шарлар, доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жеңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, «қаныт, май, шәй» тәрізді нәрселер). Тотағы жұмысты екі психолог (әйел және ер кісілер) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкендердің үлгісі болғандықтан әр жыныс өкілдерінің ерекшеліктерін көрсетуге ыңғайлы жағдай орнатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ер адамның қара күші де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір немесе екі рет, ұзақтығы 1,5-2 сағат деп анықтап алу керек. Топтағы қатынасушылар саны 7-9 , ал кей кезде 12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады.

    Екінші талап — қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейрімділікке негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық мінездің өрескіл, ыңғайсыз екенін көрсетеді және өзгелермен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі. Ол үшін:

    а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;

    б) ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айыптап, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;

    в) әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады.

    Үшінші талап — шектеудің шектеулілігі. Нені шектеуге болады: а) жұмыс уақыты (ойын бөлмесінің жұмыс уақыты шектеулі); б) бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды; в) ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды. Кішкентайлармен ұйымдастырған коррекциялық топтың ең үлкен ерекшелігі – баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмай, нормативтармен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.

    Төртінші талапөзінше талдауды (интерпретациялауды) қолдану. Қатнасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында олардың әрқайсысына өз ойын тұжырымдап айтқызу. Бұл әдістің орындайтын міндеті — адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып, салыстырып талдайды. Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:

    • қатысушының интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;
    • интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы.

    Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы қерек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады.

    Бесінші талап — әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол «қайта проекциялау» деп аталады. Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді, немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.

    Алтыншы талап — клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз қатынас және вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда клиент өз проблемасын ашып сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдау қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап…)

    Жетінші талап — әр адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияны тәрбиелеу үшін әр адам өз праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыруы қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену – коррекцияның маңызды шарты.

    Топтағы ойындарды ұйымдастыру арқылы жүргізілетін жұмыс барысында, біріншіден, топтағылардың қарым-қатынасы қалыптастырылады, сонан соң, екінші ретте мінез- құлықты тұрақтандыру мәселелер шешіледі.

    «Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы» деп атадық.

    Мақсаты: адам өз проблемаларына толық түсініп, оны талдап шығу жолын табуға шамасы келсе ол тұлға өзін-өзі қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстауға болатындығына сенімін күшейеді.

    Бұл топ жұмысына сынып оқушылары түгел қатынасып келесі кезектегі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

    А) Шағылыстыру тәсілі адамның әлеуметтік ортадағы позициясы қате екенін, барлық құбылыстарға реакциясы ақиқатқа сай еместігін көрсету және оның себебін түсіндіріп қабылдату. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде клиент проблемасын шешудің жаңа жолын іздеп, өз болашағын және осы болашақ өмірдегі басқа адамдармен қарым-қатынасының моделін жасауға кіріседі.

    Сонымен, бұл тәсілдің негізгі мақсаты – адам өз қателерін өз санасынан өткізіп, шағылыстырып шығарып жіберу (айнадан шағылысқан сәуле тәрізді).

    Б) Проблемасын өзінше талқылау (интерпретация).

    Бұл тәсілдің негізгі мақсаты– қақтығыс туғызған ыңғайсыз, шытырман жағдайдың орын алған себептерін психолог көмегімен талдап, пациентке өзінің де кіналы екенін түсіндіріп, қай жерде, қандай қателік жібергенін, оның мән мағынасын толық түсінуге жәрдем береді.

    В) Түсіндіру арқылы өзгелерге деген сенім мен иланушылықты қалыптастыру.

    Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде адамдардың бір-бірін түсінуі, жанашырлығы қалыптасуы қажет. Осы міндетті атқару үшін топтағы адамдардың бір-біріне деген адамгершілікпен, жанашырлықпен қарауын, барлық адамдарды өз туысқанындай қабылдауын қалыптасуы керек.

    Г) «Жанама әсер» арқылы көмек көрсету тәсілі пайдаланғанда топтағылар бір-біріне сұрақ беруі арқылы қатысушылар өз мінез құлқының, мінез көрсетуінің ерекшелігін анықтап, оны түсінуге жол ашылады.

    Түсінген мәселердің ішінде отбасында қалыптасқан, еркеліктің қалдығы деп есептеуге болатын мінез-құлықтың жағымсыз стереотиптері екенін оқушылармен бірге анықтап алдық.

    Тренингтер, ойын әдістері көмегімен жасөспірімде орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құруды алты типте көрініс береді.

    1. Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру.
    2. Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу.
    3. Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау.
    4. Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.
    5. Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау.
    6. Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы.

    Сонымен қатар ойын барысында нешетүрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойнға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қоқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытулық функциясы күшті деп айтуға болады.

    Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге – сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге – көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның праблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.

    Жағымсыз (ұнамсыз) стереотинтерді бұзу тобы.

    Мақсаты: ұнамды мінез құлықты қалыптастыру, балаларды басқаларға ыңғайлы болуға үйрету.

    Бұл топтың ерекшелігі келесі екі көрініспен сипатталады.

    А) Жағымсыз мінез – құлыққа қарсы әрекет арқылы тосқауыл қою.

    Психолог баланың жағымсыз мінез көрсетуіне тосқауыл қойып, агрессия (басқыншылдық мінез, басқаларға толық тиым салу) көріністерін басып тастауы. Бұл тәсіл клиенттің елермелігін, желікпелі қызулығын шақырып, барлық теріс мінезін толық, аффект жағдайында көрсетуге мүмкіндік беруді талап етеді, клиентке барлық эмоциясын шығаруғы мүмкіндік береді. Бұл жағдайда клиент психикасын жарақаттандырған оқиғаларды анықтап алуға мүмкіндік туады. Тосқауыл қою келесі іс- әрекет арқылы жұргізіледі: қолынан ұстап отырғызып қою, қағып жіберу, мықтап ұстап орнынан тұрғызбай қалу т.с.с.

    Б) Жағымсыз мінезін сөз арқылы қоршауға алып баламен одақтасу. Қатысушыға қарым–қатынасының басқаларға өте ыңғайсыз жағдай туғызып отырғанын айқын көрсетіп, оның басқа позицияға тұруы қажет екенін, шыдамды, байсалды болуы қажет екенін көрсету. Өз-өзін өзінің мінез құлқы арқылы қорғауы қажет және мүмкін екенін анық байқату. Сонан соң ақиқатқа сай келетін, басқалар оны қабылдайтын мінез-құлық көрсетуге үйрету.

    Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігі анықталады. Осыған орай келесі негізгі міндет – мінез-құлқында ерекшелігі байқалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу және оның нәтижесін талдап, баланың психологиялық көрсеткіштерінің динамикасын бағалау. Жеткіншек жасындағы оқушылардың мінез-құлық ерекшелігінің негізгі көрінісі – көкіректік, яғни, өзімшілдік, акцентуация және агрессия екендігін барлық мектептерде жүргізген психодиагностика дәлелдейді. Ал эгоизм (өзімшілдік, дарашылдық) түрлі себептермен (табиғи ерекшелігімен, сыртқы түрімен, байлығымен, өз кемшілігін жасырғысы келуімен және баланы қоршаған көпшілік орта ыңғайына байланысты) сипатталды. Коррекциялық топ құрмас бұрын, оқушылардың ең алдымен бағдарлау фазасынан өткізген дұрыс болады. Бұл фазада қатынасушылар арасында емін-еркін қарым-қатынас қалыптасып, келесі міндеттер атқарылады:

    1. Оқушылардың коррекцияны қажеттілігін сезінуін қамтамасыз ету;
  • Клиенттің көңіл-күйін көтеріп, әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;

  • Топтағылардың ішкі қайшылығын, эмоционалдық зорлануын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып, бір-біріне жақындастыру.

  • Бұл фазада топ қалыптастырып, бір-бірімен эмоционалдық жақындық туып, топтағылар адаптациядан өтеді. Осы адаптациядан өткеннен соң коррекцияны міндетті түрде керек деп тапқан оқушыларды бір топқа жинақтаған дұрыс. Бұл топппен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныптағы ішкі қарама-қайшылықты жоюға бағытталды.

    Психокоррекциялық топтағыларға қысқаша психологиялық мінездеме.

    Психокоррекциялық тренингтерді жүргізуде «Мәдениаралық өзара әрекет» тренингі алдымыздағы мақсатқа жетуге негіз болады деп таптық.

    Мақсаты: Топта әр адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қалыптастырудың ең тиімді жолы – ойын тренингін жүргізу. Ойын адамның мінез-құлқын, қабілетін, әлеуметтік ортада өзін ыңғайлы сезінуге үйретіп, өз құрбыларымен, оқытушылармен қарым-қатынас жасау жолдарын көрсету, мінез-құлық нормаларын меңгертіп, құндылықтары мен таныстыру үшін тиімді әдіс-тәсілдер жинағы болып табылады. Сондықтан коррекцияның басым көпшілігі ойын арқылы жүргізіледі.

    Мінез- құлықты тұрақтандыруға арналған жаттығулардың біраз түрлерін осы жерде баяндап өткенді дұрыс көрдік.

    1. «Кімде қандай қасиет бар» ойыны.

    Малдың түрі бейнеленген карточкаға балалар оның қаситін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлк і және айлакерлік, түйе және такаппарлық және т.б.

    Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін түсінеді.

    2.«Сүйіспеншілік» ойыны.

    Бұл ойын барысында қатысушылар бір-біріне деген сүйіспеншілігін, жақсы көретініндігін неше түрлі теңестіру сөздермен жеткізуі керек.

    Психолог бағыттаушы сөзді таңдап айтып, ол өзбен өзінің сүйіспеншілігін білдірген адамына допты береді. Ойынға қатысушылар сол аймақтағы жылы сөздерді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Айтылған сөзді қайталаған дұрыс. Сондықтан бір оқушы айтылған сөздерді тақтаға жазып отыруына болады.

    Ойын соңында қатысушылар құнды қасиеттерді білдіретін бірнеше сөздер жинақтап, олардың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеседі.

    3. «Сәлемдесу» ойыны.

    Екі бала ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып, бір-бірімен сәлемдесуі қажет.

    Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін?

    Ағасы інісіне қандай жақсылықтар жасауы мүмкін.?

    «Өзің жалғастыр…»

    Марат коррекция сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты…

    Айнұр досын ренжітп алғандай болды…

    Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті…

    Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өздерінше бетінше аяқталуларын тауып, соңынан әрқайсысының ойын талқылауға болады.

    4. «Бір-бірінің жақсы мінезі мен қылықтарын айтып, мадақтау» ойыны.

    Балалар шеңбер бойынша дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да таяқшаны оған береді . Ол осы ретпенен таяқшаны келесі адамға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. (Ондағы айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл, сенің даусың қандай керемет!, Гүлнар, сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді!, Марат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды т.с.с.) Соңында балалар бір-біріне жақсы көңілі мен пікіріне рақмет айтады.

    5. «Түспен ажырату» ойыны.

    Ойынның мақсаты адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды, жағымсыз жақтарын түспен ажырату.

    Жүргізуші балаларға адамның қасиеттін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанынын өзі түсіндіріп береді.

    6. «Баға беру» ойыны.

    Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген.

    Жүргізуші балалардан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка қойылып, белгілі бір уақыт беріледі.

    Бұл ойын баланың адамды тани білу келбетін дамытады, мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі.

    7. «Пантомима» ойыны.

    Бұл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.

    Мысалы, топтарға бөліп, түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі.:

    • ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аймалайды;
  • оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек.

  • әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды;

  • ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласады.

  • Әр топ музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді.

    Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша әңгімелер құрастырады.

    Коррекциялық ойындар әр адамның өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, пай даланылған ертегілер, әңгімелер кейіпкерлерінің батылдық, ұстамдылық, мейірмандық, сыйысымдылықжәне ертегі баланың қиялын дамытып, өзіндік пікірін туғызады. Адам бойындағы қасиеттердің ара-жігін ажыратып, жағымды жақтарын өзіне азық етуге тырысады.

    Осы тренигтерден балаларды ата-аналармен бірге өткізгенде балалық және ата-аналық боршты атқаруда тілтабысу, ізгілікке бағытты болу, кішкентай баланы да азамат деп санап, олардың жақсылық қасиеттерін дамытуға үлес қосу қажеттілігін үлкендер түсінді. Нәтижесінде көптеген сұрақтар туып, психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін талдау ата-аналарды қызықтырды және болашақ отбасылық қарым-қатынас ерекшеліктеріне үлкен көңіл аудару қажеттілігін түсінді.

    1. «Құпия» ойыны.

    Жүргізуші қобдишадан әр балаға «ешкімге көрсетпе» деп құпия затты алақанына салып береді. Қобдишада түйме, ескі сағат, значок, скрепка, болт, винт, машинаның дөңгелегі, моншақ, түйрегіш, прищепка т.с.с. майда заттар болуы керек. Әр бала басқаның «құпиясы не» екенін сұрап білуі керек. Барлық құпиялар ашылғаннан соң әр бала өзінің жүргізген зерттеуінің нәтижесімен басқаларды таныстырады. Таныстыру барысында ол «құпияны» қай жерде және қалай пайдалануға болатынын айтып беруі керек.

    Баланы заттармен таныстырады және олардың тіл байлығын дамытып, көрген-білгенін басқаларға әңгімелеп беру дағдысын қалыптастырады.

    Психодиагностикалық әдістемелердің ішінде балаларды мектеп режиміне адаптациялау мақсатын көздейтіндері де бар. Осындай әдістемелердің бірі «Жануарлар мектебі» деп аталады. Бұл әдістеме әлі қазақ тіліндегі басылымдарда орын алмағандықтан біз оны орындату ережесінтолық келтіргенді дұрыс көрдік.

    9. «Тұсаукесер» ойыны.

    Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: «Ыммен, қол қимылы, дене қимылы арқылы, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында өзіңізді қандай адам тұрғысында сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдайтынын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз»- деп түсіндіреді. Психолог өз сөзінен кейін топқа өзі туралы мағлұмат береді. Содан кейін әр қатысушы сағат тілі бойынша шеңбер бойымен өзін басқаларға таныстырады.

    Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі. Психолог келесі сұрақтарды қояды:

    • Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?
  • Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?

  • Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?

  • Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды?

  • Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?

  • Бұл сұрақтардың көмегімен балалардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады. Барлық сұрақтарды талдап алғаннан соң келесі жаттығуды немесе ойынды балалардың ұсынысы бойынша ұйымдастырған дұрыс.

    10. «Көпір» ойыны.

    Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық сызып, ойынның мәнін былай түсіндіреді: «Бұл сызық — тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам — екі ұлттың өкілі. Олар бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жүру керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі».

    Талдау:

    • Тапсырма ненің көмегімен орындалады?
  • Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?

  • Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербалды немесе вербалды емес) маңызды?

  • Қай ұлттың вербалды емес қарым-қатынасы Сізге жақын және түсінікті көрінді?

  • 12. «Көзқиық» ойыны.

    Қатысушыларға адам санымен бірдей ішкі және сыртқы шеңберлер құру ұсынылады. Ішкі шеңбердегілер сыртындағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-ауызын қисайтпай, тыжыраймай карап тұруы керек. Содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлығы сағат тілі бойынша бір орынға жылжып, келесі серіктеске барады. Сонан соң осы көрініс қайталанады. Осымен жаттығу аяқталып, қатысушылар өз орындарына отырады.

    Ескерту: Жаттығу көптеген жеке түлғалық тосқауылдарды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мсүшелері өздерін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда келесі жаттығуларды немесе олардың біреуін орындатуға болады:

    А) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;

    Б) шеңбер құрып, барлыгы бірге тебінуі, бір мезетте қолы жұдырықтап сілкуі;

    В) Барлығы бірге бар дауысымен а-а-а деп айқайлауы.

    Талқылау:

    Қатысушыларға келесі сәттерді еске түсіру ұсынылады:

    а) жаттығудың басында және аяғында өзінің күй-жағдайы қандай болғанын;

    б) не айтқысы, қандай әрекет жасағысы келгенін;

    в) бір-біріне қарап тұрғанда қандай ойлар пайда болғанын;

    г) серіктесің не туралы ойлағанын болжамдап айтып бер.

    Талқылау барысында бір-біріне талап қою немесе ақыл айтуға тиым салынады.

    «Шынымды айтсам» жаттығуы

    Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қатаюынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.

    Уақыты: 15 минут.

    Материал: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.

    Нұсқау: Алдарыңда топтамалар жиынтығы жатыр.

    Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірлеп алады. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.

    Топтама үлгілері:

    Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойлансам…

    Шынымды айтсам тест, емтиханға дайындалып жатқанда…

    Шынымды айтсам, мен алдағы тест емтиханда болатын стресті ұмытқанда…

    Шынымды айтсам, мен үйге келгенде…

    Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның

    қобалжуын ойлағанда…

    Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда…

    Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде немесе биге барғанда…

    Шынымды айтсам мен қобалжығанда…

    Шынымды айтсам, ойымды жинақтай алмай жатқанда…

    Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде…

    Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде…

    Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда…

    Талдау:

    Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

    Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңдер ме?

    Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?

    Психоэмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға арналған жұмыстардың нәтижелері жан-жақты талданды. Балалар тренингтер барысында өздерінің психоэмоционалдық жағдайларын талдап, оны басқару жолдарын үйренді. Жалпы психоэмоционалдық жағынан өздерін үйлесімді сезінгенін өздері де анық байқады.

    Акцентуация типі Анықталған балалар саны
    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    Экстраверсиялы

    Споптанды

    Агрессивті

    Ригидті

    Интроверсиялық

    Сензитивт

    Мазасызданғыш

    Лабильді

    5

    3

    3

    2

    2

    3

    2

    2

    ҚОРЫТЫНДЫ

    «Жасөспірім кезеңдегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу» тақырыбында жүргізген жұмысты зерттеу барысында жасөспірімдердің психоэмоционалдық үйлесімсіздігіне байланысты зерттеу жұмыстары бүгінгі күнгі қоғам талабын қанағаттандыра алмай отырғанына байланысты, оларға нақты көмек көрсетудің жолдары мен құралдарын анықтаудың қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықты ашып көрсетуді мақсат ете отырып, келесідей қорытынды жасадық:

    1. Тұрақсыз психоэмоционалдық жағдай жасөспірім өміріндегі күрделі мәселелермен байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықта, қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға байланысты түрлі ұзақтықпен көрініс береді және орта мен адам арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Күнделікті өмірде тұрақсыз қарым-қатынастың үйреншікті жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Психоэмоционалдық тұрақсыздықтың негізгі себептері ретінде мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы арасындағы қайшылықтарды айтуға болады. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын психоэмоционалдық тұрақсыздық өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен байланысты көрініс береді. Осы себептерге байланысты тұрақсыздық феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы фаторлары белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикасы әлі жете зерттелмеген. Бірақтар педагог- психоллгтар тұрақсыздықтың негізгі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдайды. Бұл көзқарас жасөспірім жас кезеңінің даму ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан біз осы қағиданы басшылыққа алдық.
  • Психоэмоционалдық тұрақсыздық, «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары тұраөсыздықты (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған тұрақсыздық (немесе тұрақтылық) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді.

  • Психоэмоционалдық тұрақсыздық күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Тұрақсыздықтың психикалық жағдайды құрушы психоэмоционалды компоненттер болып табылады. Күрделі өмір әрекетіндегі тұрақсыз психикалық жағдайдың динамикалық өзгеруі жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының өрлеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын кеңейтеді.

  • Психоэмоционалдық тұрақсыздық жасөспірім жас кезеңінде жиі орын алатындығы және іс-әрекеттік ерекшеліктері анықталған. Психоэмоционалдық тұрақсыздықтың күрделілігі және құрылымы мен ұзақтығы әртүрлі болып жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.

  • Зерттеу барысында жасөспірімдердің психоэмоционалдық тұрақсыздығының көрініс беру түрлері акцентуация, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, қырсық мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және денсаулығына байланысты жағдайлар арқылы көрініс береді деп анықтадық. Психоэмоционалдық тұрақсыздық басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүретіндігі анық байқалды. Әсіресе баланың мектептегі тәртіпті бұзуы, ата-аналарымен келіспеушіліктердің орын алуы, агрессивті мінез көрсетуі, қырсық мінез көрсетуі осы жағдайдың нәтижесі болып келеді. Сондықтан психоэмоционалдық тұрақсыздық орын алуын зерттегенде оған не себеп болғанын анықтау үшін оның темпераментін, акцентуацияның көрініс беруін және түрін, мазасыздануын, агрессиясын (Басса-Дарки, Собчик тесті, Флипс тесті, темпераментін анықтау, пиктограмма әдістерімен) зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігінің акцентуациясы анық байқалатын, мазасызданғыш, экстравертті, агрессивті екені анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы балалар арасында өзін өте жоғары бағалау, сондықтан мұғалімдер қойған бағаларды менсінбеушілік, вербалдық және физикалық агрессиясының анық байқалатыны мен сипатталды.

  • Психоэмоционалдық тұрақсыздығы байқалған жасөспірімдердің алдын алуын ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.

    1. Жасөспірімдермен алдын алу жұмыстарын жүргізгенде оларды өздерінің мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін диагностикалауға үйретіп, өздерінің қарсықтығының кесірі тек өздеріне тиетінін түсіндіру арқылы психоэмоционалдық жағдайын үйлесімді етуге қызығушылығын тудырудан бастау керек.
    2. Психоэмоционалдық тұрақсыздықтың алдын алу барысында келесі мәселерге ерекше көңіл аудару қажет:
    • жасөспірімді әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге үйрету, дау-дамай жағдайында, қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру;
    • баланы қоршаған ересектерге әрдайым психологиялық кеңес беу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру;
    • мұғалімдермен қарым-қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру;
    • жасөспірімнің отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір мінез көріністерін реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру жұмыстарын арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдану;
    • алдын алу жодарын пысықтап, бекіту үшін мінез- құлықында психоэмоционалдық тұрақсыз жасөпірімдердің ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізу.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халққа жолдаған «Қазақстан 2030» үндеуі, 1997.
    2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, 1999.
    3. Балалар құқығы туралы Конвенция, 1995.
    4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.
    5. Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы тіралы» Заңы, 2002.
    6. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. – Алматы: 2004.
    7. Абрамова Г.С. Практическая психология. — М.: 2001.
    8. Айғабылов Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – Алматы, 1972.
    9. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. — М.: 1981.
    10. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.
    11. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. — М.: 1984.
    12. Афанасьева Т.М. Семья. Жоғары сынып оқушыларына арналған кітап. Алматы: Мектеп, 1985.
    13. Айзенк Т.Дж. Проверьте свои способности – М., 1972.
    14. Аткинсон Р. Человеческая память в процессе обучения – М.,1980.
    15. Альманах психологических тестов – М., 1995.
    16. Әтемова Қ.Т. Оқушылар бойындағы гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының рөлі. – Алматы: 2000.
    17. Бодалев А.А. Личность и общение – М., 1995.
    18. Брунер Дж. Психология познания – М., 1977.
    19. Божович Л.И. Проблемы формирования личности – Воронеж, 1995.
    20. Бекмұратова Г.Т. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу. — Алматы: 2005.
    21. Битянова М.Р. Практическая психология. — М.: 1997.
    22. Байярд Р.Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток: практ. Руководство для отчаявшмхся родителей. Пер. С англ. – М: Просвещение, 1991.
    23. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. — С-Пб.: 1998.
    24. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. — М.: 1991.
    25. Веккер В.К. Психические процессы – Л., 1981.
    26. Вилюнас В.К. Психологические механизмы мотивации человека – М., 1990.
    27. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. — М.:, 1967.
    28. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. — М.:, 1982.
    29. Введение в психологию /Под ред. А.В. Петровского – М., 1995.
    30. Голубева Э.А. Способности и индивидуальность – М., 1993.
    31. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию – М., 1996.
    32. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. — М.:, 1997.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.